Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 07:32, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тарау.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

1. Еркек пен әйелдің  некелік одағының еркіндігі;

2. Отбасында ерлі-зайыптылар  құқығының теңдігі;

3. Отбасы ісіне басқа  біреулердің орынсыз араласуына  жол бермеу;

4. Отбасылық мәселелерді  екі жақты келісім арқылы шешу;

5. балаларды отбасында  тәрбиелеу, олардың дамуына жағдай  жасау;

6. Отбасының барлық  мүшелерінің салауатты өмір салтын  қалыптастыру.

2. Неке ұғымы, некеге отыру, некені тоқтату және некені бұзу. Неке дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда беогіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі негізінде жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағын айтамыз.

Неке қию тәртібі  бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекеттік органдардың кітабына жазылады да, арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүкті болу, бір тараптың өміріне  тікелей қауіп төнуі және т.б. жағдайларда) неке өтініш берген күні қиылуы мүмкін.

Некеге отырудың шарттары: некеге отыратын еркек пен әйелдің  екі жақты келісімі және олардың  неке жасына толуы болып табылады. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жастан бастап белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылға дейін төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендету тек некеге отырушылардың келісімімен және ата-аналардың немесе қорғаншылардың келісімімен мүмкін болады.

Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы  мүмкін. Неке шарты нотариуспен расталған, некеге тұрушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.

Некеге отыруға мынадай  жағдайларда жол берілмейді:

  1. бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса;
  2. ата тегі бойынша;
  3. бала асырап алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына;
  4. біреуі болса да сот психикалық ауыру немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар арасында.

Неке мынадай жағдайларда тоқтатылады:

  1. Ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініштері бойынша;
  2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қаза болуы кезінде.

Әйелінің жүкті кезінде  және бала дүниеге келгеннен кейін  бір жыл бойы, әйелінің рұқсатынсыз  некені бұзу туралы ерінің іс қозғауға құқығы жоқ.

Неке мынадай жағдайларда  бұзылады:

Азаматтық хал актілерін  жазу органдарына жазған ерлі-зайыптылардың  біреуінің өтініші бойынша, егер екінші адам:

  1. сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;
  2. сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса;
  3. қылмыс жасағаны үшін үш жылдан артық мерзімге сотталса бұзылады. 

3. Отбасы  ұғымы, ата-ана құқығынан айыру  жолдары. Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Бала деп он сегіз  жасқа толмаған тұлға танылады.

Ата-аналар өз балаларына қатысты бірдей құқықтар мен міндеттерді  орындайды. Олар өз балаларының денсаулығы үшін жағдай жасауға, оларды тәрбиелеуге құқылы және міндетті. Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуде барлық басқа тұлғалардың алдында артық құқықтарға ие. Баланы тәрбиелеуші ата-аналар өз қабілеттері және қаржылай мүмкіндіктері шеңберінде табиғи психикалық және рухани даму үшін қажетті өмір салтын қамтамасыз ету үшін жауап береді.

Баланың ұлты ата-ананың ұлтымен белгіленеді. Егер ата-анасының ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша кәмелетке толған кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.

Ата-аналар немесе олардың  біреуі ата-аналық құқықытан айырылуы мүмкін, егер олар (біреуі):

  1. Ата-аналақ міндеттерін орындаудан бас тартса (алимент төлеуден);
  2. Дәлелсіз себептермен басласын перзентханадан алудан бас тартса;
  3. Балаға қатал қараса, оның ішінде оларға күштеп немесе психикалық зорлық көрсетсе;
  4. Белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылса.

ҚР Конституциясына  сәйкес неке мен отбасы, ата мен  әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-аналардың құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

 

Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік  әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімін қараңыздар.(1,2-4,13,47)

 

Студенттердің өзін-өзі  тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Неке шартын жасау 

2. бала асырап алу,  тәрбиелеу

 

2 ТАРАУ 

Қазақстан Републикасы құқық жүйесі салаларының негіздері

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

Глоссарий (анықтама, словарь)

Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктің  міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктерді  атқару бойынша ресми қызметі.

Конституциялық  құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа  қатысушылар.

Халықаралық  құқық - бұл халықаралық  құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық  құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық-  құқықтық  қағидалар мен нормалардың жиынтығы.     

Еңбек келісім-шарт дегеніміз – еңбеккерлер мен кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар арасындағы еңбекшінің белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты атқаруға және ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағынуға міндеттенетін, ол кәсіпорын, мекеме, ұйым еңбек туралы заңдарға, ұжымдық шарттардың келісіміне сәйкес еңбек ақысын төлеп, жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенетін келісім.    

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым   

Экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Жеке  тұлға ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы 

Экологиялық құқықтың объектілері  - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Еңбек құқығы – еңбек қатынастарын реттейтін ережелер жиынтығын айтамыз. Құқықтың бұл саласы жұмысқа қабылдау, еңбекшілерді ауыстыру және босату, жұмыс уақытының ұзақтығы және тағы басқа еңбекке ақы төлеудің көлемі мен нысаны, еңбекті қорғаудағы міндетті ережелер еңбек дауларын қараудың тәртібін анықтайды.

 

 Тақырып 6. Қылмыстық құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты: Қылмыстық құқығының ұғымы туралы, жалпы қылмыс дегніміз не, оның қандай категориялары бар және қандай мөлшерде жауаптылық көзделу керек, жаза деген не, оның қандай түрлері бар деген ұғымдарға  түсініктер беру.

1. Қылмыстық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі

2. Қылмыстық  заң ұғымы және қылмыс түсінігі, қылмыс санаттары.

3. Қылмыс құрамының түсінігі және оның белгілері.

4. Жаза ұғымы, түрлері

Дәрістер тезисі;

 

1. Қылмыстық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.

2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге      байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.

3. Қылмыстық құқық  нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық  жолмен қиянат келтірілгенде  олардың одан қорғануға байланысты  қатынастарын ретке келтіреді.

Бірақ қылмыстық құқық  өзге құқық салаларынан функциясы  бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.

Қылмыстық құқық жалпы  және ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім қылмыстық  жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.

Жалпы бөлімнің нормалары  өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.

алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын  анықтайтын бастауларды айтамыз.

Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:

1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі  принципі – бұл принцип адамның  тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге  деген көзқарасына қарамастан  заң алдында бірдей жауап беретіндігін  көрсетеді.

3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.

4. Әділеттілік принципі – бұл  принциптің мәні қылмыстық жазаға  іс-әрекетінде қылмыс құрамының  толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу,  егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.

6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.

7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

2. Қылмыстық  заң ұғымы және қылмыс түсінігі, қылмыс санаттары. Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 

Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық  құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы  болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.

Информация о работе Экологиялық құқық