Қаржы тұрақтылығын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субьекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субьектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................... 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бухгалтерлік баланс және баланс өтімділігін талдау...........................................................................6
1.1 Бухгалтерлік баланс сипаттамасы мен маңызы.............................................6
1.2 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі.................................................8
1.3 Активтердің өтімділігін талдау......................................................................10
1.4 Баланстың өтімділігін комплексті бағалау....................................................11
1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі.................................................15
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. (ЖШС «--------» негізінде).....................18
2.1 «-----------» ЖШС экономикалық сипаттама........................................18
2.2 «-----------» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу
көздерінің динамикасын талдау....................................................................19
2.3 Баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау......................................................................................27
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.................................................................40
3. Қаржы тұрақтылығын талдау.....................................................................46
3.1 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері...........46
3.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері
мен оларды талдау..........................................................................................49
3.3 Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау..........................................53
Қортынды.............................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баланстың өтімділігі.doc

— 573.00 Кб (Скачать документ)

  Жоғарыда:  «Альфа Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестікбойынша 2007 жылға жасалынған бухгалтерлік баланстың актив құрылымына талдау жүргізілген.  Мұнда «Альфа Актобе»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша актив құрылымының жыл басындағы, жыл соңындағы сомалары көрсетілген.

Талдау барысында шаруашылық серіктестігінің балансының актив құрылымының жыл соңындағы сомалары жыл басындағы сомаларымен салыстырылып,  ауытқулары шығарылып, олардың алатын %-к үлестері анықталып отыр.

Субъекті бойынша бухгалтерлік баланстың актив құрылымының:

а)   «І - Ұзақ мерзімді активтер» бойынша (жинағы 1-12):

- жыл басында –  62582076 теңге      -    26%;

- жыл соңында –  211415503 теңге    -    33%.


  Ауытқуы + 148833427 теңге          -        -7%

б) «ІІ – Ағымдағы активтер»  бойынша ( жинағы12-19):

- жыл басында – 184832760 теңге          - 74%;

- жыл соңында  - 410517368 теңге          - 67%.


Ауытқуы  +225684608 теңге           -          -7%

 

Қорыта келгенде: «Альфа Актобе» ЖШС бойынша актив құрылымы жыл соңында жыл басымен салыстырғанда 374518035 теңгеге көбейіп отыр:

соның ішінде:

- Ұзақ мерзімді  активтер   -  148833427 теңге;

- Ағымдағы активтер         -   225684608 теңге.

 Бұл көрсеткіш «Альфа Актобе» шаруашылық серіктестігінің қаржылық деңгейінің жоғарлылығын, өсуін көрсетіп отыр.

Баланс  активтерінің   құрамы  мен  құрлымын  талдау – кәсіпорынның  барлық  мүліктерінің  және  оның  жекелеген  түрлерінің   абсолютті  және  салыстырмалы  арту  немесе  кему  мөлшерін  белгілеуге  мүмкіндік  береді . 

   Қаржылық  есептің   маңызды  элементі  болып  саналатын  активтерді, талдау  барысында, осы  активтердің  нақты  қолда  бары, құрамы, құрылымы және  оларда болған  өзгерістер  зерттеледі. Активтердің  жалпы  құрылымын  және  оның  жеке  топтарын  талдау,  олардың  рационалды   таратылуын   талқылауға  мүмкіндік  береді.

   Активтердің   өсуі  кәсіпорынның  болашақтағы   дамуын  көрсететін  болғандықтан, ол  осы  кәсіпорын  жұмысының   оң  нәтижесін  сипаттайды.

    Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін  талдағанда, жоғары  деңгейі  баланстық  есептің  номиналды   көрсеткіштерінің  нақты  көрсеткіштерден  айтарлықтай  ауытқуына  әкеліп  соқтыратын  инфляция  әсерін   ескеру  қажет .   Отандық   тәжірибеде  инфляцияны  есепке  алу  тек  негізгі  құралдардың  баланстық  құнын  құру  барысында  жүргізіледі.

    Отандық  есептік – аналитикалық  тәжірибеде  өндірістік  қорлар, дайын  өнім  және  тауарларды  қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да  олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор  әсерінен  болатыны  күмәнсіз.

    Баланс  мәліметтері бойынша активтердің құрамы  мен олардың таратылуына талдау  жасау үшін  келесі  4- аналитикалық  кесте құрылады.

  Кесте  мәліметтерінен  активтердің  нақты  құнын   көрсететін  баланс  валютасының   есепті  жылы 9406 мың  теңгеге   немесе  28,9 % - ке артқандығын  көруге  болады. Бұл  кәсіпорынның  әрі  қарайғы  дамуын  көрсететіндіктен, оның  жұмысының  оң  нәтижесін  сипаттайды. Алайда  активтерді  талдай  отырып, олардың  қалай  таратылғанын  және  есепті  жылы  неге  көбірек  көңіл  бөлінгенін, сондай – ақ кәсіпорынның  өндірістік  потенциалы  мен  оның  негізгі  құралдарының  жағдайын  және  кәсіпорын  мүлкінің  мобильділігін анықтау қажет.

 Ол үшін, ең  алдымен   кәсіпорынның  өндірістік  потенциалының   көлемін  анықтау  қажет,  ол  туралы  арнайы  түрлі  көзқарастар  кездеседі . Бірінші  әдістеме  бойынша  оның  құнына  негізгі  құралдардың  өндірістік  қорлардың, аяқталмаған  өндірістің  құндары  қосылады.

    Екінші  әдістемеде  кәсіпорынның  өндірістік  потенциалын   анықтайтын  активтер  құрамына   жоғарыда  көрсетілгендерге  қосымша, аяқталмаған   күрделі қаржылар  және  жабдықтар құны  қосылады. Бұл әдістеме  кәсіпорындарда  болып жатқан  даму  процесін  әлдеқайда  дәл  сипаттайды.   «Шаруашылық  тәжірибесінің  мәліметтері  негізінде, өндірістік   мақсаттағы  мүлік коэффициентінің келесі  шегі яғни, Кп үлкен 0,5 – тен қалыпты болып есептеледі». Көрсеткіштердің мәні  ең  төменгі мәннен  аз  болған  жағдайда, кәсіпорынның  есепті  кезеңдегі қызметінің қаржылық  нәтижелері  активтерді  меншікті  қаражат  есебінен  толықтыруға  мүмкіндік  бермейтін  болса, өндірістік  мақсаттағы  мүлікті  арттыру  үшін  ұзақ  мерзімді  қарыз  қаражаттарын  тартқан  жөн.   

    Екінші  әдістеме  бойынша анықталған  өндірістік  потенциал құны  біз талдау  жүргізіп  отырған кәсіпорындарда  жыл басында – 20143 мың теңгені, жыл соңында 20855 мың теңгені құрайды , яғни 712 мың теңгеге немесе 3,53 %- ға өскен . Баланс  активтерінің  жалпы құнындағы өндірістік  потенциал үлесі есепті жылы  13,37 пунктке кемігенмен  жыл соңында 49,71 %- ды  құрады,  бұл өндірістік  мақсаттағы  мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне   сай келеді. Қаражаттарды  ұзақ  мерзімді  және  ағымдағы  активтер  арасына тарату  жыл аяғына  соңғылардың пайдасына  шешілді. Егер  ағымдағы  активтердің  үлесі  жыл  басында  15,32  пунктке  аз  болса  (42,34 – 57,66) жыл  аяғында  ол  ұзақ  мерзімді  активтер  үлесінен 4,66  пунктке  асып  кетті (52,33 – 47,67) және  52,33 %-ды құрады . Ағымдағы  активтердің  өсуі  ұзақ  мерзімді  активтердің  өсуінен  9 есеге  артық  ( 59,32 :6,56 )  болып отыр.

   Осы  көрсеткіштен  кейін  баланс  валютасындағы   ағымдағы  активтер  үлесін  анықтау   маңызды: ағымдағы  активтер  құнының   кәсіпорынның  барлық  мүлкінің  құнына  қатынасымен   анықталатын  кәсіпорын  активтерінің  іске  тартылу  коэффициентінің  өсуі. Ол  қарызды өтеуге  арналған  қаражат  үлесін  сипаттайды. Коэффициент  мағынасы  артқан  сайын  кәсіпорынның  үздіксіз  жұмысты  қамту  және  кредиторлармен  есеп  айырысу  мүмкіндігі  де  арта  түседі.  Қаржы  тұрғысынан  алғанда  оның  өсуі  актив  құрылымындағы  жағымды  өзгеріс  болып  табылады – яғни  мүлік  әлдеқайда  мобильді  (іске тартылған )  болады, бұл оның айналымдылығының  жылдамдығын  және  оны  пайдалану   тиімділігінің  өскендігін  көрсетеді.

     Талдау  жүргізіп  отырған  кәсіпорындарда  бұл  коэффициенттің  деңгейі  жыл  басында  0,42 ( 13781 : 32551 ), ал жыл  соңында 0,52 (21956 : 41957 ) құрады .

    Кәсіпорын  активтерін  таратудың  тиімділігін  сипаттайтын келесі  көрсеткіш – мобильді  және  иммобильді қаражаттар  қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы  активтер  құнын ұзақ  мерзімді  активтерқұнына  бөлу  арқылы  анықталады.

    Бұл қатынастың  қолайлы  және  қауіпті  көлемі, кәсіпорынның  салалық  ерекшеліктеріне  байланысты. Өндірістік  кәсіпорындарда  берілген  көрсеткіштің  деңгейі  0,5 – тен  төмен  болмауы  тиіс .

    Талданып  отырған  кәсіпорында  бұл  көрсеткіш  деңгейі  жыл  басында –  0,73 = (21956 :20001) құрайды . Бұл  коэффициент  деңгейі  мобильді  қаражаттардың  өсу  қарқыны  иммобильді  қаражаттардың  өсу  қарқынын  артуының  нәтижесінде  өсіп  отыр . Есепті  жылы  біріншілер, яғни  мобильді  қаражаттар  1,6 есеге  ( 21956 :13781 ), ал  екіншілері – 6,6 % -ға                       ( 20001:18770*100 ) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық  тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері  кепілдендірілген  түрде ағымдағы  активтермен өтелген жағдайда  қол жеткізеді және  келесі  шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі  болып  табылады : ағымдағы  және  ұзақ  мерзімді  активтер  қатынасының  коэффициентінен  артық болуы керек.

 

2.3 Баланс өтімділігі  көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін бағалау.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін  қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы  белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша  өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа  мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі  ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп – «кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады». Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас.  Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп – «материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады» . Ағылшын авторларының «бухгалтерлік талдау деген» еңбегінде «фирманың өтімділігі – бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі» деп көрсеткен. «Өтімді» сөзінің өзі дейді олар «ақшаға оңай айналатын» деген ұғымды білдіреді (13).  Профессор В.В. Ковалев: «қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша қаражатына түрлену, айналу қабілеті», - дейді. Ол  «өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады», - деп жазады.

Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін  көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңнен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін  талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив) яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларғақарай (пассив), яғни қайтару уақыты жоғарылату тәртібі бойынша болады.

Кәсіпорын өтімді болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде  реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты  кәсіпорын үшін келесі факторларға  байланысты:

  • кәсіпорын және оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы – материалдық құндылықтар қоры мол болады);
  • өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
  • өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
  • материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);
  • кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;
  • жалпы экономикалық коньюнктура.

Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктіңтөмен коэффицентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.

Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің айналымын есептеу керек.

Кәсіпорында аралық өтімділік  коэффициентінің төмен және жалпы  өтеу коэффициентінің жоғары болуы  кезінде, айналымдылықтан аталған  көрсеткіштерінің нашарлауы осы  кәсіпорынының төлем қабілетінің  нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде, кәсіпорын төлем қабілетін объективті бюағалау үшін осындай төмендеу себептерін айқындау керек.

Осы кезде тұтынушының  өнімдермен қызмет көрсетулері үшін төлем жүргізуді кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін жеке талдау керек. Бұл себептер сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әртүрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек. Есептеулер кестеде келтірілген .

 

«Альфа Актобе» ЖШС – нің ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері   (мың теңге)

 

Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Өзгеріс (+;-) (2гр. – 1гр)

1

Ағымдағы активтер

мың теңге, оның ішінде:

13781

21956

8175

1.1

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар

1463

1425

-38

1.2

Дебиторлық борыш және басқа да активтер

1165

2914

+1749

1.3

Алдағы кезең шығындарынсыз  тауарлы – материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары

 

 

 

 

 

11153

 

 

 

 

 

17617

 

 

 

 

 

+6464

2

Қысқа мерзімді міндеттемелер

мың теңге, оның ішінде:

 

4643

 

9681

 

+5038

2.1

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар

-

-

-

2.2

Кредиторлық борыш

4294

8081

+3787

2.3

Басқа да ағымдағы міндеттемелер

349

1600

+1251

3

Өтімділік көрсеткіштері

-

-

-

3.1

Абсолюттік өтімділік  коэффициенті (1.1қ : 2қ)

0,315

0,147

-0,168

3.2

Аралық өтімділік коэффициенті

[(1.1қ + 1.2) : 2қ ]

0,566

0,448

-0,118

3.3

Жалпы (ағымдағы) өтімділік  коэффициенті

[(1.1қ + 1.2+1.3қ) : 2қ ]

2,968

2,268

-0,700

Информация о работе Қаржы тұрақтылығын талдау