Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:31, курсовая работа
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субьекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субьектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.
Кіріспе.................................................................................................................... 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бухгалтерлік баланс және баланс өтімділігін талдау...........................................................................6
1.1 Бухгалтерлік баланс сипаттамасы мен маңызы.............................................6
1.2 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі.................................................8
1.3 Активтердің өтімділігін талдау......................................................................10
1.4 Баланстың өтімділігін комплексті бағалау....................................................11
1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі.................................................15
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. (ЖШС «--------» негізінде).....................18
2.1 «-----------» ЖШС экономикалық сипаттама........................................18
2.2 «-----------» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу
көздерінің динамикасын талдау....................................................................19
2.3 Баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау......................................................................................27
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.................................................................40
3. Қаржы тұрақтылығын талдау.....................................................................46
3.1 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері...........46
3.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері
мен оларды талдау..........................................................................................49
3.3 Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау..........................................53
Қортынды.............................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына
ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілетітөмендейді. Ал кері байланыс, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқталуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады . Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау .
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрінің өзіне тән ақпараттық негізі бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай – ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен қаржылық есеп беру.
Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік береді . Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, ондай – ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердін жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандайда бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі.
Қаржылық жағдайды ішкіталдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін
тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін - өзі бағалау үшін де қажет .
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау
деп бөлуді қажет
етіп отыр. Талдаудың бұл
түрінің өзіне тән
негізі бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар :
Акционерлерді, қалың жұртшылықты , банктерді , сондай – ақ сақтандыру
ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен
оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің
нәтижесімен қаржылық есеп беру.
Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік береді . Есеп берудің екінші түрі
басқару талдауы, бұл шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы сондай – ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып,өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады . Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердін жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады . Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандайда бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі.
Қаржылық жағдайды ішкіталдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін - өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2)тікелей талдау;
3)трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5)факторлық талдау;
6)қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. Тікелей (кұрылымдық ) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау . Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қортынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес самағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін – бірі толықтырып отырады.Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жие жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100 % деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар негізделеді. Трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффицикнттерді пайдалану балып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді . Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген . Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көсетеді .
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай – ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қортынды көсеткішке тигізетін әсерін зерттеуді анықтау немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қортынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қортынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері болуы мүмкін .
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (баланстық үйлестіру және тағы басқа) сондай- ақ экономикалық және математикалық статистиканың ( топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер және тағы басқа дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді .
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс – нетто бойынша бағалау, сондай – ақ қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштерін талдау, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе – теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қортынды жасалады.
Экспресс – талдаудың негізгі мақсаты – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады .
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс – талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай – ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан – жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай – ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:
Экспресс – талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды :
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және оның дайындығына көз жеткізу.
Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қортындымен танысу арқылы шешіледі.