Қаржы тұрақтылығын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субьекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субьектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................... 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бухгалтерлік баланс және баланс өтімділігін талдау...........................................................................6
1.1 Бухгалтерлік баланс сипаттамасы мен маңызы.............................................6
1.2 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі.................................................8
1.3 Активтердің өтімділігін талдау......................................................................10
1.4 Баланстың өтімділігін комплексті бағалау....................................................11
1.5 Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі.................................................15
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бухгалтерлік баланстың алатын орны. (ЖШС «--------» негізінде).....................18
2.1 «-----------» ЖШС экономикалық сипаттама........................................18
2.2 «-----------» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу
көздерінің динамикасын талдау....................................................................19
2.3 Баланс өтімділігі көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау......................................................................................27
2.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалау.................................................................40
3. Қаржы тұрақтылығын талдау.....................................................................46
3.1 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері...........46
3.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатысты көрсеткіштері
мен оларды талдау..........................................................................................49
3.3 Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау..........................................53
Қортынды.............................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баланстың өтімділігі.doc

— 573.00 Кб (Скачать документ)

               Кестенің мәліметтері жыл аяғындағы  өтімділік жыл басына қарағанда біршама төмендегенін көрсетеді.

Өтемділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері  келесідей топтраға бөлінеді:

  • ең өтімді активтер;
  • тез өткізілетін активтер;
  • баяу өткізілетін активтер;
  • қиын өткізілетін активтер.

Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Тез өткізілетін  активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

Баяу өткізілетін  активтер. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу керек, ал бұл оңай емес және бұл белгілі бір уақытты керек етеді.

Қиын өткізілетін  активтер. Қиын өткізілетін активтерқұрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Кәсіпорынның төлем  қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан  онымен тығыз байланысты болады. Сол  себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Арнайы есептік –  талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі.

Белгілі адамдардың пікірінше  «Төлем қабілеттілігін компанияның  ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау  үшін бағалайды» - деп жазады.

Төлем қабілеттілігі  белгілі бір мерзімде қолдағы  ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі  коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем  қабілеттілігі коэффициенті 1 –  ге тең немесе үлкен болса, онда бұл  ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді.

   Нарықтық  қатынастары   жағдайында  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдаудың  маңызы  өте  зор.  Бұл  кәсіпорынның  тәуелсіздікке  ие  болуымен,  сондай-ақ  олардың  меншік  иелері,  жұмысшылар,  коммерциялық  серіктестер  және  де  басқа  контрагенттер  алдында  өзінің   өндірістік – кәсіпкерлік  қызметінің  нәтижелері  үшін  толық  жауапкершілікте  болуымен  байланысты. 

   Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  кәсіпорынның  қалыпты  өндірістік,  коммерциялық  және  басқа  да  қызмет  түрлері үшін  қажетті қаржы ресурстармен  қамтамасыз  етілуімен және  оларды  мақсатқа  сай,  тиімді  тарату  және  пайдаланумен,  сондай – ақ  басқа шаруашылық  субъектілерімен қаржылық  қарым – қатынаста болу,  төлеу қабілеттілігі және  қаржылық   тұрақтылықпен   сипатталады.

   «Шаруашылық   субъектінің  қаржылық  жағдайы  - бұл  оның  қаржы  бәсекелестік  қабілеттілігінің  сипаттамасын  (яғни  төлем  қабілеттілігі,  несие  қабілеттілігі)  қаржы   ресурстары  мен  капиталды   пайдалану,  мемлекет  алдында  және  басқа  да  шаруашылық  субъектілерінің  алдында  өз  міндеттемелерін  орындау.  Шаруашылық  субъектісінің   қаржылық  жағдайын  талдау  келесі  түрлер  бойынша  жүргізіледі:  табыстылық  пен  рентабельділік;  қаржылық  тұрақтылық;  несие  қабілеттілігі;  капиталды  пайдалану;  валюталық  өзін-өзі  өтеу ». 

  Бірқатар  түрлі   әдістермен  есептелетін  біріңғай   көрсеткіштерге  қарағанда  (мысалы,  еңбек  өнімділігі,  қор   қайтарымдылығы,  өзіндік  құн,  жалпы  табыс,  тиімділік)  қаржылық  жағдай  түрлі көрсеткіштерді  есептеу нәтижесінде және  олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін  зерттеу негізінде анықталатыны  анық. 

   Кәсіпорында   тұрақты  қалыптасқан  табыстың  шығыннан  артуының  өзіне   тән  айнасы – қаржылық  тұрақтылық  болып  табылады . Ол  ақша  қаражаттарын  еркін  пайдаланып,  оларды  тиімді  қолдану  арқылы  өндіру  мен  өнімді  өткізу  процесінің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін,  сондай-ақ  кәсіпорынды  кеңейтуге  және  жаңартуға  қажетті  шығындарын  қаржыландыратын  кәсіпорынның  қаржы  ресурстық  жағдайын  сипаттайды. 

     Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығы – бұл   тәуекелділіктің  мүмкін  болатын   деңгейінде  төлем  қабілеттілігі   мен  несие  қабілеттілігін  сақтай  отырып,  табысты  өсіру   негізінде  қаржыны  тарату  мен  пайдалану  арқылы  кәсіпорынның  дамуын  көрсететін  қаржы  ресурсының  жағдайы.

    Қаржылық  тұрақтылық  – деп  табыстың  шығыннан  тұрақты  дәрежеде  артуы.  Ол  ақша  қаражаттарын  еркін   пайдалануды  қамтамасыз  етеді   және  оларды   тиімді  пайдалану  арқылы  өндіру  және  өнімді  сату  процесінің  үздіксіз   болуына  жағдай  жасайды.  Сондықтан  да  қаржылық  тұрақтылық  барлық  өндіріс – шаруашылық  қызметі  процесінде  қалыптасады  және кәсіпорынның  жалпы  тұрақтылығының  негізгі бөлігі  болып  табылады.

    Ал  кәсіпорынның  жалпы  қаржылық  тұрақтылығы,  ол  ең  алдымен  әрдайым     табыстың   шығыннан  артуын  қамтамасыз  ететін  ақша  ағымының   қозғалысын  көрсетеді.  Нарық   жағдайында  ол  ең  бірінші   өнімді  (жұмыс, қызмет)  өткізуден  түсетін  табыстың  тұрақтылығын  талап  етеді  және  оның  мөлшері  мемлекетпен,   жабдықтаушылармен,  несие  берушілермен,  жұмысшылармен  және  тағы  басқалармен  есеп  айырысу  үшін  жеткілікті  дәрежеде  болуы  тиіс.  Сонымен  қатар кәсіпорынның   одан  әрі дамуы үшін  барлық  есеп  айырысулар  мен   барлық  міндеттемелерді   орындағаннан  кейін,  осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,  оның  материалдық - техникалық  базасын   жаңартуға және  де  әлеуметтік  климатты  жақсартуға   және  басқаларға  мүмкіндік  беретіндей  дәрежеде  табыс  қалуы  қажет. 

    Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылық  жағдайына   көптеген  факторлар  әсер етеді,  және  келесідей  түрлерге  жіктеледі: 

  1. пайда  болу  орнына  байланысты – ішкі  және  сыртқы;
  2. нәтижесінің  маңыздылығына  байланысты – негізгі  және  негізгі   емес;
  3. құрылысы  бойынша – қарапайым  және  күрделі;
  4. әрекет  ету  уақыты  бойынша – тұрақты және  уақытша.

  Ішкі  факторлар   кәсіпорынның  өзінің  жұмысын   ұйымдастыруына   байланысты  болады, ал  сыртқы   факторлар  кәсіпорын  еркіне бағынышты  емес.

Кәсіпорынның  тұрақтылығы   ең  бірінші  өндіріс  шығындарымен  үздіксіз  байланысқан   өндірілген  өнім  мен  көрсетілген  қызметтің  құрамы  мен  құрылымына  тәуелді.  Сондай – ақ  тұрақты  және  айнымалы  шығындар  арасындағы  қатынас  маңызды  болып  табылады.

  Кәсіпорынның  өндірілетін  өнім  және  өндіріс  технологиясымен  тығыз  байланысқан  қаржылық  тұрақтылығының  маңызды  факторларының  бірі – активтердің  тиімді  құрамы  мен  құрылымы, сондай – ақ  кәсіпорынның  басқару  стратегиясын  дұрыс  таңдап  алуы  болып  табылады. Ағымдағы  активтерді  басқару  өнері – кәсіпорын  шотында  оның  ағымдағы   жедел  қызметі  үшін  қажет  болатын  қаржының  ең  төменгі  сомасын  ұстаудан  тұрады.

  Қаржылық  тұрақтылықтың  ішкі,  маңызды  факторларының  бірі – бұл  қаржы  ресурстарының  құрамы  мен  құрылымы,  оларды  басқару  стратегиясы  мен  тактикасының  дұрыс  таңдалып  алынуы . Кәсіпорынның  өз  қаржы  ресурсы, соның  ішінде  таза  табысы  қаншалықты  көп  болса, соншалықты  ол  өзін  жайлы  сезіне  алады. 

 Сонымен  бірге   тек  таза  табыстың  көлемі  ғана  емес,  сонымен  қатар   оны  тарату  құрылымы,  әсіресе   өндірісті  дамытуға  бағытталған  бөлігі  де  өте маңызды болып табылады. 

Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығына  қарыздық  капиталдар  нарығындағы  қосымша  жұмылдырушы  қаражаттар  үлкен  әсерін  тигізеді .

Кәсіпорын  ақша  қаражаттарын  қаншалықты  көп  тарататын  болса, оның     қаржылық  мүмкіндіктері  де  соншалықты  жоғары  болады, алайда, сонымен  бірге  қаржылық  тәуекелділік  те  өседі – яғни  кәсіпорын  өз  кредиторларымен  уақытында  есептесе  ала  ма,  жоқ па ?- деген  қауіп  туады. Және  де  бұл  жерде кәсіпорынның  төлеу  қабілеттілігінің  қаржылық  кепілінің  бір  түрі  ретінде  резервтерге  үлкен  роль  берілген .

Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығына  әсер  ететін  мынадай  ішкі

       Факторларды   атап  көрсетуге  болады:                                                                                                                                

  • кәсіпорынның  салалық  топқа  жатуы;
  • шығарылатын  өнімнің  ( жұмыс, қызмет ) құрылымы  және  оның  жалпы  төлем  қабілеттілігі  бар  сұраныстағы үлесі;
  • төленген  жарғылық  капиталдың  мөлшері;
  • шығындардың  көлемі,  олардың  ақшалай  табыспен  салыстырғандағы  динамикасы;
  • қорлар  мен  резервтерді, олардың  құрамы  мен  құрылымын  қоса  алғандағы  мүлік  пен  қаржы  ресурстарының  жағдайы ;
  • кәсіпорындарды  басқару  тиімділігі .

  Сыртқы  факторларға   шаруашылық  жүргізудің  экономикалық  жағдайының  әсері, қоғамда   үстемдік  етуші  техника   мен  технология,  төлеу   қабілеті  бар  сұраныс  және  тұтынушылар  табысының  деңгейі,

 ҚР   үкіметінің  салық  және  несие  саясаты,  кәсіпорынның  қызметін  бақылау  жөніндегі  заң  актілері, сыртқы  экономикалық   байланыс  және  тағы  басқалар  жатады.

  Кәсіпорынның  тұрақты   қаржылық  жағдайын  қалыптастыруда  оның  өз  контрагенттерімен  (салық   органдары,  банктер,  жабдықтаушылар,  сатып  алушылар, акционерлер  және  тағы  басқалар )  өзара  қарым – қатынасы  үлкен  әсер  етеді.  Сондықтан  да  серіктестермен  реттелген  іскерлік  қатынаста  болу – жақсы  қаржылық  жағдайдың  бірден – бір  шарты  болып  табылады.  Әрине,  акционерлер  өз  жинақ  қорларын   тұрақты  тиімділікке  ие  және  дивиденттерді  ұқыпты  төлейтін  қаржылық  тұрақты  кәсіпорындарға  салады.  Инвестициялық  тартымдылығы  болуы  үшін, тек  бүгінгі  күні  ғана  емес, болашақта  да  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  жақсы  болуы  тиіс.

     Жабдықтаушылар  мен  тұтынушылар  сенімді  және  төлем  қабілеттілігі  жоғары   кәсіпорындармен  келісім -  шартқа  үлкен  ықыласпен  отырады.  Тіпті  қаржы  органдары, әсіресе  салық  инспекциясы  кәсіпорынның  жағдайы  тұрақты  болғанын  қалайды, себебі  тек  осындай  кәсіпорын  ғана  салықтар  мен  басқа  да  міндетті  төлемдерді  уақытылы  және  толық  төлей  алады.

      Осылайша, қаржылық  жағдай  кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілетін  және  оның  іскерлік  қарым – қатынастағы  потенциалын  анықтайды, кәсіпорынның  өзінің  және  оның  серіктестерінің  қаржылық  және  басқа  қатынастар  тұрғысындағы  экономикалық   қызығушылықтары   қаншалықты  дәрежеде  кепілдендірілгенін  бағалайды.  Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  объективті  дұрыс  бағасын  алудың  ең  жақсы  тәсілі, бұл  - талдау, ол  кәсіпорынның  даму  бағытын  бақылауға,  оның шаруашылық  қызметіне  кешенді  түрде  баға  беруге  мүмкіндік  береді  және  осындай  жолмен  басқарушылық   шешімдерді  өңдеумен  кәсіпорынның  өзінің  өндірістік   кәсіпкерлік  қызметі  арасында  байланыстырушы  қызметін  атқарады.

     Нарық экономика   жағдайында  жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық  жағдайын  талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады: 

  • қаржылық  жағдайға  баға  беру  және  оның  есеп  беру  мерзіміндегі  өзгерісі;
  • активтер  мен  олардың  қалыптасу  көздері  арасындағы  сәйкестікті , оларды  таратудағы  рационалды  және  пайдаланудағы  тиімділікті  зерттеу
  • айналым  капиталының  көлемін, оның  өсуін  (кемуін)  және  ағымдағы  міндеттемелермен  арақатынасын  анықтау;
  • қаржы – есептік  және  несие  ережесін  сақтау;
  • кәсіпорын  активтері  және  оның  міндеттемелерінің  құрылымын  зерттеу;
  • ағымдағы  активтердің  айналымдылық  есебі, оның  ішінде  дебиторлық  борыш және  қорлар  есебі;
  • баланстың  өтімділігін,  кәсіпорынның  қаржылық   тұрақтылығының  және  төлеу  қабілеттілігінің  абсолюттік  және  салыстырмалы  көрсеткіштерін  анықтау;
  • кәсіпорын  табыстылығын  бағалау;
  • кәсіпорын  табысының  салыстырмалы  көрсеткіштерін,  сондай – ақ   олардың  деңгейінің  өзгеруіне  әсер  етуші  факторларды  есептен  шығару;
  • кәсіпорынның  іскерлік  белсенділігін  анықтау;
  • кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  тұрақтылығын   ұзақ  және  қысқа  мерзімді болжау, яғни  оның  қаржылық  стратегиясын  анықтау.

  Қаржылық   жағдайды  талдау  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін  талдаудың  қортындылаушы   кезеңі  болып  табылады. Және  ол 3 сатыны  қамтиды: жабдықтау,  өндіріс және  өткізу;  бұлардың  жиынтығы  коммерциялық,  өндірістік  және  қаржылық  қызметті  құрайды.

   Кәсіпорынның  қаржылық  қызметі - бұл оның  осы қызмет  нәтижесінде меншікті  және  тартылған капиталдың  көлемі  мен құрамына  өзгеріс әкелетін  қызметі болып табылады. Олқаржы ресурстарының   жүйелі  түрде түсуі  мен  тиімді  пайдаланылуына, есеп  және  несие  тәртібін  сақтауға, меншікті  және  қарыз  қаражаттарының  арасындағы  арақатынастың  рационалдылығына, сондай – ақ кәсіпорынның  тиімді  қызмет  етуі  мақсатында   қаржылық  тұрақтылыққа   қол  жеткізуге  бағытталуы  тиіс. Кәсіпорын  қызметінің  қаржылық, өндірістік   және  коммерциялық  жақтары  арасында  тығыз  байланыс  пен  өзара  тәуелділік  бар. Осылайша  қаржылық  қызметінің  жетістігі, көбінесе  оның 

өндірістік – сату  көрсеткіштерімен  анықталады.  Кәсіпорынның  өзі  алатын  төлемдерді  және  ақша  қаражаттарын  алуы  оның  өнімді  сатуына, алдын -ала  қарастырылған  сұрыпталымды  ұстап  тұруына, өнім  сапасының  қажетті  деңгейге  сәйкестігіне  және  оны  бір  қалыпты  өндіруге  және  төлеуге  байланысты  балады.

Информация о работе Қаржы тұрақтылығын талдау