Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 11:00, курсовая работа
Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1 НАРЫҚ ШАРТТАРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ РӨЛІ..............................................................................................................................6
1.1 Ақша қаражаттарының түсінігі............................................................................6
1.2 Ақша қаражаттарының функциялары.................................................................8
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ...............................................................11
2.1 Ақша қаражаттарының құжаттық ресімделуі...................................................11
2.2 Касса операцияларының есебі............................................................................14
2.3 Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар есебі..........................................20
3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ.............................................................27
3.1 Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті............................................27
3.2 Кассалық операцияларды тексеру.....................................................................33
3.3 Банк операцияларының аудиті...........................................................................38
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................
Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы мен негіздігін тексеруге тиісті. Кәсіпорындар, мәселен, сауда кәсіпорнына сатып алынған азық-түлік тауарларына ақша аударуы мүмкін, ал шын мәнінде қоймаға түспеген немесе құжатта көрсетілген ассортименттен басқасы түскен оқиғалар болады. Кәсіпорындар орындалмаған құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстары үшін, сондай-ақ делдалдарды «құтқару» мақсатымен жеткізіп берілмеген техника үшін ақша аударатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан банктегі ақшалай қаражат шоттары бойынша операциялар ревизиясында қарама-қарсы тексерулер, әсіресе, біртектес операциялар бойынша өзара байланысқан бастапқы құжаттарды мұқият тексеріп өткізу талап етіледі [24].
Валюталық шоттағы операциялар аудитінде төменде келтірілген ерекше жағдайлармен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:
Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеруі қажет:
Егер арнайы шотта шетелдік валюта есепке алынса, онда олар жөніндегі операциялар валюталық шот жөніндегі тәртіппен атқарылады.
Аудитор жол-жөнекей ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттың (аударымның) кәсіпорынның ағымдағы шотына немесе басқа шотқа есепке қосу үшін банк кассасына, жинақ кассасына немесе пошта бөлімшесінің кассасына салынған, бірақ белгілеуі бойынша әлі есепке алынбаған ақшалай соманың (көбінесе сауда түсімі) қозғалысы туралы ақпаратты оқып-білуі керек. 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» шоты бойынша есепке алу үшін банк мекемесінің, пошта бөлімшесінің түбіртектері, банк инкассаторларына тапсыруға арналған ілеспе тізімдеме (ведомосттердің) көшірмелері негіз болып саналады.
Жолдағы ақша аудитімен бухгалтерлік есепте 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай-ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығын және бастапқы құжаттардың 3 журнал-ордерде және Бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, бухгалтерлік есеп бүгінгі таңда басқару жүйесінде маңызды орындардың бірін алады. Ол өндірістің, айналыстың, бүлудің және түтынудың нақты үрдістерін күрсетіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарында, Ұлттық Қаржылық есеп стандарттарындажәне Типтік шоттар жоспарында бекітілген принциптеріне сэйкес жүргізіледі.
Әр бір кәсіпорын үзінің қызметі барысында сатып алынған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін басқа шаруашылық жүргізуші субьектілермен, бюджеттік мекемелермен, бюджеттен тыс қорлармен және т.б. мекемелермен есеп айырысады. Ал, есеп айырысу операцияларының тиімділігі күбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу қолма қол және қолма қолсыз нысанда жүреді.
Қолма-қолсыз ақшаның есебі есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебі арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебі касса операцияларының есебі бойынша жүзеге асады.
Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бүл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айырысу тек қолма -қолсыз түрде жүзеге асу керек.
Ақша қаражаттардың есебі мынадай алғашқы құжаттардың негізінде жүзеге асады:
- төлем тапсырмасы;
- нақты жарнаға хабарландыру;
- төлем талап тапсырмасы;
- кіріс касса ордері;
- шығыс касса ордері;
- ақшалай чектер;
- слиптер;
- қаражатты депонирлеудің төлем тапсырмасы;
- банктік көшірмелер.
Әр бір кәсіпорын басшылары кәсіпорын қызметін дүрыс жолға қойып, пайдасын асыру үшін ішкі аудитті жүргізу керек.
Кәсіпорынның барлық қаржылық нәтижелері қаржылық есеп беруде шығарылады.
Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.
Ақшалай есеп айырысулар, негізінде, банк мекемелері арқылы олардың бақылауымен ақшалай қаражаттарды төлеушінің шотынан алушының шотына қолма-қол ақшасыз төлемдер түрінде аудару жолымен жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды қолдану мемлекетке банкте бос ақшаларды шоғырландыруға, олардың айналымына қатал бақылау жасауға мүмкіндік береді, кейбір мекемелердің салт ақшаларға деген мұқтаждықтарын азайтады және ақшалай қаражаттардың толық сақталуын қамтамасыз етеді.
Қатал есеп айырысу-төлем тәртібін, ақшалай қаражаттарды олардың белгілі мақсатқа сәйкес пайдалануды жүйелі түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарт ақшалай және есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру болып табылады да, ақшалай қаражаттардың сақталуы және мақсатты пайдалануына, кассалық және сеп айырысу тәртібінің сақтауына қатал бақылау жасауды қамтамасыз ету – оның негізгі мақсаты. Осы мақсаттарға жету көп жағдайда бухгалтерияның аппаратына байланысты, сондықтан ақшалай қаражаттарды есепке алу келесі негізгі міндеттерді орындауға қажет:
− мекемелер мен кәсіпорындардың кассасына түскен түсімдерін уақытында және толық кіріске алуды күнделікті қатал бақылау;
− кәсіпорындардағы салт ақшалардың дұрыс сақталуы мен қозғалысына тұрақты қатал бақылауды қамтамасыз ету;
− ақшалай қаражаттармен жүргізілетін шаруашылық операциялардың құжаттық ресімделуінің белгіленген тәртібін, заңдылығын және мақсатқа сәйкестігін қатал сақтау, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есеп шоттарныда уақытында және дұрыс көрсету;
− ақшалай қаражаттарды банк мекемесіне уақытында және толық өткізуді, түсімдерден салт ақшаларды жұмсау мөлшерлерін (нормаларын) қатал сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
− кассадағы, ағымдағы банктік шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы ақшалай қаражаттарды түгендеуді уақытында өткізу, салт ақшалардың анықталған жетіспеушіліктері мен ұрлықтан болған сомаларында толық және уақытында өтеу, оның нәтижелерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету және қаржылық есептіліктің тиісті баптарының толық нақтылығын қамтамасыз ету.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
18. Балапанова Ә.Ж. «Аудиттің теориялық негіздері». Алматы 2003ж.
19. Дюсембаев К.Ш. и др. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы 1998г. 432с.
20. Дюсембаев К.Ш., «Аудит и анализ в системе управления финансами» Алматы 2000г., 293с.
21. Айтжанова Ж.Н. «Бухгалтерский учет, отчетность и аудит устойчивого экономического развития». Алматы 2002, 205с.
22. Абдыкалыков Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского учета и аудита» Алматы 2001, 236с.
23. «Аудит». Под редакцией профессора В.И. Подольского Москва 1997г. 432с.
24. Әбдіқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы 2000ж. 1686.