Қаржы тұрақтылығын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субьекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субьектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................... 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бухгалтерлік баланс және баланс өтімділігін талдау...........................................................................6
1.1 Бухгалтерлік баланс сипаттамасы мен маңызы.............................................6
1.2 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі.................................................8
1.3 Активтердің өтімділігін талдау......................................................................10
1.4 Баланстың өтімділігін комплексті бағалау....................................................11
1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі.................................................15
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. (ЖШС «--------» негізінде).....................18
2.1 «-----------» ЖШС экономикалық сипаттама........................................18
2.2 «-----------» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу
көздерінің динамикасын талдау....................................................................19
2.3 Баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау......................................................................................27
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.................................................................40
3. Қаржы тұрақтылығын талдау.....................................................................46
3.1 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері...........46
3.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері
мен оларды талдау..........................................................................................49
3.3 Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау..........................................53
Қортынды.............................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баланстың өтімділігі.doc

— 573.00 Кб (Скачать документ)

 

Қысқа мерзімді перспективада төлем қабілетті бағалауда келесі көрсеткіштерді қолданады:

  • Ағымдағы өтімділік коэффициенті;
  • Аралық өтімділік коэффициенті;
  • Абсолютті өтімділік коэффициенті.

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті (қарыз жабушы коэффициент) жалпы қысқа мерзімді міндеттемеге барлық ағымдағы активтер сомасының, оның ішінде запастар және аяқталмаған өндіріс, қатынасын белгілейді. Бұл коэффициент ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтерді жабу дәрежесін көрсетеді. Басқаша айтқанда, ағымдағы өтімділік коэффициенті (қарыз жабушы коэффициент) фирманың ағымдағы активтері мен және оның ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелердің арасындағы арақатынасын көрсетеді.

Ағымдағы активтердің  ағымдағы пассивтерден жоғары болуы  шығындарды компенсациялауға резервтік  запаспен қамтамасыз етілуін білдіреді. Нақты ақшадан басқа барлық ағымдағы активтерді орналастыру мен жою кезінде кәсіпорын шығынға ұшырауы мүмкін. Запас шамасы өскен сайын, қарыз жабылатына несиегерлердің сенімділігі арта  береді. Басқаша айтқанда,  жабу коэффициенті болашақта ескерілмеген көптеген қаржы қаражаттарын қысқартатын кез келген жағдайлардан ағымдағы активтердің нарықтық бағаларының төмендеуінің қауіпсіздік шегін анықтайды.

Барлық кәсіпорындар үшін осы көрсеткіштің жалпы шамасын  негіздеу мүмкін емес, себебі ол қызмет сферасына, активтердің құрылымы мен сапасына, өндіріс-коммерциялық цикл ұзақтығына, кредиторлық берешекті жабу жылдамдығына тәуелді. Сол үшін кәсіпорынды осы көрсеткіш деңгейіне байланысты салыстыруға болмайды. Оны тек кәсіпорынның динамикасын зерттегенде пайдалану керек.


Сурет   – Ағымдағы өтімділік коэффициентін факторлық талдау

Тауарлы-материалды запастардың айналымы (ОЗ) оны ресурстарды сатып алудан дайын өнімді сатуға дейінгі өткен тауар жылдамдығымен өлшенеді. ОЗ есептеу тек сату көлемі бірқалыпты өсу кезінде қолданады. ОЗ үлкен көрсеткіші кәсіпорынның жақсы өтімділігін немесе керемет тауар өнерін көрсетеді. Немесе керсінше -  сату үшін запас көлемінің жеткіліксіздігін. Төмен ОЗ  өтімділіктің дұрыс болмаун, запастардың артығын немесе ескіруін көрсетеді. Кейкезде ОЗ-ның төмендеуіне сату мерзімі, мерзімсіз тауарлардың жиналып қалуы, запастарды ұстап тұру саясатының жүргізілуі, басқа да жағдайларға байланысты жоспарланған запастардың көтерілуі әсерін тигізеді.

Запас айналымын анықтаудың басқаша түрі таза сатуды көлемін запас көлеміне бөлу болып табылады:

Негізгі қаражат айналымы (фиксирленген активтер) кәсіпорынның таза сату көлемін негізгі қаражаттардың көлеміне бөлуде анықталады.

ООС негізгі қаражатпен келген әрбір теңгені, яғни жалпы жылсайынғы табысты анықтайды. ООС баланс құнының орнатуына қарсы негізгі қаражатты бағалаудың жақсы тәсілі болып табылады.

Тағы бір белсенділіктің көрсеткіші – кәсіпорынның ресурстарын  қолдануды басқарудың тиімді индикаторы болып табылатын кәсіпорынның жалпы активтерінің айналымы.

Егер 1-ден жоғары болу тиіс белсенділіктің жалпы көрсеткіші төмен болатып болса, онда ол кәсіпорынның солғын қызметін, сату көлемінің төмендігін, активтердің үлкен тауарлы-материалды запастармен қалғанын білдіреді.

Ағымдағы өтімділік  коэффициентінің өзгеруі ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің әр статьялары бойыншасомасының көбеюі немесе азаюынан болады.

      
      

мұнда ТА – ағымдағы  активтер

       ТП – ағымдағы  пассивтер

 

Содан кейін  ағымдағы өтімділік коэффициент деңгейінің жалпы өзгеруін анықтайды:

К м.л.ф. - К м.л.0

Соның ішінде өзгерістер де:

- Ағымдағы активтер  сомасы:  К м.л. усл. - К м.л.0

- Ағымдағы міндеттемелер  сомасы:  К м.л.ф. - К м.л. усл.

Содан кейін пропорционалды бөлу тәсілі арқылы бұл өсімдерді  факторлар бойынша орналыстыруға болады. Бұл үшін ағымдағы активтердің әр статья үлесін жалпы өзгерістегі олардың сомасын берілген фактор есебінен ағымдағы өтімділік коэффициентінің өсімін көбейту керек. Енді ағымдағы пассив бойынша және өтімділік коэффициентінің көлемінің өзгерісі екінші тәртіптегі фактор әсері бойынша есептелінеді.

Егер жалпы коэффициентті осындай  схема бойынша талдаса, онда әр кәсіпорын  үлкен материалды запастар жиналып  қалған кәсіпорындар төлем қабілетті болады. Сондықтан банктер мен басқа да инвесторлар тез өтімді (аралық) коэффициентті таңдайды.

Көрсеткіштін негізгі  басымдылығы – қарапайымдылығы  және көркемділігі. Бірақ ол керісінше  кемшеліктерге де айналуы мүмкін. Сол  себептен  осы  әдісті  байқап қолдану тиіс.

 

1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі

Тез өтімділік коэффициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарының жалпы сомасына бірінші екі топтағы өтімділік қаражаттарының қатынасымен анықталады.  Әдетте инвесторларды 0,7 - ден 0,1- ге дейінгі қатынастар қанағаттандырады. Бірақ бұл қатынас жеткіліксіз болуы мүмкін, егер өтімділік қаражатының үлкен бөлігін дебиторлық берешек құрайтын болса, әсіресе өз уақытында табыла қоймайтындар. Бұндай жағдайда да көп қатынастар керек болады. Егер ағымдағы активтердің үлкен бөлігін ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (бағалы қағаздар) құраса, онда қатынас аз болуы мүмкін.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақша резервтерінің нормасы) алдыңғы көрсеткіштерді толықтырады. Бұл коэффициент кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарының жалпы сомасына бірінші топтағы өтімді қаражаттардың қатынасымен анықталады. Абсолютті өтімділік коэффициент көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыздарды өтеуге кепілдік көп болады, себебі  мұнда кәсіпорынды жою жағдайында бұл активтер дің тобы өз құнын жоғалтпайды. Коэффициент ұғымы 0,2-0,25-ті құрайтын болса, жеткілікті болып есептеледі. Егер кәсіпорын ағымдағы уақытта өз қарызының 20-25% өтей алатын болса, онда оның төлем қабілеті дұрыс дер саналады.

Есте сақтау керек, абсолютті өтімділік коэффициенті жақсы немесе жаман төлем қабілеттіліктің деңгейін айқындамайды. Оның деңгейін бағалауда қысқа мерзімді міндеттеме айналымының жылдамдығы мен ағымдағы активтің айналым қаражатының жылдамдығын ескеру қажет. Егер төлем қаражаттары тезірек айналса, яғни төлем міндеттемелерінің мүмкін жағдайынан да жақсы айналса, онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі бірқалыпта болады. Сол уақытта қолма-қол ақшаның жоқтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен айырылуынан немесе банкроттыққа ұшырау жолына түсуіне алып келеді.

Тек осы көрсеткіш арқылы қателіксіз кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға  болады, өйткені берілген процесс  өте күрделі және оған 2-3 көрсеткіш  арқылы толық мінездеме беру мүмкін емес. Өтімділік коэффициенттер  салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады және белгілі бір мезгілде өзгермейді. Өнімділікті толықтан және объективті бағалау үшін факторлық модельді қолдануға болады:

мұнда х1 – түсімнің теңгеге айналатын ағымдағы активтің көлемін сипаттайтын көрсеткіш (активтер рентабельділігінің кері шамасы)

             х2 – өзінің қызметінің нәтижесінде өз қарыздарын жаба алатын қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын кәсіпорын көрсеткіші

 көрсеткіші жоғары болған  сайын, кәсіпорынның қаржылық  жағдайы жақсара береді.

Өтімділік көрсеткіштерінің көлемі уақытша көлем болып  келеді, өйткені активтер өтімділігін және бухгалтерлік  баланс бойынша жедел міндеттемелерді белгілі  бір шамада анықтауға болады. Мысалы,босалқылар өтімділігі оның сапасына, айналымына, тапшылық мөлшеріне және жатып қалған материалдар мен дайын өнімге байланысты. Дебиторлық берешек өнімділігі оның айналымына мерзімі өтіп кеткен төлемдер мөлшеріне және келіп түспеген төлемдерден тұрады. Сол үшін өтімділікті дұрыс бағалауда бухгалтерлік есептегі аналитикалық мәліметтер негізінде ішкі  талдауға қол жеткізуге болады.

Осымен байланысты жеңілдіктер  нормативін қолдана отырып ағымдағы өтімділік коэффициентінің есептеу  әдістемесінің мағынасын артады. Бұл әдістің мәні өтімділіктің орташа статистикалық бағалау негізінде  әр баланс статьясына арналып, нормативті жеңілдіктер өңделеді, және олардың негізгі баланс статья арасындағы жеке топтарды қайта бөлу жүргізіледі. Мысалы, тез іске асатын активтерге дебиторлық  берешектің 80%, дайын өнімнің 70%, өндіріс запасының және аяқталмаған өндірістің 50% қатыстыруға болады. Бұл активтерден қалған бөлігін жай іске асатын активтерге жатқызуға болады. Дәл осындай қайта бөлістіру кредиторлық берешекке де жасалады: ұзақ мерзімді берешектің бөлігі қысқа мерзімді берешекке жатқызылады және керісінше.

Сонымен қатар өтімділік  коэффициенттері бір мерзімдегі міндеттемелерді жабу үшін қолма-қол  төлем қаражаттарын статистикалық  бейнесін келтіреді. Дұрыс жағдайда ағымдағы активтер айнала алады: қолданылған  запастар қайта толтырылады, жабылған дебиторлық берешек қайта құрылғандарымен алмастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. (ЖШС «Альфа Актобе» негізінде)

2.1 «Альфа Актобе» ЖШС экономикалық сипаттама.

«Альфа Актобе» ЖШС тіркеуден өткеннен кейін Ақтөбе облыстық Әділет басқармасы органында заңды тұлғасына ие болды. Серіктестік дербес баланс, банкте шот, өз атауы жазылған мөрі бар. Өзінің атына мәміле, мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқық, сот алдында жауапты болуына міндетті. Серіктестік Қазақстан Республикасында, және шетелдерде сәйкес филиалдар құрып өкілдер ашуға құқылы. Міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің алдында қарыздарына жауап бермейді. Серіктестік мемлекет алдында жауап бермейді.

Серіктестікке қатысушылар  оның міндеттемелері бойынша жауап  бермейді және серіктестіктің қызметіне  байланысты зияндарға өздерінің  қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел  етеді.

«Альфа Актобе» ЖШС бір жылда орташа есеппен саны 50 ден аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып келеді және активінің құны бір жылда орташа есеппен алпыс мың есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

«Альфа Актобе» ЖШС қызметінің мақсаты – қатысушы мен еңбек ұжымдарын үстеме қаржы түсірудегі кәсіпкерлік қызмет түрлерін іске асыру арқылы таза пайда табу болып табылады.

Серіктестіктің қызметінің нысаны:

 минералды және  тұщы сулар шығаруға скважиналар  пайдалану күту

            және жөндеу;

- коммерциялық, делдалдық,  хабарлау, жарнама қызметі;

- сату – сатып алу қызметі;

- ғылыми – техникалық  қызмет;

- заңға сәйкес жылжитын  және жылжымайтын мүліктер бойынша  сауда 

             қызметі;

- сыртқы экономикалық  қызмет;

- сауда нүктелерін  ашу;

- автокөлік қызметі  /автокөлік жөндеу, арендаға беру, жүк және

            жолаушыларды тасымалдау/;

- халық тұтыну бұйымдарын  және өндірістік – техникалық  мақсаттағы 

             өнімдерін өндіру.

Серіктестік мүлкін негізгі  және айналымдық қаржылар, сондай –  ақ құны серіктестіктің дербес балансында көрсетілген басқа мүліктер құрайды. Мүлік серіктестіктің меншік құқында. Серіктестік мүлкін қалыптастыру көздері мыналар:

- жарғылық капиталға  салынған салымдар;

- оның қызметіне алынған  кірістер;

- заңдылық актілермен  тыйым салынбаған басқа көздер.

Қатысушылардың серіктестік мүлкіне қосқан қосымша салымдарды оның жарғылық капиталының көлемін және қатысушылар үлесін өзгертпейді.

Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың салымдарын біріктіру есебінен 95500 теңге көлеміндегі жарғылық капитал  құрылды.

Салымдар төлеу Қазақстандық теңгемен жүргізіледі. Қатысушының  салым төлеуіне құрылыс, шикізат, тауарлар, материалдар, өндірістер, бағалы қағаздар кірілуі мүмкін және оның бағалары серіктестіктің дербес балансында көрсетіледі. Егер мүлік, серіктестіктің қатысушыларына берілген жағдайда, салым және үлес көлемі арендалық төлеуі мүлікпен пайдалану белгіленген уақытта қатысушылармен ойластырылған.

Құрылтайшылардың салымы жарғылық капитал натурал түрінде  немесе мүліктік құқығы ақшалар түрінде  барлық құрылтайшылардың шешімімен бағаланады. Егер бағасы салымнан жоғары болса, жиырма мың есептік көрсеткіштің эквивалентіне жуық жоғары болса оның бағасы экспертпен дәлелденеді.

Серіктестік құрылтайшылары 5 жылдық шамасында кредиторлардың алдында, осының құқы шегінде ортақ жауапты болады, осы бағасынан салымы көтерілген.

 

2.2 «Альфа Актобе» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу көздерінің динамикасын талдау.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын  талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Қаржы тұрақтылығын талдау