Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 07:32, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тарау.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

5. Құқықтың жалпы қағидалары;

6. Діни мәтіндер.

Нормативті  құқықтық  актілер –  бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты  қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.

Заң – бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың  ерік – жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе  референдумда қабылданған  нормативті акт.

Заңның түрлері: 1)Конституция; 2)Конституциялық заңдар;3)Жай заңдар.

Заң күшіндегі  актілер – бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:

1. Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

2. Үкіметтің қаулылары  мен өкімдері;

3. Мемлекеттік  аймақтық  және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;

4. Ведомствалық  актілер.

4.Құқықтық  мемлекеттің түсінігі, белгілері. Құқықтық мемлекет – жеке тұлға мен қоағм мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы күрделі әрі ұзақ процесс. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері: мемлекеттік биліктік тармақтарға бөлінуі, тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы, заңның үстемдік етуі, ең басты негізі адамдардың бостандығы, құқықтары мен мүдделері жеткілікті бір дәрежеде толық қорғалуы.  

 

Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік  әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімін қараңыздар (2-4; 18-25; 28)

 

Студенттердің өзін-өзі  тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Мемлекет пен құқықтың  пайда болу теориялары

2. Құқық мен мемлекеттің  пайда болу жолдары

 

Тақырып 2. Конституциялық  құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты:Конституциялық құқықтың ұғымы, оның субъектілері мен объектілері туралы, сонымен қатар оның қашан қабылданғаны, кім және қандай билік органдары конституцияға бағынады, басқа нормативті құқықтық актілерден қандай айырмашылықтары болатыны жөнінде негізгі түсінік беру.

 

1.Конституциялық  құқық негізінің түсінігі.

2. Мемлекеттің негізгі заңы –  Конституция.

3. ҚР-ғы адам  мен азаматтардың конституциялық  құқықтары мен бостандықтары,  міндеттері.

4.Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының түсінігі.

 

Дәрістер тезисі;

 

1.Конституциялық  құқық негізінің түсінігі. Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.

Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік  құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан  конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді:  міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.

Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік  биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен  байланысты конституциялық нормалардың  негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен  және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.

Конституциялық  құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа  қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең : бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шетел азаматтары және тағы басқалары болады.

Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа түсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтары жатады.

2. Мемлекеттің  негізгі заңы –  Конституция. Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерден мынадай ерекшеліктері бар:


1. Қоғамдық қатынастардың  негізін қалайды. Себебі ҚР  Конституциясы мемлекет пен қоғам  өмірінің барлық сферасын қамтиды:  саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды.

2. Құқықтың негізгі  бастау болып табылады. ҚР Конституциясында  бүкіл конституциялық заңның  негізі болып табылатын құқықтық  нормалар бекітілген. Яғни, Конституциялық құқық нормалары барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы.

3. Ең жоғарғы заңдылық  күші бар. ҚР қабылдаған заңдар  мен басқа да нормативтік құқықтық  актілер Конституциядан шығуы  керек және оған қайшы келмеуі  керек. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса қолданылмайды.

4. Оның ерекше тәртіппен  қабылдануы. Себебі Конституцияны  Республикалық Референдумда халық  қабылдайды.

5. Тұрақтылығы.

ҚР Конституциясына  сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

 Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау..

3. ҚР-ғы  адам мен азаматтардың конституциялық  құқықтары мен бостандықтары,  міндеттері Адам құқықтары мен бостандықтарының дербес мәні болғанымен  (оны азаматтар өз қалауымен пайдаланулары мүмкін), оларды азаматтардың міндеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар.

Азаматтарға көптеген құқықтық міндеттер жүкітеледі. Оларды Конституцияда көзделген міндеттерге және конституциялық заңдарда көзделген міндеттерге бөлуге болады. Конституциялық міндеттер басты міндеттер болып табылады. Оған мыналар жатады:

  • Конституция мен заңдарды сақтау (34-бап). Конституция – Қазақстан мемлекетінің негізгі заңы, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құқықтық жағдайларын белгілейді. Конституция – мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін бекітетін ең маңызды мемлекеттік акт. Сондықтан қоғамда қандай орын алса да, қандай лауазымды қызметті атқарса да Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және оны мүлтіксіз сақтау әр азаматтың қасиетті міндеті болып табылады. Республиканың заңдарын сақтау азаматтардың конституциялық міндеті болып табылады. Сақтау дегеніміз бір жағынан, заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, жүктелген міндетті орындау;

4. Мемлекеттік жоғарғы билік органдар  жүйесінің түсінігі. Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік  билік органдары жүйесінде бөлінетін  орнымен анықталады. Конституция  Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.

ҚР-сы Президентінің  өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің  мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда  және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.

ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық  қызметін атқаратын, өкілетті органы болып  табылады. Міне осылайша Конституция  бойынша Парламент өкілеттілікке  халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді.

ҚР-ның Конституциялық Кеңесі – конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда заматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.

Конституциялық қадағалауды  жүзеге асыратын органның құқықтық мәртебесі, құрылуы және қызмет атқару құзыреттері, шешім қабылдауы конституцияда  бекітіліп әр елдің ішкі заңымен  көрсетілген.

Алғаш рет Қазақстанда  Конституциялық қадағалау институты арнайы орган түрінде 1989 жылы – Конституциялық қадағалау Комитеті түрінде құрылған болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар «ҚР-ның тәуелсіздігі туралы» заңында Конституцияны соттық қорғаудың ең жоғарғы органы болып, Конституциялық сот болып табылады деп атап көрсетілген. Осы нормаға сәйкес 1992 жылдың 2 шілдесінде Жоғарғы Кеңеспен Конституциялық сот құрылып, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тоғыз мүшесі 1995 жылға дейін қызмет атқарды.

1995 жылы жаңа конституция қабылданып – ҚР-сын Конституциялық Кеңестің негізгі ережелері мен құқықтық статусы анықталып – бұл орган ендігі жерде ҚР-ның барлық жерінде Конституциялық жоғарғы заңдық күші бар екенін және оның орындалуына қызмет атқарады.

Конституциялық  Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның Президентінің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар «ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі.

Сот билігі –  бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот жүйесі бұл – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарап, шешуге құзыретті орган болып табылады.

Сот жүйесі өзіне тән арнайы белгілері болып азаматтық, қылмыстық және тағы басқа да істерді шешуге процессуалдық заңдарға сүйене отырып, мемлекет атынан шешім шығарады.

ҚР-да биліктің бір тармағы ретінде сот әділдігін  жүзеге асыратын – сот билігі органы болып табылады.

ҚР-ның Сот  жүйесі, ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның  Президентінің “Сот және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20-желтоқсанындағы Жарлығына негізделген.

ҚР-ның  Соты болып: ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттары табылады. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, ҚР-ның әскери соты) аудандық, қалалық соттар жатады. Ешқандай да лауазымды тұлға, орган сот қызметін, функциясын жүзеге асыра алмайды, оны тек қана сот жүзеге асырады.

 

Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік  әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімін қараңыздар (1; 5-9; 26-33)

 

Студенттердің өзін-өзі  тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Мемлекеттің жоғарғы  билік органдары

2. Конституцияның басқа  нормативтік-құқықтық актілерден  айырмашылығы

3. ҚР-дағы сайлау жүйесі

4. ҚР азаматтығы

          

Тақырып 3. Әкімшілік құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты:Әкімшілік құқықтың ұғымы, оның әдісі мен қайнар көздері туралы, сонымен қатар мемлекеттік қызметші деген кім, мемлекеттік қызметке кірген кезде адамдар қандай талаптардан өту керек не болмаса қандай адамдар кіре алмайды деген ұғымдарға негізгі түсініктер беру.

 

1. Әкімшілік  құқықтың негізінің түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері. 

2. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен принциптері.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық түсініг, белгілері.

 

Дәрістер тезисі;

 

1. Әкімшілік  құқықтың негізінің түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері.  Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын  реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы.  Олардың басты ерекшелігі олар

Әкімшілік құқықтың пәні -  бұл мемлекеттік басқару сферасында   туындайтын, дамитын және тоқтатылатын  қоғамдық   қатынастар.

Информация о работе Экологиялық құқық