Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 16:19, курсовая работа
Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегіарқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларындаоған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегіарқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар, несие ақшаайналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады.Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет.
КІРІСПЕ................................................................................................................ 2
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Коммерциялық банктің несие саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар....................................................................................................... 3
1.2 Несие саясатын құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.. 8
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» Акционерлік Қоғамының мысалында)
2.1 «Цеснабанк»АҚ-ның қызметінің жалпы сипаты....................................... 14
2.2 «Цеснабанк»АҚ-ның несие саясатын бағалау........................................... 25
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 33
Банк 20 жылдық тәжірибесінде көптеген халықаралық ұйымдарына мүше болды. Бұл тұрақты дамудың бірден-бір дәлелі. 6– кестеде банк мүше болып табылатынірі халықаралық ұймдардың тізімі берілген.
5-кесте
«Цеснабанк» АҚ мүше халықаралық ұйымдар тізімі
№ |
Ұйым атауы |
|
1 |
REUTERS |
«Цеснабанк» АҚ қаржылық ақпарат беру және қаржылық талдау салаларында ұсынылған әлемдік көшбасшы – компанияның клиенті болып табылады. |
2 |
VІSА |
«Цеснабанк» АҚ әлем бойынша 22 000 астам мүше банктерді біріктіруші Халықаралық төлем жүйелерінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады. |
3 |
SWІFT |
Қаржы ұйымдары арасындағы мәліметтерді беру үшін халықаралық желілер. SWІFT қаржылық телекоммуникация саласында барлық әлем бойынша қаржы ақпаратын жедел, қауіпсіз және нық сенімді етіп беруін қамтамасыз ететін жетекші халықаралық ұйым болып табылады. |
4 |
WESTERN UNІОN |
«Цеснабанк» АҚ жеке тұлғалардың аударымдарымен жұмыс жасайтын, мамандандырылған Western Unіоn американдық корпорациясының қосалқы агенті болып табылады. Жүйе әлемнің 195 еліндегі 225 000-нан астам пунктерді қамтиды. |
5 |
АMERІCАN EXPRESS |
«Цеснабанк» АҚ жол чектерін шығару мен оларға қызмет көрсету саласында қызметтерді ұсынатын Аmerіcаn Express көппрофильді халықаралық компанияның агенті болып табылады. |
6 |
UNІSTREАM |
«Цеснабанк» АҚ жеке тұлғалардың аударымдарымен жұмыс жасайтын, мамандандырылған «Юнистрим» Коммерциялық Банк ААҚ серіктесі болып табылады. Unіstreаm жүйесі әлемнің 90 еліндегі 65 000-нан астам орындарды алып отыр. |
Е с к е р т у – кесте [20] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған |
Цеснабанк келесіҚазақстандық ұйымдарға мүше болып табылады:
«Цеснабанк»АҚ-ның даму стратегиясы сапалық өсу стратегиясы ретінде айқындалады:
Нарықтық экономика және коммерциялық банктердің бәсекелестік жағдайында кірістілік, сенімділік, өтімділік және тәуекел дәрежесі жағынан банк қызметіне талдау жүргізу маңызды болып табылады. Кірістерді максималды ұлғайту және шығыстарды азайту туралы ұсыныстарды белгілеу кезде нақты ұйымдастырылған аналитикалық негізге сүйенуі қажет.
Банк қызметінің қаржылық көрсеткіштерін талдау арқылы депозиттік, инвестициялық және несиелік саясатының негізгі бағыттарын анықтап, оның кемшіліктерін белгілеу және оны жою бойынша ұсыныстарды қабылдауға болады.
Алдына қойған мақсаттарына жету үшін банк активтер мен пассивтердің теңдестірілуіне аса көңіл бөлді. Активтерді қайта топтау нәтижесінде кірістіактивтердің көлемі ұлғайды. 2012 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойыншаактивтер 2011 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 182,4 млрд. теңгеге немесе 41,1 %-ға ұлғайып, 621,4 млрд. теңге болды.
«Цеснабанк» АҚ-ның активтері 2011 жылмен салыстырғанда клиенттерге берген қарыздардың 142,3 млрд.теңгеге немесе 42 %-ға, ақшалай қаражаттар және оның эквиваленттері бабының 16,1 млрд.теңгеге немесе 83,3 %-ға, сондай-ақ өзге активтердің 15,7 млрд. теңгеге немесе 213,8 %-ға ұлғайып, 2012 жылғы жағдай бойынша 621,4 млрд.теңге болды(7-кестеге қараңыз).
Банктің активтер құрылымында заңды және жеке тұлғаларға берген несиелер үлкен үлеске ие.
2012 жылы активтер құрылымындағы берілген несиелер мөлшері 480,4 млрд.теңгені немесе 77,3 % құрды. Алдыңғы жылдың ұқсас күнімен салыстырғанда 142,3 млрд.теңгеге артты (338.1млрд.теңге).
Клиенттерге берілген несиелер бабы 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 153,1 млрд.теңгеден 338,1 млрд.теңгеге, яғни 185 млрд.теңгеге немесе 120,7 %-ға ұлғайды.
Жарғылық капитал банктің заңды тұлға ретінде саналудың міндетті шарты және қалыптасудың экономикалық негізі. Оның мөлшері ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің заңнамалық актілерімен белгіленеді. 2012 жылы меншікті капитал құрылымының ең көп үлесіне жарғылық капитал ие – 66,9 %. 2010 жылмен салыстырғанда 34,1% -ға немесе 6,9 млрд. теңгеге ұлғайып, 2011 жылғы жағдай бойынша 27,5 млрд. теңге болды. Ал 2012 жылғы өсім темпі 17,9% немесе 5 млрд. теңге болды. Талданған мерзім ішіндегі өсім темпі – 58 %.
Эмиссиялық кіріс 2010 жылмен салыстырғанда 1455,8%-ға немесе 25,7 млн. теңгеге ұлғайып, 2011 жылғы жағдай бойынша 27 млн. теңге болды. Ал келесі жылдың ұқсас күнінде тек 0,5 %-ғаартып, 27,6 млн. теңге құрды.
Резервтік капитал
(қор) - акционерлік
қоғамның пайдадан аударылатын ақшасынан құралаты
Бөлінбеген пайда 2010 жылдан бастап 4 млрд. теңгеге ұлғайып, 2011 жылғы жағдай бойынша 2 млрд. теңге болды. Келесі жылы да өсімнің оң динамикасын көрсетті: 6,7 млрд. теңгеге немесе 328,9 % ұлғайып, 2012 жылы 8,7 млрд. теңге болды.
Stаndаrd&Pооr's халықаралық рейтингтік агенттігінің мәліметтері бойынша «Цеснабанк» АҚ-ы Қазақстанның ең ірі банктер ішінде 7-орынға ие. 2011 жылдың 29 маусымында Stаndаrd&Pооr's банктің ұзақ мерзімді несиелік рейтингін (В-) – тан В дәрежесіне көтерді[36].
Агенттік «Цеснабанк» АҚ-ның келесі күшті жақтарын белгіледі: коммерциялық желінің тез өсуі, әсіресе солтүстік Қазақстанда, акционерлердің капиталды ұлғайтуымен көрініс табатын тұрақты қолдау, сонымен қатар ресурстық қор мен бизнестің әртараптануы.
Айта кететін жайт, пайда болған глобальді өтімділік дефициті «Цеснабанк» АҚ-на, басқа қазақстандық банктермен салыстырғанда, аз әсерін тигізді. Себебі, банктің халықаралық қаржылық институттардан алған қарыздары жалпы міндеттемелер құрылымындааз үлес алады.
Stаndаrd&Pооr’s ойынша «Цеснабанк» АҚ-ның несие портфелі жақсы нәтижелер көрсетті, бірақ жағымсыз экономикалық жағдайда тестіленгені жөн. Көптеген несиелердің, соның ішінде тұтынушылық мақсатта берілетін несиелер қамтамасыз етілген және/немесе кепілі бар болуына Stаndаrd&Pооr’s аса көңіл бөледі.
Рейтингінің кез-келген потенциалды көтерілуі, бірінші кезекте нарықтың тұрақтылығы, сонымен қатар басқарманың активтер сапасын бақылай алу, кірістіліктіарттыру және капитализациялаудың ағымдағы деңгейін сақтай алу қабілетіне тәуелді.
2.2 «Цеснабанк» АҚ-ның несие саясатын бағалау
Несиелік саясат банктің стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы маңызды құрал болып табылады. Барлық банктерге ортақ несие саясатының болуы мүмкін емес. Банктің қызметіне әсер ететін экономикалық, саяси, географиялық, ұйымдық және басқа да факторларды есепке алып, әрбір банк өзінің несие саясатын құрайды.
«Цеснабанк» АҚ-ның несиелік саясаты, бір жағынан, несие нарығындағы нақты басымдықтары, принциптері мен мақсаттары, екінші жағынан, банк өзінің несиелік мәмілесін жүзеге асыру, оларды жетілдіру, несие үдерісін ұйымдастыру тәртібі барысында пайдаланылатын қаржылық және басқа да құралдарды қамтиды. Банк несиелік қызметін жүзеге асыру барысында өзін тікелей қоршаған ортамен – күннен күнге аясы кеңіп, сапалық өзгеріске түсіп отыратын клиенттік және серіктестік ортамен белсенді жұмыс жүргізеді. Нәтижесінде банктік несиелеудің шеңбері кеңиді, несие өнімдерінің жаңа түрлері мен несиелеудің жаңа түрлері мен әдістері енгізіледі. Сонымен қатар несиелік өнімдер мен қызметтер нарығындағы бәсекелестік үнемі шиеленісіп отырады, сондықтан банктер өздерінің несиелік саясатын сапалық тұрғыдан жетілдіріп отыруға мәжбүр болады.
«Цеснабанк» АҚ-ның несиелік саясаты банк клиенттерін қаржыландыруда банктік тәуекелдердіазайту мақсатымен құрылған.
Бұл құжат келесідей мақсаттарды көздейді:
Банк клиенттерін несиелеу шарттары мен процедуралары Банктің сәйкес ішкі құжаттарымен реттеледі.
«Цеснабанк» АҚ жеке тұлғаларға кредит беру бағдарламаларын жүзеге асыру саласында жеке тұлғаларға арналған өнімдерді сату нарығын игеруді табысты дамытуда. Жеке тұлғаларға арнайы жасалған бағдарламалар бойынша қарыздар беру халықтың әртүрлі топтарына және оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Жеке тұлғаларға ұсынылатын несиелік бағдарламалар 9–суретте бейнеленді.
Жеке тұлғаларға ұсынылатын кейбір несиелік бағдарлама бойынша негізгі артықшылықтары:
Корпоративті клиенттерге ұсынылатын несиелік өнімдер компанияның айналым капиталын толықтыруға, негізгі құралдарды алуға, өндірістіжаңғыртуға, барға қосымша ретінде бизнестің жаңа бағытын ашуға және т.т. мүмкіндік береді.
Корпоративті клиенттерге несие беру шарттары 14 –кестемен берілген.
6-кесте
Корпоративті клиенттерге несие беру шарттары
Кредит беру мақсаты |
негізгі құралдарды алу; инвестициялар; айналым қаражатын толықтыру; несие берешегін қайта қаржыландыру |
Кредит валютасы |
теңге; АҚШ доллары; евро. |
Кредит беру мерзімі |
негізгі құралдарды алуға –60 айға дейін; айналым қаражатын толықтыруға–36 айға дейін. |
Жеңілдік кезеңі |
негізгі құралдарды алуға –24 айға дейін; айналым қаражатын толықтыруға –12 айға дейін. |
Ең аз сыйақы мөлшерлемесі |
теңгемен – жылдық 13 % -дан; АҚШ доллары * – жылдық 12 % -дан; в евро* - жылдық 12 % -дан. |
Өтеу кестесі |
ай сайын; мерзім соңында; бизнестің маусымдылығы ескерілген жеке кесте |
Жоба сараптамасы үшін берілетін комиссия |
Банк қарызы келісімінің/шарты сомасының 0, 7 %-нан |
Кредиттік желі шеңберінде қарыз берілгені үшін берілетін комиссия |
Банк қарызы шарты сомасының 0, 3 %-нан |
Негізгі борышты толық/ішінара өтеу үшін берілетін комиссия |
Мерзімінен бұрын өтелетін негізгі борыштың 0, 5 % -ы. Қарыз берілген күннен бастап бірінші жыл бойында негізгі борыш толық/ішінара өтелген жағдайда алынады |
Қамтамасыз ету |
Жылжымайтын мүлік; Құрал-жабдық; Бағалы қағаздар; Тауар қоры; Автокөлік; Келісімшарт (шарт) бойынша дебиторларға талап қою құқығы; Кепілзаттың өзге түрлері. |
Е с к е р т у – кесте [20] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған |