Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 07:32, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тарау.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік органның ешбір  салықты бекітуге және енгізуге құқық  жоқ.

Салық- бұл мемлекеттің  белгіленімі болып саналады.

Салық- осы белгісі  арқылы басқа да міндетті төлемдерден  ерекшеленеді.

Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:

Біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;

Екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;

Үшіншіден, осы қабылданғанқұқықтық  акт белгілі бір тәтіпке сәйкес жүргізіледі.

2. Салық құқықтық нысанда  жүзеге асады.

Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.

Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып норативті актілерді шығару табылады.

3. Салық мемлекеттің  бір жақты белгіленімі болып  табылады.

Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін  түрде келісілген келісімнен кейін  пайда болады.  Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады.

міндеттемесі туындайды.

Қабылданған құқықтық акт  негізінде белгіленген салық  жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.

Салық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының  Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: «Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұрұға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті»

5. Салық мәжбүрлеме сипатта болады.

Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:

- Бірінші кезең, мемлекет  салықты салық төлеушілердің  еркінен тыс белгілейді және  енгізеді, яғни мәжбүр түрде;

- Екінші кезең, салықты  төленген кезде салық төлеуші  өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүр түрде айырылып отырады;

- Үшінші кезең, салық  төлеуші өзінің салық міндеттемелерін  орындамаған жағдайда, мемлекет  бересілі соманы мәжбүрлі түрде  өндіріп алады.

6. Салық төлеу арқылы  ақшаның алу құқықтық сипатта  жүзеге асырылады.

Бір жағынан алғанда, салықтарды салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізіде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек «Салық – салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсытәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды».

Алымдар салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мәртебе  берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді.

Алым да төлем болып  табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтарыбар, атап айтқанда:

- Біріншіден, алым мемлекеттік  аппараттың шығындарын жабады, яғни  мемлекет заңды іс-әрекет түрінде  тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;

- Екіншіден, салықтың  өтеусіз және баламасыз белгілері  болады. Ал, алым баламалы төлем  болып саналады, яғни алымды төлеу  арқылы мемлекеттен белгілі бір  құқық, мәртебе немесе рұқсат  алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беріледі. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, одан салық төлеуші төлеуіне айырбасқа ешнәрсе ала аклмайды, ал алдымен салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңда іс - әрекеттер жасайды;

- Үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;

- Төртіншіден, салықты  төлеуде күштеу әдісі қолданылады,  яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс – шаралары қолданылады. Салық төлеуші алдымен ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жнерде тұлға алдымен өз еркімен төлейді.

Төлемақы дегеніміз-мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған  кезде төленетін төлем.

Салық пен төлемақының  бірнеше айырмашылықтары бар. Мәселен:

- Біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;

- Екіншіден, төлемақы  мемлекеттің азаматтық құқыққа  сәйкес азаматтық- құқықтық қатынастары  кезінде туындайды;

- Үшіншіден, тұлғалар  төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады.

Мемлекеттік баж-уәкілді  берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада:

- Мемлекет тарапынан  берілетін қызметкер байланысты  болады, сондықтан бұл баламалы  төлем болып саналады;

- Мемлекеттік бажды  мемлекет қызметіне төлем ретінде  емес, мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.

Салық экономикалық категория  ретінде және өзінің қалыптасуы барысында  мынадай үш қызметті атқарады.

Салықты ең бірінші кезектегі  атқаратын қызметі, бұл – қазыналық.

бірі- бақылау(реттеу).

Мемлекет экономиканы  дамыту жолында салықтық реттеу процесі  арқылы экономиканың кейбір салаларын  дамытуды ынталандырады және қажет  жағдайда тежеп отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап  отырады. Кез-келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады.

Бюжетке түскен салық  түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы  экономикалық және әлеуметтік процестерге  әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік берді.

Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін  жалпы мемлекеттік мәселелерді  шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың  табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе- теңдікті ұстап тұрады.

Салық қызметінің міндеті  – бюджеттің тадыс бөлігінің  орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.

Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды  көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қортындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта  бөлу жасалады.

Мұның мақсаты- мемлекеттік  әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдану көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше  қызметтері атап көрсетігген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы  қызметінің көмегімен мемлекет өндірісінің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.

2. Салық құқығының  элементтері мен жіктелуі.Салық элементі –салық заңы  регламенттелген салықтың қолданылуы жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы.

Салықтың элементтері:

- Салық субъектісі;

- Салық объектісі;

- Салық көзі;

- Салық мөлшері;

- Салық жеңілдіктері;

- Салық ставкасы;

- Салық кезеңі;

- Салықты есептеу тәртібі;

- Салық есептелігі;

- Салықты төлеу тәртібі.

1. Салықтың субъектісі - заңды немесе жеке тұлға, яғни  салықты төлеушілерді айтамыз.

Салық төлеушілер:

Қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;

Шаруашылық субъектілер - капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

2. Салық объектісі  - салық есептелетін база, яғни  салық не үшін төленетінін  қарастырады.

Тауар – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез-келген еңбек өнімі болып табылады.

Мұра - қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерге мұраға салық салынады.

Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық.

3. Салық көзі - салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл- жалақы, кіріс, дивиденттер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау.

Салық көзі- салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.

Салық төлеушілердің  салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:

- табыс;

- қор және жинақ;

- өндірістік капиталдың  ақша бөлігі, айналым қаражаттары  қорын қоса алғанда;

- қаражаттар, мүлікті  өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;

- қарыз қаражаттары.

Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.

4. Салық мөлшері - салық төлекшінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

5. Салық жеңілдіктері - төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа  да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.

6. Салық ставкасы - салық  базасының өлшем бірлігіне салық  есептеулерінің шамасын білдіреді.

7. Салық кезеңдері - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі.

8. Салықты есептеу  тәртібі.

Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

- бірінші- салық салынатын  объектіні есепке алу;

- екінші- салық салу  объектісінен салық базасын есептеу;

- үшінші- салық ставкаларын  қолдану;

- төртінші- салық жеңілдіктерін  қолдану:

- бесінші- салық сомасын  есептеу.

9. Салық есептілігі - салық  төлеуші және салық агенті  салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу  туралы ақпараты бар құжаттама.

10. Салықты төлеу тәртібі - салық төлеушінің мемлеетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже. 

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

- Өндіріп алу тәсілі  немесе салық салу объектісі  бойынша: тікелей және жанама салық;

тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден  түскен барлық түсімін сауда шығындары  шегерілген сомаға салық салынады.

Кедендік баж - мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан өткізер  кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдері.

Дербес салықтар деп- салық төлеушілердің табыстарына  салынатын салықтарды атауға болады. Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы, әлеуметтік салық.

 

Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік  әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімін қараңыздар.(1-4,66,53)

 

 

Информация о работе Экологиялық құқық