Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 07:32, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тарау.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

2 БӨЛІМ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

1 ТАРАУ 

 

Мемлекет  пен құқықтың пайда болу негіздері  және Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің негізгі салалары

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

Глоссарий (анықтама, словарь)

Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет  функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның  қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат– міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты  өзгеріп отырады.

Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын  басқару нысаны.

Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны

Құқық-таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың  ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады.

Нормативті  құқықтық  актілер –  бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты  қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.

Заң – бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың  ерік – жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе  референдумда қабылданған  нормативті акт.

Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі.

Кодекс – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.

Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.

Империялар –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі  әр түрлі болатын  күрделі мемлекеттер.

Конституциялық  құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа  қатысушылар.

Төте  сайлау құқығы – Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды.

Әкімшілік шарт – нормативтік мазмұны бар әкімшілік-құқықтық нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі немесе көп жақты.

 

1 Тақырып  Мемлекет пен құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты:Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары мен жолдары жөнінде негізгі түсініктер беру, сонымен қатар мемлекет пен құқықты бөлек сипаттай отырып олардың түсінігін, формаларын және негізгі белгілерін ашу болып табылады.

1.Мемлекеттің түсінігі, белгілері, функциялары және нысаны.

2.Мемлекет пен құқықтың пайда болуы теориялары.

3.Құқық түсінігі.

4.Құқықтық мемлекеттің түсінігі, белгілері.

 

Дәрістер тезисі;

 

1. Мемлекеттің түсінігі, белгілері, функциялары және нысаны. Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет  оны рулық қауымның  әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай  негізгі белгілермен сипатталады:

1.  Бұқаралық биліктің болуы.

2.Тұрғындарды  аумақтық (территориялық) бөлу.

3.Салық жүйесі.

4. Егемендік..

5. Құқық.

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше  түрі болып табылады. Бұл  мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың  саяси – бұқаралық қатынасы.  Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

1.   Бұқаралық  (көпшілік ) билік.

2. Аппараттық билік.

3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.

Мемлекет  мәнін түсіндіру мемлекет және құқық  теориясының негізгі міндеттерінің  бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін  анықтайтын негізгілердің біреуі.

Мемлекет  функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның  қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат– міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты  өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.

Мемлекет функцияларының  классификациясы:

а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты  тұрақты және уақытша;

б) маңызына байланысты  - негізгі және қосалқы;

в) қоғамдық өмірдің  қай сферасында  жүзеге асырылуына байланысты -  ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Мемлекет  функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.

Құқықтық  нысандарына  мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.

Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.

Мемлекет механизмі – бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын  қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде  заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде  пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:

Мемлекет  нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан  және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның  құрылымдық ұйымы.

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын  басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және  қандай – да бір монархтың  билігін шектейтін  басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны.  Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.

Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының  мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер  өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл  біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және  бір каналды  салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.

Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті  пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан  тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.

Империялар  –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі  әр түрлі болатын  күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік – құқықтық мәртебесі  болмағандығы болып табылады.

Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық – құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.

Федерация –бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда  жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық – мемлекеттік қағида бойынша  орнауы мүмкін.

Достастық – бұл  ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Мемлекеттердің  қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық  байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.

Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антидемократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады. 

2.Мемлекет  пен құқықтың пайда болуы теориялары. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының бірнеше теориялары бар:

- теологиялық теория  – бұл мемлекет пен құқық теорияның мәні мемлекетті Құдай жаратты деп түсіндіреді. Бұл теорияны уағыздағандар Ф.Аквинский

- патриархалдық теория  – бұл теорияның мәні мемлекет  отбасының өсіп-өркендеуінен дамыды  деп түсіндіреді. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияны уағыздағандар – Аристотель, Михайловский.

- тарихи теория –  мемлекет тарихпен бірге қалыптасып, тарихпен бірге жетілді деп  түсіндіреді.

- келісім-шарттық теория  – бұл қоғамның табиғи жағдайының мемлекеттікке ауысуы келісім жолымен жүргізіледі деп түсіндіріледі. Бұл иеорияны уағыздаған Дж.Локк, Т.Гобс, Жан-жак Руссо.

- психологиялық теория – адамның психологиялық біріккен көзқарастары, іс әрекеттері, мінезі, тәртібі бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарылады.

3.Құқық түсінігі. Құқық-таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың  ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың  пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.

Құқық – бұл  мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын  және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған  құқық нормаларының жүйесі.

Құқықтың  белгілері

1. ерікті сипаты;

2. жалпыға  міндеттілігі;

3. нормативтілігі;

4. мемлекетпен  байланысы;

5. формалды  анықталғандығы;

6. жүйелілігі.

Құқықтың  жоғарғы  қоғамдық міндет- мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және  кепіл болу,  әділеттілікті нығайту,  қоғамдық өмірден  бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және  рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу..

Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның  қарама – қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты  екі  жағы анықталды.

Көпшілік (бұқаралық) құқық – бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына  орнатылған.

Құқықтың  қайнар көздері – бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1. Нормативті  заңды актілер;

2. Санкцияланған әдет – ғұрыптар;.

3. Заң прецеденті;

4. Нормативті шарт;

Информация о работе Экологиялық құқық