Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 11:00, курсовая работа
Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1 НАРЫҚ ШАРТТАРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ РӨЛІ..............................................................................................................................6
1.1 Ақша қаражаттарының түсінігі............................................................................6
1.2 Ақша қаражаттарының функциялары.................................................................8
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ...............................................................11
2.1 Ақша қаражаттарының құжаттық ресімделуі...................................................11
2.2 Касса операцияларының есебі............................................................................14
2.3 Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар есебі..........................................20
3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ.............................................................27
3.1 Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті............................................27
3.2 Кассалық операцияларды тексеру.....................................................................33
3.3 Банк операцияларының аудиті...........................................................................38
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................
Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.
Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған aқшa қаражаттарыныц таза түciмi таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілеіндер:
—eceптi кезең ішінде тауарлы-материалдық қорлардағыжәне операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;
Түсіндірме жазбада кәсіпорындағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.
Кәсіпорынның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын аньқтау үшін пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.
Есеп – есептілік құжаттамаларын қолмен, сол сияқты автоматтандырылған түрде өңдеу жағдайында ақшаның кассаға келіп түсуі кассалық кіріс ордермен ресімделеді, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Ақша тапсырған адамның қолына түбіртек (ордердің жыртылған бөлігі) беріледі, ал ордер кассада қалады және кіріс пен шығыс кассалық құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.
Кассадан ақша беру бір данада шығыс кассалық ордермен немесе қажетті деңгейде ресімделген төлем ведомостармен, ақша беруді сұрап жазған өтінішпен, шоттармен және басшы менбас бухгалтер қол қойған өзге құжаттармен ресімделеді. Егер шығыс кассалық ордерлерге тіркелетін құжаттарда кәсіпорын басшысының рұқсат еткен қолы бар болса, онда шығыс кассалық ордерлерде оның қолының болуы міндетті емес.
Операция жасағаннан кейін, дұрыс ресімделген ордерге кассир қол қояды, оған тіркелген құжаттар мөртабанмен (штамппен) мөрлендіріледі (айналыстан шығарылады) немесе күні, айы, жылы жазылумен, қолмен «Алынды» немесе «Төленді» деп толтырылады.
Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу үшін «Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналы» қолданылады. Журнал кіріс және шығыс кассалық құжаттарына бөлек ашылады.
Кассадағы ақша қозғалысының есебі каса кітабында жүргізіледі және ол нөмірленіп, бау өткізіліп, басшының, бас бухгалтердің қолы қойылып, мөр басылуы тиіс.
Әрбір кәсіпорынның теңгедегі ақшаға бір каса кітабыжәне валютаға өзге касса кітабы болуы мүмкін.
Касса операцияларының көлемі шағын боғанда, кассалық есепті 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі. Күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет жұмыс күнінің соңында кассир кіріс және шығыс құжаттарын тіркей отырып, бухгалтерияға қолхатпен есепті табыс етеді.
2.2 Касса операцияларының есебі
Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.
Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса – бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді [13].
Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.
Мекемелердің кассаларына қолма-қол есеп айырылысулар арқылы тауарлардысату, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындаудан салт ақшалар түрінде түсімдердің үлкенсомалары күнде түседі және жиналады.
Салт ақшалардықабылдап алу, сақтау және беру,кассалық құжаттарды ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік мекемелердекассалық операциялар жүргізутуралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі №195 бұйрығына (2007 жылғы 03 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес өзгерістер ментолықтырулар енгізуі туралы) сәйкес Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің тәртбімен белгіленген. Бұл тәртіпті сақтаужауапкершілігі мекеме басшысы, басбухгалтер және кассиргежүктеледі [14].
Мекемелердің кассасындағы салт ақшалар қалдықтарының белгіленген мөлшерлерден тыс барлық ақшалары банк мекемесімен келісілген тәртібі мен мезгіліне сәйкес шоттарға аудару үшін банкке өткізуге міндетті. Олар өз кассаларында өздеріне белгіленген мөлшерлерден тыс салт ақшаларды еңбекақы, жәрдемақы,зейнетақы және оқуақы төлеу үшін және тек банк мекемесінен ақшаалған күнді қоспағанда үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімінде ғана сақтауға құқы бар. Банкпен келісу бойынша бұл мерзім бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзім өткеннен кейін төленбеген (депоненттелген) еңбекақы банкке өткізілуі керек, кейін депоненттердің бірінші талаптары бойынша уақытында алмаған тұлғаларға төлеу үшін қайтадан банктан кассаға түседі.
Кассалық операцияларды жүргізу үшін мекеме штатында кассир қызметі қарастырылуы тиіс, ол қабылдап алған барлық құндылықтардың сақталуына толық материалдық жауапкершілікте болады.
Мекеме басшысы кассирмен материалдық жауапкершілігі туралы келісім-шарт жасайды да, одан қабылдайтын құндылықтар үшін толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша міндеттеме алады және «Кассалық операцияларды жүргізу туралы ережемен» таныстырылғаны туралы қолхат алады. Бұл міндеттеме кассирдің жеке ісінде сақталады. Келісім-шарт пен міндеттеменің нысандары келтірілген (Қосымша 2, 3).
Кассирге өзіне тапсырылған істі орындауды басқа тұлғаға сеніп беруге үзілді-кесілді рұқсат етілмейді. Кассирді уақытша ауыстыру қажет болған жағдайда оның міндеттерін орындау мекеме басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа тұлғаға міндеттеледі де, одан әкмшілік, өз кезегінде, толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша міндеттеме алады. Мұнда кассир қызметін орындаушы тұлға бас бухгалтердің немесе өкілетті тұлғасының қатысуымен қызметтен кететін кассирден барлық құндылықтарды кесім бойынша қабылдап алады. Осылай тәртіп бойынша кассирдің қызметтен босатылғаны ресімделеді [15].
Кассирдің күтпеген жағдайда қызметін тастағанда (ауыру және т.б.) оның есебінде болған құндылықтарды басқа кассирге түгендеу комиссиясы мүшелерінің қатысуымен комиссияның қол қойған құндылықтарды қайта есептеу және беру туралы міндетті кесім жасаумен басқа кассирге табыс етеді.
Үлкен көлемде бөлімдер (дүкендер, дүңгершектер және т.б.) немесе орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсеткен мекемелерде еңбекақы, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы, зейнетақы, оқуақы төлеуші мекеме басшысынан басқа (кассирден басқа) тұлғалардың жазба бұйрығы (қаулысы) бойынша беріле алады. Бұл тұлғалар әкімшілікке толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша міндеттеме береді және онда кассирдің барлық құықтары мен міндеттері таратылған.
Мекемелердің басшылары кассадағы ақшалай қаражаттардың, сондай-ақ оларды банк мекемелерінен жеткізу және банкке өткізу кезінде сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Кассаның бөлмесі бөлек және кассаларды техникалық нығайту және күзет-өрт белгі беру құралдарымен жабдықтау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталынуы керек. Ақшалай операциялар жүргізген уақытта кассаға кіретін есік ішкі жағынан жабық болуы керек. Касса бөлмесіне оған қатынасы жоқ адамдарға кіруге рұқсат етілмейді.
Кассада осы мекемеге тән емес салт ақшалар мен басқа да құндылықтарды сақтауға тыйым салынады.Касса бөлмесін және сейфтерді ашу алдында кассир құлыптар, есіктер, терезенің торлары және мөрлерінің бұзылмай сақталғанын мұқият қарап шығуға міндетті. Мөрлерді алып тастау, құлыптар, есіктер және терезедегі торларды сындыру немесе бүлдіру байқалған кезде кассир бұл туралы мекеме басшысына дереу хабарлауға міндетті, ол өз кезегігде болған оқиға туралы ішкі істер органдарына мәлімдеме білдіріп қоюы керек.Мұндай жағдайда мекеме басшысы, бас бухгалтер немесе оларды алмастыратын тұлғалар, сондай-ақ кассир ішкі істер органдарынан рұқсат алғаннан кейін кассадағы ақшалай қаражаттар мен басқа да құндылықтардың қолда барына тексеру жүргізеді де, оның нәтижелері туралы үш данада кесім жасалады да, тексеруге қатысқан барлық тұлғалар қол қояды. Кесімнің бір данасы ішкі істер органына, екіншісі жоғарыдағы мекемеге, ал үшіншісі мекмеде қалады. Мұндай тексеру кассалық операциялардың басталуына дейін болу керек [16].
Кассалық операцияларды статистика органдары бекіткен үлгі ведомстволықнысандағы құжаттармен ресімделеді және меншік түрлері мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық мекемелерде өзгерусіз қолданылуға тиіс.
Мекеме кассалары салт ақшаларды қабылдауды Кіріс касса ордері (№КО-1нысаны, қосымша 4) бойынша жүргізеді. Ол бухгалтерияда жазылады да, Кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналына (№КО-3нысаны, қосымша 5) тіркеледі де, одан кейін бас бухгалтер немесе оған өкілетті тұлға қол қояды.
Тіркеу журналы кіріс және шығыс касса ордерлеріне жеке ашылады. Онда кіріс (шығыс) құжатының күні мен нөмірі, түскен (жұмсалған) сомалардың мақсатты берілгені жазылады.
Кіріс касса ордерлерінде ақшалар кімнен және не үшін алынды, олардың сомасы көрсетіледі және ордерді жазуға негіз болған құжаттарға сілтеме жасалады. Касса ордері тіркеуден және бас бухгалтер қол қойғаннан кейін орындау үшін тікелей кассаға беріледі де, онда кассир оның ресімделуінің дұрыстығын, бас бухгалтердің қолының бар екенін мұқият тексереді де, кіріс касса ордерімен түбіртекке қол қояды. Кассаға ақша өткізген тұлғаға ақшаны алғанын растайтын жоғарыда аталған тұлғалардың қолымен және мекеменің мөрімен бекітілген кірі касса ордерінің жыртылмалы түбіртегі беріледі. Ақшалар кіріс касса ордерлері бойынша тек құжаттарды толтырған күні ғана қабылданып алынады.
Кіріс касса ордерлері немесе оларды алмастыратын құжаттарға ақшаларды алғаннан кейін кассир дереу қол қояды, ал оған тіркелген құжаттар міндетті түрде күнін (санын, айын, жылын) көрсетіп «Алынды» мөртабанымен жойылады. Бұл оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болғызбайды.
Мекеме кассасынан салт ақшалар Шығыс касса ордерлері (№КО-2 нысаны, қосымша 6) немесе тиісті ресімделген шығыс касса ордердің деректемелері бар арнайы мөртабан қойылған басқа да құжаттар (төлемдер тізімдемелері, ақша беруге өтітініш, шоттар) негізінде беріледі.
Ақша беруге толтырылған барлық құжаттарға мекеме басшысы мен бас бухгалтер немесе оған өкілетті тұлғалар қол қоюы қажет. Егер шығыс касса ордерлерге тіркелеген құжаттарда (тізімдемелерде, өтініштерде, шоттарда және т.б.) мекеме басшысының рұқсат ететін қолы ьолса, онда оның қолы шығыс касса ордерлеріне міндетті емес.
Мекеменің кассирі түсімдерді банкке, әдеттегідей, банктің инкассаторы арқылы өткізеді және үш дана жолдама тізімдеме жазып ресімдейді, олардың әрбіреуінің өзіндік атауы және міндеті бар. Бірінші данасы – жолдама тізімдеме инкассаторлық (ақшалық) қалтаға салынады, екінші – құжаттың данасы инкассаторға қапшықпен беріледі, үшінші – жолдама тізімдеменің көшірмесі – кассирде қалады да, одан өткізілген ақшаларды шығынға жазуға негіз болады.
Кассадағы салт ақшалардың қозғалысын және қалдықтарын есепке алу үшін кассир Касса кітабын (№КО-4 нысаны, қосымша 7) жүргізеді, оның беттері нөмірленген, бау өткізілген және мөрмен бекітілген болуы керек.
Әрбір мекеме тек бір касса кітабын жүргізуге тиіс. Касса кітабына кассир жазуды көшірме қағаз арқылы екі данада шариктік қалам, химиялық қарындаш немесе сиямен жұмыс күні ішінде әрбір кассалық ордер немесе оны алмастыратын басқа құжаттар бойынша ақшаларды алысымен немесе берісімен бірден жүргізеді. Кітапта кіріс және шығыс касса орделерінің нөмірлері, ақшалар кімнен алынды немесе кімге берілді, корреспондірлеуші шоттардың нөмірлері, кіріс және шығыс бойынша ақшалар сомасы көрсетіледі.
Касса кітабында тазартып өшіру және түсіндірме ескерту жасалмаған түзетулерге тыйым салынады. Жасалған түзетулер кассир мен бас бухгалтер немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбаларымен куәландырылады.
Касса кітабын жүргізудің дұрыстығын бақылау мекеменің бас бухгалтеріне жүктеледі.
Кассалық операцияларды есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» атты активтік жинақтамалы (синтетикалық) шоты қарастырылған. Бұл шотта кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады. Мекемелер қаржы-шаруашылық қызмет барысында шетелдік валюталарын пайдаланған жағдайда осы шотқа қосымша 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» атты шот ашулары керек.
Бухгалтерлік есеп шотында кассалық операцияларды көрсетуге кассирдің есеп берулері және оған тіркелген кіріс және шығыс касса ордерлері мен оларды алмастыратын ақтаушы құжаттары негіз болады. Сондықтан кассалық есеп берудің топталған біртекті шаруашылық операцияларының жиынтық көрсеткштері №1 журнал-ордер мен оның тізімдемесінде корреспендірлеуші шоттар бойынша көрсетіледі. №1 журнал-ордері мен оның тізімдемесі кассадағы қолда бар ақшалармен жүргізілген операцияларды есепке алуға арналған және мұнда кассалық операциялар көп бағаналы тіркелімде жүйеге келтіріледі. 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоттары топтарының дебетімен корреспендірлеуші басқа шотардың кредиті бойынша таратылған сомалар тізімдемеде және көрсетілген шоттардың кредитімен корреспондірлеуші басқа шоттардың дебеті бойынша таратылған сомалар журнал-ордерде көрсетіледі.
Егер мекеменің валюталық шоты болмаса, ол қажет болғанда өкілетті банк мекемесінен қолма-қол валюта сатып алуына болады. Қолма-қол валюталармен жүргізетін операцияларды есепке алу үшін 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» шотын ашу керек.
Қолма-қол валютаның түсуі мен беруін құжаттық ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі касса бойынша теңгелік баламалы түрінде жүргізілген операцияларды құжаттау мен есепке алу тәртібіне ұқсас. Тек ерекше өзгешіліктері – кіріс және шығыс касса ордерлерінде, оларды алмастыратын құжаттарда және касса кітабында қаражаттардың қозғалысы жөніндегі операциялар шетелдік валютада қалай болса, оның операцияларды жүргізген күніне қолданып келген валюта айырбастаудың нарықтық бағам бойынша есептелген теңгелік баламасымен де солай көрсетіледі [17].