Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................... 3

Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі..................................5
1.1. Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері......................................5
1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы..................................8
1.3. Ұйымның экономикалық саясаты........................................12

2. Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды
ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................19
2.1. Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері
2.2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру...........................................22
2.3. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау....................................26
2.4. Негізгі құралдар қозғалысының есебі...................................................31
2.5. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі...........................41
2.6. Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар.................47
2.7. Негізгі құралдарды түгендеу..................................................................54

3. Негізгі құралдарды талдау..........................................................................56
3.1. Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз етілуін талдау..........56
3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау...................................66
3.3. Қор қайтарымы мен рентабельділігінің, өндірілген өнімнің өсу резервтері......................................................................................................76

Қорытындылар мен ұсыныстар...........................................................................80
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

нег 09рал.doc

— 706.50 Кб (Скачать документ)

 

    Өндірістік тәсіл (амортизацияны орындалған жұмыс көлеміне пропорциональды есептеу) амортизация объектісі пайдалану нәтижесі ғана болуына, уақыттың бір бөлігі оны есептеу барысында ешқандай роль атқармайтынына негізделген.

    Бұл тәсілді пайдалану мерзімі техникалық көрсеткіштермен не болмаса ұйымның шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен шектелген жағдайда қолдануға болады.

    Амортизацияны әр түрлі тәсілмен есептеген сомаларды салыстырғанда, қаралған тәсілдер кәсіпорын нәтижесіне ықпал ететін негізгі құрал – жабдықтардың жылдық амортизация саласына кемуіне немесе артуына мүмкіндік беретінін айқын аңғартты.

    Пайдалануға алғаш берілген  кесімді белгіленген активтер  бойынша пайдаланудың алғашқы  салықтық кезеңінде амортизациялық  аударымдар кесімді белгіленген активтер мәліметтерін кемінде үш жыл жиынтық жылдық табыс алу мақсатында қолданған жағдайда амортизацияның қос мөлшері бойынша атқарылады.

    Негізгі құралдар объектілерінің  салықтық есебі есепті жыл қорытындылары бойынша салық мақсаттары үшін негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тізімдемесінде жүргізіледі.

    Негізгі құралдардың  әр түрлеріне сан түрлі тәсілдерді  қолдануға болады. Субъект таңдаған  амортизацияны есептеу тәсілдерін  есеп саясаты белгілеуге тиіс  және бір есепті кезеңнен екіншісінде дәйектілікпен қолданылады.

   "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамында негізгі құралдардың есебі үшін мынандай синтетикалық шоттары бар 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлікшесінің пассивті шоттары қолданылады:

    2421 «Үйлер мен ғимараттардың тозуы»

    2422 «Машиналардың,  жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы»

    2425 «Транспорт құралдарының тозуы»

    2429 «Басқа да негізгі құралдардың тозуы»

    Жоғарыда көрсетілген    шоттардың әрқайсысына қосалқы шоттар  ашуға болады:

    1. Меншікті негізгі құралдардың тозуы
    2. Ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі құралдардың тозуы

     Толық амортизацияланған  негізгі құралдар бойынша тозу  сомасы есептелінбейді.

     Тозуды есептегенде 7400 «Қосымша шығындар» бөлімшесіне өндірістік шоттары, 7410 «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы» қолданылады.

     Тозуды есептегенде:

  7410 «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы» дебеті.

   2421-2429 кредиті.

    Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың негізгі құралдарының тозуы 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында ескеріледі.

    Тозуды есептегенде:

    7210 дебеті, 2421-2429 кредиті.

    Өткізілетін орындарда тауарларды сақтауға арналған негізгі құралдар бойынша 7110 «Тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шотында негізгі құралдардың тозуы көрсетіледі.

    Тозуды есептегенде:

    7110 дебеті 2421-2429 кредиті.

 

2.4 Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар

 

    Негізгі құралдарды пайдалану барысында біртіндеп тозады, тозған бөлшектерін жөндеуді немесе толығымен, иә болмаса тұтастай объектіні түгелімен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар оъектілеріне, пайдалы қолданылатын барлық мерзімі ішінде кейінгі күрделі қаржы және ағымдағы шығын жұмсайды. 6 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына және оған әдістемелік ұсыныстарға сәйкес негізгі құралдарға кейінгі күрделі қаржы жұмсау пайдалы қызмет ету мерзімі басында бағаланған, қолданудан түскен болашақ экономикалық тиімділікті ұлғайтқан жағдайда бастапқы құнды арттырады. Кейінгі барлық шығындар жасалған кезеңдегі шығындар деп танылуы тиіс.

  Негізгі құрал объектілеріне байланысты 16 «Негізгі құралдар» атты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес кейінгі шығындар актив жағдайын жақсартқанда, оның өнімділігін бастапқы есептелген нормативтен жоғарылатып, арттырса ғана актив есебінде танылады. Болашақтағы экономикалық тиімділікті ұлғайтуға және негізгі құралдардың бастапқы құнын арттыруға әкелетін мысалдар мыналар:

    1. негізгі құрал объектілерінің пайдалы қолдану мерзімін ұлғайтатын, оның қуаттылығын арттырып, жетілдіру;
    2. өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту үшін машина тетіктерін, детальдарын жеткізу;
    3. бұрын есептелген өндірістік шығынды едәуір қысқартуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістік процестерді енгізу.

    Объектінің техникалық  жағдайын сақтау мен ұстау  мақсатымен жасалатын негізгі құралдарды жөндеу мен пайдалануға жұмсалатын шығындар бастапқы құнды ұлғайтады, олардың пайда болу сәтіндегі ағымдағы шығындар ретінде танылады.

    Негізгі құрал жабдықтарды  алғаннан кейін  шығындарды есептеу  тәртібі бастапқы бағалауда ескерілген  жағдайларға және кейінгі шығындардың орны толып, өлшеді ме деп мойындауға байланысты.

     Қазақстан Республикасының  «Салықтар және басқа бюджетке  міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 113б. 2 тармағына сәйкес меншікті  негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі, ағымдағы) арналған нақты іс жүзіндегі сома негізгі құралдардың әрбір тобы бойынша салықтық жылдың соңында топшаның баланс құнының белгіленген проценті шегінде жылдық жиынтық табыстан шегеріледі. Көрсетілген шектен асатын негізгі құралдарға шыққан нақты іс жүзіндегі сома негізгі құралдардың тиісті салықтық топшамасының құндық балансын ұлғайтады. Жылдық жиынтық табыстан шегерілуге тиісті негізгі құралдарды жөндеуге шыққан шығындарды ай сайын есептеу үшін, сондай-ақ топтың құндық балансына қосылуға тиісті соманы анықтау үшін «Салық салу мақсатымен негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есептеу тізімдемесі» қолданылады.

    2005 жылдың 1.01 бастап негізгі  құралдардың әрбір тобы бойынша  негізгі құрал-жабдықтардың нақты  іс-жүзіндегі шығындар сомасы  салықтық кезең соңында топтың баланстық құнынан мынадай мөлшерде шегеріледі:

 

 

 

 

Топ №

Топ атауы

Шекті мөлшері №

I

Үйлер, құрылыстар

15

I I

Ғимараттар, құрылыстар

15

I I I

Беріліс қондырғылары

15

IV

Күш машиналары мен жабдықтар

25

V

Жұмыс машиналары мен жабдықтар

25

V I

Басқа да машиналар мен жабықтар

25

V I I

Ұшқыр көлік

25

V I I I

Компьютерлер, сырттағы, шет аймақтағы құрылғылар мен мәліметтерді өңдеу жөніндегі жабдық

20

IX

Басқа топтарға кірмеген кесімді берілген активтер

15


 

    «Салық салу мақсаты  үшін негізгі құралдарды жөндеуге шығатын шығындар есебінің тізімдемесі» қолданылады.

    Салық салынатын табыстан  ұстап қалулар туралы жинақтап  қорыту мақсатымен заңды тұлға  «Негізгі құралдарды жөндеу мен  амортизацияға аударымдар тізімдемесін»  жүргізеді.

    Негізгі құралдарды жөндеу орындалғаны жөнінде қосылған құн салығы, яғни «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодекстің 235 б. 1т.сәйкес қосылған құн салығы атап көрсетілген шот – фактуралар ұсынылуы бойынша материалдармен жабдықтаушыларға төленуге тиісті салық сомасы да есепке жатқызылуы тиіс.

    Егер салық төлеуші  басқа есепті кезеңді қолданса, онда жөндеу шығындары есепті  кезең соңындағы топшаның құндық  балансына белгіленеді.

    Республикалық және жергілікті  бюджеттерден алынған жәрдем  ақша есебінен жасалатын жөндеу шығындары ұстап қалуға жатқызылмайды және топшаның құндық балансын ұлғайтпайды.

    Егер кесімді белгіленген  активтер есебі салық салу  мақсатымен объект бойынша жүргізілсе, топша құндық балансының белгіленген 5 процентінен асатын жөндеу шығындары жөндеуге шығын жұмсалған тиісті негізгі құралдардың құнын өсіруге жатқызылады.

    Ұйымдастыру – техникалық  белгілері, жөндеу жұмыстарының  сипаты, олардың қауырттығы бойынша  күрделі және ағымдағы жөндеу  көлемін айқындайды. Ағымдағы жөндеу  негізгі құралдарды дұрыс және жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға арналады, мұндайда тозған детальдардың санаулысы ауыстырылады және жоспар бойынша кезекті жөндеуге, бояуға, қабырғаларды әктеуге және т.б. дейінгі дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен жабдық механизмдерін реттеу жасалады. Ағымдағы жөндеу кестеде алдын -ала қарастырылған мерзімде өткізіледі. Жөндеу жұмыстары негізгі құралдарды пайдаланатын жерде немесе арнайы бөліп берілген жерде жөндеу бригадаларының күшімен атқарылады.

    Жөнделетін объектілерді бөлшектеу барлық тозған тораптарды, детальдарды және конструкцияларды қалпына келтіру немесе ауыстыру жасалынатын жөндеу түрлері күрделі жөндеу деп саналады. Жабдықтар мен транспорт құралдары үшін – бұл мерзімділігі бір жылдан асатын, агрегаттарды толығымен бөлшектеу, барлық тозған детальдар мен тетіктерді ауыстыру немесе қалпына келтіру, агрегаттарды құрастыру, реттеу және түзеу жасалатын жөндеу. Автотранспорт құралдары үшін күрделі жөндеу машина маркасына байланысты 20-дан 50 мың км.-ге дейінгі машина жүрісінен соң жүргізіледі. Үйлер мен ғимараттар үшін бұл – тозған конструкциялармен детальдарды алмастыру немесе жөнднлетін объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын, олардан гөрі берік және тиімділеріне ауыстыру жасайтын жөндеу.

    Күрделі жөндеу өткізу үшін негіздеме болып қызмет ететін басқарушы құжат–ақаулар тізімдемесі. Мұнда кестеде көзделген жөндеу мерзімдері, негізгі құралдардың осы объектісі үшін орындалу қажет жұмыс түрлері, ауыстыруға жататын детальдер, тетіктер, жөндеудің сметалық құны көрсетіледі. Ақаулар тізімдемесін жасау күрделі жөндеуді жоспарлауды және негізгі құралдарды жөндеуге беру кезегін белгілеуді жеңілдетеді.

    Ақаулар тізімдемесі  негізінде күрделі жөндеу бойынша  жұмысқа наряд-тапсырыстар жазылады. Бұған жұмыстың техникалық шарттарын, жұмыс сы және т.б. тіркейді. Наряд-тапсырыстың бір данасы жөндеу шеберханасына, екіншісін бухгалтерияға, үшіншісі бас механик бөлімінде қалады. Субъектінің жөндеу цехтарында әрбір жөнделетін объектіге көп сызық жолды карточкалар ашып, оларда жөндеу шығындарын жинақтайды.

    Ағымдағы жөндеуге кеткен  шығындарды субъект өндіріс шығындарына  кіргізіп, оларды меншікті қаражатынан  төлейді.

    Жөндеу жұмыстары субъектінің  өз күшімен, басқа жақтағы ұйымды  таратып және аралас әдіс-амалмен  жасалуы мүмкін.

    Егер жөндеу қосалқы өндіріс жұмысшыларының күшімен, яғни жөндеу цехымен атқарылса, шығындар 8030 «Қосалқы өндіріс» бөлімшесінің шотында жиналады, мұндайда мынадай жазбалар жазылады:

Шаруашылық операциялардың мазмұны

       Дебет

        Кредит

   Сома

1

Негізгі құралдарды жөндеуге материалдар босатылады

8010 «Материалдар»

1310-1350 «Материалдар»

58000

2

Жұмысшыларға еңбекақы есептелді

«Қызметкерлердің еңбегін өтеу»

3430«Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар»

 

 

42000

3

Аударымдар (әлеуметтік салық) сомасына

923 «Еңбекті өтеуден аударымдар»

3150 «Әлеуметтік салық»

 

6328

4

Ай соңында орындалған жөндеу жұмыстарының есебін шығару үшін қосалқы өндірістің барлық шығындары көшіріледі:

     
 

а) материалдық шығындар

8030 «Қосалқы өндіріс»

1310 «Материалдар»

58000

 

ә) еңбекті өтеу бойынша шығындар

8030 «Қосалқы өндіріс»

922 «Қызметкерлердің еңбегін өтеу»

 

42000

 

б) ақша аудару

8030 «Қосалқы өндіріс»

923 «Еңбекті өтеуден аударылатын  ақша»

 

6328

5

Кешенді баптар кіретін қосалқы өндіріс шығындарына бір элементті шығыстардан басқасы

     
 

а) бір уақытта қосалқы өндіріске жатқызылатын қосымша шығындар сомасына

924 «Қосалқы өндірістің қосымша  шығындары»

8040 «Қосымша шығындар»

 

21000

 

ә) негізгі өндірістің қосалқыға қызмет көрсетуі

8030 «Қосалқы өндіріс»

8040 «Қосымша шығындар»

21000

 

б) жөндеуді өткізу үшін меншікті өндірістің жартылай өнімдері пайдаланылады

8030 «Қосалқы өндіріс»

8020 «Меншікті өндірістің жартылай өнімдері»

7000

Информация о работе Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау