Дебиторлық борыштардың жалпы түсінігі және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 15:35, дипломная работа

Краткое описание

Алға қойған мақсатқа жету, әрі «Карагандинские окна» ЖШС -нің қаржылық жағдайын жақсарту үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
дебиторлық борыштардың есебі мен аудитының теоретикалық негіздерін оқып талдау;
жаңа жоспар есеп шотына және бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне өтуге байланысты «Карагандинские окна» ЖШС -нің дебиторлық борыштардың есебін дұрыс ұйымдастырылуын оқып, танысу

Содержание

ІРІСПЕ..........................................................................................................
5
ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ,
ЕСЕБІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ЖӘНЕ АУДИТІНІҢ МАҚСАТЫ.....................

9
1.1 Дебиторлық борыштардың жалпы түсінігі және мәні.........................
9
1.2 Дебиторлық борыштардың есебін жүргізу әдістері.............................
14
Дебиторлық борыш аудитінің мақсаты мен бағдарламасы.................
21

2 «КАРАГАНДИНСКОЕ ОКНА» ЖШС –НЕ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ..

26
2.1 «Карагандинское окна» ЖШС - нің қаржы- шаруашылық қызметінің жағдайы......................................................................................

26
2.2 Кәсіпорынның сатып алушылар және тапсырыс берушiлерінің
дебиторлық берешектер есебi.......................................................................

32
2.3 Күмәндi берешектердiң есебi, резервтер кұру тәсiлi..........................
39
2.4 Басқа да дебиторлық борыштар есебі....................................................
44

3 КӘСІПОРЫНДА ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТI ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................................

49
3.1 Дебиторлық борыштардың құрамы мен құрылымының аудитi........
49
3.2 Дебиторлық борыштардың сапасы мен өтiмiдiлiгiн талдау...............
55
3.3 Есептi ұйымдастыруды жетiлдiру жолдары..........................................
63
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................
71
ҚОСЫМША...................................................................................................
73

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАНКА ДИПЛОМ.docx

— 227.59 Кб (Скачать документ)

Дебиторлық берешек айналым  қорларының маңызды бөлігі. Бір кәсіпорын  екінші кәсіпорынға тауар сатқанда, немесе қызмет көрсеткенде оның ақысы  бірден төленеді. Сатылған өнім үшін койылған шоттың төленбеген сомасы әдетте дебиторлық берешектердің көп бөлігін құрайды.

Халықаралық тәжірибеде қаржылық есептің мақсатында дебиторлық берешектер ағымдағы (қысқа мерзімді) және айналымдық емес (ұзақ мерзімді) болып жіктеледі. Ағымдағы дебиторлық берешек бір  жылдың немесе бір операциялық циклдың  ішінде алынады деп жорамалданған. Қандай да басқа ағымдағы (ұзақ мерзімді) деп танылмаған берешектер халықаралық  тәжірибеде саудалық және саудалық емес дебиторлық берешектер болып бөлінеді [10, б.94].

Саудалық дебиторлық берешектер - бұл клиенттер кәдімгі қызмет барысында өткізшген өнім, тауар мен қызмет үшін төлеуі тиіс сомалар. Олар екі топқа бөлінеді: сатылған өнімдер үшін алынуы тиіс шоттар және алынатын вексельдер - сатып алушылардың шотты төлейтіндігін жазбаша мшдеттемемен рәсімдеген берешектері.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша дебиторлық берешек тауарларды өткізу мен қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған алынуы тиіс шоттар мен вексельдер ретінде анықталады. Дебиторлық берешек  сондай-ақ жалгерлік төлемдерді, сыйақылар  мен есепті кезеңде есептелген алынуы тиіс басқа да сомалар.

Ұйым дебиторлық берешегін  күмәнді қарыздар бойынша резервті шегеріп  барып көрсетуі керек. Дебиторлық берешек пен басқа да активтер

Қ.К. Кеулімжаевтің сипаттамасы бойынша: Кәсіпорынның активтері мен олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз [11, б.45].

Бухгалтерлік есеп стандартына  сәйкес бухгалтерлік баланстың актив  бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүлштері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлеуетті табыстары ретінде таниды. Ал баластың пассиві деп аталатын бөлімінде  кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның  қорлану көздері меншікті капитал  және таратылған (сырттан немесе басқа  жақтан алынған, қарастырылған) капитал  деп екіге бөлінеді. Мұндағы таратылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек  борыштары болып табылады. Кредиторлар  қатарына тұлғаларды жаткызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының  алдындағы қарызын уақытылы төлей  алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтер сату арқылы қарызын қайтаруын талап  ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігн танытады және ол активтің жиынтық соммасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың  кредитордан айырмашылығы – өз алашағын алу үшін жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық  соммасынан міндеттемелерді шегеріп  тастағандағы қалдық соммаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды  қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан   бухгалтерлік   баланстағы   мына   теңдіктің   әрдайым   тең болатындығы сөзсіз.

Актив = меншікті капитал + міндеттеме

Бұл теңдікті кейбір шет  елдерде келесі түрде көрсетеді:

Актив – міндеттеме = меншікті капитал

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа  қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың  актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі  құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялар), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалар және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады [12, б.96].

Бұл бөлім шоттары дебиторлық берешектердің барлық түрі, болашақ  кезең шығындары және берілген аванстар, сол сияқты күдікті берешектер бойынша  резервтер туралы ақпараттарды жинактауға арналған. Қаржы активі және қаржы  міндеттемесі анықтамалары "қаржы  активі" және "қаржы құралы" деген ұғымды қамтиды, бірақ анықтамалар  кезеңдік болып табылмайды. Егер шартқа сәйкес қаржы құралдарын айырбастау құқығы немесе міндеттемесі бар болса, қаржы активтері, қаржы міндеттемелері немесе үлестік құралдар осындай  айырбастаудың нәтижесі болады. Шарттфқ  құқықтырды немесе міндеттемелердің жүйелілігін  орнатуға болады, бірақ сайып келгенде оның нәтижесі ақшалай қаражат алу  немесе төлеу, немесе үлестік құралды  сатып алу немесе шығару болып  табылады. Қаржы құралдары дебиторлық және кредиторлық берешек және үлестік  бағалы қағаздар сияқты базистік құралдарды да, туынды құралдарды да: қаржы опциондарын, фьючерстік және форвардтык келісім  – шарттарды, пайыздық және валюталық  айырбастарды қамтиды. Танылған немесе танылмаған туынды қаржы құралдары  қаржы құралы анықтамасына сай келеді және, тиісінше, осы стандартты қараудың мәні болып табылады. Туынды қаржы  құралдары құқықтар мен міндеттер  туғызады, солардың нәтижесінде бір  тараптың шарт бойынша екінші тарапқа  базистік қаржы құралындағы бір  немесе бірнеше қаржы тәуекелдерін беруі пайда болады. Туынды құралдар базистік қаржы құралын шартты қолдану  мерзімінің басында беруге әкеп соқтырмайды, және мұндай берудің шарт аяқталған  кезде орын алуы міндетті емес. Болашақ  экономикалық пайдасы ақшалай қаражаттар немесе басқа да қаржы активті  алудан емес, тауарлар немесе қызмет көрсетулер алудан тұратын авансталған шығыстарға ұқсас активтер қаржы активтері  болып табылмайды. Сол сияқты, кейінге  қалдырылған кіріс сияқты баптар және кепілдік міндеттемелерінің көпшілігі  қаржы міндеттемелері болып табылмайды, өйткені олармен байланысты экономикалық пайдалардың сенімді түрде істен  шығуы ақшалай қаражаттарды немесе өзге де қаржы активін беруден  емес, тауарлар мен қызмет көрсетулер беруден тұрады.

 

 

1.3 Дебиторлық борыш аудитінің бағдарламасы, мақсаты

 

 

Дебиторлық берешектің құрылымының  басты мақсаты іс жүзіндегі бухгалтерлік нормативтік актілер мен салық  есебінің ұстанымы тұрғысынан дебиторлық берешекті жіктеу мен дұрыс көрсетуді  белгілеумен қорытындыланады. Дебиторлық берешектің аудитінің маңызды мақсаты дебиторлық берешектің нақты қалдығын көрсетіп, есеп айырысу мен төлем жүргізілетін субъектінің жағдайын жақсарту болып табылады.

Осындай мақсатты жүзеге асыру  кезінде мекеменің ішкі саясаты  белгіленген есеп беру мезгілінде, қаржылық есепті көрсеткенде және мекеменің  қаржылық жағдайын дұрыс бағалауда  іске асыру қажеттілігі туындайды.

Э.А. Арэнс айтқандай баланстың  әр бабына жасалатын аудиттің басты  мақсаты мынадай: мақсаттың жалпы  мағынасы, дұрыстығын тексеру, аяқталғаны, меншікті тексеру, бағалау, жіктеу, шектеу, арифметикалық дәлдік, ашу. Бұл мақсаттар  дебиторлық берешек үшін: берешекке  арифметикадағыдай дәл дебиторлық берешектің сомасы дұрыс, дебитордың барлық есептері іске қосылған, дебиторлардың  есеп шоттарының иелері бар, дебиторлық берешектің есепке қосылған сомасы дұрыс  бағаланған, дебиторлық берешектің қабылдауға болатын корреспонденциясы бар, операциялар уақытында белгіленген, дебиторлық берешек есеп беруде дұрыс көрсетілген [13, б.152].

Қандайда болмасын кәсіпорынды аудиттеудің міндеті мен тексеру процедуралары, әдістері қолданылады. Кәсіпорынды аудиттеудің негізгізгі міндеті өзінің тұжырымы мен пікірін қалыптастыруы үшін, аудиторлық делелдемелер мен қаржы есептемесінің әрбір беркітілімен растау немесе жоққа шығару болып табылады. Ал аудиторлық процедуралар жекеленген аудиторлық дәлелдемелер жинақтаудың әдістерінен, тәсілдерінен, жолдарынан құралады. Аудитте тексеру әдістері қаржылық бақылаудың барлық түріне бірдей пайдаланылмайды, сондықтан өзіне ғана тән тексеру әдістері болады. Тәжірибеде тексеру әдістері әдетте таза, жеке-жеке емес, бірнеше әдіс қатар бірігіп пайдаланылады. Аудиторлық тексеруде жұмыс түрлері әртүрлі болып келеді. Сондықтан аудиттің міндеті мен тексеру әдістері шама шарқынша әртүрлі болып келеді [14, б.445].

Есеп айырысу немесе дебиторлық және кредиторлық қарыздарды аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің алашақ және берешек қарыздар мен міндеттемелерге байланысты көрсеткіштерінің толықтығы мен шынайылығын есепке алу операцияларын ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін тексеру, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын зеріттеп, талдау. Осымен байланысты аудиттің бағыттыры мыналар болып табылады:

  1. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың аналитикалық есебінің жайын, оның синтетикалық есепке сәйкестігін, бухгалтерлік баланста есепте тұрған қарыздардың көлемінің шынайылығы мен негізділігін тексеру;
  2. Алашақ қарыздардың өндіріп алуға, ал бережақ қарыздардың төленуінің нақтылығын күмәнді қарыздар мен күмәнді міндеттемелердің есептен шығарылуының, бухгалтерлік және салықтық есепте дұрыс көрсетілуін тексеру;
  3. Алашақ және берешек қарыздарды кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын зеріттеу және талдау.

Қарыздарды тексерудің тәжірибеде жиі құжаттың жарамдылығын, формальды,  арифметиаклық тексеру тәсілдері, бухгалтерлік баланста есепте тұрған алажақ және бережақ қарыздардың  заңдылығы мен негізділігіне  құқықтық баға беру, растау, талдау, ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу  жүйесін бағалау әдістері қолданылады.

Алашақ және берешек қарыздарды талдаудың негізгі мақсаты оның кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайына  әсерін, сондай-ақ болашақта тоқыраусыз, крезиссіз қызмет етуіне айналым  қаражатының айналымдылығын анықтау  болып табылады.

Есеп айырысу немесе дебиторлық және кредиторлық қарыздарды аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің алажақ және берешек қарыздар мен міндеттемелерге байланысты көрсеткіштерінің толықтығы мен шынайылығын есепке алу операцияларын ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін тексеру, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын зеріттеп, талдау болып табылады [15, б.76].

Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық  берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің  дұрыстығына функционалдық аудитті  уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру  болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған  ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет. Кассалық ордерлерді төлегенде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы  немесе шоттардың төленбеуін атап өту  маңызды.

Дебиторлық берешектің функционалды аудитінің негізгі процедураларының үлгі бағдарламасы  кестеде ұсынылған.

Ағымдағы активтердің  функционалдық аудиті  1 – ші кестеде берілген 

 

Кесте 1

Дебиторлық берешектің функционалдық  аудитінің бағдарламасы

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері, бағалау  тәсілдері мен критерийлері

1

2

Келісім-шарттың

міндеттемелерін   орындау  мен дебиторлық берешектің шынайылығын  тексеру 

Жабдықтау-келісім-шарттар, шарттар-ды, жабдықтаушыларды, шот-фактура-ларды, нарядтарды, тапсырыстарды тіркеу журналдары

Дебиторлық берешек есебі, жаб-

дықтауды және оларға төлеуді  бақылау функцияларын орындауды  талдау

Есеп аудит және ішкі бақылау-стандарт-тары, нұсқаулықтар, бұйрықтар, өкімдер, бастапқы құжаттар, 1210,1220, 1230, 1240-1260 және т.с.с. шоттар

Мәліметтерді жинау мен  дебитор-

лық берешек түрлері, көлем  және мерзімдер бойынша жіктеу

Сатып алушылармен, есеп беретін адам-дармен, кәсіпорын қызметкер-лерімен және басқа дебиторлармен есептесу-лерді түгендеу материалдары (түгендеу мен есептерді салыстыру, дебиторлар-дың қатынас хаттары және т.б.) 


 

1 кестенің жалғасы

1

2

Дебиторлық берешектің жағдайын

дебиторлармен есеп айырысуды  түгендеу, өткізу жолымен тексеру  

Бас кітап, 10 журнал-ордер, 1200 «Күмәнді талаптар бойынша резервтер» аналетикалық есептің 30 бөлікшесінің «Сатып алушылар мен тапсы-рыс берушілердің берешегі» шоттары бойынша мәліметтерді  кәсіпорын басшысының дебиторлық берешекті  есептен шығаруға арналған бұйрығы 

Дебиторлық берешектің жараты-

лысымен көлемін талдау және төлемеу себептерін анықтау

Күмәнді талаптар бойынша  резе-

рвті жасаудың негізділігі  мен олар-ды пайдаланудың дұрыстығын тексеру

Дебиторлық берешекті  уақтылы 

өтеудің заңдылығы мен  шынайылығын талдау

11 журнал-ордер, сатып  алушылар-мен және тапсырыс берушілермен  есеп айырысудың есебі жөніндегі  тізімдеме 1210 шоттары бойынша  аналетикалық есеп мәліметтері 

Сатып алушылар мен тапсырыс

берушілермен, есеп айырысуды  атқарудың, вексельмен төлегендегі  операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру

Контрагенттермен шарттар, төлем тапсырмалары, банк көшірмелері, анықтамалық-нормативтік ақпарат

Дебиторларға тілек-талапты  ре-

сімдеу мен ұсынудың уақтылығы  мен дұрыстығын тексеру

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарттар, дебиторларға және т.б. тілек-талаптар

 Баланс көрсеткіштерінің  дебитор-

лық берешек есебі шоттары  бойынша Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігін тексеру

Баланс, 1210, 1290, 1220-1230, 1240-1260, 2110, 2120, 2130, 2140-2180 Бас кітап шоттары  бойынша 

Дебиторлық берешектің синтети-

алық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру 

Жоғарыда көрсетілген  шоттар жөнін-дегі Бас кітап, 11, 7, 8 журнал-ордер-лер, берілген аванс, контрагенттер-мен  есеп айырысу есебі бойынша тізімдемелер 

Еншілес және басқадай тәуелді 

серіктестермен есептеу  жөніндегі операцияларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын тексеру

8, 11 журнал-ордерлер, бас  кітаптары 1210-1230 шоттары бойынша  аналити-калық есеп есеп мәліметтері  

 Басқадай дебиторлық  берешекті 

тексеру

8 журнал-ордер, Бас кітаптың 1240-1260 шоттар бойынша мәліметтер, аванстық есептер, төлем есеп  айырысу тізімдемелері кем шығу, ұрлау тура-лы тілек-талап материалдары  және т.б. 

  1. Есептеулерді реттеу мен

дебиторлық берешекті  азайту жөніндегі ұсыныстар жасау, резервтердің, басқарудың жағдайын бағалау

Талдамалы есептеулер және олардан шығатын тұжырымдар мен  аудитордың дебиторлық берешекті басқаруды  жетілдіру жөніндегі ұсыныстар

  1. Ішкі шаруашылық бақылаудың тиімділігі мен дебиторлық берешектің айналымдылығын талдау
 

Ескерту - автормен құрастырылған

Информация о работе Дебиторлық борыштардың жалпы түсінігі және мәні