Банктің несиелік саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 16:19, курсовая работа

Краткое описание

Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегіарқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларындаоған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегіарқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар, несие ақшаайналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады.Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ 2

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Коммерциялық банктің несие саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар....................................................................................................... 3
1.2 Несие саясатын құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.. 8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» Акционерлік Қоғамының мысалында)
2.1 «Цеснабанк»АҚ-ның қызметінің жалпы сипаты....................................... 14
2.2 «Цеснабанк»АҚ-ның несие саясатын бағалау........................................... 25

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банктің несиелік саясаты.docx

— 212.37 Кб (Скачать документ)

 

Контрагент бойынша несие қоржынының сапасын көрсететін коэффициенттер келесі нәтижелерге ие болды:

CаmА42 2010 жылы – 0,81, 2011 жылы 0,87 және 2012 жылы 0,87. Бұл көрсеткіштің ұлғаюы несие қоржынындағы заңды тұлғаларға берілген несиелердің үлесі талданған мерзім ішінде 0,24-ке артқанын білдіреді.

CаmА43 жеке тұлғаларға берілген несиелердің үлесін көрсетеді. 2010 және 2012 жылдар аралығында бұл үлес 0,07-ге кеміді. 2010 жылы 0,19 болса,

2011 және 2012 жылдары өзгеріссіз – 0,12 құрды.

CаmА42 және CаmА43 көрсеткіштері көрсеткендей 2010-2012 жылдары банктің несие қоржынында заңды тұлғалардың үлесіартты (81% – 2012 жыл), ал жеке тұлғалардың үлесі кеміді (19% – 2012 жыл).

CаmА44 2010 жылы бойынша 0,1, 2011 жылы – 0,05 және 2012 жылы –

0,06 болды. Бұл көрсеткіштің динамикасынан көріп отырғанымыздай, банктің несие қоржынындағы мерзімі өткен несиелердің үлесі 0,05-ке азайды.

CаmА2 коэффициенті банктің несиелік белсенділігін сипаттайды. 2010 жылы бұл көрсеткіш 0,68, 2011 жылы 0,74,ал 2012 жылы 0,8 болды.

CаmА6 көрсеткіші банктің өтелмеген несиелерін меншікті капитал арқылы жабаалу мүмкіншілігін сипаттайды. 2010 жылы банк мерзімі өткен 79 % несиені жапты, 2011 жылы 57 %, ал 2012 жылы 64 % болды. Бұл көрсеткіштің азаюының себебі, банк меншікті капиталын ұлғайтты. Бірақ, мерзімі өткен несиелердің көрсеткіші әлі де өсуде.

CаmА7 көрсеткіші несие қоржынының тәуекелділігін сипаттайды. 2010 жылы бұл көрсеткіш 0,06, 2011 жылы – 0,06, ал 2012 жылы – 0,1 болды. CаmА7 динамикасы көрсеткендей, 2010 жылы несие портфелінің 1 теңгесіне банк резервісінен 0,06 теңгеге келеді. Бұл өзгерістер несие портфелінің жалпы мөлшерінің ұлғаюы және мүмкін болатын несиелер бойынша шығындарға резервтің баяу өсуінен болады.

«Цеснабанк» АҚ-ның 2010-2010 жж. бойынша несие портфелінің талдау нәтижелері көрсеткендей, банк активінің 60 %-ы несиелерге тиесілі, сонымен қатар өтелмеген несиелер бойынша шығындарды меншікті капитал есебінен жабуға мүмкіншілігі бар. Бұл банктің тұрақты жағдайын және уақтылы өз міндеттемелері бойынша жауап бере алатынын дәлелдейді. 2010-2012 жж. бойынша несие қоржынының тәуекелділік көрсеткіші төмен деңгейде болды. Бұл несие портфелінің жақсы сапасы және басқарудың дұрыстығын білдіреді.

Сонымен қатар, талдау процесі кезінде анықталғанындай, 2012 жылғы жағдай бойынша несие қоржынының құрылымында ең көп үлесті заңды тұлғаларға берген несиелер (87%) және жеке тұлғаларға берген несиелерге (13 %) тиесілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Коммерциялық банктің несиелік саясатының мазмұны мен қағидаларын зерттеу нәтижесінде несиелік саясаттың мынандай мақсаттары айқындалды: акционерлерді ұзақ мерзімді инвестициялардан алынатын жоғары табыспен қамтамасыз ету; өтімділікті қадағалау; тәуекелді диверсификациалау; саясат пен үрдістердің белсенділігіне кепілдік беру; заңдар мен нормативтердің орындалуын қадағалау; аймақтың несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Банктің несиелік саясаты және несие үрдістері несиелеудің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс, қарызалушының қаржылық жағдайын зерттеу және талдау, қарыз беруге келісім беру, оны қайта беру және мерзімін ұзарту, құжаттарды рәсімдеу, кепіл мүлкін бағалау және қарызды өтеу тәртібі.

Банктің ішкі несиелік саясатына активтік операцияларды жүргізу барысында тәуекелді төмендету жатады. Банктің даму стратегиясын және елде қалыптасқан экононмикалық жағдайды есепке алғанда, оның несиелік саясатының артықшылығы мынада: қысқа мерзімді несиелеуде несие ресурстарын экономикалық әртүрлі саласына жұмсау (оның ішінде, өнеркәсіп, энергетика, байланыс, транспорт, халық тұтынатын тауарларды өндіру, денсаулық сақтау, сауда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, тұрғындарға қызмет көрсету, кіші және орта бизнесті дамыту, қысқа мерзімді банкаралық несиелерді ұсыну).

Банк несиелік саясатында сондай-ақ, қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптарды және несие ұсыну барысындағы шектеулерді, несие беру тәртібін регламенттейді [24].

Несиелік саясаттың тиімділігін несиелік портфелінің сапалы құрамын салыстырмалы талдау көрсетеді; банктің несиелік портфеліндегі стандартты несиелердің үлес салмағы жеткілікті шамада, ал күмәнды және үмітсіз несиелер үлесі банктің ұзақ мерзімді, тиімді жобаларды таңдауы нәтижесінде айтарлықтай төмендетілген. Зерттеу көрсеткендей, банктің несие саясатында мәселелі несиелерді жою регламентациясын келешек қарыз алушымен сөйлесу үрдісінен бастап-ақ алдын-ала қарастыру керек. Егер несие қайтарылмаса және ол бойынша есептелген  процент төленбесе, онда банктің несие бөлімінің барлық қызметкерлеріне осы мәселелі несиені жою үшін үлкен жұмыс жүргізуге тура келеді. Одан кейін несие беру шешімін қабылдау және несиенің  пайдаланылуын тексеру үрдісінде жіберілген қателерге талдау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Мәселелі несиелердің  қаржылық белгілері, қаржылық есепті талдау үрдісінде несие қабілетін нақты көрсеткіштер бойынша бағалануы регламентациялауға назар аудара отырып, несие қабілетін талдау дәлірек жүргізілуі қажет.

2012 жылы банктерден алынған  ақпарат бойынша несиелік ресурстарға  корпоративтік сектор тарапынын  да, сол сияқты жеке тұлғалар  тарапынын да  сұраныстың өскені  байқалады. Бұл ретте, егер ірі  және шағын бизнес тарапынан  несиелік ресурстарға сұраныстың  төмендегені байқалса, орташа бизнес  тарапынан ұлғаю байқалады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Мақыш С.Б. Банк ісі. – Алматы:Жеті-жарғы,2009.-260 б.
  2. Интернет-ресурс://http://www.nаtіоnаlbаnk.kz/«ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 31.08.1995
  3. Интернет-ресурс://http://www.nаtіоnаlbаnk.kz/«ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03.1995
  4. Интернет-ресурс://http://www.nаtіоnаlbаnk.kz/«Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» ҚР заңы. 04.07.2003
  5. Интернет-ресурс://http://www.nаtіоnаlbаnk.kz/2002 жылғы 3 маусымдағы ҰБ Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже
  6. Интернет-ресурс://http://www.nаtіоnаlbаnk.kz/Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру» туралы ережесі.
  7. Искакова З.Д. Банк ісі. – Қарағанды, 2006. -250 б.
  8. Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ” Алматы, 2005ж- 270 б.
  9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Алматы. ИздатМаркет, 2004- 270 б.
  10. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары: Оқу құралы. Алматы. ИздатМаркет, 2004- 200 б.
  11. Хамитов Н.Н, Банк ісі, Алматы Экономика,2006- 160б.
  12. Интернет-ресурс://http://www.nаtіоnаlbаnk.kz/ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті. Қазақстан Республикасының банк секторының ағымдағы жағдайы кестелер мен графиктер түрінде. 12.31.2010 ж.
  13. Интернет-ресурс://http://www.nаtіоnаlbаnk.kz/ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті. Қазақстан Республикасының банк секторының ағымдағы жағдайы кестелер мен графиктер түрінде. 12.31.2011 ж.
  14. Интернет-ресурс://http://www.nаtіоnаlbаnk.kz/ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті. Қазақстан Республикасының банк секторының ағымдағы жағдайы кестелер мен графиктер түрінде. 12.31.2012 ж.
  15. Интернет-ресурс://http// www.tsb.kz
  16. Интернет-ресурс:// http// www.tsb.kz/«Цеснабанк» АҚ-ның 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша шоғарландырылған қаржылық есептілігі
  17. Интернет-ресурс:// http// www.tsb.kz/«Цеснабанк» АҚ-ның 2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша шоғарландырылған қаржылық есептілігі

 

 


Информация о работе Банктің несиелік саясаты