Дебиторлық борыштардың жалпы түсінігі және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 15:35, дипломная работа

Краткое описание

Алға қойған мақсатқа жету, әрі «Карагандинские окна» ЖШС -нің қаржылық жағдайын жақсарту үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
дебиторлық борыштардың есебі мен аудитының теоретикалық негіздерін оқып талдау;
жаңа жоспар есеп шотына және бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне өтуге байланысты «Карагандинские окна» ЖШС -нің дебиторлық борыштардың есебін дұрыс ұйымдастырылуын оқып, танысу

Содержание

ІРІСПЕ..........................................................................................................
5
ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ,
ЕСЕБІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ЖӘНЕ АУДИТІНІҢ МАҚСАТЫ.....................

9
1.1 Дебиторлық борыштардың жалпы түсінігі және мәні.........................
9
1.2 Дебиторлық борыштардың есебін жүргізу әдістері.............................
14
Дебиторлық борыш аудитінің мақсаты мен бағдарламасы.................
21

2 «КАРАГАНДИНСКОЕ ОКНА» ЖШС –НЕ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ..

26
2.1 «Карагандинское окна» ЖШС - нің қаржы- шаруашылық қызметінің жағдайы......................................................................................

26
2.2 Кәсіпорынның сатып алушылар және тапсырыс берушiлерінің
дебиторлық берешектер есебi.......................................................................

32
2.3 Күмәндi берешектердiң есебi, резервтер кұру тәсiлi..........................
39
2.4 Басқа да дебиторлық борыштар есебі....................................................
44

3 КӘСІПОРЫНДА ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТI ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................................

49
3.1 Дебиторлық борыштардың құрамы мен құрылымының аудитi........
49
3.2 Дебиторлық борыштардың сапасы мен өтiмiдiлiгiн талдау...............
55
3.3 Есептi ұйымдастыруды жетiлдiру жолдары..........................................
63
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................
71
ҚОСЫМША...................................................................................................
73

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАНКА ДИПЛОМ.docx

— 227.59 Кб (Скачать документ)

 

Кәсіпорындар арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі. Алайда есеп айырысудың іс жүзіндегі жүйесі кәсіпорынның (банктің қатысуымен және қатысуынсыз) теріс пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен басшылар, бухгалтерия мен кәсіпорынның қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз әрекеттер банк шоттарынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл операцияларды есептік операцияларды есептік регистрге  жазу сипатында болады.

Дебиторлық берешекте  көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін  жедел өндіріп алу теріс пайдалануға  кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс  тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға  беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың  анық сенімділігін арттырады және теріс  пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп  кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз  есеп айырысу жүзеге асуын талап етеді.

Тексеру мен соттық-бухгалтерлік сараптау материялдары бойынша мұндай теріс пайдалануларды тексеру оларды мынадай сызба (схема) бойынша жіктеуге мүмкіндік береді:

  1. банктен алынған қолма-қол ақшаны иемдену (сіңіріп кету);
  2. түскен ақшаны жасыру мен иемдену үшін ағымдағы шот бойынша операцияларды есепте толық корсетпеу;
  3. есеп регистрлерінде жиынтықты дұрыс есептемеу;
  4. анық емес міндетті шоттар негізінде жабдықтаушыларға ақша аудару;
  5. жасанды заңды және жеке тұлғаларға ақша аудару және  т.с.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «КАРАГАНДИНСКИЕ ОКНА» ЖШС – НЕ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУЫ

 

2.1 «Карагандинские окна» ЖШС - нің қаржы- шаруашылық қызметінің жағдайы

 

 

«Карагандинские окна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің қызметін ҚР Азаматтық кодексі, «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚРЗ негіздерінде шектелмеген мерзімге құрылып және қызметкерлерінің орта жылдық саны елу адамнан артық емес, әрі активтерінің жалпы құны бір жылда орташа алғанда алпыс мың еселік айлық есептеу көрсеткішінен аспайтын шағын  кәсіпкерлік субъектісі ретінде заңды тұлға болып табылады.

Серіктестіктің құрылтайшысы: Батырханова Иримжан Бауыржановна жеке куәлік № 015283218, ҚР ІІМ  19.04.2000 жылы берілген.

Мекен – жайы: ҚР, Қарағанды  қаласы, Мельничная  көшесі 24, байланыс телефоны8 (7212) 90- 90 -31,электрондық адресі: karagandinskie.okna@mail.ru

Қоғамды тіркеу туралы деректер: 2009 жылғы 29 мамыр мемлекеттік тіркеу туралы 120-1902-09-ЖШС куәлігі. БСН 090240020700

Серіктестіктің қазақ  тіліндегі атауы: «Карагандинские окна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Серіктестіктің орыс тіліндегі  атауы:Товарищество с ограниченной ответственностью «Карагандинские окна».

Қысқаша атауы: қазақ тілінде - «Карагандинские окна» ЖШС, орыс тілінде – ТОО «Карагандинские окна».

Серіктестік құру және оның қызметінің мақсаты алынатын табыс  негізінде өнімге (жұмыстарға, қызметтерге ) қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестік мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

-Құрылыс және жөндеу құрылыс жұмыстары;

-Өндіріс және азаматтық құрылыс жұмыстары;

-Коммерциялық қызмет;

-Сауда- саттық делдалдық қызметі;

-ҚР заңдары тыйым салынған  қызметінің басқа да түрлері.

Серіктестік қызметін ұйымдастыру үшін қатысушысы 5 000 000 теңге мөлшерінде жарғылық капитал құрайды. Жарғылық капиталды құрайтыны қатысушысы: Батырханова Иримжан Бауыржановна 5 000 000 теңге енгізді немесе жарғылық капиталдың 100 % тіркеуден өту сәтінен Жарғылық капитал толығымен еңгізген.

Қаржылық және өндірістік есептеу, салықты есептеуді және ішкі бақылау мен аудитті ұйымдастыру  кезінде ЖШС ҚР «Бухгалтерлік  есеп туралы» Заңын, ҚР «Салық Кодексін», ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңын басшылыққа алады.

Тозу құны бірқалыпты (бірсызықты) құнды есептен шығару әдісі арқылы есептеледі.

Жұмыс істейтін барлық адамдар  саны -22 Негізгі жұмысшылар саны - 13 Орташа еңбек ақы - 47510 Кәсіпорын  экспортпен айналыспайды.

Серіктестіктің экономикалық жүйесін уақытында бюджетке төлемдерді төлеу, сатып алушылар мен тапсырушылар, есеп қойма есебі, кассалық операцияларды  және тағы басқалар атқару міндеттері бас бухгалтерге бекітілген. Ай сайын  бас бухгалтер директор алдында  қаржы және шаруашылық кәсіпорынның қызметі туралы есеп береді.

Қаржылық есептің маңызды  элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің  нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын  және оның жеке топтарын талдау, олардың  рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік  береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын  мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық  есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіш-терден айтарлықтай  ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі  құралдардың баланстық құнын  құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын  өнім және тауарларды қайта бағалау  жүргізілмейді. Сондықтан да олардың  құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

«Карагандинские окна» ЖШС-нің негізгі экономикалық көрсеткіштері 2- ші кестеде берілген.

2-ші кесте «Карагандинские окна» ЖШС-нің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасасақ біз 2011 жыл мен 2012 жылдардың айырмашылығын көре аламыз. Олардың айырмашылығы табыс, не шығыс болып  табылады. 2012 жылы  қызмет  көрсетуден  түскен  табыс, 2011 жылға қарағанда 26,7 % немесе 8067517 теңгеге жоғарлаған. Негізгі құралдар бойынша есеп жасасақ, олар 8,5 есеге (145745 теңге) өскен. Қор қайтарымдылығы 2011 жылы 1289, 2012 жылы 185,2, оған қарап -1103,8 немесе -5,9 есе ге төмендегенін көреміз.

Қор сыйымдылығы  0,0043 өскен, 2010 жылы  0,0008 %, 2012 жылы  0,005 % құрайды. Кәсіпорынның жалпы табысы 2012 жылы 7814614 тенгені құрады, оның нәтижесінде 2011 жылға (2994368 тенге) қарағанда 61,7 % (4820246 теңге) өсті. Таза табыс 2012 жылы 773863  теңге болды, ол деніміз 2011 жылғы 575 теңгеден 773288 теңгеге немесе 1344,8 есеге дейін өскен. Сату рентабельділігі 2011 жылы 0,003 % тең болса 2012 жылы 2,5 % тең, яғни таза табыстың өсуінен нәтижесі 2,497 % жоғарлаған. Сәйкесінше активтер рентабельділігіде  2012 жылыды 2011 жылмен  салыстырғанда 21,694 % өскенін көреміз.

 

Кесте 2

«Карагандинские окна» ЖШС -нің негізгі экономикалық көрсеткіштері, теңге

Көрсеткіштер

2011 жыл

2012 жыл

Ауытқулар

+;-

%

1. Қызмет көрсетуден табыс, теңге

22093667

30161185

8067517

26,7

2. Жұмыс істейтін адамдардың орта тізімдік саны

11

7

-4

-36

3. Негізгі құралдардың  жылдық орташа құны, теңге

17138

162883

145745

8,5 есе

4.Ағымдағы активтердің  жылдық орташа құны, теңге

9461657

3557691

-5903966

-1,6 есе

5. Еңбек өтімділігі (1жол/2жол), тенге

2008515

4308740

2300225

53,3

6. Қор қайтарымы (1жол / 3жол), тенге

1289

185,2

-1103,8

-5,9 есе

7. Қор сиымдылығы (3жол/1жол), теңге

0,0008

0,005

0,0043

0,84

8. Өнімнің өзіндік құны, теңге

19099299

22346571

3247272

14,5

9. Жалпы табыс

2994368

7814614

4820246

61,7

10. Кезең шығындары. Мың теңге

2368817

6385144

4016327

62,9

11. Салық салғанға дейінгі табыс

6082

967328

961246

158 есе

12. Корпаративтік табыс салығы бойынша шығындар, мың теңге

5507

193466

187959

34,1 есе

13. Таза табыс

575

773863

773288

1344,8 есе

14   Активтер айналымы (бір)

111 610

41 479

-70 131

-62,8%

15. Ағымдағы ақтивтер айналымы (бір)

333 421

122 848

-210 573

-63,2%

16.Ағымдағы активтердің бір рет айналымының ұзақтығы (күн)

3 093

6 906

+3 813

+23,2%

17. Сату рентабельділігі

0,003

2,5

2,497

0,99

18. Активтер рентабельділігі;

0,006

21,7

21,694

0,99

19. Меншікті капитал рентабельділігі

2,2

96,8

94,6

43

Ескерту - автормен құрастырылған


 

Сондықтан бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша сипаттайтын  көрсеткіштер есептеу мен олардың  өзгерістерін талдау негізінде активтер мен пассивтер ахуалы, қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі, өтімділік пен несие қабілеттілігі, кәсіпорын іскерлік белсенділігі оқылынады және кәсіпорын қаржылық жағдайына жалпы баға берілінеді [16, б.201]

Өндірістік потенциал (немесе өндіріске арналған мүлік) ол кәсіпорынның материалдық – техникалық базасының  дамығанын сипаттайды және негізгі  құралдар, өндірістік запастар мен  басқа да ұзақ мерзімді активтердің  құрамында есептелетін аяқталмаған  құрылыс құндарының сомасын көрсетеді. Өндірістік потенциалды бағалау  үшін өндірістікке анралған мүлік коэфиценті падалынады. Бұл коэфицент мөлшері 0,5 төмен  болмауы  керек.

Кәсіпорын активтерінің ахуалын  талдау нәтижесін былай қорытындылауға болады: активтер бөлімі бойынша балансты қанағатанарлық бағалауға болмайды, өйткені баланс валютасының кемуі  байқалады және ұзақ мерзімді активтердің  өсуі қысқа мерзімді активтермен  салыстырғанда елеулі түрде жоғарлағанын айқын көрініп отыр.

Баланс пассивтерін оқып білу кәсіпорын басшыларына өз іс-әрекетін қамтамасыз етуге қажетті ресурстар  көздері жөнінде жіне өз капиталын  қандай әрекеттік салаға салу жөнінде  айқын ақпарат береді. Сондықтан  капиталдың бар екенін, оларды қалыптастыру көздерімен жайғастыруын оқып білу, сондай-ақ өз іс-әрекеттерін жеткілікті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету кәсіпорынды  басқарудың өте бір маңызды шарты  боып табылады

2012 жылғы «Карагандинские окна» ЖШС – нің  активтер құрамы мен құрылымы 3 – ші кестеде берілген

 

Кесте 3

«Карагандинские окна» ЖШС – нің активтер құрамы мен құрылымы  (2012 ж), мың теңге

 

 

 

Көрсеткіштер

Есепті жылдың басына

Есепті жылдың соңына

Ауытқулары

+,-

 

%-қ пункт

∑,

мың тг

Үлес салмағы,

%

∑,

мың тг

Үлес салмағы,%

мың тг

%

І Қысқа мерзімді актив

9461,6

99,8

3557,6

95,6

-5904

-1,6 есе

-4,2

Ақша қаражаттары

2561,0

27,0

1453,4

39,0

-1107,6

-43,2

12,0

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

6369,3

67,1

1969,7

52,9

-4399,6

2,2 есе

-14,2

Құндылықтар

530,9

5,6

133,9

3,6

-397

-2,9 есе

-2

ІІ Ұзақ мерзімді актив

17,1

0,2

162,8

4,3

145,7

8,5 есе

4,1

Негізгі құралдар

17,1

0,2

162,8

4,3

145,7

8,5 есе

4,1

Активтер сомасы, баланс валютасы

9478,7

100

3720,5

100

-5758,2

-1,5 есе

х

 

Талдап отырылған кәсіпорынның қысқа мерзімді активтері жыл  басында 9461,6 мың тг болды, ал жыл  соңында ол 3557,6 мың тг құрады. Сәйксінше -5904 мың теңге немесе -1,6 есе азайған. Жоғарыда келтірілген кесте бойынша  кәсіпорынның активтерінің нақты құнын  көрсететін баланс валютасының есепті жылдың соңында -5758,2 мың тг азайғанын  көріп отырмыз. Бұл кәсіпорынның теріс нәтижесін сипаттайды.

Кәсіпорын қысқа мерзімді активтерінің үлес салмағы жыл басында 99,8-ден (9461,6 /9478,7) жыл  соңында 95,6 -ге (3557,6/3720,5) төмендеді. Мұндай жағдайды оңынан бағалай алмаймыз, себебі бұл коэффициенттің төмендеуі кәсіпорынға өзінің берешектерін өтеу үшін, өндістің тоқтаусыздығын қамтамасыз ету үшін және активтерді жұмылдыру  арқылы олардың айналымдылығын жылдамдату үшін көп мүмкіншілік береді, ал біздің жағдайда ол төмендеп отыр.

Ал ұзақ мерзімді активтер жыл басында 17,1 мың теңгені ал жыл соңында 162,8 мыңтеңгені құрап 145,7 мың теңгеге немесе 8,5 есеге өскен. Бұдан  ұзақ мерзімді активтердің  негізі болып саналатын негізгі  құралдардың өсуі нен болып отыр. Қарастырып отырған мәліметтер бойынша  қысқа мерзімді дебиторлық берешектер сомасының есепті мерзім аяғында  2,2 есеге азайып отыр. Мұндай өзгерістің себептерін зерттеу қажет, өйткені  қысқа мерзімді активтердің барлық құнының ішіндегі дебиторлық берешектердің  үлес салмағының көрсеткіші кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Ал мәліметтер бойынша, дебиторлық берешектер коэффициенті немесе олардың қысқа  мерзімді активтердің барлық құнының  ішіндегі үлесі жыл басында  67,1 (6369,3/2561,0),  жыл соңында 52,9 (1969,7/1453,4) тең, яғни 2,2 –ге кеміген. Дебиторлық берешектер сомасының кемуіне сату көлемінің азаюы, кейбір сатып алушылардың  төлем қабілетсіздігі мен банкроттылығы, сондай-ақ сатып алушыларға қатынасты  жасайтын несиелік немесе бағалық саясаттың  ойланылмағандылығының нәтижесі себептер болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша  дебиторлық берешектердердің өсімін оңынан бағалауға болады, себебі есепті жылы сату көлемінің едәуір өскені орын алып отыр.

Келтірілген кесте бойынша  ұзақ мерзімді активтердің өсуі айқандалып отыр. Егер жыл басында ұзақ мерзімді активтер 17,1 мың тг немесе 0,2 % болса, ал жыл соңында 162,8 мың тг немесе 4,3 % құрады, яғни 145,7 мың тг немесе 8,5 есе елеулі түрде өсті. Оған себеп  болған негізгі құралдарды сатып  алудан болып отыр. 

Активтерінің құрамы мен  құрылымын 1 ші суретте қарастырамыз.

 

 

Сурет 1. Активтерінің құрамы мен құрылымы 2012 жыл

 

Талдау бойынша, меншікті капиталдың өсу қарқынына факторлардың әсерін анықтау қажет. Мұнда меншікті капиталдың өсу коэффициенті (қарқыны) капиталға айналған пайда сомасын  меншікті капитал көлеміне бөлу арқылы есептеледі. Ал меншікті капиталдың өсу  қарқынына әсер ететін факторлар  ретінде пайдадан салықтық және пайыздық алу деңгейі, кәсіпорынның маркетингтік және қаржылық саясатының ахуалына саналады.

Информация о работе Дебиторлық борыштардың жалпы түсінігі және мәні