Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 11:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1 НАРЫҚ ШАРТТАРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ РӨЛІ..............................................................................................................................6
1.1 Ақша қаражаттарының түсінігі............................................................................6
1.2 Ақша қаражаттарының функциялары.................................................................8
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ...............................................................11
2.1 Ақша қаражаттарының құжаттық ресімделуі...................................................11
2.2 Касса операцияларының есебі............................................................................14
2.3 Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар есебі..........................................20
3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ.............................................................27
3.1 Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті............................................27
3.2 Кассалық операцияларды тексеру.....................................................................33
3.3 Банк операцияларының аудиті...........................................................................38
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой(ғзн).docx

— 134.55 Кб (Скачать документ)

Тиісті шоттардың дебеті:

1030 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақшақаражаты» - егер  аккредитив меншікті қаражаттар  есебінен ұсынылса

3010 «Қысқа мерзімді банктік  қарыздар» 

4010 «Ұзақ мерзімді банктік  қарыздар» - егер аккредитив банктің  қысқа немесе ұзақ мерзімдік  несиелерінен (қарыздарынан)ұсынылса

1060 «Өзге ақша қаражаты»  шотының 

1061 «Аккредитивтердегі ақша  қаражаты» қосымша шотының кредиті

Мекемелердің ақшалай қаражаттары, сондай-ақ чек кітапшаларында сақталуы мүмкін.

Чек – бұл чек беруші мен алушы банктің арасындағы шартқа негізделген чек берушінің алушы банкке жазбаша бұйрығын қамтитын, осындай бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы төлем құжаты.

Банктен мекемелер чек кітапшасын алады да, чектерді қолма-қол (салт) ақшалар алу үшін және сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар, тауарларды тасымалдау бойынша көлік мекемелерінің және байланыс кәсіпорындарының көрсеткен қызметтері, үй-жай тұрмыс шаралары және т.б. үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін пайдаланылады.

Чектерді пайдалану туралы чектік шартты жасау тәртібі мен міндетті талаптары, чек кітапшасын беру және чекті пайдалану процедурасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында чектерді пайдаланумен төлемдер жүргізудің ерекшеліктері ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы бекіткен ҚР аумағында чектерді қолдану туралы ережемен айқындалады және реттеледі [20].

Чектерді пайдалану туралы шарт – бұл чек берушінің банкі өзінің клиентінің – чек берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның) чектерін төлеуге өзінің міндетіне алатын, ал клиент банк белгілеген чектерді беру және пайдалану ережелерін сақтауға міндеттейтін құжат.

ҚР аумағында чектер республикасының ұлттық валютасы теңгемен жазып беріледі. ҚР аумағында шетел валютасындағы чектерді айырбастау валюталық реттеу туралы заңда көзделген жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Чек кітапшаларындағы ақшалай қаражаттардың есебі 1060 «Өзге ақша қаражаты» шотының 1062 «Чек кітапшаларындағы ақша қаражаты» қосымша шотында жүргізіледі.

Чек кітапшасында ақшалай қаражаттарды депоненттегенде немесе толықтарғанда депоненттейтін көзіне байланысты банктің көшірмесі негізінде бухгалтерлік шоттарында келесі жазулар жасалады:

1060 «Өзге ақша қаражаты»  шотының

1062 «Чек кітапшаларындағы  ақша қаражаты» қосымша шотының  дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

1030 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты» - егер  сома өзінің меншікті қаржыларынан  депоненттелген болса

3010 «Қысқа мерзімді банктік  қарыздар»

4010 «Ұзақ мерзімді банктік  қарыздар» - егер сома банктің  тиісті қысқа және ұзақ мерзімді  несиелер есебінен депоненттелген  болса

Чек ұстаушыға берілген және банк төлеген чектердің сомасына банктің көшірмесі негізінде чек беруші (иесі) шығындардың түріне қарай мынадай бухгалтерлік жазулар жасалады:

Тиісті шоттардың дебеті:

3310 «Жеткізушілер мен  мердігерлергеқықа мерзімді берешек»  тауарлық-материалдық қорлар үшін  жабдықтаушылардың төленген шоттарсомасына

7110 «Өнімдерді сату және  қызметтер көрсету бойынша шығыстар» - төленген кезең шығындары сомасына

7210 «Әкімшілік шығыстар» - төленген әкімшілік-басқару шығындар сомасына

8410 «Үстеме шығыстар» - негізгі  және қосымша өндірістер бойынша  шығыстар сомасына

1060 «Өзге ақша қаражаты»  шотының

1062 «Чек кітапшаларындағы  ақша қаражаты» қосымша шотының  кредиті

Банктердің арнайы есепшоттарына қаражаттар түскен кезде банктің көшірмелерінің негізінде 1060 «Өзге ақша қаражаты» шотына қосымша ашылған 1063 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаты» шотының дебетіне келесі шоттардың кредиті бойынша төмендегідей жазулар жүргізіледі:

1280 «Өзге қысқа мерзімді  дебиторлық берешек» - әлеуметтік  саладағы нысандарды ұстап тұруға  демеушілік көмек ретінде кәсіподақ  және басқа да мекемелерден  түскен мақсатты қаржыландыру  қаражаттар (түсімдер) сомасына

1030 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты» - мақсатты міндеттерге бағытталған мекеменің қаражаттар сомасына

1010 «Кассадағы ақша қаражаты» - өздерінің мектепке дейінгі  балалар мекемелерінде күтуге мекеменің кассасы арқылы ата-аналардың өткізген қаражаттар сомасына

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының «Мақсатты қаржыландыру және түсімдер» субшоты-күрделі құрылысты қаржыландыру көздері мен басқа да мекемелерджен (демеушілерден) түскен қаражаттар сомасына

6230 «Мемлекеттік субсидиялардан  алынатын кірістер» - республикалық  және жергілікті бюджеттен түскен  қаражаттар сомасына.

Банктердегі арнайы есепшоттардан қаражаттарды пайдаланғанда банктің көшірмесі негізінде 1060 «Өзге ақша қаражаты» шотының 1063 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаты» қосымша шотының кредиті бойынша келесі шоттардың дебетіне төмендегі жазулар жүргізіледі:

1610 «Берілген қысқа мерзімді  аванстар» - күрделі құрылыстар бойынша  келешек жұмыстар үшін аванс  түрінде мердігерге төленетін  тиісті төлемдер сомасына

1030 «Ағымдағы банк шоттардағы  ақша қаражаты» - мақсатты міндеттерге  бағытталған мекеменің қаражаттар  сомасына

1010 «Кассадағы ақша қаражаты» - мекеменің кассасынан төленген  шығындар сомасына

3310 «Жеткізушілер мен  мердігерлерге қысқа мерзімді  берешек» - мердігердің орындалған  жұмыстары мен көрсеткен қызметтері  үшін төленген шоттар сомасына

7210 «Әкімшілік шығыстар» - төленген әкімшілік-басқару шығындары  сомаларына

1060 «Өзге ақша қаражаты»  шотының 1061 «Аккредитивтердегі ақша  қаражаты», 1062 «Чек кітапшаларындағы  ақша қаражаты», 1063 «Арнайы шоттардағы  ақша қаражаты» қосымша шоттары бойынша операциялардың талдамалы есебі көрсетілген шоттардың кредиті бойынша операцияларды есепке алу үшін арналған №3 журнал-ордерде және осы шоттардың дебеті бойынша операцияларды есепке алу үшін арналған №3 журнал-ордердің тізімдеме қағазында жүргізіледі.

Жинақтамалы шоттар бойынша айдың басындағы қалдықтар №3 журнал-ордердің тізімдеме қағазының жоғарғы сол бөлігінде «Айбасындағы қалдық (сальдо) ____ теңге»жолы бойынша көрсетіледі. Бұл тізімдемелерде бухгалтерлік жазулар банктің көшірмесі мен басқа да ақшалай құжаттардың негізінде корреспондірлеуші шоттар бойынша біртекті операцияларды алдын-ала жіктеу бойынша жалпы сомалармен жүргізіледі [21].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ  АУДИТІ

3.1 Төлеу циклінің  және ақша қозғалысының аудиті

 

Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған [22].

Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомствалық жәнее басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дацындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалаық, қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдык аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондық- тан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

Ақшалай ағымның төлем мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі процент есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды) және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабыдау және т.б. кеңінен колданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын (Миллер-Орра үлгісі) және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклін функционалды аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:

  • касса-банк операцияларың аткаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
  • касса-банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін (нормативті) қамтамасыз етудің бар-жоғы;
  • бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
  • касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
  • кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
  • бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
  • аналитикалық жэне синтетикалық есеп, шаруашылық-ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?

Осыларға сүйене келіп, Кесте 2-де ақша мен олардың баламаларының төлемі мен қозғалыс циклі функционалды аудитін өткізу бағдарламасының ықтимал нұсқаларының бірі келтірілген.

 

Кесте 2 - Ақша төлем мен ақша қозғалысы циклінің функционалды аудитінің бағдарламасы

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері

1

2

1. Ақшалай операцияларды атқаратын (кассир, бухгалтер және т.б.) қызметкерлер құрамын білу

Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б.

2. Ақша алу сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативті және материалдық базамен қамтамасыз етуді тексеру

Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының және т.б. бар-жоқтығы

3. Операцияларды құжаттық ресімдеу  мен ақша басқару жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру

Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.

4. Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексеру

Төлем тапсырмалары мен талаптары, журнал-ордерлер, тізімдемелер (ведомостер) сенімхаттар, вексельдер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.

5. Кассаны түгендеу мен кассалық  операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру

Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы (КО-5), аванс есебі, журнал-ордер 1, 1 тізімдеме (ведомость) Бас кітабы, 1110 шоттары және т.б.

6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын тексеру

7. Касса-банк операцияларын атқару мен есеп сақтау шарттарын айкындау үшін

8. Банк операциялырын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру

9. Ақшаны есептен шығару, кассалық  және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру

10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың  аккредитивтік және чектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен заңдылығын тексеру

Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымдарының түбіртектері, 1-3 журнал-ордерлері; 1,2,3 журнал-ордерлеріне тізімдемелер. Қолданыстағы заңнамаларға нормативті-анықтама ақпаратының, тізімдемелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәйкес келуі

11. Жол-жөнекей ақша сомасының шынайылығы, өнімді және басқа іс- әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру

3 журнал-ордер, 3 журнал-ордерге 1 тізімдеме, 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» шоты бойынша Бас кітап, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, қабылдау-тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар

12. Баланс көрсеткіштерінің Бас  кітап мәліметтерінің сәйкестігін тексеру

Баланс, 1110, 1030,1010 шоттар бойынша Бас кітап

13. Ақша қозғалысының синтетикалық  және аналитикалық есебін жүргізу  дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 1-4 журнал-ордерлер, 1-3 журнал-ордерлердіңтізілімдемелері, касса кітабы және ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар

14. Қысқа мерзімді инвестициялар бойынша операциялардың дұрыстығын тексеру

Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәмілелер

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті