Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 13:34, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................... 3

Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі..................................5
1.1. Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері......................................5
1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы..................................8
1.3. Ұйымның экономикалық саясаты........................................12

2. Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды
ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................19
2.1. Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері
2.2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру...........................................22
2.3. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау....................................26
2.4. Негізгі құралдар қозғалысының есебі...................................................31
2.5. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі...........................41
2.6. Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар.................47
2.7. Негізгі құралдарды түгендеу..................................................................54

3. Негізгі құралдарды талдау..........................................................................56
3.1. Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз етілуін талдау..........56
3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау...................................66
3.3. Қор қайтарымы мен рентабельділігінің, өндірілген өнімнің өсу резервтері......................................................................................................76

Қорытындылар мен ұсыныстар...........................................................................80
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

нег 09рал.doc

— 706.50 Кб (Скачать документ)

Екінші дана – кәсіпорынға қызмет етуші үшін; Үшінші дана –  “Financial Management Group” ЖШС құрылтайшысы үшін; Төртінші дана - “САК” АҚ – “Продоформление” комбинаты үшін. Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындары қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бүран қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес. Кәсіпорын егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойран мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негзгі міндеттеріне жататындар:

- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сүраныстарына сай қызмет көрсету;

- өзара  алмасушыларын  ескере  отырып,  өндірістік  ресурстарды  ұқыпты   пайдалану;

- кәсіпорынның бет алысының  стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;

- ғылыми-техникалық жетістіктер  мен озық тәжірибені,  еңбекті  ұйымдастыру және басқаларды  өндіріске кеңінен енгізу;

- өздерінің қызметкерлеріне  жағдай жасау, олардың сыныптамаларының  өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;

- кәсіпорынның   шығарған   өнімінің   бәсекеге   жарамдылығын  қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы  атағын қолдау;

- баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.

Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн. Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жарынан - өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуте тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретінде көзқарасты қарайды. Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды қамтиды. Ал макроэкономика әр елдің ұлттық экономикасы.

Акционерлік қоғамның қызметінің мақсаты пайда тауып оны Акционерлердің мүддесіде, өндірісті дамытута, кәсіпорын коллетивінің және қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жагдайын жақсартута пайдалану. Қоғам этикеткалық орамдық, кітаптық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке саудамен, кәсіпорындарга, ұйымдарға, жеке тұлаларға қызмет көрсетумен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиім салынбаған қызмет түрімен айналысады.

 

2 Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру ерекшеліктері

2.1 Халықаралық стандарттаудың  мәні, маңызы және ерекшеліктері

 

        Стандарттар деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі деген мағынан береді. Бухгалтерлік есепте стандарттар деген түсінікті екі көзқараста қарастыруға болады. Біріншіден, ол – белгіленген қызметті реттеуші принциптер мен ережелер, екіншіден, әр түрлі принциптер мен ережелерді бекітетін нормативтік құжаттар. Бұл жағдайда есепті жүргізудің құжатпен ресімделген ережелерінің кешені (нормалар, үлгілер) белгіленген терминологияға, әдістерге, белгіленген деректі көрсету кезінде шаруашылық операциялардың мәнісіне сәйкес келуі тиіс.

      Есепті стандарттау термині дегеніміз есепті жүргізу мақсатында субъектілер қызметін реттеу мақсатында заңнамамен бекітілген процедуралардың жиынтығын қолдану.

      Халықаралық бухгалтерлік  стандарттардың пайда болуы ең  алдымен мынандай объективтік  алғышарттармен байланысқан:

      1) интеграция, әлемдік  экономиканың өзара тәуелділігі, өзара байланыстылығы, және қаржылық әрі инвестициялық нарықтардың жан-жақты қажеттілігі;

     2) трансұлттық корпорациялардың , интеграцияланған бірлескен кәсіпорындардың , корпорациялардың кеңеюі және  әр түрлі елдердің капиталдарының  өзара кірігуі;

     3) әлемдік өндіргіш күштердің жаппай, жаһандық және интернационалдық деңгейге дейін дамуы;

    4) жетекші елдердің валюталарының  еркін конвертациялануы, сонымен  бірге ортақ еуропалық валюталардың  енгізілуі;

    5) әлеуметтік, экономикалық, қаржылық салаларда ұлтаралық бағдарламаларды жүзеге асыруда және экономикалық үрдістерді басқаруда біріздендіру және стандарттау сияқты ортақ тәсілдемелердің қажеттілігі;

    6) ұлттық қағидалар мен  ережелер шеңберінде қалудың  мүмкінсіздігі;

    7) халықаралық ережелерге  немесе серіктес елдің ұлттық нормаларымен сәйкес есептілікті жүргізу үшін едәуір қаржыларды жұмсамай-ақ дұрыс шешімдерді қабылдау үшін салыстырмалы, түсінікті ақпаратты иелену тілегі.

           ҚЕХС-ның  айырықша ерекшелігі есептік  мәселелерді шешуге қатысты тәсілдемелердің  көп варианттылығы. Мұның мысалы  ретінде негізгі құралдардың  амортизациясын (тозуын) есептеудің, запастардың, инвестициялардың есебін жүргізудің  балама әдістерін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Көптеген себептерге байланысты ҚЕХС әр түрлі елдерде, әсіресе АҚШ-тағы есепті енгізу тәжірибесінің ықпалында тұрады.

          Айтылғанға  байланысты, халықаралық стандарттар  кәсіпорындардың іс жүзінде барлық  аспектілерін регламенттей отырып, оның әрекет етуінің жеткілікті кең салаларын қамти алмайды. Сондықтан да ҚЕХС-ын зерттей отырып, оларды қолдану кәсіпорынға өте кең қолданылатын жалпы қабылданған нұсқаларын таңдауына мүмкіндік береді.

       ҚЕХС-ын сәйкес  қалыптасатын есептік және есептілік ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктері бар, оларды біз төмендегі 1-кестеде топтастырдық.

1-кесте - ҚЕХС –ның артықшылықтары  мен кемшіліктері

 

Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Капиталдың халықаралық нарықтарына тартуға арналған  мүмкіндіктерін кеңейту;
  • Негізделген шешімдерді пайдаланушының  қабылдауына көмектесетін ақпараттың пайдалылығы және қарастырылатын көлемнің регламенттелуі;
  • Уақыт пен басқа шығындарды, соның ішінде материалдық шығындарды қысқарту;
  • Жауапкершілікті көтеру және республика экономикасының тұрақты өсуіне арналған есептің ақиқаттылығы мен маңыздылығын арттыруға қабілетті бухгалтерлердің білімдерін, машықтарын және өкілеттіктерін кеңейту;
  • Ақпараттың ашықтығы, тәуекелдіктердітөмендету және сенімділікті арттыру арқылы басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту;
  • Сапалы салыстырмалы қаржылық ақпаратты қалыптастыру негізінде әр түрлі елдер экономикаларының бірігуі;
  • Экономикалық интеграцияны жақындату және есеп пен есептілікті үйлестіру.
  • Стандарттың жалпылама сипаттары;
  • Есеп әдістерінің жеткілікті үлкен көлемдегі алуан түрлілігі
  • Нақты жағдайларға қатысты нақты түсіндірулердің жоқтығы;
  • әр түрлі елдердің даму деңгейлеріндегі айырмашылықтар;
  • экономиканың ұлттық ерекшеліктерін және дәстүрлерін ескеретін ережелер мен реттің болмауы;
  • ұлттық есеп жүйесіне ҚЕХС-ын бейімдеу қажеттілігі және жекелеген жағдайларда жұмыстың үлкен көлемде болуы;
  • бухгалтерлердің білімдері мен машықтарының жеткіліксіздігі, сондай-ақ оқытудың жүйелі түрдегі қажеттілігі;
  • аударудың дұрыс болмауына байланысты кейбір терминологияны түсінудің қиындығы;
  • жекелеген пәндер бойынша нормативтік-құқықтық жүйенің сәйкессіздігі.

       

           Сәйкесінше, мынаны айтуға болады, яғни ақпараттық  базаның негізі ретіндегі ҚЕХС-ын  бухгалтерлік есептің отандық  жүйесіне енгізудің мақсаты – есептіліктің ұлттық айырмашылықтарын азайту және әр түрлі пайдаланушылар шешімдерді қабылдау үшін ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету.

        Есептік жүйені  стандарттау – бұл әр түрлі  елдердегі есеп жүйесін зерттеу, жіктеу және топтастыру және де есеп пен есептілікті жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.Бұл жағдайда әрбір елде есептің өзіндік ұлттық жүйесі қабылданған, ол белгіленген дәрежеде жалпы қағидаларға бағытталған.

 

2.2 Халықаралық стандарттарға  сәйкес негізгі құралдарды 

 жіктеу және бағалау

 

      Есеп саясатының бұл бөлімінде шаруашылық субъектісін материалдық активтерді негізгі құралдарға апаруға критерилерін анықтап алу керек. Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің 16 «Негізгі құралдар» стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын  келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу және өндіру (16 ХҚЕС 2.б).

    16 «Негізгі құралдар»  ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдарға, бір мерзімнен артық уақыт  ішінде компания өндіріс немесе тауарлармен қызметтерді жеткізу үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта қолданатын активтер жатады. Ол үшін активтерді негізгі құрал ретінде бухгалтердің тануы жеткіліксіз.

    Негізгі құрал тану  дегеніміз, оларды бухгалтерлік баланс қосу үшін есепке қабылдауды білдіреді.

    Негізгі құралдардың  объект актив ретінде тану  бір мезгілде екі шартты орындауды  білдіреді (16 ХҚЕС 7.б).

  Неізгі құралдар – материалдық  активтер олар:

    А) компания немесе тауарлы  – материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;

    Ә) әрбір кезеңнен астам  уақыт ішінде қолданылуды болжайды.

    Негізгі қаражаттың объектілері  үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:

    А) компания активтік  пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;

    Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды  пайдаланудың экономикалық пайдасын  алу болжанатын кезең.

    Негізгі құралдардың  объектісі актив ретінде мынандай  жағдайларда пайда алады деп  сендіруге болатын болса:

     А) компания активке  байланысты болашақ экономикалық  пайда алады деп сендіруге  болатын болса;

    Ә) активтің өзіндік құны  сенімді бағаланса.

    Негізгі құралдар дегеніміз  – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан  астам) материалды өндіріс саласында  да, өндірістік емес салада да  еңбек құралы ретінде іс - әрекет  ететін материалдық активтер  ұлттық комиссиясы.

    2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар»  бөлімінде негізгі құралдарға келесідей анықтама беріледі:

    «Негізгі құралдар –  бұл:

  1. өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе басқа тұлғаларға жалға өткізу үшін тауарларды және қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған;
  2. күтілетіндей, бір жылдан артық қолданылатын материалдық активтер».

    Ұсынылған анықтамалардан  үш негізгі белгі айырықшаланады:

  1. материалдық нысанының болуы;
  2. кәсіпорынның қалыпты қызмет процесінде мақсатты сипатының қолданылуы (сату үшін арналмаған);
  3. қолданылуының ұзақ мерзімі (кем дегенде бір айналымнан артық).

    2-ҰҚЕС - ның 1 - параграфы 3 –  тармағы 1 – тармақшасына сәйкес  актив – бұл өткен оқиғалар  нәтижесінде болашақ пайда алу  күтілетін ұйымдармен немесе  жеке кәсіпкерлермен бақыланатын  ресурс.

    Осылайша, ұлттық стандарттар принциптеріне сәйкес кәсіпорын активтермен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын жоғары деңгейдегі ықтималдылығын бекітуге болатын жағдайда негізгі құралдардың объектісі актив ретінде танылады.

    Халықаралық стандарттарға  ұқсастық бойынша, болашақ экономикалық пайда алу ұйымның:

  1. активке байланысты игілік алатынына;
  2. өз мойнына сәйкесінше тәуекелдерді алатынына қатысты анықтылығын білдіреді.

    Егер актив экономикалық  пайда әкелмейтін болса, онда  оны сатып алуға кеткен шығындар  есепті кезең шығыстарына есептен шығарылады.

    Халықаралық стандарттарда және 2-ҰҚЕС – нда активті қолданудан болашақ экономикалық пайда алу міндеттеленеді, сондықтан 6 – «Негізгі құралдардың есебі» ҚБЕС бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптері бойынша негізгі айырмашылық болып осы жағдай табылады.

Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

Информация о работе Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау