Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 07:32, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тарау.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

4. Жұмыс уақыты  және демалыс уақытының түсінігі.Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленгеннормадан азырақ көзделуі мүмкін.

2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат болып белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күннің ұзақтығы:

5 күндік жұмыс аптасында  – 5 күн – 8 сағаттан 

6 күндік жұмыс аптасында  – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір  күн – 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 – 2 (8008 хаты).

Қысқартылған жұмыс  уақыты. жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жетекшілерді және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:

1)   14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – 4 күн – 5 сағаттан, 1 күн – 4 сағаттан;16 жастан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында – 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн – сағаттан аспайтын;

2)   ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Ауыр дене жұмыстары деп қызметкерлердің ауыр заттарды көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметкердің түрлері не 300 ккал (сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстардыайтады. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) – белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Үй шаруасындағы әйелдердің, оқшаулардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің  және тағы басқыа азаматтардың жағдайларын ескре отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс  күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашында жұмыс күні жалақы азайтылмай қысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің көлеміне қарай алады.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердің  еңбек құқықтарының көлемі ешқандай шектелмейді.

Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6 – ға дейінгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін ауысым түнгі ауысымға жатады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен бекітілген « Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулрды» 20-тармағы).

Жүкті әйелдерді түнгі  уақытта жұмыс істеуге тартуға  олардың келісімімен ғана жол  беріледі. Түнгі уақытта жұмыс  істеуге 18 жасқа толмаған адамдар  мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді. 

Демалыс уақыты қызметкердің еңбек  міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:

1)    Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;

2)    Күн сайынғы демелыс;

3)    Демалыс күндері;

4)    Мереке күндері;

5)    Демалыстар;

Демалуға және тамақтануға  арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану  үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Ет3-ның 53-бабы). Заңда үзілістің тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт  сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.

Арнаулы үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабықүйжайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді.

Күн саынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда ) басталуы арасындағы демалыс күн  сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Ет3-ның 55-бабы). 

Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес  күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.

Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс  аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі  демалыс күні де, әдетте қатарынан беріледі.

Мерекелік күндер жұмыс  күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану  мақсатында Қазақстан Республикасының  Үкіметі демалыс күндерін басқа  жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Өндірістік – техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.

Жалпы ереже бойынша  демалыс күндері жұмыс істеуге  жол берілмейді. Қызметкерді демалыс  күндерінде жұмысқа тартуға оның келісімі болған ретте ғана рұқсат етіледі.

Демалыс күндерінде жұмысқа тартудың ерекше реттері Еңбек заңының 59-бабында белгіленген. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1)  төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2)   жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;

3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын –ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.

Белгіленген жағдайлар  тізбесі толығымен берілген деп  түсіну керек.

Мереке күндері. Заң  бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істейтінмереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз – халықаралық  әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан – Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. (Заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 Жарлығы).

Заңда белгіленгендей өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа  үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда республикада белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.

Еңбек демалысы жеке еңбек  шарты бойынша жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге беріледі. Ақы  төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің талаптары мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер басқа нормативтік  құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. (Ет3-ның 60-бабы)

Республика Президентінің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы – 45 күнтізбелік күн (Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы жарлығы, 29- бап)

Орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім  мектептері қызметкерлерінің 56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн демалыс алуларына құқылары бар. Бұл педагогика қызметкерлеріне толық еңбек демалысы егер олар 1 қыркүйектен бастап толық оқу жылы жұмыс істесе беріледі.

Еңбек демалысы күндеріне  дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалысының  ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс  режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жыл сайынғы еңбек  демалысына құқық беретін еңбектегі жұмыс стажина (өтіліне):

1)    жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыты;

2)    жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген уақыт;

3)    емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталуға уақыт қосылады.

Жұмыс істеген бірінші  жылы үшін қызметкерге еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша бірінші  жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі. Қызметкерлердің қалауы бойынша  жыл сайын еңбек демалысы бөлініп  берілуі де мүмкін.

Жалақы сақталмайтын демалыстар тараптардың келісімі бойынша қызметкерге отпасы жағдайына және басқа да дәлелді себептер негізінде берілуі мүмкін. жалақы сақталмайтын демалыс оның мерзімімен берілу себептері көрсетілген жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Заң жалақы сақталмайтын демалыс беру мерзіміне шек қоймайды.

Заңдарда қызметкерлердің  кейбер санаттарына әлеуметтік сипаттағы  демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66- бабына сәйкес әйелдерге жүктелігі  мен босануы бойынша босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күнтізбелік  күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс беруші қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезенге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық беріледі.

 

Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік  әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімін қараңыздар. (2-4, 14, 44,45)

 

 

Студенттердің өзін-өзі  тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Еңбек келісім шавртын  жасау жолдары

2. Жұмыс беруші мен  қызметкерлердің құқықтық жағдайлары  

 

 

Тақырып 5. Отбасы  құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты: Отбасы құқығының ұғымы, отбасылық құқықтық қатынастың субъектілері мен объектілері туралы, сонан соң некеге тұрған кезде ерлі-зайыптыларлың құқықтық жағдайлары қандай, егер неке шарты жасалатын болса қандай тәртіппен жасалу керек, ата - аналар өздерінің ата аналық құқықтары мен міндеттерінен қандай жағдайларда айырылады деген ұғымдарға негізгі түсініктер беру.

1. Отбасылық-құқықтық қатынастар ұғымы, субъектілері мен объектілері

2. Неке  ұғымы, некеге отыру, некені  тоқтату және некені бұзу.

3. Отбасы  ұғымы, ата-ана құқығынан айыру жолдары.

 

Дәрістер тезисі;

 

1. Отбасылық-құқықтық  қатынастар ұғымы, субъектілері мен объектілері. Отбасылық құқықтық қатынастар дегеніміз – құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды айтамыз.

Неке отбасы заңдары:

1. Некеге тұрудың шарттары  мен тәртібін, некені тоқтату  және оны жарамсыз деп тануды  белгілейді;

2. Отбасы мүшелерінің:  ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен  балалардың арасындағы азаматтық  құқықтар мен міндеттерді, мүліктік  емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

3. Ата-анасының қамқорынсыз  қалған балаларды отбасына орналастырудың  нысандары мен тәртібін айқындайды;

4. Азаматтық хал актілерін  тіркеу және заңдарда белгіленген  тәртіппен ақылы қызмет көрсету  тәртібін реттейді.

Бұл мәселелер негізінен «ҚР неке және отбасы туралы» 1998 жылғы заңымен реттеледі.

Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне мыналар жатады:

1. ерлі-зайыптылар;

2. балалар;

3. Басқа отбасы мүшлелері мен жақын туыстары;

4. Заңмен белгіленген басқа да адамдар.

Обасылық құқықтық қатынастардың объектілеріне жататындар:

1. отбасы мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;

2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою.

3. ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б.

Неке отбасы заңдары мына қағидаларға негізделген:

Информация о работе Экологиялық құқық