Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................... 3

Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі..................................5
1.1. Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері......................................5
1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы..................................8
1.3. Ұйымның экономикалық саясаты........................................12

2. Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды
ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................19
2.1. Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері
2.2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру...........................................22
2.3. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау....................................26
2.4. Негізгі құралдар қозғалысының есебі...................................................31
2.5. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі...........................41
2.6. Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар.................47
2.7. Негізгі құралдарды түгендеу..................................................................54

3. Негізгі құралдарды талдау..........................................................................56
3.1. Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз етілуін талдау..........56
3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау...................................66
3.3. Қор қайтарымы мен рентабельділігінің, өндірілген өнімнің өсу резервтері......................................................................................................76

Қорытындылар мен ұсыныстар...........................................................................80
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

нег 09рал.doc

— 706.50 Кб (Скачать документ)

    Жер учаскесінің бастапқы  құнына шотта көрсетілген сатып  алу бағасы, жылжымайтын мүлік  бойынша агенттерге комиссиялық  сыйақылар, сатып алу – сату  шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің  қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын  салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жорамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша проценттер, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.

    Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.

    Негізгі құрал объектілерінің  бастапқы құны былайша белгіленеді:

 

Шаруашылық операциялаңрыны мазмұны

   Дебет

    Кредит

    Сома

  • Құрылтайшылардың жарғы капиталына олардың салымдары есебіне негізгі құрал-жабдықтарды серіктестіктерге қатысушылар арасында келісілген бағамен салған кезінде;

 

а) жарияланған жарғы капиталы сомасына

 

 

5020 «Төленбеген капитал»

 

5010 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар»

 

 

1 000 000

ә) негізгі құралдар салымы

2412-2416 «Негізгі құралдар»

5020 «Төленбеген капитал»

 

600 000

  • субъектінің өзі негізгі құрал жабдықтарды дайындаған немесе оларға төлеп алғанда – нақты шығын сомасы бойынша

2412-2416 «Негізгі құралдар»

4110 «Төленуге тиісті шоттар»

324 000

  • басқа заңды немесе жеке тұлғалардан объектіні өтеусіз алғанда (бағалау эксперттік жолмен немесе қабылдау-тапсыру актісінің мәліметтері бойынша жүргізілді)

2412-2416 «Негізгі құралдар»

6280 «Басқадай» қосымша қызметтен түскен табыс

127 800

  • алынған (тапсырылған) ақшалай қаражат сомасы түзетіліп, берілгендердің ағымдағы құнына тең алынған активтердің құны айырбас операциясы нәтижесіне өлшенеді

2412-2416 «Негізгі құралдар»

4110 «Төленуге тиісті шоттар»

300 000


 

    Негізгі құралдар қоймада  резерв ретінде тұрады, белгіленген  тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар  тәртібін іс жүзіндегі заңдарға  сәйкес шаруашылық жүргізуші  субъектінің басшысы белгілейді  және бекітеді.

    Негізгі құралдардың істен шығуы.

    Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:

    • Физикалық немесе сапалық тозу;
    • Шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
    • Басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде беру;
    • Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру,
    • Объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;
    • Кем шығу, табиғи апат және басқа есептер.

    Негізгі құрал объектілерін  өтеусіз беру туралы шешім  шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.

    Негізгі құралдардың  жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және  тиімсіздігін анықтау үшін, сондай  – ақ есептен шығаруға қажетті  құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.

    Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілейді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды «Негізгі құралды есептен шығару актісі» және «Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен» екі данамен ресімделеді.

    Обектіні таратуға тек  ұйым басшысының актісі бекітілгеннен  кейін ғана кіріседі.

 

  "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамында  негізгі құралдардың істен шығуы (есептен шығуы) мынандай бухгалтерлік жазбалармен көрсетіледі:

 

Негізгі құралды өткізу

Шаруашылық операциялардың мазмұны

    Дебет

    Кредит 

Сумма

Негізгі құралдың баланстық құны

7400  «Негізгі құралдың істен шығуы»

2412-2417 «Негізгі құралдар»

800,0

Бұрын есептелген тозу сомасына

2421-2429 «Негізгі құралдың тозуы»

2412-2416 «Негізгі құралдар»

200,0

Сатып алушыларға ҚҚС – сыз (салық шот – фактурасы келісімімен)

1210 «Алуға арналған шоттар»

6100 «Істен шыққан негізгі құралдардан түскен табыс»

1500,0

ҚҚС сомасына

1210 «Алуға арналған шоттар»

3130 «ҚҚС»

300,0

Қойылған шот бойынша сатып алушылардың берешегі өтелді

1050 «Валюта шотындағы ақша», 1040 «Ағымдық шоттағы ақша», 1010 «Кассадағы қолма – қол ұлттық ақша» дебеті

1210 «Алуға арналған шоттар»

1800,0

Жыл соңында есептен шығарылды:

а) шығындар – жиынтық кірісті азайтуға

5400 «Жиынтық кіріс (жабылмаған залал)»

7410 «Негізгі құралдардың істен шығуы бойынша шығындар»

800,0

ә) кірістер – жиынтық кірісті азайтуға

6100 «Негізгі құралдардың істен шығуынан түскен кірістер»

5400 «Жиынтық кіріс (жабылмаған залал)»

1500,0


   

 

 

Тарату нәтижесінде негізгі құралдардың (физикалық немесе сапалық тозу бойынша) істен шығуы

 

Шаруашылық операциялардың мазмұны

         Дебет

   Кредит

    Сома

Баланстық құнға

7420 «Негізгі құралдардың істен шығуынан болған шығындар»

2411-2417 «негізгі құралдар»

70,0

Бұрын есептелген тозу сомасына

2421-2428 «Негізгі құралдардың тозуы»

2411-2417 «негізгі құралдар»

180,0

Жұмысшыларға негізгі құралдар монтажын бөлшектегені үшін еңбекақы есептеледі

7420 «Негізгі құралдардың істен шығуынан болған шығындар»

3430«Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар»

20,0

Еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударылды

7420 «Негізгі құралдардың істен шығуынан болған шығындар»

3150 «Әлеуметтік салық»

3,6

Монтажы бөлшектенген таратылатын объектіні тасығаны үшін автошаруашылық шоты акцептелді

7420 «Негізгі құралдардың істен шығуынан болған шығындар»

3310 «Төленуге тиісті шоттар»

3,4

Негізгі құрал объектілерінен алынған материалдар (метал сынығы, отын) кіріске алынды

1310, 1360 «Материалдар»

6210 «Негізгі құралдардың істен шығуынан»

1,6

Жыл соңында кірістер мен шығыстар жиынтық кірісі есебінен есептен шығарылады:

а) негізгі құралдарды тарату бойынша шығындар

ә) негізгі құралдарды тарату бойынша кірістер

 

5410 «Жиынтық кіріс (жабылмаған залал)»

 

7420 «Негізгі құралдардың істен шығуынан болған шығындар»

5400 «Жиынтық кіріс (жабылмаған залал)»

 

99,7

 

 

 

1,6

Істен шыққан объектілерді қайта бағалау сомасына

5320 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан қосымша төленбеген капитал»

5400 «Бөлінбеген (есепті жылдың жабылмаған залал)»

2,0


 

 

 

Негізгі құралдарды өтеусіз беру

Шаруашылық операциялардың мазмұны

     Дебет

    Кредит

    Сумма

Берілетін негізгі құралдардың баланстық құны

7410«Негізгі құралдардың істен шығуы бойынша шығындар»

2412-2417 «Негізгі құралдар»

800,0

Бұрын есептелген тозу сомасына

2421-2429 «Негізгі құралдардың тозуы"

2412-2417 «Негізгі құралдар»

200,0

Өтеусіз беру шығындары есептен шығарылды

7410«Негізгі құралдардың істен шығуы бойынша шығындар»

3150,  «Әлеуметтік салықтар 3310 «Төленуге тиісті шоттар»

15,0

Салық салынатын айналымнан есептелген ҚҚС сомасына (15%)

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»

3130 «ҚҚС»

120,0

Жыл соңында шығындар жиынтық кірісті азайту үшін есептен шығарылады

 

5400 «Жиынтық кіріс (жабылмаған залал)»

7410 «Негізгі құралдардың істен шығуы бойынша шығындар»

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»

 

 

935,0


 

 

Негізгі құралдарды ішкі ауыстыру

 

Бір цехтан (құрылымдық бөлімшеден) екіншісіне негізгі құралдарды бергенде

2412-2416 «Негізгі құралдар»

2411-2416 «Негізгі құралдар»

500,0

 


 

 

Негізгі құралдардың табиғи апат салдарынан (сақтандыру жағдайында)істен шығуы

Шаруашылық операциялардың мазмұны

     Дебет

Кредит

    Сома

Есептелген тозу сомасына

2421-2429 «Негізгі құралдың тозуы»

2412-2417 «Негізгі құралдар»

20,0

Сақтандырылған негізгі құралардың баланстық құнына

3050 «Кепілді міндеттемелер»

2412-2417 «Негізгі құралдар»

80,0

Сақтандыруды өтеу сомасына

1040 «Ағымдық шоттағы ақша»

3050 «Кепілді міндеттемелер»

70,0

Өтелмейтін шығын сомасына

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар»

3050 «Кепілді міндеттемелер»

10,0


 

 

Негізгі құралдардың кем шығуы

Шаруашылық операциялардың мазмұны

     Дебет

Кредит

    Сома

Негізгі құралдардың баланстық құны

2810 «Кем шығулар, құндылықты бүлдіру шығындары»

2411-2417 «Негізгі құралдар»

700,0

Бұрын есептелген тозу сомасына

2421-2429 «Негізгі құралдың тозуы»

2411-2417 «Негізгі құралдар»

300,0

Кем шығу кінәлі адамның есебіне жатқызылады:

* баланстық құнға

1254 «Материалдық заңды өтеу бойынша есеп айырысулар»

334 «Кем шығулар, құндылықты бүлдіру  шығындары»

700,0

* кем шыққан негізгі құралдардың  нарықтық және баланстық құны  арасындағы айырмаға

1254 «Материалдық заңды өтеу бойынша есеп айырысулар»

3520 «Алдағы кезең кірістері»

50,0

* кем шыққанды өтеуге қарай

1040 «Ағымдық шоттағы ақша», 1010 «Кассадағы қолма-қол ұлттық валюта»

1254 «Материалдық заңды өтеу бойынша есеп айырысулар»

750,0

* табыс есепті кезеңге жатқызылады

4420 «Алдағы кезең кірістері»

6160 «Негізгі құралдардың істен шығуынан түскен табыс»

50,0

Егер кінәлі табылмаса немесе сот өндіріп алуға қарсылық білдірсе

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар»

2180 «Кем шығулар, құндылықты бүлдіру шығындары»

700,0


 

    Жарамсыз болған және  заттай, сапалық жағынан тозу, апат, стихиялық апат, пайдаланудың нормативті  шарттарының бұзылуы, сондай-ақ құрылысқа, кеңеюге, қайта құруға және тағы  басқа себептер салдарынан жойылуға  тиісті негізгі құрал – жабдықтарды кәсіпорын балансынан есептен шығарылады.

Информация о работе Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау