Банктің несиелік саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 16:19, курсовая работа

Краткое описание

Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегіарқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларындаоған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегіарқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар, несие ақшаайналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады.Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ 2

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Коммерциялық банктің несие саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар....................................................................................................... 3
1.2 Несие саясатын құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.. 8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» Акционерлік Қоғамының мысалында)
2.1 «Цеснабанк»АҚ-ның қызметінің жалпы сипаты....................................... 14
2.2 «Цеснабанк»АҚ-ның несие саясатын бағалау........................................... 25

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банктің несиелік саясаты.docx

— 212.37 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

   

КІРІСПЕ................................................................................................................

2

   

1

Коммерциялық банктің несие саясатының теориялық аспектілері

 
     

1.1

Коммерциялық банктің несие саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар.......................................................................................................

3

1.2

Несие саясатын  құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі..

8

     

2

Коммерциялық БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» Акционерлік Қоғамының мысалында)

 

2.1

«Цеснабанк»АҚ-ның қызметінің жалпы сипаты.......................................

14

2.2

«Цеснабанк»АҚ-ның несие саясатын бағалау...........................................

25

     
     
     
     
     
     

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

33


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................... 34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегіарқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған  бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларындаоған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегіарқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар, несие ақшаайналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады.Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет.  Банк саясатының қалыптасуы банк қызметін жоспарлау кезеңдерінің құрамдас бөлігі табылады.Банктің несиелік саясаты, біріншіден, клиенттер мен несиелік құралдарды таңдау басымдықтары арқылы, екіншіден, банк қызметкерінің тәжірибелік қызметін реттейтін және осы басымдықтарды тәжірибеде жүзеге асыратын нормалар мен ережелер арқылы, үшіншіден, банк басшылығының құзіреттілігі мен несие қызметкерлерінің біліктілік деңгейіарқылы анықталады.

ҚР ҰБ несиелік нарықтың жай-күйіне тоқсан сайын жүргізетін зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, банктердің несиелік саясатты жұмсарту себептерінің бірі сапалы заемшылардың тапшылығы болып табылады. 2012 жылы банктерден алынған ақпарат бойынша несиелік ресурстарға корпоративтік сектор тарапынын да, сол сияқты жеке тұлғалар тарапынын да  сұраныстың өскені байқалады. Бұл ретте, егер ірі және шағын бизнес тарапынан несиелік ресурстарға сұраныстың төмендегені байқалса, орташа бизнес тарапынан ұлғаю байқалады. Ірі кәсіпорындар тарапынан сұраныстың төмендеуі банктердің қатаң несиелік саясатымен, сондай-ақ банктердің негізінен айналым қаражаттарын қаржыландыруға және қазіргі борыштарды қайта құрылымдауға қысқа мерзімді кредиттер берумен түсіндіріледі, оның салдары ретінде көптеген ірі кәсіпорындар өз ресурстарын пайдалануды артық санайды.  Банктердің ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынуды қаламауы екі негізгі фактормен түсіндіріледі – сапалы заемшылардың және жобаларды несиелеу үшін ұзақ мерзімді ресурстардың жетіспеуі [1].

Несиелік портфель сапасының төмендігі және салыстырмалы түрде алғанда тәуекелдің жоғарғы деңгейі банктердің несиелік белсенділігін тежейтін факторлар болып қалуда.

 

 

 

 

 

  1. Коммерциялық банктің несие саясатының теориялық АСПЕКТІЛЕРІ

 

    1. Коммерциялық банктің несиелік саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар

 

Несиелік операциялар банк үшін де, ол қызмет көрсететін аймақ үшін де маңызды, сондықтан несиелік саясатты тұжырымдауда көптеген факторларға көңіл бөлген жөн. Едәуір көлемде осы факторлар банктің екінші ретті резервтерінің көлемі мен құрылымын және инвестицияларын анықтайды.

Олардың маңыздысы 1-суретте бейнеленген. Банктің жемісті жұмыс істеуі үшін пайда (таза табыс) қажет, сондықтан барлық банктер ссудалық саясатты құрудаосы факторды ескереді. Кейбіріоған үлкен көңіл бөледі. Пайдаға өткір мұқтаждығы бар банктер пайда шешуші мәнге ие емес банктермен салыстырғандаагрессивті ссудалық саясатты ұстануы мүмкін. Мұндай агрессивті саясат сауда-саттық және өнеркәсіп фирмаларына берілетін қысқамерзімді ссудаларға қарағанда, әдетте едәуір жоғары процент әкелетін мерзімді несиелер мен тұтыну несиелерінің салыстырмалы жоғары үлесінен көрінеді.

Өзінің несиелік саясатын тұжырымдай отырып, банк депозиттердің категориясы мен ауытқуларының сипаттамаларын ескеруі керек. Банк жеткілікті бірінші ретті және екінші ретті резервтер құралғаннан кейін, несиелер беруге құқылы. Резервтердің қос түрі депозиттердің болжанатын ауытқулары мен ссудаларға деген сұранысты ескеруге бағытталатындығына қарамастан, болжанбас сұраныстың болуы банктерді ссудалық саясатты тұжырымдауда депозиттердің тұрақтылығына назар қоюға мәжбүр етеді.

Несиелік саясатқа банк қызмет көрсететін аймақ экономикасы ықпал етеді. Шаруашылықтың маусымдық және циклдық ауытқуларға сезімталдығына қарағанда, көбінесе оның тұрақтылығы либералдық несиелік саясатты жүргізуге септігін тигізеді. Экономикалық құлдырау мен өсу кезеңдерінде салымдар шаруашылықтық тұрақтылықтарға қарағанда, жедел ауытқуларды бастан өткереді. Бұл ретте ел экономикасының жалпы ахуалын ескеру қажет. Жаплы шаруашылық жағдайға кері ықпалын тигізетін факторлар іріауқымға ие болсаақырында жергілікті жағдайға да өз әсерін тигізбей қоймайды.

Банктердің ссудалар ұсыну қабілетіақша-несие саясатына және фискалдық саясатқа тәуелді. Коммерциялық банктердің иелігіне қосымша резервтер ұсынылса, банктің ссудалық мүмкіндіктеріарта түседі. Бұл жағдайда банктер өз резервтерінің өсімі тежелетін немесе қысқаратын жағдайға қарағанда, либералдық несиелік саясатты ұстанады.

Банктің несиелік саясатын жасауда несиелік операцияларды жүзеге асыратын кәсіби біліктілігі елеулі мәнге ие емес. Мысалы, кейбір қызметкерлер сауда-саттық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелеу тәжірибесіне машық болғанына қарамастан, өз тәжірибесінде қозғалмайтын мүлік кепілдігіндегі ссудаларды ұсынумен ұшыраспауы мүмкін. Кейбіреуі тұтыну несиелеріне маманданған болуы да мүмкін. Банктердің тұтыну несиелері саласынаараласа бастауының мүмкін себептерінің бірі кәсіби білікті персоналдың жоқтығы болған сияқты. Кейбір банктер несиенің белгілі бір аясындағы өзге банктердің ссудалық саясатына әсер ете алатындай болуы мүмкін.

Әрине, коммерциялық банктердің несиелік саясатына қызмет көрсетілетін аймақтың өзіне тән ерекшелігі әсер етпей қоймайды. Банктерге чартер берудің негізгі мақсаты қызмет көрсетілетін аймақтың несиеге мұқтаждығын қанағаттандыру. Егер банк мұны жасамаса, оның әрекет ету мәні шамалы. Банктер ақылға қонымды және экономикалық негізделген несиелік сұраулар салған заем алушыларға ссудалар беруге моральды түрде міндетті. Мысалы, банктер мал шаруашылығы үстем аймақтарда бұл саланы несиелеуден бас тартаалмайды, олар өз саясатын сәйкес шаруашылықтар сұрауларын  ескере белгілеуі қажет.



 


 


 



 



 







 

 



 

1 - сурет. Банктің несие саясатына әсер ететін факторлар

Е с к е р т пе –сурет [15] дерек көзі негізінде автормен құрастырылған

 

Коммерциялық банктің несиелік әлеуеті банкте (жинақталған) мобилизацияланған қаражаттар мен өтіміділік резервінің айырмасынан шығатын шамамен анықталады. Коммерциялық банктің өтімділігінің жалпы резерві Ұлттық Банкпен бекітілетін міндетті резервтер нормасына және банкпен өзі үшін анықталатын өтімділік резервінің деңгейіне тәуелді келеді. Әрбір коммерциялық банк өтімді қаражаттардың төменгі резервін жасауға және өзінің өтімділігі, сенімділігі, табыстылығынан туындай келе, жоғары несиелік әлеуетті қамтамасыз етуге тырысады. Коммерциялық банктің несиелік әлеуетінің деңгейі, өз кезегінде, келесі факторлармен анықталады: банкте жинақталған қаржаттардың жалпы шамасы; депозиттердің құрылымы мен тұрақтылығы; ҚР ҰБ-гі міндлетті резервтер деңгейі; ағымдағы өтімділікті ұстап тұру үшін ағымдағы резервтерді қолдану тәртібі; банк міндеттемелерінің жалпы сомасы мен құрылымы. Несиелік әлеует қаражаттарын қолдану тиімділігіне шарттар кешені сақталғанда қол жеткізіледі, егер:

  • өтімділіктің қажетті минимумы қамтамасыз етілгенде;
  • несиелік әлеует қаражаттарының барлық жиынтығы қолданылғанда;
  • несиелік әлеуетте жоғары табысқа қол жеткізілгенде.

Аталмыш заңдылықтарды банк өтімділігі мен несиелік әлеует қаражаттарын үлестіру саласында дұрыс несиелік саясатты жасауға қолдану қажет. Несиелік әлеует қаражаттарын үлестірудегі банк саясатының негізгі мақсаттарының бірі банк қаржаттарының көзі мен депозиттерінің құрылымының сәйкестігін қамтамасыз ету. Банктік қызметтің арнайылығы мен ақшаағымдарының динамикасы банкке несиелік әлеует қаражаттарын жедел трансформациясын жүзеге асыру үшін, яғни несиелік әлеует қаражаттарының жеделдігіне қарағанда, едәуір ұзақ мерзімге ссудалар беруге нақты мүмкіндіктер жасайды. Қазақстандық және шетелдік тәжірибе несиелік әлеует қаражаттарының трансформациясы банк өтімділігі проблемасының шығуының негізгі себептерінің бірі екенін көрсетеді. Трансформация тәуекелдігін төмендету үшін банк активтері мен пассивтерін сомалары мен мерзімдері бойынша реттеу орынды.

Несиелік әлеует қаражаттарының сандық және сапалық келімі мен кетімі банк өтімділігін ұстап тұру тәжірибесінде маңызды фактор болып табылады.

Банктің несиелік әлеуеті банктің несиелік және пайыздық саясатын анықтайтын факторлардың бірі. Ссудаларға деген тұрақты сұраныс пен бос қаражаттардың салыстырмалы аз-маз үлесінде банктің пайыздық ставкасы артады. Кері жағдайда – ол төмендейді, сонымен қатар, пайыздық ставка банктің несиелік ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен ғана емес, оның ресурстарының ақылығы дәйегімен реттеледі[25, 95б.].

Несиелеу тәуекелдігінің дәрежесі коммерциялық банкте коммерциялық банктің түрі, заем алушының типі (клиенттер құрамы), қарыз алушының қаржылық жағдайы, ссуда бойынша қамсыздандырылу мен кепілдік бар-жоғы, тәуекелдің уақыттық үлестірілуі бойыншаанықталады. Осы критерийлерге байланысты әрбір берілген сома бойынша пайыздық ставкаайқындалады.

Шынында, коммерциялық банктер қызметінде күнделікті ұшырасатын банктік тәуекелдер коммерциялық банк түріне қарай түрліше болады. Мамандандырылған банкте өнімді өндіру технологиясы алғашында жүзеге асырылуы қиындыққа соғатын тәукелді кәсіпорындарды несиелеумен байланысты жоғарлатылған тәуекелдер үстем болады. Бұл банктік тәуекелдіктерді реттеудің ерекше тәсілдерін, соның ішінде, кепілдіктердіалу, кепілзат құқығы мен т.б жүзеге асыруды талап етеді. Салалық банктерде басқалармен қатар берілген саланың экономикалық дамуымен байланысты тәуекелдік дәрежесін ескерген жөн. Осыған байланысты, әрбір банк объективті және субъективті себептерге байланысты ол үнемі ұшырасып отыратын тәуекелдіктерді басқарудың, реттеудің дербес тиімді моделін жасауға кірісуі керек.

Банк клиенттерінің құрамы банктің тәуекелдікті және оның дәрежесін есептеу тәсілін білдіреді. Сонымен қатар, бір заем алушыға немесе бір-бірімен байланысты заем алушылар тобына, салаға, аймаққа немесе елге берілген ірі несиелер банк банкроттығының себебі. Сондықтан, ірі несиелерді ұсыну тәуекелін реттеу тәсілдерінің біріолардың мөлшерінің шектеу болып табылады. Банк клиенттерін таңдауға, қаржылық ауқаты тұрақсыз клиенттерді несиелеуге таңдауды дағдарыстық емес тұрғыдан қарағанда несиелеу кезіндегі тәуекелдік дәрежесіартады. Несиелік тәуекел бір клиенттің бірнеше банкке шашыратқанда да пайда болады. Бұл алынған несиенің мақсатсыз қолданылуына, клиенттік қаржылық жағдайы мен оның тәуекелдіктерін қате бағалауға, соның салдарынан ссуданың қайтарылмай қалу қаупін арттыруғаәкеп соқтырады.

Тәуекелдікті уақытқа телу нарықтық уақыт жағдайында маңызды фактор болып есептеледі. Жалпы экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайындағы Қазақстан коммерциялық банктерінің іс-әрекеттері жалпы заем алушыларды қысқамерзімді несиелеуге бағдар алады, бұның көптеген сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруімен байланысты болашақтағы тәуекелдіктердің дәрежесін төмендетуде маңызы зор.

Несиелік тәуекелді сипаттауда коммерциялық банк депозиттердің тұрақтылығын, депозиттердің ауытқу сипаты мен түрлерін ескеруі керек. Несиелік тәуекелдерді төмендету үшін берілген банкқызметтерінің ерекшеліктерін ескеріп, депозиттердің тұрақтылығы коэффициентін есептеген жөн және депозиттердіактивтерге орналастырудаалынған мәліметтерді басшылыққаалуы қажет. Сондай-ақ депозиттерді қалыптастыруда пайда болатын пороценттік тәуекелді ескерген абзал.

Информация о работе Банктің несиелік саясаты