Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 11:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1 НАРЫҚ ШАРТТАРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ РӨЛІ..............................................................................................................................6
1.1 Ақша қаражаттарының түсінігі............................................................................6
1.2 Ақша қаражаттарының функциялары.................................................................8
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ...............................................................11
2.1 Ақша қаражаттарының құжаттық ресімделуі...................................................11
2.2 Касса операцияларының есебі............................................................................14
2.3 Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар есебі..........................................20
3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ.............................................................27
3.1 Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті............................................27
3.2 Кассалық операцияларды тексеру.....................................................................33
3.3 Банк операцияларының аудиті...........................................................................38
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой(ғзн).docx

— 134.55 Кб (Скачать документ)

 

Ақшалай қаражатпен, әсіресе оның жылжымалы бөлігі - қолма-қол ақшамен (еңбек ақы бергенде, өндірістік шығыстарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалануда және т.б.) жасалатын операциялар - міндетті тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану - касса-банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті [23].

Іс-тәжірибеде кездесетін, жасалу тәсілдері бойынша касса-банк операцияларының атқарылуы мен шот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:

  1. Ресімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражатты тікелей ұрлау.
  2. Банктен, әртүрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену.
  3. Кассадағы ақшаны есептен шығару; бір құжатты қайтадан пайдалану; кассалық құжаттар мен есептерде жиынтықты дұрыс есептемеу.
  4. Ақшаның жалған қүжаттар бойынша негізсіз есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды ресімделген құжаттардағы жалғандық.
  5. Әр түрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбекақыны, депонентті соманы негізсіз иелену.
  6. Контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы-кассалық ақпараттарды қолданбай, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және т.с.с.

Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу, (тәжірибесіз және сенімсіз), кассаны жүйелі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және т.с.с. салдарынан болады.

Төлем циклінің функционалды аудитінің күрделі учаскелерінің бірі - кассалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын акті жасаумен ресімделеді. Ақшалай қаражаттың немесе ақшалай құжаттың және басқа құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшалай қаражаттыңкөп жетпеуі табылғанда, аудитор кәсіпорын басшысына кассирді тексеру анықталғанша міндеттерінен шеттету туралы мәселе қояды [24].

Жол-жөнекей ақша есебі аудитінде бухгалтерлік есепте саналатын сомалардың шынайылығын, контрагенттер аударған, алайда тексерілетін кәсіпорынның есеп шотына есепті айда түспеген сомалардың қалайша көрсетілуін тапсыру керек.

Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың алдын алу үшін мыналар талап етіледі:

  • банктегі есеп шот бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген негіздемелермен үнемі салыстыру;
  • жабдықтаушылармен қүжаттарды қарама-қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды ресімдеуге талапты арттыру;
  • дебиторлармен және кредиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.

Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сараптау іс-тәжірибесін талдау есептеулерді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы тұжырым жасауға және олардың ақшасын басқаруды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыруы қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін (шот корреспонденциялары жазыла ма), құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғандығын тексеру керек. Алынған ақпаратты мынадай тәртіппен топтастыруға болады (Кесте 3):

 

Кесте 3 - Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру

Банк көшірмелері

Растайтын құжат

Айқындалған (табылған) айырмашылықтар

№,ай-күн, ж.

Маз-мұны

Сома

№, ай- күн, ж.

Мазмұны

Сома

Сома

%

1

2

3

4

5

6

7

8




 

Сол уақытта қолма-қол емес ақшалай, қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды көрсетудің ұсынылған тәртібінен айырмашылықтарды айқындау қажет. Бұл мақсаттар үшін шығатын мәліметтерді мынадай пішінде (формада) көрсету ұсынылады (Кесте 4):

 

Кесте 4 - Қолма-қол емес ақшалай, қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды көрсету

Операциялар

мазмұны

Банк көшірмесі

Бухгалтердің

мәліметтері

бойынша

Аудитордың

мәліметтері

бойынша

Құжат №

ай-күн,

жыл

сома

Шоттың

Д-ті

Шоттың

К-ті

Шоттың

Д-ті

Шоттың

К-ті

1

2

3

4

5

6

7

8


 

Тағы бір өрескел қате - ақшаны кәсіпорын кассасына кіріске алмау. Тексеру кезінде аудитор бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс жүзінде жасалған төлемді дебиторлық борышты өтеу сомасы мен касса есебіне алынған сома арасындағы айырмашылықты анықтауы керек.

Түсімді банкке тапсырудың мерзімділігін мұқият зерттеп, бақылау және оның әр түрлі қажеттіліктерге шығыс жағдайларын анықтау керек. Бұл мақсаттар үшін мәліметтер жинау мен өңдеуді мынадай кесте көмегімен іске асыруға болады (Кесте 5):

 

Кесте 5 - Мақсаттар үшін мәліметтер жинау мен өңдеу

Ай, күні, ж

Ақшақозғалысы

Түсу

Шығыс

ай,

күн,

жыл

өнім

үшін

жұмыспен көрсетілген қызмет

Басқа-

лары

барлығы

банкке

тапсы-

рылды

Кәсіпорын-ның

қажетті-

лігіне

жабдық

таушы-

ларға

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Тексерудің жеке объектісі - нақты мақсаттарға, сонымен бірге еңбекақы төлеуге, іссапар шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктерге және т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған ақша козғалысы.

Тексеруде ақша алу мен істен шығу туралы мәліметтерді салыстыру қажет. Мұндайақпаратты мынадай кестеде орналастыруға болады (Кесте 6):

 

Кесте 6 - Тексеруде ақша алу мен істен шығу туралы мәліметтерді салыстыру

 

Есепті

кезең

Еңбекті өтеу бойынша

шығыстар

)

Іссапар шығыстары

Шаруашылық

шығыстары

банктен

алынды

кассадан

берілді

ауыт-қулар

банктен

алынды

кассадан

берілді

ауыт-

қулар

банк-тен

алынды

кассадан

берілді

ауыт-

қулар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





Кәсіпорынның кассадағы ақшасы қозғалысын анықтап, оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтығын, мынадай кестені тіркеуді қолдана отырып, техникалық және мазмұнды қателерді табу үшін бухгалтерлік есепте операциялардың көрсетілуі дұрыстығын тексеру керек (Кесте 7):

 

Кесте 7 - Кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтығы

Операциялар

мазмұны

Кассалық ордер

Бухгалтердің

мәліметтері

бойынша

Аудитордың

мәліметтері

бойынша

дата

сома

шот

Д-ті

шот

К-ті

шот

Д-ТІ

шот

К-ті

1

2

3

4

5

6

7

8


 

Кассалық тәртіпті сақтау мен төлем циклі функционалды аудит бағдарламасын түп-түгел орындау үшін тестілеу өткізуге болады. Сұрақтар тізбесін тексеруші аудитор кәсіпорындағы нақтылы жағдай мен көлем циклі функционалды аудитінің қойған мақсаттарына сәйкес қалыптастырады. Тестілеу ішкі бақылаудың жағдайын анықтауға, ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепте кассалық операцияларды түгел және анық сенімді көрсету үшін талдауға мүмкіндік береді.

Мұндайда төлеу циклі мен ақша басқарудың тиімділігін бағалаудың балдық, индекстік немесе процедуралық тәсілдері қолданылуы мүмкін. Мысалы, бағалаудың балдық тәсілінде «иә» жауабы үшін ақша қозғалысын ұйымдастыру деңгейіне байланысты 1-ден 3 балға дейін қойылады, ал «жоққа» - 0 балл. Субъектінің ақшасын аудару жағдайын тестілеу қорытындыларын жаплы бағалауда қойылған балдар сомасы бойынша: 50 балға дейін өте төмен, 51-65 төмен, 66-80 - орта; 81-90 - жоғары, 91 балдан жоғары - өте жоғары.

 

 

3.2 Кассалық операцияларды  тексеру

 

Кассада сақталатын ақша 1010 «Ұлттық валюта түрінде кассадағы ақша қаражаты» және 1010 «Шетелдік валюта түрінде кассадағы ақша қаражаты» 1010 бөлімшесінің «Кассадағы ақша қаражаты» шоттарында ескерілуге тиісті. Осы шоттардың дебитіне кассаға түсетін ақша, ал кредитіне - кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалады (Кесте 8).

 

Кесте 8 - Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1. Ақшамен кассадағыбасқа кұндылықтардың бар-жоғы мен жағдайын түгендеу

Касса ревизиясы бойынша комиссияны тағайындау, кассирді тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрықтары; кассирмен материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассалыққұжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу актілері, 1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.

2.Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеудіңдұрыстығын тексеру

Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), Бас кітап және т.б.

3.Қолма-қол ақшаны кіріске алудың мерзімділігі мен толықтығының дұрыстығын тексеру

Банк көшірмелері, чек кітапшалары, заңды және жеке тұлғалармен шарттар, банк көшірмелеріне тіркелген бастапқы құжаттар кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), 1 журнал- ордерге, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.

4.Ақшаны шығыска есептен шығарудың дұрыстығын тексеру

КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, 1 журнал-ордер,

Бас кітап және т.б.

5. Бухгалтерлік есептегі шоттарда операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру

Бастапқы құжаттар, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), журнал-ордер, Бас кітап және т.б. Аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдар мен ұсыныстарды негіздеу

6.Кассалық операциялар аудитінің корытындылары бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды әзірлеу

Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсыныстар


 

Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:

  • кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы; 
  • кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;
  • кассаға ревизияны немқұрайды өткізудің барлығы - ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелетін жұмыс жазбаларының болмауы және т.б.;
  • кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру;
  • кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанда) кассаға ревизияны сырт көзге ғана (формальды) өткізу;
  • штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;
  • кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
  • мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтіндей кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті