Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 07:32, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тарау.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

 Студенттердің өзін-өзі тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Қаржы құқығының  түсінігі

2. Салықтың, алымдардың, төлемақылардың түрлері

 

 

 

Тақырып 10.  Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты: Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігін, оның қандай принциптерге сүйенетіні жөнінде, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізуге қандай адамдар қатыса алатыны жөнінде негізгі жағдайларды толық көрсету.

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі

2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы принциптерге

3. Қылмыстық  іс жүргізуге қатысушылар:

 

Дәрістер тезисі;

 

1.  Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі ҚР Конституциясымен, 1997 ж 13 желтоқсандағы «ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексімен» және басқа да құқықтық нормативтік келісімдермен реттеледі. Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды иез, толық және жан жақты шешу болып келеді.

2. Қылмыстық  іс жүргізу құқығы мынандай  принциптерге негізделеді: - Заңдылық, Теңдік, Сот және судьялардың тәуелсіздігі, Кінәсіздік призумпциясы, Меншікке қол сұқпаушылық, Заңмен тиым салынбаған ақпараттарды еркін алу, Телефон, телеграф және басқа да жолдармен алынған ақпараттарға қол сұқпау Жеке өмірге қол сұқпаушылық, Тұрғын үйге қол сұқпаушылық.

3. Қылмыстық  іс жүргізуге қатысушылар: қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сонымен қатар өздері білдіретін және қорғайтын өкілдер, прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, жауапкер.   

 

 

 Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімін қараңыздар.(65,8,15,)

 

Студенттердің өзін-өзі  тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Қылмыстық іс жүргізудің  сатылары

2. Қылмыстық іс жүргізу субъектілері

 

Тақырып 11. Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты: Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігін, оның қандай принциптерге сүйенетіні жөнінде, сонымен қатар азаматтық іс жүргізудің тараптарын көрсете отырып негізгі мағлұматтар беру.

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымы
  2. Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері
  3. Азаматтық іс жүргізудің тараптары

 

Дәрістер тезисі;

 

1.Азаматтық  іс жүргізу құқығы – соттардың өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау және шешу барысында, сот төрелігін атқаруы кезінде, туындайтын құқықтық қатынастар реттейді.

2.Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері Заңдылық, Теңдік, Ар намыс пен қадір қасиетке қол сұқпаушылық, меншікке қол сұқпаушылық, Сот ісін жүргізу тілі, судьялардың тәуелсіздігі, Жариялылық, Істі қарау барысында қауіпсіздікті сақтау, Дәлелдемелерде ішкі сенім бойынша бағалау,

3. Азаматтық процестің тараптары ретінде: талап қоюшы және жауапкер болады. Азаматтық талап қоюшы ол жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға құқығы бар. Азаматтық жауапкер: сот процесі кезінде өзіне бағытталған талаптарға қатысты субъект. Азаматтық істі қозғау үшін негізінде талап арыз себеп болады. Әр бір адам не азамат өзінің бұзылған немес даулы құқығын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап сотқа жүгіне алады.

 

 

 

 Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік  әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімін қараңыздар.(16,1-4)

 

Студенттердің өзін-өзі  тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Азаматтық іс жүргізудің  сатылары

2. Азаматтық іс жүргізудегі талаптардың түрлері

 

Тақырып 12.  Халықаралық құқығының негіздері

 Сабақтың мақсаты: Халықаралық құқығының түсінігін, оның жүйесі мен пәні туралы, субъектілері мен объектілері жөнінде және халықаралық келісім шартты жасаған кезде қандай жағдайларға немесе негіздерге сүйену керектігі туралы негізгі түсініктер беру.

1. Халықаралық  құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі.

2. Халықаралық  құқықтың объектілері мен субъектілері

3. Халықаралық  келісім-шарт түсінігі.

 

Дәрістер тезисі;

 

1. Халықаралық  құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі. Халықаралық  құқық - бұл халықаралық  құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық  құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық-  құқықтық  қағидалар мен нормалардың жиынтығы.                        

Халықаралық  құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің  пәні болып табылатын  қатынастарды  екіге бөлуге болады:

а) мемлекеттер арасындағы  қатынастар;

б) мемлекеттер мен  өз тәуелсіздігі үшін күресуші  ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық  құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық  қатынастардың  негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық  құқық мемлекететр арасындағы  құқық ретінде қалыптасқан болатын.

Бірақта, халықаралық  құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет  болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың  ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің  сферасына көшті.

Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық  қатынастар:

а) мемлекет пен халықаралық  ұйымдар арасындағы;

б) халықаралық  ұйымдар арасындағы;

в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан  жеке және заңды тұлғалар арасындағы;

г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.

Халықаралық бұқаралық  құқық және халықаралық  жеке құқық бар.

Халықаралық  бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы  саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.

Халықаралық жеке құқық  – мемлекеттер арасындағы, заңды  тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар)  арасындағы халықаралық жобадағы  жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары)  бойынша туындаған  қатынастарды реттейді.

Халықаралық  құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.

Халықаралық  құқық құқық жүйесі ретінде  барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық  құқық ғылымы  барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің  халықаралық  құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық  құқықтың қазақстандық  ғылымы.

Халықаралық  құқық, кез келген мемлекеттің  ұлттық құқығы сияқты  салаларға бөлінеді. Халықаралық  құқықтың салалары халықаралық  қатынастардың  белгілі  бір тобын  реттейді  және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы,  Халықаралық  қауіпсіздік құқық саласы халықаралық   пен қауіпсіздікті  қамтамасыз етудегі  қатынастарды реттейді; Халықаралық  ұйымдар құқығы  халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.

Халықаралық құқықта  мынадай салалар қалыптасқан:

1) Халықаралық  құқық субъектілік құқық;

2) Халықаралық  ұйымдар құқығы;

3) Халықаралық  гуманитарлық құқық;

4) Халықаралық  теңіз құқығы;

5) Халықаралық  әуе құқығы;

6) Халықаралық  ғарыш құқығы;

7) Халықаралық  атом құқығы;

8) Халықаралық  экономикалық құқық;

9) Халықаралық  қылмыспен күрес құқығы;

10) Халықаралық  келісімшарт құқығы;

11) Халықаралық  қоршаған ортаны қорғау құқығы;

12) Халықаралық  қауіпсіздік құқығы.

Халықаралық-құқықтық институт – бұл халықаралық қатынастардың  түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы,  Халықаралық  гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, Халықаралық  келісімшарт құқығындағы  - келісімшарттың жарамдылығы институты.

Халықаралық  құқық Халықаралық  қатынасиарда  үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.

Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі  сфераларда белгілі бір  мінез-құлық  стандарттарын белгілейді.

Реттеуші қызмет –  белгіленген ережелер мен стандарттарды  мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.

Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.

Халықаралық  құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан  айырмашылығы бар.

Халықаралық  құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау  керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы,  ал сыртқы саясат – бұл  өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық  аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.

Халықаралық  құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық  -құқықтық нормаларды  көрсететін формалар.

Оның 4 түрі бар:

1) Халықаралық  келісімшарт;

2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;

3) Халықаралық  конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;

4) Халықаралық  ұйымдардың резолюциялары. 

2. Халықаралық құқықтың субъектісі мен объектісі. Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы.               Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.

Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады

1) Алғашқы (егеменді) субъектілер,  оларға егемендігі бар мемлекеттер  мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.

2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді  құрылымдар. 

Халықаралық  құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар.

Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. 

Жалпы алғанда, халықаралық  құқықсубьектілікті – тұлғаның халықаралық  құқықтың субьектісі бола алатындай  заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.

Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын  негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік  өз табиғаты бойынша  фактілі және заңды  болып бөлінеді, және де осыған сәйкес  алғащқы және туынды  халықаралық құқықтың субъектілері болады.

     Халықаралық  құқықтың алғашқы  субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық  құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.

Егемендік (мемлекеттік  немесе ұлттық) оларды халықаралық  құқықтың басқа субьектілерінен  тәуелсіз етеді және олардың халықаралық  қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.

Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды)  субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі  болып олардың - құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:

1) Халықаралық құқықтық  нормалардан туындайтын құқықтар  мен міндеттердің болуы;

2) Ұжымдық құрылым  болып табылады [мемлекет билік  және басқару аппарат; күресуші  халық - ел ішінде және халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар - тұрақты әрекет ететін органдары; Биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралық- құқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тәуелсіз және бір-біріне бағытынышты емес. Әрқайсысының өзінің халықаралық мәртебесі бар және халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады].

Информация о работе Экологиялық құқық