Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................... 3

Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі..................................5
1.1. Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері......................................5
1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы..................................8
1.3. Ұйымның экономикалық саясаты........................................12

2. Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды
ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................19
2.1. Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері
2.2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру...........................................22
2.3. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау....................................26
2.4. Негізгі құралдар қозғалысының есебі...................................................31
2.5. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі...........................41
2.6. Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар.................47
2.7. Негізгі құралдарды түгендеу..................................................................54

3. Негізгі құралдарды талдау..........................................................................56
3.1. Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз етілуін талдау..........56
3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау...................................66
3.3. Қор қайтарымы мен рентабельділігінің, өндірілген өнімнің өсу резервтері......................................................................................................76

Қорытындылар мен ұсыныстар...........................................................................80
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

нег 09рал.doc

— 706.50 Кб (Скачать документ)

    Негізгі құралдардың  жарамсыздығын, оның қалпына келтіретін  жөндеудің  мүмкін еместігін немесе  экономикалық тиімсіздігін субъект  басшысы, бас бухгалтер, қызмет мамандары  құрамына кіретін, тұрақты жұмыс  істейтін комиссия айқындайды.

     Кәсіпорында тұрақты  жұмыс істейтін комиссия жойылатын  объектіні тікелей қарап, байқау  өткізеді, оларды есептен шығару  себептерін және бұған кінәлі жауапкершілікке тартылатын адамдарды анықтайды, оларға бақылау жүргізеді. Негізгі құрал- жабдықтарды есептен шығару жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қызмет нәтижесі болып негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару актісі табылады, оның негізінде бухгалтерияда тиісті бухгалтерлік жазбалар жасалады. Актіде объектінің бастапқы бағасы, бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы, объектіні бөлшектегенде алынған материалдық құндылықтарды құнын, тарату бойынша шығындар мөлшерін, өткізудің ықтималдылығы мен таратудың жалпы қорытындысы бағасын көрсетер.

    Стихиялық апат пен апат салдарынан таратылатын негізгі құрал-жабдықтар брйынша актіге құзырлы органның    стихиялиқ апат туралы анықтамасы, не болмаса себептері мен айыптылары көрсетілген аврия туралы актінің көшірмесі тіркелуі тиіс. Материалдық құндылықтарды сатудан түскен сома, сондай-ақ бөлшектеуден немесе түскен материалдар пайдаланылуы ықтимал бағамен кіріске алынады. Сатудан түскен қаржы шаруашылық жүргізілетін субъектінің қарауында қалады.

    Негізгі құрал объектілерін  өтеусіз беру туралы шешім  шаруашылық жүргізуші объектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.

 

 

 

2.5 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі

 

    Амортизация – тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету.             Амортизацияланатын құн дегеніміз – бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде танылады.

Мөлшер – амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.

    Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдплануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша – бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толықтай көщіріліп, берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.

    Қайта құру мен техникалық  қайта жарақтану уақытында олар  мүлдем тоқтатылған және негізгі  құрал – жабдықтарды тоқтатып  қойған жағдайда амортизацияны  есептеу жүргізілмейді.

    Жалға алынған негізгі  құрал – жабдықтар бойынша амортизацияны есептеуді жал шарты формасына және шарт талаптарына сәйкес жалға беруші немесе жалға алушы атқарады.

    6 БЕС пен 16 ҚЕБХС «Негізгі  құралдар» сәйкес амортизацияны  есептеу үшін мынадай тәсілдер  ұсынылады.

    Құнды біркелкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығару тәсілі – объект құны ай сайын тең сомамен есептен шығарылады.

    Мысалы. 95760 компьютері алынды, қызмет мерзімі 5 жыл, болжанатын жойылу құны 1850.

 

    Амортизацияны тура сызықты тәсілмен есептеу бойынша шығарылатын есеп:

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортизациялық құн

Қызмет мерзімі

Амортизация мөлшері %

Жылдық амортизация

2003

95 760

1850

93910

5

20

18782

2004

95 760

95 760

93910

5

20

18782

2005

95 760

95 760

93910

5

20

18782

2006

95 760

95 760

93910

5

20

18782

2007

95 760

95 760

93910

5

20

18782


 

Тозғандардың жинақталған тізімдемесі:

 

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Баланстық құн 2 топ – 4 топ

          1

       2

      3

             4

       5

2003

95 760

18782

18782

76978

2004

95 760

18782

18782 + 18782 =37564

58196

2005

95 760

18782

37561 + 18782 = 56345

39414

2006

95 760

18782

56345 + 18782 =75128

20632

2007

95 760

18782

75128 +18782 = 93910

1850


   

    Өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктер енгізу түзету мен негізгі құрал жабдықтарды жнңартуға қызығушылықты арттыру үшін қаржылық жағдай жасау мақсатымен субъектілер амортизацияны тездетіп есептеу, (кумулятивті тәсіл) сомасы бойынша құнды есептен шығару, кемітілген қалдық тәсілдерін қолдана алады.

    Сандар сомасы бойынша  (кумулятивті тәсіл) құнды есептен  шығару тәсілі есептік коэффициентті  табудан тұрады. Коэффициент бөлгіші  қорытындысы пайдалы қызмет мерзімі  сомасына, ал алым қызмет ету мерзімінің соңына дейін қалған жыл соңына тең болады.

    Амортизация сомасы кейінгі  жылдарға қарағанда пайдалануға  берілген алғашқы жылдары жлғары  болады. Амортизацияны есептеу бойынша  есеп кумулятивті тәсілмен: 95760 компьютері  алынды, қызмет ету мерзімі 5жыл, болжанатын жойылу құны 1850.

 

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортиза-циялық құны

Кумулят сан

Қызмет ету мерз соңына қалған жыл саны

Есептік коэфф-т 6/5

Жылдық амортизация 4×7

1

2

3

4

5

6

7

8

2003

95760

1850

93910

15

5

0,333

31303

2004

95760

1850

93910

15

4

0,266

25043

2005

95760

1850

93910

15

3

0,2

19782

2006

95760

1850

93910

15

2

0,133

12521

2007

95760

1850

93910

15

1

0,066

6261


 

Жинақталған тозу тізімдемесі:

 

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Есептікезең соңындағы баланстық құн

1

2

3

4

5

2003

95760

31303

31303

64457

2004

95760

25043

30303 + 25043 = 56346

39414

2005

95760

19782

56346 + 18782 = 75128

20632

2006

95760

12521

75128 +12521 = 87640

8111

2007

95760

6261

87640 + 6261 = 93910

1850


 

    Амортизацияны     кемігіш қалдық тәсілімен есептеу бойынша есеп:

Бұл тәсілде амортизация сомасы объектіні бірінші жыл қолданғанда бірден көбейеді және соңғысында төмендейді.

    Кемігіш қалдық тәсілінде  амортизацияны есептеу бастапқы  емес, баланстық құннан жасалады.

    Түзу сызықты тәсілде  амортизация мөлшері екі есе  өсіріледі. Амортизацияны есептегегенде  жойылу құны ескерілмейді, бұған  жойылуға дейінгі қалдық құнды  кеміту, үшін қажетті шамамен  амортизация сома шектелетін  соңғы жыл кірмейді.

    Компьютер – 95760 алынды, қызмет ету мерзімі 5 жыл, болжанатын жойылу құны 1850, тура сызықты тәсілде амортизация мөлшері 20%, кемігіш қалдық тәсілінде екі есе (40%)  өсіріледі.

 

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортиза-циялық  құн

Қызмет мерзімі

Амортиз. мөлшері %

Жылдық амортизация

2003

95760

1850

93910

5

40

 

2004

95760

1850

93910

5

40

 

2005

95760

1850

93910

5

40

 

2006

95760

1850

93910

5

40

 

2007

95760

1850

93910

5

40

 

Жинақталған тозу тізімдемесі:

 

Есепті кезең

Есепті кезең басын.Баланс құн

Амортиза-ция мөлшері %

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Есепті кезең соң.

Балан. құн

2003

95760

40

38304

38304

57456

2004

57456

40

22982,4

38304+22982,4=61286

34474

2005

34474

40

13789,6

61286+13789,6=75076

20684

2006

20684

40

8274

75076+8274=83350

12410

2007

12410

 

10560

83350+10560=93910

1850


 

    Теңдеулер қорытындысын  шығару үшін кестеге үш тәсілмен  есептелген компьтердің жылдық  амортизациясы сомасын кіргіземіз.

    Әр түрлі тәсілмен  есептелген амортизация қорытындыларын  салыстыру:

 

Есепті кезең

Құнды тура сызықты (біркелкі) тәсілмен есептен шығару

Кемігіш қалдық тәсілі

Сан сомасы бойынша есептен шығару тәсілі (кумулятивті тәсіл)

2003

18782

38304

31303

2004

18782

22982,4

25043

2005

18782

13789,6

18782

2006

18782

8274

12521

2007

18782

10560

62661

Информация о работе Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау