Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 11:00, курсовая работа
Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1 НАРЫҚ ШАРТТАРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ РӨЛІ..............................................................................................................................6
1.1 Ақша қаражаттарының түсінігі............................................................................6
1.2 Ақша қаражаттарының функциялары.................................................................8
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ...............................................................11
2.1 Ақша қаражаттарының құжаттық ресімделуі...................................................11
2.2 Касса операцияларының есебі............................................................................14
2.3 Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар есебі..........................................20
3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ.............................................................27
3.1 Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті............................................27
3.2 Кассалық операцияларды тексеру.....................................................................33
3.3 Банк операцияларының аудиті...........................................................................38
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................
Кассадағы ұлттық және шетелдік валюта түріндегі ақшаларды есепке алу бойынша шоттардың негізгі корреспонденциясы төменде кесте 1 көрсетілген (қалғаны Қосымша 8):
Кесте 1 - Кассадағы ұлттық және шетелдік валюта түріндегі ақшаларды есепке алу бойынша шоттардың негізгі корреспонденциясы
Реттік № |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттардың корреспонденциясы | |
шоттың дебеті |
шоттың кредиті | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Сатып алушылардан қолма-қол төлемдердің түсуі: | |||
сатылған тауарлық-материалдық қорлар үшін |
100 000 |
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» |
1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылар- дың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» | |
вексельдер бойынша қарыздарды өтеу |
70 000 |
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» |
1130 «Өтеуге дейін Ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар» | |
2 |
Еншілес ұйымдардың қолма-қол ақшалармен қарыздарының түсуі |
60 000 |
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» |
1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі 1230»Қауымдастырыл- ған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» |
3 |
Сыйақылар бойынша қарыздардың түсуі |
50 000 |
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» |
1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар» |
4 |
Кассадан ұлттық немесе шетелдік валюта түрінде қолма-қол ақшамен төленді: | |||
келіп түскен негізгі құралдар |
75 000 |
2410 «Негізгі құралдар» |
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» | |
сатып алынған материалдық емес активтер |
50 000 |
2710 «Гудвилл» 2730 «Өзге материалдық емес активтер» |
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» 1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» |
Жолдағы ақшалай қаражаттардың қолда бары мен қозғалысының ағымдағы есебін және жүйелі бақылау жүргізу үшін 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» атты активтік шот арналған. 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» шотының дебеті бойынша жазулардың негізі – кассирдің кассалық есеп беруіне, банк мекемесінің, байланыс пошта бөлімшелерінің түбіртектері, инкассаторларға түсімді өткізуге жасалған жолдама тізімдемелері және халық банкілерінің тиісті құжаттары болып табылады.
Жолдағы ақшалай қаражаттардың талдамалы (аналитикалық) есебі №3журнал-ордерде жүргізіледі, ол 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» шотының кредит бойынша көрсетілген операцияларды топтастыру үшін, ал №3 журнал-ордердің тізімдемесі (ведомосы) осы шоттың дебеті бойынша көрсетілген операцияларды топтастыру үшін арналған.
Мекеменің кассасынан түсімдерді банкке банктің инкассаторлары, байланыс пошта бөлімшелері, халық банкі және т.б. арқылы өткізгенді растайтын жоғарыда аталған құжаттардың негізінде бухгалтерлік есепшоттарында келесі жазу жасалады:
1020 «Жолдағы ақша қаражаты» шотының дебеті........25.000
Тиісті шоттардың кредиті:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты».....
1011 «Кассадағы валютамен
ақша қаражаты»..............
Өзінен жоғары тұратын мекемесінен немесе аналық кәсіпорнынан алынған хабарлама қағаздар және басқа да құжаттар бойынша банктің төлеуге қабылдаған, бірақ әлі алушының шотына түспеген сомаларға мынадай бухгалтерлік жазу жасалады:
1020 «Жолдағы ақша қаражаты» шотының дебеті.........60.000
1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының кредиті.........60.000
Мекеменің ағымдағы шотына жоғарыда көрсетілген сомалардың түскені туралы банктің жазбаша үзіндісі түсуне қарай бухгалтерлік есеп шоттарында жазу жүргізіледі:
1030 «Ағымдағы банктік
шоттардың ақша қаражаты»
1020 «Жолдағы ақша қаражаты» шотының кредиті.......32.000
2.3 Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар есебі
Мекемелердің банк ұйымдарында ағымдағы корреспонденттік және валюталық есепшоттардан басқа, ел аймағы мен шетелдерде аккредитивтерде, чектік кітапшаларда, сондай-ақ жекесақталуға жатқызылатын арнайы қаржыландырылатын қаржылар ұлттық және шетелдік валюталарда сақталатын есепшоттары болады.
Мекемелердің аталған арнайы есеп шоттарындағы ақшалай қаражаттардыңқолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында арнайы жеке шоттар қарастырылмаған, бірақ оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 1060 «Өзге ақша қаражаты» шотын пайдалануға болады, тек бұл шотқа тиісті 1061 «Аккредитивтердегіақша қаражаты», 1062 «Чек кітапшаларындағы ақша қаражаты», 1063 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаты» қосымша шоттарын ашу керек.
Аккредитив – бұл клиенттің нұсқаулығымен және өтінішібойынша немесе банктің жеке өз қалауыбойынша көрсетілген бенефициарға немесе оның бұйрығымен төлем немесе бенефициар талап еткен аударым вексельдеріне акцепт және төлеу немесе аккредитивте көзделген құжаттарда қарсы белгіленген мерзімге негоциация жасауға, егер аккредитивтің барлық талаптары сақталса, банк өзіне алған міндеттеме.Аккредитив сатып алу-сату келісім-шартынан немесе өзге де келісім-шарттан ерекшеленген мәміле болып табылады [18].
Құжаттық есеп айырылысулар – бұл сатушы мен сатып алушының арасындағы жазбаша келісімдер қарастырылған және банк ішінде қолданылатын: коносамент, көлік, тауар құжаттамасы, тасымалдаудың аралас түрлерінің көлік құжаты, курьерлік және пошталық түбіртек, сақтандыру полисі, коммерциялық есепшоттар,сапа сертификаты, варрант, тауардың шығу тегі туралы куәлік, жүктің салмағы туралы анықтама және басқа құжаттарды ұсынғанда банк жүзеге асыратын төлем.
Аккредитивті сатып алушы мен жабдықтаушы жасаған келісім-шарттың негізінде сатып алушының меншікті қаражаттары немесе банктің несиелері есебінен сатып алушы жабдықтаушының банкінде ашады.
Аккредитив ашу үшін сатып алушы (төлеуші) қызмет көрсететін банкке (банк-эмитентке) бес данада арнайы бланкте жазылған өтініш ұсынады. Аккредитивтердің келесі түрлерін ашуға болады:
Жабылатын (депоненттелген) аккредитив деп оны ашқан кезде банк-эмитент төлеушінің (сатып алушының) меншікті қаражаттары немес несиелер есебінен аккредитивтің сомасына тең ақша, сомасын (жабылатын) банк-эмитенттің міндеттемелерін барлық әрекет ету мерзіміне жабдықтаушының банкінің (орындаушы банктің) билігіне жеке теңгерімдік (баланстық) есеп шотына аударылған ақшаларды айтады.
Жабылмаған (кеплденген) аккредитив орындаушы банкке өзінде ашылған банк эмитенттің есеп шотынан аккредитивтің барлық сомасын шығынға жазу құқығын беру арқылы орныдаушы банкте ашылуы мүмкін, егер банктер арасында корреспондірлеушілік қарым-қатынастар бар болса.
Қайтарылып алынатын аккредитив жағдайында өзгерту барлық өкімдерді төлеуші жабдықтаушыға (бенефициарға) тек банк-эмитент арқылы бере алады. Банк-эмитент жабдықтаушының банкіне (орындаушы банкке), ал соңғы жабдықтаушыға хабар береді. Бірақ орындаушы банк аккредитивті өзгерту немесе жою туралы хабарлау қағазды жабдықтаушының банкі алғанша аккредитивтің шарттарына сәйкес жабдықтаушының ұсынылғ н және оның банкі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтарылып алынбайтын аккредитив – оның барлық шарттарын орындаған кезде аккредитив бойынша төлемдер жасауды банк-эмитенттің міндетіне қосымша орындаушы банк растаған банк-эмитенттің қатаң міндеті болып табылады. Қайтарылып алынбайтын аккредитивті арнайы жабдықтаушынығ пайдасына ашылғандықтан оның келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға болмайды [19].
Сатып алушының өтініші негізінде оған қызмет көрсететін банк (банк-эмитент) сатып алушының есепшотына қаржылар депоненттейді де, бұл ьуралы жабдықтаушының банкіне хабарлайды. Жабдықтаушының банкі жабдықтаушының атына аккредитив ашылғаны туралы хабарлама қағаз жібереді.
Жабдықтаушының банкі аккредитив бойынша қаржыны дұрыс пайдалануын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші (сатып алушы) оған аккредитив сомасынан белгіленген мөлшерде комиссиялық төлем төлейді. Бұл сома төлем тапсырмасында жеке көрсетіледі.
Әрбір аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға және келісім-шарт пен өтініште сатып алушы (төлеуші) көрсеткен белгілі бір мерзімгеұсынылады.
Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушы тауарларды сатып алушыға жөнелткеннен кейін тауарларды тиеп жөнелтілгенін ресімдегенжәне аккредитив шарттарымен қарастырылған басқа да құжаттарды қызмет көрсететін банк мекемесіне ұсынады.
Жабдықтаушы банкіге үш дана шоттардың тізімдерін ұсынады да, олардың біріншісі мемориалдық ордер ретінде пайдаланылады, екінші данасы тауарлық-көліктік құжаттарының хаттамасымен және банкінің белгісімен төлеушіге (сатып алушыға) тапсыру үшін банк-эмитентке жіберіледі де, ал үшінші дана шоттар тізімдердің қабылданғаны жөнінде қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі.
Аккредитив бойынша төлеу кезінде жабдықтаушының банкі (орындаушы банк) жабдықтаушының аккредитивтіңбарлық шарттарының сақталғанын, сондай-ақ шоттардың тізімінің дұрыс ресімделгенін, ондағы жабдықтаушының қолы мен мөр таңбасының мәлімденген үлгіге сәйкестігін тексеруге міндетті.
Осы шарттардың тіпті біреуі бұзылса, аккредитив бойынша төлемдер жүргізілмейді.Егер аккредитив шарттарымен уәкілетті сатып алушының келісімі (акцепті) қарастырылған болса, онда келісімдік (акцептік) жазбаның бар болуын және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігін тексереді. Мұндайда уәкілетті тұлғалар уәкілетті банкіге ұсынуға міндетті: төлқұжат (паспорт) немесе оны алмастыратын басқа құжат; өзінің қолының үлгісі, егер ондай банкіде болмаса (банкіде қорлардың үлгілерінің карточкасы толтырылады); іссапар куәлігі немесе аккредитив ашқан мекеменің берген сенімхаты [20].
Аккредитив есебінен төлеу үшін келісім берілген (акцептелген) шоттардың тізілімдері немесе тауарлық-көліктік құжаттарға уәкіл «... аккредитив есебінен келісілген (акцептелген)» деген өкімдік жазу жасайды.
Аккредитивтен қолма-қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді.
Жабдықтаушысының банкісінде аккредитив келесі жағдайларда жабылады: аккредитивтің мерзімінің өтуі бойынша; шоттардың тізіліміне жабдықтаушының аккредитивті келешекте пайдаланудан бас тартқаны туралы жазуы негізінде мерзімі өткенше аккредитивті келещекте бас тартуы жөніндегі жабдықтаушынының өтініші бойынша; сатып алушының аккредитивтің сомасын толық немесе жарым-жартылай қайтарып алуына байланысты.
Аккредитивтің жабылғаны туралы орындаушы банк банк-эмитентке хабарбар етеді. Аккредитивтің пайдаланылмаған сомалары сатып алушының банкіне оның нұсқауы бойынша аударылады да, ағымдағы есеп шотқа қосылады, егер аккредитив өзінің меншікті қаражаттарынан депоненттелген болса немесе осы мақсатқа банктің берген несиелерін (қарыздарын) өтеуге бағытталады.
Енді аккредитивтермен есеп айырысуларды есепке алу бойынша шоттардың негізгі корреспонденцияларын қарастырамыз.
Аккредитив мекеменің меншікті қаражаттары есебінен ашылған кезде, банктің көшірмесі негізінде бухгалтерлік есеп шоттарына келесі жазулар жазылады:
1060 «Өзге ақша қаражаты» шотының
1061«Аккредитивтердегі ақша қаражаты» қосымша шотының дебеті..........45.000
1030«Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотының кредиті........45.000
Егер аккредитив банкінің қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелердің есебінен ұсынылған болса, онда банктің көшірмесі негізінде келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:
1060 «Өзге ақша қаражаты» шотының
1061«Аккредитивтердегі ақша қаражаты» қосымша шотының дебеті..........150.000
3010 «Қысқа мерзімді банктік
қарыздар» шотының кредиті.....
4010 «Ұзақ мерзімді банктік
қарыздар» шотының кредиті.....
Аккредитивтен төленетін барлық төлемдер банктің тікелей бақылауымен жүргізіледі.
Жабдықтаушылардың жөнелтілген тауарлар үшін аккредитив есебінен төленген шоттарының сомасына банктің көшірмесінің негізінде сатып алушының бухгалтериясы келесі бухгалтерлік жазу жасайды:
3310 «Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді
берешек» шотының дебеті.......
1060 «Өзге ақша қаражаты» шотының
1061 «Аккредитивтердегі ақша
қаражаты» қосымша шотының
Аккредитив жабылған кезде аккредитивтің толық немесе жаым-жартылай (ішінара) пайдаланылмаған сомалары қаржыларды депоненттелген көздеріне қарай ағымдағы есепшотқа қосылады немесе банктің бұрын алған несиелерді (қарыздарды) өтеуге бағытталады да, банктің көшірмесі негізінде бухгалтерлік есеп шоттарына келесі жүргізіледі: