Банктің несиелік саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 16:19, курсовая работа

Краткое описание

Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегіарқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларындаоған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегіарқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар, несие ақшаайналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады.Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ 2

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Коммерциялық банктің несие саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар....................................................................................................... 3
1.2 Несие саясатын құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.. 8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» Акционерлік Қоғамының мысалында)
2.1 «Цеснабанк»АҚ-ның қызметінің жалпы сипаты....................................... 14
2.2 «Цеснабанк»АҚ-ның несие саясатын бағалау........................................... 25

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банктің несиелік саясаты.docx

— 212.37 Кб (Скачать документ)

Қызметінің осы кезеңінде берілген банктің ұсынатын операциялары мен қызметтерінің спектрі бір рет бекітіліп, өзгеріссіз болып табылмайды. Ол экономикалық өмір мен қаржылық саланың және т.б. өзгерістеріне бейімделіп дамиды. Банкпен ұсынылатын операциялар мен қызметтердің түрлері мен сипатын анықтаудағы критерий болып,олардың рентабельдігі мен бәсекеқабілеттігі табылады. Солай тұра, банктер міндетті түрде оларға әсерін тигізетін факторлар қатарын ескеру керек: сұраныс, ұсыныс, өзіндік құн, баға (соның ішінде баға), банктік қызмет пен т.б. тұрған өмірлік цикл кезеңі.

Банктік қызметтер мен операциялар нарығының қазіргі нарығын және оның даму келешегін бағалау үшін коммерциялық банктің несиелік саясатын анықтайтын сыртқы және ішкі факторларын айқындау ғанааздық етеді. Олардың қызметіне әсер ету бағасын берген де құптарлық. Сондықтан, банктер едәуір экономикалық негізделген жасауға мүмкіндік беретін нарықты маркетингтік зерттеу ісін жүргізеді.

Коммерциялық банктің несиелік саясатының өзіндік шекаралары бар. Несиелік саясаттың шекараларын анықтауыш шек, жеткілікті норма ретінде қарастырғанда коммерциялық банктің несиелік саясаты мыналармен анықталады деп айтуға болады:

  • коммерциялық банктердің іс-әрекетінің экономикалық нормативтері, шектеулері және басқа көрсеткіштері түрінде нақты көрініс тапқан ҚР ҰБ жалпы ақша-несие саясаты;
  • несиелік саясат жөніндегі нұсқаулық түрінде айшықталған коммерциялық банктің дербес стратегиясы мен (тактикасы) әрекет тәртібі. Дегенмен, несиелік саясатты жасау мен тәжірибелік жүзеге асырудағы шекаралар жоғарыда қарастырылған факторлардың ықпалымен анықталады (немесе анықталуы тиіс). Макроэкономикалық деңгейде несиелік саясаттың шекаралары экономиканың қажеттіліктерімен, ал микроэкономикалық деңгейде (коммерциялық банк деңгейі) банктің несиелік әлеуетімен немесе кең ресурстық базасымен және олар әрекет ететін нарықтың конъюнктурасымен анықталады.

Банктің несиелік стратегиясы терең талдауды қажет етеді. Орын алған экономикалық жағдайға байланысты коммерциялық банктерге талдаудың келесідей негізгі бағыттарын ұсынуға болады:

  • персоналды таңдау және даярлау (несиелік саясатты жүргізу аясындағы персоналдың корпоративтік мәдениеті);
  • несиелік портфельдің ахуалын бағалау және бақылау;
  • тәуекелдік дәрежесін ескергендегі баға құралу;
  • банк операцияларын диверсификациялау: экономика секторлары, аймақтар, операциялар мен қызметтер түрлері бойынша; банктің жалпы несиелік тәуекелін төмендету үшін. Банк диверсификациялау саясатын көп жүргізген сайын, банк соғұрлым ерекше банктік тәуекелдікті шектейді, төмендетеді. Дегенмен банктің жалпы тәуекеліне тек ішкі ғана емес, сыртқы тәуекелдіктер де кіреді. Мысалы, біздің банк үшін сыртқы болып табылатын нарықтық тәуекел мүлдем диверсифкацияланбауы мүмкін.
  • бухгалтерлік есеп және салық салу ережелеріне келісті несиелер бойыншаорын алатын жоғалтулардың орнын толтыруға резервтер қалыптастыру;
  • проблемалы ссудаларды мұқият бақылау және қадағалау.

Алынған талдау нәтижелерін ескеріп, банк кейінгі даму стратегиясын жасай алады. Жақсы жүргізілген талдау банктің бағдарын дәл анықтауға, банкпен таңдалған даму бағыттарына енгізілген түзетулерді негіздеуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте коммерциялық банктің сыртқы саясаты несиелік процесті ұйымдастыруға қатысты:

  • елдегі экономикалық және саяси жағдайлардың ахуалын және оның динамикасына банктің қалай баға беретінін, осы факторлардан туындай келе, ол өзінің несиелік іс-әрекетіне (депозиттерге қаражаттар тарту мен ссудалар ұсынуға қатысты) қандай шектеулер қоятынын;
  • нарықтардың қандай мақсатты нарықтары мен сегменттерін банк несиелеу үшін ұтымды әріорынды және қандайларын қолдануға келмейді деп санайтынын;
  • әлеуетті заем алушылар олардың несиеқабілеттігін талдау позициясынан алғанда қандай талаптарды қанағаттандыруы керектігін;
  • нормативтік база, қадағалау және реттеу органдары талаптарынан, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналыстарының шешімдерінен туындай келе несиелеу процесіне қандай талаптар қойылатынын нақтылауы қажет.

Банктің ішкі саясаты мыналарды қамтуы керек:

    • несиелеу процесін басқару орындары мен бөлімдерінің құрылымы;
    • несиелік комитеттің құрылымы мен уәкілеттігін бекіту;
    • параметрлеріне қарай несиелерді бекіту процедурасы;
    • несиенің сапасына байланысты банк үшін мүмкін табыстылық пен тәуекелдік деңгейі;
    • банк өзіне тиімді деп тапқан капиталдың өтімділігі, табыстылығы мен жеткіліктігі және дағдарыстық деңгейден дағдарыстық ауытқулар;
    • банк міндетті деп есептейтін несиелік технологиялар;
    • несиелік департамент қызметкерлеріне қойылатын талаптар және т.б.

Демек, несиелік саясат шекараларының шартты бөлінісі мынадай: экономикалық шекаралар, олар нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен және банктің несиелік экспансия немесе рестрикцияның ақылға қонымдылығы туралы ой түйінімен анықталады; әкімшілік шекаралар (банк іс-әрекетінің нормалары мен нормативтері (ҚР ҰБ-мен анықталатындарын қоса), банктің өзімен бекітілетін несиелік операцияларды орындауға шектер мен несиелеудің бақылау сандары); несиелік қатынастардың субъекттеріне қарай – сыртқы шекаралар (макро- және микроэкономиалық, дербес) және ішкі шекаралар (акционерлермен, құрылтайшылармен және банк персоналымен несиелік қарым-қатынас аясындағы шекаралар); уақыттық шекаралар (несиелік қатынастардың жеделдігінің приоритеттерін анықтайды); кеңістік шекаралары (банк қызметінің географияық, аумақтық шекаралары); сапалық шекаралар (несиелік портфельдің сапасын анықтайды) және сандық шекаралар (несиелік әлеуетпен анықталады; несиелеудің шектері мен бақылау сандары); несиелік саясаттың жоғарғы және төменгі шекаралары.

 

 

    1. Несие саясатын құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі

 

 

Отандық қаржы, әсіресе, банк ісі бойынша әдебиеттерде, соңғы уақытта оптимальді несие саясаты қалыптасуына, қаржылай мекемелердегідей, өндірістік немесе сауда компанияларында несиелік мәдениет құруға көп көңіл бөлініп жатыр.Бұл кездейсоқ жағдай емес: банктің көптеген клиенттері кредиттік қарызын қайтармауынан пайда болған, тәуекелді несиелік саясат кесірінен  әр түрлі қиын жағдайлар туындаған. Әрине, бұдан пайда болатын тұжырымдама – кредиттер төленбеуі сол банктердің төлем қабілеттілігі мен кредиттерді жабу деңгейінің төмендеуіне әкелді.

Жапония және басқа да Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің банк жүйесінің кризисі, олардың түйінді түпкі мәселесі – тәуекелді несие саясаттың болуы, кредит беру кезінде сақтық принципін сақтамауында деп көрсетеді. Және сол мезетте әр банкте артық тәуекелден арылуға көмектесетін нақты нұсқаулық пен регламенттер бар.

Банктің несиелік саясаты былай анықталады: біріншіден, клиенттермен операцияларға қатысты жалпы жағдайлармен, олар несиелік саясат туралы меморандумда шығарылып және бекітіледі, екіншіден, бұл жағдайларды іске қосатын банк қызметкерлерінің тәжірибелік жұмысымен анықталады. Американдық банктердің несиелік саясатында, заңдар несиелік операциялар бойынша жалпы жауапкершілікті банктің директорлар кеңесіне жүктейді. Директорлар кеңесі төменгі деңгейде басқару үшін, несиелерді ұсыну бойынша қызметтерін делегирлейді және несиелік саясаттың жалпы ұстанымдарын және шектеулерін қалыптастырады. Үлкен банктерде жазбаша түрде несиелік саясат туралы меморандум шығарылады, және онымен банктің барлық қызметкерлері басшылыққаалады. Әр түрлі банктер үшін меморандумның мазмұны мен құрылымы әр келкі болып келеді, бірақ негізгілері мұндай құжаттарда кездеседі.

Ең алдымен несиелік саясаттың жалпы мақсаты қалыптастырылады, мысалы сенімді және табысты несиелерді ұсыну. Тәуекел дәрежесі банктің әкімшілік шығыстарын және несиелік ресурстардың құндарын қоса несиелер бойынша жалпы табыстылық нормасына сәйкес келуі қажет. Меморандум несиелердің шекті сомаларын анықтайды, ол бойынша түрлі басқару категорияларының қызметкерлері шешімді қабылдауы мүмкін. Құжатта банк әкімшілігі несиелер түрлерінің қайсысын беруге болатының, ал қандайларынан ұстану керек екенін көрсетіледі. Мысалы, банк баланспен және пайда мен шығындар шотымен қанағаттарлық фирмаларға қысқа мерзімді коммерциялық несие беруге болатынына ұсыныс бере алады, сонымен қатар кепілге алынған жабдықтар арқылы орта мерзімді коммерциялық несие бойынша ұсыныс береді. Сонымен бірге банк ұзақ мерзімді инвестициялар үшін несиелерді, күмәнді репутациясы бар тұлғаларға несиелерді, жабық түрдегі компаниялардың акциялары бойынша несиелерді беруді кеңейтуді ұсынбайды.

Құжатта банктің несиелік экспансиясы болуы мүмкін, географиялық аймақтар анықталынуы мүмкін. Меморандумда банктің өз қызметкерлеріне несие беру реті туралы, мерзімі өткен қарыздың алу жолдары туралы, овердрафттар туралы ережелер болуы мүмкін. Әрине, меморандум тек жалпы бағыттар мен ұсыныстарды енгізеді. Ол банк қызметкерлерінің инициативаларын жаппау керек. Мысалы, тиім салынған қаржылық жағдайы тұрақсыз фирмаларға несие беру, несиелік қызметкер балансында кейбір кемшіліктері бар фирмаларға, қосымша қамтамасыз ететін фирманың басқарушысы өз меншігіндегі мүлкін бергенде, несие беруі мүмкін [26, 75б.].

Жоғарыдаайтылғанның қорытындысына, американың үлкен банктерінің меморандумының сызбасы келесі түрде көрсетілген. Бұл құжат бес бөлімнен тұрады: жалпы ережелер, несиелердің категориялары, несиелік саясаттың әр түрлі сұрақтары, несиелік портфелдің сапасына бақылау және банктердің комитеттері.

Қазіргі таңда банкпен іс-әрекетінің негізгі мақсаттары мен бағыттары және жүйелі ұйымдастырудың ерекшеліктеріайқындалды, оларды жетілдіру жақын күндердегі жұмыс еншісінде. Басты мақсат болып банктің капитализациялану деңгейін көтеру қойылды. Сондай-ақ қазір тәуекелдіктердің барлық түрлерін басқаруды бір блоккаорталықтандыру, олардың мониторингісі мен басқарудың кешенді жүйесін құру қажеттілігіорынды, бұл банк басшылығына пайыздық, бағалық және бағамдық саясаттың мәселелерін жемісті шешуге, несиелік тәуекелдікті реттеу механизмін жетілдіруге және соның нәтижесінде активтер мен пассивтерді басқару деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты қазіргі уақыттағы жаңа технологияларды қолданаотырып, банктік өнімдерді біріктіру амалы шығындарды топтастыруға және олардың өтелу мерзімін төмендетуге мүмкіндік береді, жер-жерде кеңінен тираждау мүмкіндігі есебінен айырбас пен енгізуге ерекше жағдайлар туғызады. Филиалдардың санын кемітпей біріктіру және ірілендіру арқылы әкімшілік шығындардың дифференциалдық стандартын енгізу өзекті болып отыр.

Басқару икемділігін арттыру, өкілеттіктерді тиімді үлестіру және бөлімшелер қызметін қаржылық нәтижелердің өсуіне бағдарлау бағытында банктің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру жоспарлануда.

Орталықтандырылған басқаруды сақтай отырып, стратегиялық даму, құрылымдық саясат, тәуекелдіктерді басқару мәселелерімен клиенттермен жұмыс істейтін филиалдар мен бөлімшелердің уәкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр, соның арқасында елеулі географиялық шашырандылықпен шартталған Банктің филиалдық желісін басқару қиыншылықтарын жеңу, шешімдердің қабылдану және орындалу жеделдігін төмендететін факторлардың ықпалын шектеу, басқару жүйесінің құрылымдық звенолары арасында қызметтер мен уәкілеттіктердің үлестірілуінде тиімді тепе-теңдікке қол жеткізу көзделіп отыр.

Ұйымдастырушылық құрылым және филиалдық желі клиенттердің аймақтық ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле оптимизацияланбақ. Басқашаайтқанда мобильді ете отырып банк құрылымын модернизациялау, қайталанбалы қызметтердің орын алуын болдырмай, бақылау функцияларын қатаң ету жоспарлануда.

Маңызды бағыттардың тағы бірі банктің техникалық жарақтануын жоғарылату ІТ (ақпараттық технологиялар) болып табылады. Бұл құжаттардың  ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, төлемдердің өту мерзімінің қысқаруын қаматамасыз ететін жаңа технологиялық шешімдер табуға, есеп айырсуларды жетілдіруге, есеп айырысулардың жылдамдығы мен ұсынылған қызметер сапасының бірегей стандартын енгізуді ескере отырып, электрондық құжат алмасуды дамытуға мүмкіндік береді.

Персоналдың кәсіби біліктілігін бағалау ісі қайта қарастырылмақ, бастапқы звено мен филиалдар қызметкерлерінің профессионалдық деңгейін арттыруға көңіл бөлінуде. Өкінішке орай. қазір персоналды моральдық және материалдық ынталадыру, мотивациялау жүйелерінің тиімділігіонша емес, бұл кадрларды жоғалту тәуекелін тудырады және даярлау мен оқытуға деген ақталмаған шығындарға әкеледі. Банк басшылығы бұл  мәселені түбегейлі өзгертпек.

Халықаралық іс-әрекетте жуырда едәуір агрессивті бәсекелестік саясатты жүргізу көзделіп келеді. Банктің капитализациялану деңгейін арттыруды жариялау банкке қойылған мақсаттарға, соның ішінде синдикаттық заемдарға қол жеткізуге көмек берері сөзсіз.

Халықаралық капитал нарығында қаржыландыруды тартумен қатар, активтіоперацияларды арттыру үшін ресурстық базаны кеңейту мақсатында қаражаттарды тарту мерзімін ұзарту, ресурстардың жалпы құнын төмендету, тартылған ресурстар құрылымын "баға-мерзім-қайта бағалау тәуекелі" параметрлері бойыншаоптимизациялау жоспарланып отыр.

Өз қызметтерінің тартымдылығын арттыру үшін Банк салым өнімдерін несиелік және сақтандыру өнімдерімен біріктіруді қарастырмақ, салымшылардың тұрғын үйге, ірі сатып алуларға деген, оқуғаақы төлеуге қатысты, туризм және демалыспен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған біріккен сызбалар жасалады, яғни басқашаайтқанда, банк өзінің депозиттік өнімдерінің тартымдылығын арттыру үшін пайыздық емес тетіктерді қолдану қарастылып отыр.

Қаржыландыру мен несиелеуді ұсынуда Банк клиенттеріне кеңестер беру мен қосымша қызметтер көрсетуге ерекше мән қойылмақ. Жоғарыдааталғандардың барлығы клиенттермен ұзақ мерзімді серіктік қатынастарды дамытуға бағытталған және корпоративтік клиенттер шоттарындағы қалдықтардың ауытқу тәуекелдіктерін қысқартып, оларды едәуір божамды әрі жоспарлы етуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Банктің несиелік саясаты