Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:31, курсовая работа
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субьекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субьектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.
Кіріспе.................................................................................................................... 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бухгалтерлік баланс және баланс өтімділігін талдау...........................................................................6
1.1 Бухгалтерлік баланс сипаттамасы мен маңызы.............................................6
1.2 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі.................................................8
1.3 Активтердің өтімділігін талдау......................................................................10
1.4 Баланстың өтімділігін комплексті бағалау....................................................11
1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі.................................................15
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. (ЖШС «--------» негізінде).....................18
2.1 «-----------» ЖШС экономикалық сипаттама........................................18
2.2 «-----------» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу
көздерінің динамикасын талдау....................................................................19
2.3 Баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау......................................................................................27
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.................................................................40
3. Қаржы тұрақтылығын талдау.....................................................................46
3.1 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері...........46
3.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері
мен оларды талдау..........................................................................................49
3.3 Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау..........................................53
Қортынды.............................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдауда бухгалтерлік баланс және
баланс өтімділігін талдау........................
1.1 Бухгалтерлік баланс
1.2 Өтімділік түсінігі және баланстың
өтімділігі....................
1.3 Активтердің өтімділігін талдау........................
1.4 Баланстың өтімділігін комплексті
бағалау.......................
1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі....................
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын
орны. (ЖШС «--------» негізінде)....................
2.1 «-----------» ЖШС экономикалық
сипаттама.....................
2.2 «-----------» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу
көздерінің динамикасын
талдау........................
2.3 Баланс өтімділігі
қабілеттілігін бағалау.......................
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.......................
3. Қаржы тұрақтылығын талдау........................
мен оларды талдау........................
Қортынды......................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымша
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субьекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субьектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.
Нарық экономикасына
көшуге байланысты кәсіпорында қаржылық
нәтижені шығару яғни табыстар мен
шығындарды ажырату басты мәселелердің
біріне айналды. Есеп беру деп кәсіпорынның
өткен кезеңдегі қаржылық-
Диплом жұмысының мақсаты: кәсіпорынның бухгалтерлік балансының тәртібімен және жасалу техникасымен танысып, баланстық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізіп оның баптарының бағалану қағидаларын анықтап, талдау жасау болып және баланс өтімділігінің мәнін ашу болып табылады.
Баланстың өтімділігі дегеніміз
– субъектінің шаруашылығы
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Қаржылық есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субьектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау, оның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік туады.
Кәсіпорынның қаржылық
Кәсіпорынның қаржылық
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
«Қаржылық жағдай-бұл қаржы
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы-бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Кәсіпорынның қаржы жағдайы
Алайда, сенімділік кәсіпорын
Кәсіпорынның қаржы жағдайы
«Қаржылық тұрақтылық-бұл
Бухгалтерлік баланс – ұйымның қаржылық жағдайы, қызметтің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат болып табылады.
Бухгалтерлік баланстың мақсаты – тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, есеп беру кезеңіндегі қаржылық жағдайынла болған өзгерістер жөнінде пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік баланс
Қазақстан Республикасының
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есеп алу стандарттарына сәйкес басқа да материалдарымен толықтырылуы мүмкін.
Бухгалтерлік баланс жасаудың тәртібі: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес белгіленеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдар қаржылық есеп беруді жүргізген кезде заңның 2-1 бабының “Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылыққа есеп беру, таңдау” ережелеріне басшылыққа алуға құқылы.
Қаржылық есеп беруге ұйымның басшылығы немесе бас бухгалтері қол қояды.
Диплом жұмысы өзінің алдына қойған мақсатына қарай: кіріспеден, үш тарауды қамтитын негізгі бөлімнен және қорытындыдан, сол сияқты пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде: тақырыптың өзектілігі, қаржылық есеп берудің өзгерістері, олардың жасалу тәртібі, элементтері, мақсаты туралы жазылған.
Бірінші тарауда: Бухгалтерлік баланстың анықтамасы, оның негізгі түрлері, экономикалық маңызы, баланстың өтімділігін комплексті бағалау және
өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі толық сипатталған.
Екінші тарауда: Кәсіпорынның қаржылық жағдайды бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. Соның ішінде кәсіпорынның баланс активінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау, баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау туралы айтылды.
Үшінші тарауда: Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері мен оларды талдау жазылған.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бухгалтерлік баланс және баланс өтімділігін талдау.
1.1 Бухгалтерлік баланс сипаттамасы мен маңызы
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 « Бухгалтерлік есеп туралы » заң күші бар Жарлығына сәйкес , 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады :
1) бухгалтерлік баланс ;
2) табыстар мен шығындар туралы есеп ;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ;
4) меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
5) есеп жүргізу саясаты және түсіндірме жазба.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай – ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге жүреді.
Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жүргізілуі тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте берілген міндеттемелер туралы жазуға болады. Нарықтағы сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады .
Субъектіге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі . Бұл төмендегі көрсетілген шарттар орындалғанда ғана маңызға ие болады:
- зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
- қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50- ден аспайды ;
- активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды .
Қаржылық есеп халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР –да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілуде, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты .
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай – ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды . Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай – ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері
(тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар ) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс .