Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 16:19, курсовая работа
Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегіарқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларындаоған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегіарқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар, несие ақшаайналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады.Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет.
КІРІСПЕ................................................................................................................ 2
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Коммерциялық банктің несие саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар....................................................................................................... 3
1.2 Несие саясатын құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.. 8
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» Акционерлік Қоғамының мысалында)
2.1 «Цеснабанк»АҚ-ның қызметінің жалпы сипаты....................................... 14
2.2 «Цеснабанк»АҚ-ның несие саясатын бағалау........................................... 25
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 33
Банк қызметкерлерін несиелеу олардың тұрғын үй, ұзақ мерзімге пайдаланатын тауарларды алу, емделумен және басқа даағымдағы қажеттіліктерімен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі. Банктік несиелерді ұсыну банктің Несиелік комитеті шешімімен бекітілген, несиелеу лимиттері шегінде жүргізіледі. Банк қызметкерлеріне банктік несие ұсыну, оның мөлшері, қайтару мерзімі мен сыйақы ставкасы туралы сұрақтар, әр арыз бойынша жеке банктің Несиелік комитетімен (банктің кіші несиелік комитеті) қарастырылады. Банк қызметкерлеріне банктік несие төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілген шарттарда беріледі. Ұсынылатын банктік несиенің мөлшері банктің әр қызметкерлеріне қатысты жеке түрде анықталады. Банктік несие бойынша сыйақы ставкасының мөлшері, банкте қызметкердің жұмыс істеу стажына, перспективалығы, пайдалылығы және банкке қызметкердің маңыздылығы, және басқа факторларға байланысты бас банктің Несиелік комитетімен (кіші несиелік комитетпен) орнатылады. Банктің қызметкерлеріне банктік несиелерді ұсыну, арыздың берілу кезегіне байланысты жүзеге асырылады. Жеке еңбек келісім-шарты жасасқан кезде, онда ерекше шарттар айтылған банктің қызметкерлеріне, банктік несиелерді беру кезектен тыс ретімен және банкте жұмыс істеу мерзіміне байланыссыз болады. Банктік несиені қайтарған және сол бойынша сыйақыны төлегеннен кейін, банк қызметкері жаңа банктік несие алу құқығына ие болады. Қызметкерге ұсынған банктік несие келісім-шартын ұзарту туралы шешім, бас банктің несиелік комитетімен қабылданады.
Несиелік комитеттердің негізгі міндеті болып, несиелеу тәуекелдерінің максималды кемуіне және несиелік өнімдерді ұсынумен байланысты операциялардан максималды табысты қамтамасыз ету жағдайында банктің ішкі несиелік саясатын іске асыру табылады. Несиелік комитеттің құрамына Комитеттің төрағасы, Комитет төрағасының орынбасары және басқа мүшелері кіреді. Несиелік комитеттің отырысына дайындалу, комитеттің мүшесі болып табылмайтын банк қызметкерлері санынан тағайындалатын, несиелік комитеттің хатшысымен жүзеге асады. Несиелік комитеттің отырысында, несиелік комитеттің төрағасы немесе басқа мүшелерінің ұсынысымен, осы
отырысқа шақырылған банктің қызметкерлері қатысуы мүмкін.
Несиелік комитеттің қызметтері:
Сонымен қатар, бас банктің несиелік комитеті келесі қызметтерді жүргізеді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің ақпаратына сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның банктік секторы 38 екінші деңгейлі банктерімен (бұдан әрі - ЕДБ) көрсетілген. Коммерциялық банктердің жалпы активтер сомасы 2012 жылдың ұқсас күнімен салыстырғанда 8%-ға ұлғайып, есепті күні 13 870,3 млрд. теңге болды [17].
ЕДБішіндегі 10 ірі банктердің активтер үлесі жайындаақпарат төмендегі 2-кестеде көрсетілген:
1-кесте
ҚР-ның банктік секторының активтері бойыншаЕДБ-дің үлесі мен орны
Банк атауы |
01.01.2011 |
01.01.2012 |
01.01.2013г. | |||
үлесі |
орны |
үлесі |
орны |
үлесі |
орны | |
«Казкоммерцбанк»АҚ |
20,1% |
1 |
19,3% |
1 |
18,4% |
1 |
«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ |
16,8% |
2 |
17,3% |
2 |
16,9% |
2 |
“БТА Банкі” АҚ |
16,5% |
3 |
12,6% |
3 |
10,9% |
3 |
«Банк ЦентрКредит»АҚ |
10,0% |
4 |
8,3% |
4 |
7,7% |
4 |
«АТФБанк»АҚ |
8,1% |
5 |
7,6% |
5 |
6,1% |
5 |
«Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ |
2,3% |
10 |
3,8% |
7 |
5,3% |
6 |
«Цеснабанк»АҚ |
1,8% |
12 |
3,4% |
8 |
4,5% |
7 |
«Альянс Банк»АҚ |
4,0% |
6 |
4,1% |
6 |
4,3% |
8 |
«KАSPІ BАNK»АҚ |
2,9% |
9 |
3,3% |
9 |
4,2% |
9 |
"Евразийский Банк" АҚ |
3,0% |
7 |
2,9% |
10 |
3,3% |
10 |
Барлығы: |
85,5% |
82,6% |
80,5% |
|||
Ескерт у -кесте [16,17,18] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған |
Ең ірі 10 ЕДБ-дің үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға кеміп, 2013 жылғы жағдай бойынша 80,5%-ды құрады. Ал ең ірі 5 банктердің үлесі 5,1%-ға кеміді. Бұл активтердің шоғырлану деңгейінің кемігенін дәлелдейді.
Талданған мерзім ішінде активтер мөлшері395,2 млрд. теңгеге ұлғайған және 12-орыннан 7-орынға көтерілу нәтижелеріне «Цеснабанк» АҚ ие.
ҚР банк секторының несие портфелі 2011 жылмен салыстырғанда 1 183,8 млрд. теңгеге немесе 11,3%-ға ұлғайып, есепті күні 11 656,6 млрд. теңге болды. (3-кестені қараңыз).
Заңды тұлғаларға қарыздар 344,5 млрд. теңгеге немесе 5,1%-ға ұлғайып, есепті кезеңде 7 049,7 млрд. теңге болды. Жеке тұлғаларға қарыздар 511,9 млрд. теңгеге немесе 25,4%-ға ұлғайып, есепті кезеңде 2 530,4 млрд. теңге болды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар 1 870,7 млрд. теңге болды.
Екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің құрылымында ең көп үлесті заңды тұлғаларға қарыздар алады – 60,5%, бұл орайда, жеке тұлғаларға қарыздар үлесі – 21,7%, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар -16,0%, «Кері РЕПО» операциялары - 0,5%.
2-кесте
ҚР банк секторы несие қоржынының құрылымы
Көрсеткіштің атауы |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл | |||
негізгі борыш сомасы, млрд.теңге |
жиынты ғына %-бен |
негізгі борыш сомасы, млрд.теңге |
жиынты ғына %-бен |
негізгі борыш сомасы, млрд.теңге |
жиынты ғына %-бен | |
Банкаралық қарыздар |
163,1 |
1,8 |
162,9 |
1,6 |
148,1 |
1,3 |
Заңды тұлғаларға қарыздар |
6 164,8 |
68 |
6 705,2 |
64,0 |
7 049,7 |
60,5 |
Жеке тұлғаларға қарыздар |
1 586,5 |
17,5 |
2 018,5 |
19,3 |
2 530,4 |
21,7 |
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар |
1 124,1 |
12,4 |
1 554,6 |
14,8 |
1 870,7 |
16,0 |
«кері Репо» операциялары |
27,2 |
0,3 |
31,6 |
0,3 |
57,7 |
0,5 |
Барлық несие қоржыны |
9 066,0 |
100 |
10 472,8 |
100 |
11 656,6 |
100 |
Е с к е р т у – кесте [16,17,18] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған |
ЕДБ-дің несие қоржыны 2011-2012 жж. аралығында 2 590,6 млрд. теңгеге немесе 28,5%-ға ұлғайды. Бұл ретте, несие қоржынының ең көп өсімі «Цеснабанк» АҚ-на (325,8 млрд. теңге) және «KАSPІ BАNK» АҚ-на (196,7 млрд.теңге) тиесілі.
Несие портфелі бойынша қалыптасқан провизиялар талданған мерзім ішінде 6,9%-ға 3 733,2 млрд. теңгеге дейін кеміді. Бұл ретте, «Цеснабанк» АҚ-ның провизиялары 8,1 млрд. теңгеге ұлғайды. ҚР ЕДБ-дің несие портфелі бойынша қалыптасқан провизиялардың айтарлықтай үлесіне “БТА Банкі” АҚ(48%) ие.
2013 жылғы жағдай бойынша банктердің несие қоржынының құрылымында28,4% - стандартты несиелер, 43,4% - күмәндінесиелер және
28,2% - үмітсізнесиелер алады.
2013 жылғы жағдай бойынша5-санатты күмәнді және үмітсіз несиелердің
жалпы сомасы 4 165,7 млрд. теңге немесе жиынтықнесие қоржынының32,7% үлесін алады.
90 күнненастам мерзіміөткен қарыздардың сомасы 3 472,8 млрд. теңге немесе жиынтық несие қоржынында 29,8% үлеске ие.
ҚР екінші деңгейдегі банктерінің жиынтық міндеттемелері 2012 жылғы 1
қаңтармен салыстырғанда358,1 млрд. теңгеге немесе 3,1%-ғаұлғайып, 2013
жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 11 872,7 млрд. теңге болды.
ҚР екінші деңгейдегі банктерінің таза табысы 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 17%-ға ұлғайып, есепті күні 532,0 млрд. теңге болды. ҚР екінші деңгейдегі банктерінің жиынтық шығыстары 496,3 млрд. теңге болды. Бұл 2012 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 33%-ға кеміді [38].
Қазақстанның әмбебап банктерінің біріншіондығына кіретін «Цеснабанк» АҚ-ның қаржылық жағдайын және несие саясатын талдайық.
«Цеснабанк» коммерциялық банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, акционерлік қоғам ретінде тіркелді.
Әмбебаптылық қағидасын ұстанаотырып, Банк жоғары сапалы банктік қызмет көрсетеді, олардың ішінде ағымдық шоттарды, VІSА халықаралық төлем карточкаларын ашу және қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғаларды несиелеу, Аmerіcаn Express жол чектерін сату, 15 минут ішінде 200-ден астам елге жылдам және сапалы ақша жіберуді қамтамасыз ететін аударымдар,сейфтік сақтау.
Филиал жүйесі белсенді дамып келе жатқан банктің 23 облыстық және аймақтық орталықтарда 22 филиал және 109 шақты клиенттерді қабылдау пунктері жұмыс атқарады. Қазіргі таңда банкта шамамен 133 000 жеке тұлғалар мен 27 000-нан астам корпоративті клиенттер және кіші және орта бизнес клиенттері тіркелген.
1993 жылы «Цеснабанк» АҚ
Алматы және Қостанай