Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:31, курсовая работа
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субьекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субьектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.
Кіріспе.................................................................................................................... 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бухгалтерлік баланс және баланс өтімділігін талдау...........................................................................6
1.1 Бухгалтерлік баланс сипаттамасы мен маңызы.............................................6
1.2 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі.................................................8
1.3 Активтердің өтімділігін талдау......................................................................10
1.4 Баланстың өтімділігін комплексті бағалау....................................................11
1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі.................................................15
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. (ЖШС «--------» негізінде).....................18
2.1 «-----------» ЖШС экономикалық сипаттама........................................18
2.2 «-----------» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу
көздерінің динамикасын талдау....................................................................19
2.3 Баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау......................................................................................27
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.................................................................40
3. Қаржы тұрақтылығын талдау.....................................................................46
3.1 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері...........46
3.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері
мен оларды талдау..........................................................................................49
3.3 Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау..........................................53
Қортынды.............................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................
Есептің дайындығын тексеру аса күрделі емес және белгілі бір деңгейде техникалық сипатта болады. Мұнда есеп берудің формальды нышаны және мәні бойынша көзбен шолу және қарапайым есептік тексеру жүргізіледі: барлық нысандар мен қосымшалардың, деректемелер мен қойылған қолдардың барлығы анықталады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен түсінікті болуы салыстырылып тексеріледі; баланс валютасы мен барлық аралық жиынтықтар тексеріледі; есеп нысандары көрсеткіштерінің өзара үйлесімділігі және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары тексеріледі және тағы басқа тексерулер жүргізіледі.
Екінші кезеңнің мақсаты – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу .
Бұл есепті
кезеңдегі жұмыс жағдайларын
Түсіндірме хатта кәсіпорын қандай есеп саясатын жүргізетіндігі, сондай – ақ кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін белгісіз жағдайлар мен қандай да бір, тәуекелдер туралы, қаржылық есепте көрсетілмеген кез келген ресурстар міндеттемелер туралы мәліметтерден тұратын басқа да маңызды ақпараттар ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар , мұнда есепті жылдағы кәсіпорын қызметінің шаруашылық және қаржылық нәтижесіне әсер еткен негізгі факторлары, кәсіпорындағы жылдық бухгалтерлік есепті қарастыру қортындысы және таза табысты тарату бойынша шешімдер жүргізіледі .
Түсіндірме хатта
кәсіпорынның бірқатар жылдардағы
жұмысының маңызды
Түсіндірме
хатпен танысқаннан кейін,
экспресс – талдаудың негізгі,
Экспресс –
талдаудың негізгі
Балансты білу дегеніміз - бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі ролін , басқа да баптармен байланысын білу ,бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін – мынандай мүмкіндіктер береді:
Талдаудың берілген сатысында кәсіпорынның қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптасады, кәсіпорын мүлкі мен оның қалыптасу көздерінің құрамындағы өзгерістер, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы, кәсіпорын қаражаттарын орналастырудың дұрыстығы, оның ағымдағы төлеу қабілеті және басқалар анықталады.
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылық – деп табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды . Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.
Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы , ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді , және келесідей түрлерге жіктеледі:
емес ;
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады , ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес .
Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай – ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай – ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың
ішкі, маңызды факторларының
бірі – бұл қаржы
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді .
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па ?- деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі
Факторларды
атап көрсетуге болады:
Сыртқы факторларға
шаруашылық жүргізудің экономикалық
жағдайының әсері, қоғамда
үстемдік етуші техника
мен технология, төлеу
қабілеті бар сұраныс және
тұтынушылар табысының
ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар ) өзара қарым – қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден – бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы болуы тиіс.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім - шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды , себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым – қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Нарық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Олқаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай – ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік – сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын -ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты балады.