Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 07:32, реферат
Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы - экологиялық құқықтың негізгі қайнар көзі.
Қазақстан Республикасы Конституциясы – экология құқықтарының негізгі қайнар көзі болып табылады, себебі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық негізін қалайды. Басқа барлық заңдар мен заңдық актілер Конституцияның нормаларының ішінде экологиялық құқыққа қатысты нормаларды бөліп қарауға болады:
1.Ұйымдық басқарушылық нормаларға айналадағы табиғи ортаны қорғау жағдайында мемлекеттің және лауазымды адамдардың мақсаттары туралы нормалар кіреді. Конституциялық нормалардың осы тобына Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің жергілікті өкімет органдарының міндеттерін реттейтін нормалар айналадағы табиғи ортаны қорғауды құқықтық реттеудің керек екендігін көрсетеді. Мысалы: 31 бапта- «мемлекет адамдардың өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» делінген. 61 бапта- Парламенттің «айналадағы ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін» заңдар шығаруға хақылы екендігі көрсетілген.
2.Экономикалық нормаларға Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға меншік құқықтармен реттейтін нормаларды жатқызуға болады. ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағында : «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер,сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттарда жеке меншікте де болуы мүмкін. Сонымен бірге Конституцияда «меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілетін» нормалардан да тұрады. (26 баптың 2 тармағы)
3.Әлеуметтік нормаларға Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабында көрсетілген «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген.
Экологиялық құқықтың келесі қайнар көзі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған ҚР-ның Экологиялық Кодексі болып табылады. Оның құрамына 9-бөлім, 47- тарау, 326 - бап жатады. Бұл кодекс қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.
3) Экологиялық құқықтың
қайнар көздеріне
2. Экологиялық
құқықтың объектісі мен
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы,
себебі біздің мемлекетіміз
2. Шетелдік мемлекеттер
- Қазақстанның табиғат
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
3. Экологиялық құқықтың принциптері ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен
денсаулығын қорғаудың
- ҚР-ның нарықтық қатынастар
жағдайында тұрақты дамуға
- экологиялық жағдайы
қолайсыз аймақтардағы
- табиғат ресурстарын
ұтымды пайдалану және
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау
туралы заңдарды мемлекеттік
реттеу мен мемлекеттік
- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер
мен жергілікті өзін-өзі
- халықаралық құқық
негізінде қоршаған ортаны
Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)
Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімін қараңыздар. (1-4, 64)
Студенттердің өзін-өзі тексеруіне арналған тапсырмалар:
1. Экологиялық құқықтың жүйесі
2. экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктер
Тақырып 9. Салық құқығының негіздері
Сабақтың мақсаты: Салық құқығының ұғымы туралы, оның қандай белгілері бар және элементтері қандай жолдармен жіктеледі, сонымен қатар оның негізгі субъектілері мен объектілерін көрсету.
1. Салық құқық негізінің түсінігі, белгілері.
2. Салық құқығының элементтері мен жіктелуі
Дәрістер тезисі;
1. Салық құқық негізінің түсінігі, белгілері. Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджнтіне
Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы- мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
- Материалдық категория жағынан - бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
- Салық – ақшалай нысанды төленеді;
- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:
- Салық – баламасыз сипатта болады;
- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1.Салық – мемлекетке
тиесілі қоғамдық жиынтық
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық – ақшалай нысанды төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
Біріншіден,ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз-
ақшаның мерзімсіз алуды
4. Салық –баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төленген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген
кезде меншік нысандары
Салық төленген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады,ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасы таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
- Салықты –мемлекет
немесе уәкілдік берілген
- Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
- Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
- Салықты белгілеу
арқылы салық міндеттемесі
- Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
- Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
1.Салықты тек мемлекет қана белгілейді.