Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................... 3

Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі..................................5
1.1. Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері......................................5
1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы..................................8
1.3. Ұйымның экономикалық саясаты........................................12

2. Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды
ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................19
2.1. Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері
2.2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру...........................................22
2.3. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау....................................26
2.4. Негізгі құралдар қозғалысының есебі...................................................31
2.5. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі...........................41
2.6. Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар.................47
2.7. Негізгі құралдарды түгендеу..................................................................54

3. Негізгі құралдарды талдау..........................................................................56
3.1. Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз етілуін талдау..........56
3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау...................................66
3.3. Қор қайтарымы мен рентабельділігінің, өндірілген өнімнің өсу резервтері......................................................................................................76

Қорытындылар мен ұсыныстар...........................................................................80
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

нег 09рал.doc

— 706.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе ...................................................................................................... 3

 

  1. Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі..................................5

1.1. Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері......................................5

 1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы..................................8

 1.3. Ұйымның  экономикалық саясаты........................................12

 

   2. Халықаралық стандарттарға  көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды          

  ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................19

  2.1. Халықаралық стандарттаудың  мәні, маңызы және ерекшеліктері

  2.2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру...........................................22

  2.3. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау....................................26

  2.4. Негізгі құралдар қозғалысының есебі...................................................31

  2.5. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі...........................41

   2.6. Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар.................47

  2.7. Негізгі құралдарды түгендеу..................................................................54

 

   3. Негізгі құралдарды талдау..........................................................................56

  3.1. Негізгі құралдардың құрамын  және қамтамасыз етілуін талдау..........56

  3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау...................................66

  3.3. Қор қайтарымы мен рентабельділігінің, өндірілген өнімнің                                                         өсу резервтері......................................................................................................76    

 

Қорытындылар мен ұсыныстар...........................................................................80

  Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................82

 

 

Кіріспе

 

    Қазақстан Республикасы  кәсіпорындары «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес 2007 жылдың 28 ақпаннан бастап қаржылық есеп берулердің халықаралық стандарттарына көшті.

    Сондықтан да бүгінгі  таңда Қазақстан Республикғасы  қаржылық есеп берулерінің бухгалтерлік  есеп жүйелерін халықаралық стандарттарға көшіру ең көкейтесті проблема болып табылады. Бұл бағытта елімізде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

    ҚЕХС –ке көшу Қазақстан  Республикасы үшін аса маңызды, өйткені ол елдің әлемдік ақпарат  кеңістігіне шығуын қамтамасыз  етеді, халықаралық капитал рыногымен уақытылы қарым-қатынас жасауға (байланысқа шығуға), шетелдік инвестицияны тартуға мүмкіндік тудырады.

    Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен мәні артуда.

    Бухгалтерлік есеп экономикалық  білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық субъектінің қызметінің іс-әрекеттері сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі, негізгі құралдарды тиімді пайдалануын, негізгі құралдардың есебін және тозуын есептейді.

    Бухгалтерлік есеп ауқымында  алған терең теориялық білімі арқылы экономикалық талдау мен негізгі құралдардың есебін жүргіземіз, ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары және заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.

    Ұйымның шаруашылық іс-әрекетін  белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен  алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі.

    Негізгі құралдар есебі  Қазақстан Республикасының бухгалтерлік  есеп жөніндегі қаулысымен бекітілген 2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес іске асырылады.

    Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша  қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.

    Диплом жұмысының мақсаты: ұйымда негізгі құралдардың құрылымын, өзгерісін және жағдайын, олардың  есебін білуге ерекше көңіл  бөлінеді. Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін алады.

    Негізгі құралдар кез-келген  өндірістің маңызды факторларының  бірі болып табылады. Олардың  жағдайы мен тиімді пайдалануы  қоғамның шаруашылық қызметінің  нәтижелеріне тікелей әсер етеді.

    Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:

    • Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
    • Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
    • Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;
    • Негізгі құралдарды түгендеу;
    • Негізгі құралдардың құрамы мен қамтамасыз етілуін талдау;
    • Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау;

 Алға қойылған міндеттерді шешу үшін "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамы 2005-2007 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік – құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан және қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады.

 

1 Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі

1.1 Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері

 

Қазіргі кезде кез-келген ұйымдарды алып қарасақ та олардың бухгалтерлік есеп барысында негізгі құралдардың алатын орны, олардың мөлшері ұлғаюда. Сондықтан да негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретіндегі алатын орны зор. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалауда кездесетін көптеген мәселелер туындайды. Өйткені олар тікелей өндіріске немесе басқа да салаларда пайдаланылу барысында алатын орны үлкен. Сондай-ақ олардың амортизациялық аударымдарын дұрыс есептеу мен есептік әдістерін таңдау барысында олардың әр түрі  өзіндік құнның мөлшерін өзгеріске ұшыратады.

Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы яғни бір жылдан артық уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтамыз. Негізгі құралдарға ұйымның қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер,  машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқаларын жатқызамыз. Көлемінің үлкен-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына ұйымның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып, салынып біткен бірақ әлі пайдаланылуға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер , сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі мәнін ашып қарау үшін олардың бағалануын, пайдалану және шығындарын зерттеу керек. Жалпы алғанда барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік  және өндірістік емес болып екіге үлкен топқа бөлінеді. Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің  немесе орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады. Егер ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет жасайтын болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол ұйымның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады. Негізгі құралдардың бүгінгі таңдағы болсын бұрынғы болсын шаруашылықта алатын орны ерекше. Қай салада  да болмасын қолданыстарында негізгі құралдар болады. Сондықтан да олардың пайдаланылуын және де оларға амортизация есептеуде бухгалтерлік мамандарға қойылатын талаптар жоғарылауда.

Халық шаруашылығының алдына қойған міндеттерін табысты шешуде оның басты буындары – экономиканың нақты секторындағы ұйымдарды басқаруды жетілдірудің маңызы зор. Негізгі құралдар ұлттық байлықтың бір бөлігі, еліміздің экономикасын дамытудың материалды техникалық базасы болып табылады. Сондықтан да, өндіріс тиімділігін әрі қарай арттыру негізгі құралдарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі құралдардың ұтымды пайдаланылуына байланысты. 

Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында ұйым қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңінде маңызды болып саналады.   

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өту барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнімді өндіруге кеткен шығындарды анықтау өте маңызды орын алады. Себебі, қандай болмасын өнеркәсіп өзі шығарған өнімдерінің өзіндік құнын анықтап, яғни кеткен шығындарын біле отырып, оны нарыққа шығаруға тырысады. Ол өнімнің сапалы және бағасы жағынан арзан, яғни сұранысқа деген талабына сай келетіндей қылып жасауға ұмтылады. Сондықтан мұндағы  шығындардың есебін жүргізудегі негізгі көрсеткіштердің бірі бұл – негізгі құралдардың амортизациясы және де ол  бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде басты орындардың бірін алып отыр.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретінде қаралатын ең негізгі көрсеткіштердің біріне жатқызылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептегі оның мәні мен ерекшелігі өте зор.

 

 

 

 

1.2 Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы

"САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамы 1994 жылы 31-ші мамырда шаруашылық жүргізуші  субъект ретінде тіркелген.

Акционерлік Қоғамның жарғысы 1994 жылдың 27-ші мамырында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Алматы қалалық территориялық комитетінің    № 56552 Қаулысымен бекітілген. Алматы қаласының Әділет басқармасы 1997 жылдың 17-ші қыркүйегінде бекіткен қайта тіркеу жөніндегі №13360-1910-АО күәлігінің негізінде "Комбинат продоформление"  Акционерлік  Қоғамы "САК - комбинат Продоформление" Акционерлік Қоғамына ауыстырылған. Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзінің жарғысына сәйкес жүргізеді.

Акционерлік Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық- даралық негізінде жүзеге асады. Акционерлік қоғамның өзінің жеке (дара) балансы, банктерде есеп айрысу және өзге де шоттары, орысша және қазақша аталуы жазылған мөрі бар. Акционерлік қоғамның қызметінің мақсаты - пайда тауып, оны Акционерлердің мүддесінде, өндірісті дамытуға, кәсіпорын үжымының және қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Қоғам этикеткалық орамдық, кітаптық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке саудамен, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиім салынбаған қызмет түрімен айналысады. Акционерлік қоғамның қатысушылары  "Financial Management Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жарғылық қордың 90%-і, "САК   - комбинат Продоформление" акционерлік қоғамының жұмысшылар ұжымы -- жарғылық қордың -  10%-іне ие. Акционерлік   қоғамның   барлық   қатысушылары   акционерлік қоғамнан алған акцияларының құнын өтегеннен кейін акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес құқтар мен міндеттерге ие болады. Нарықты қатынастық экономикага көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит қызметінің алатын орны және қажеттілігі артуда.

"САК комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік қоғамының бухгалтерлік  есебінде Қазақстан Республикасының  мемлекеттік комитеті жасаған  типтік, арнайыландырылған типтік  және типтік унифициалданған  құжаттар қолданылады. Кәсіпорындағы есеп толығымен компьютерлендірілген. Машинограммалардың көпшілігі журнал-ордерлік қағида бойынша құрылған.

Акционерлік қоғам тауарлық материалдық қорлар есебіне оперативтік-бухгалтерлік әдіс қолданады. Өндіріске кеткен шығындар есебі нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі.Қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандартының №3 стандартында қарастырылған "САК - комбинат Продоформление" Акционерлік Қоғамының қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі "қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері" кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:

Информация о работе Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау