Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 10:00, курсовая работа
Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын «ақпараттық технологиялар» ғылымы физика, астрономия және басқа салалар үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз. Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].
Слайдты көрсету кезінде музыка немесе дыбыс өз бетімен ойнатылуы үшін Өзмәтіндік батырмасын басыңыз.
Музыка не дыбысты дыбыс белгішесін нұқу бойынша ойнату үшін Нұқу бойынша батырмасын басыңыз.
Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысанды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.
Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде Сіз сондай-ақ слайдтардың тінтуір нұқуымен немесе өздіктік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады.
Шындап келгенде, слайдтағы
әрбір нысанды слайдтар ауысуын
басқарушы батырмаға
Егер Сіз ағымдық слайдты
көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету
(ағымдық слайдтан) батырмасын басыңыз.
Ол кішірейтілген слайд
Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету – Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе <Ғ5> пернесін басу керек.
Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін <Esc> пернесін басуға болады[30].
2.3.1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТҮРІ
Компьютерлiк оқыту жүйесiнiң бiрi электрондық оқулық, оның мүмкiндiгiне байданысты әртүрлi типке жатады. Көптеген авторлардың пiкiрi бойынша электрондық оқулық бiлiмдi меңгергенiн тексерiп, ақпараттың жаңа түрлерiн көрсете бiлуi керек. Соған сай электрондық оқулық автоматты оқу жүйесiмен бiр деңгейде болады.
Электрондық оқулық - компьютерлiк педагогикалық проблемалық құрылғы, бiрiншi ретте жаңа ақпаратты алу үшiн, жеке және жекеленген оқытуда қолдану мен қажеттi бiлiмдi алу үшiн қолданылады.
Электрондық оқулық жаңа оқыту құралы сияқты толық, ашық және жартылай ашық жүйе бола алады. Ол мәлiметтердiң мағынасын және кiтаптың тарауларын өзгерте алады. Осылай бола отырып ол кiтаптың өзгертiлген бөлiмiн талдайды. Бiрiншiден электрондық оқулықта автордың жiберген қателiгiн өзгерту үшiн пароль немесе жүйелiк пароль қажет.Екiншiден егер қандай да бiр мүмкiндiк болса, жақсы маман немесе бiлiмдi ұстазға ғана қолдануға болады. Өйткенi электрондық оқулықтың мағынасы өзгермеуi қажет. Электрондық оқулық тек жазбаша басылымда ғана қайталанып қана қоймай, барлық компьютерлiк технологияларда қолдану керек.
Электронды оқулықтың кейбiр бөлiктерiне тоқталайық.
Электрондық оқулық кiшкене ғана мәтіндік мәлiметтердi сақтап, ұзақ уақытқа дейiн экранға шығарып бiлiмдi жетiлдiредi. Мазмұнының көлемi және қарiптiң өлшемi болады. Электрондық оқулық кейбiр сөздi бөлiп алуды, түрлi түстерге бояуды толықтырады, болмаса оқуды қиындатып немесе жеңiлдетiп көрсетедi. Мұндай оқулықтар көптеген мәлiметтердi өзiнде сақтайды.
Дәстүрлi оқытуда жаңа материалдарды түсiндiргенде вербальды түрге енедi. Осыған байланысты аудио фрагменттердi электрондық оқулықта пайдалану ақпараты игерiп қана қоймай, сонымен қатар жаңа материалды жақсы түсiнiп, мидың жұмысын, есту және көру мүшелерiнiң жұмыс iстеуiн жақсартады.
ЮНЕСКО берiлгендерi бойынша қабылданатын ақпарат аудио-қабылдау арқылы 12%, визуальды – 25%, ал егер аудио-визуальды–65%-iн қабылдайды. Қазiргi кезде мультимедиялықжүйенiң жақсы дамуына байланысты оқытуда пайдаланылатын компьютердiң көп бөлiгi дыбыстық жүйемен қамтылған. Аудиториялық сабақ кезiнде дыбысты құлаққаптар (наушник) арқылы естуге болады.
Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады.
Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез келген жерге қыстырма қоюға болады .
Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бiр ЖОО-ның оқу жоспарына байланыста болады және әдебиеттер тiзiмi де соған байланысты болады.
Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек – компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.
Информатика пәнi бойынша электрондық оқулықты құрудың кейбiр принциптерi.
Кванттық принциптерi: көлем бойынша минимальды, бiрақ мазмұны көрiнбей тұратын материалдарды тарауға бөлу.
Толықтыру принципi: кез-келген модульдыкелесi компоненттерге бөлу керек.
1. Теоретикалық негiз;
2.Теория бойынша бақылау жұмысы;
Мысалдар, өзiндiк жұмыс үшiн тапсырма мен жаттығулар, барлық модульге арналған бақылау сұрақтары мен жауаптары, бақылау жұмысы, қосымша анықтамалар (HELP) тарихи пiкiрлер.
Көзқарас принциптерi: мұнда әр модуль аз мәтiн мен визуализация арқылы құрылуы керек, ол жаңа түсiнiктер, қағидаларды, әдiстердi оңай есте ақтау керек.
Тармақталған принциптерi кез келген модульге еркiн енетiндей етiп, әр модуль келесi модулге гипермәтiндiк сiлтеме арқылы байланысу керек.
Сәйкестендiру принципi: оқушы кадрдың ауысымын өздiгiнен басқара алады, экранда кез келген мысалды шақыра алады, тапсырманың шешуiн, сонымен қатар өзiн-өзi тексеру, бақылау сұрақтарына жауап беру және бақылау жұмыстарын орындай алады.
Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген уақытта оқушы компьютерлiк қолдау көре алады, ол оқуға берген материалдарды тез игеруге, есептердi және мысалдарды тез шешу жолдарын көруге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар компьютердегi үлкен жұмыстарды атқарып қана қоймай, әртүрлi есептеулер менграфикалық салуларды орындайды, және кез келген деңгейдегi математикалық операцияларды орындайды.
Жинақтау принципi: Электрондық оқулық форматта орындалуы керек, оларды бiр электронды комплекске бiрiктiрiп, үлкейтiп және жаңа тараулар мен тақырыптарды толықтырып, сонымен қатар әр пән бойынша электрондық кiтапханаларға немесе оқушының, оқытушының және зерттеушiнiң жеке электронды кiтапханаларына талдау керек [31].
Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi:
Электрондық оқулық - бұл ақпаратты жүйенi ұсынушы кiтап, әдiстемелiк және бағдарламалық құрал-жабдықтарды нақты тәртiппен оқыту болып табылады. Оның құрылымы мен мазмұны оның қолдану мақсатына байланысты.
Hyper Text Markup Language – Гипер Мәтіндерді белгілеу тілі. Бұл оның көмегімен гипермәтін, яғни мәтінде мәтіннен басқа суреттер, кестелер және тағы басқа қолдануға болатын және оларды біріктіруге, басқаша айтқанда, Web өрмекпен байланыстыруға болатын бағдарламалау тілі дегенді білдіреді.
Бұл тіл сайт құру технологиясы
облысында меңгеруге өте жеңіл
болғандықтан базалық болып табылады.
Бірақ шамадан тыс
HTML тілі арнайы бағдарламалар – браузерлер (олардың негізгілері Netscape Navigator (Netscape фирмасінікі) немесе Internet Explorer (Microsoft фирмасінікі)) көмегімен Интернет желісінде көруге арналған мәтін беттерін құрастыру мен безендіруге арналған. HTML тілінің көмегімен Web-беттерді кәдімгі блокнотта немесе Word-та құруға болады. Қазіргі уақыттағы ең танымал және белсенді дамушы тіл болып РНР табылады.
РНР web-серверде HTML-беттерді генерациялау және деректер базасымен жұмыс жасау үшін құрылған скриптік бағдарламалау тілі. Қазіргі уақытта ол сайтты құруға арналған (LAMP – Linux, Apache, MySQL, PHP) «стандартты» жиынға кіреді.
РНРқарапайымдылығының, бай
функционалдылығының, арқасында бұл
тіл сайт құру технологиясы облысында
танымал тіл болып табылады. Деректер
базасымен жұмыс жасу үшін ядроның
және қосылатын модульдердің, динамикалық
графиканың, криптографиялық
PHP пайдаланылатын негізгі үш облыс бар:
Электрондық оқулықты құрмастан бұрын ол сәйкес келетін талаптарды бөліп алған дұрыс: пайдаланушыларды бөлу; деректер базасы кестелерін бағдарлама әкімшілерінің өңдеу мүмкіндігі; ыңғайлы пайдаланушы интерфейсінің болуы. Оқулық құрылымын өңдеу қажет. Электрондық оқулықтың құрылымы:
ЭО қойылатын талаптар:
Оқулықтың дизайнын өңдеу өте қиын және көп еңбекті қажет етеді. Электрондық оқулықты безендіруде, қаріп өлшемдері мен түстерді таңдағанда әлеуметтік және педагогикалық аспектілерге сүйену қажет. Электрондық оқулықтың дизайнін құру кезінде Adobe Photoshop сияқты танымал бейне редакторын пайладану ұсынылады. Әдетте сайттың жоғарғы бөлігіне сайт атымен үйлесетін логотип орналастырылады. Мәтіндік ақпарат ортада, навигация сол жағында, пошталық адрес төменгі бөлігінде орналасуы тиіс. Электрондық оқулықтың php-кодын бағдарламалау үшін Adobe Dreamweaver CS3 web-беттер редакторы қолданылды. Визуалдық бағдарламалау мүмкіндіктерінің арқасында тіпті бір жол кодты енгізгеннен кейін де сайттың бейнесін көру беруге болады. Нәтижесінде дизайн келесідей болып шықты:
Электрондық оқулықтыңсызбасы оның жалпы сыртқы бейнесін ұсынуға көмектеседі. Ол беттер арасындағы байланысты көрнекі етіп көрсетеді. Егер әдістемелік беттің құрылымы дұрыс болса, онда онымен жұмыс істеу жеңіл болады. Сызбада әдістемелік беттің навигациясын, оның ішіне қандай бөлімдер кіретінін көрсету керек.
Берілген тарауда пайдаланушы бөлікті жобалау, сайттың құрылымдық сызбасы және оның барлық жұмыс істеу принциптері қарастырылып, сипатталатын болады.
Пайдаланушы немесе «көрнетін» бөлік жалпы пайдалану үшін арналған, оқулықтың жеке жұмысын қамтамасыз ететін файлдар жүйесінен тұрады. Оқулықтың пайдаланушылар бөлімінде ешқандай өзгерістер енгізуге болмайды, ондағы ақпаратпен сілтеме арқылы танысамыз.
Оқулықтың жұмыс істеу принципі сызбадан көрініп тұр, тышқанды қандай да бір сілтемеге шерте отыра, сол бетке өтеміз. Негізгі бетте сайт туралы қысқаша кіріспе сөз айтылған, сайт астрометрия негіздеріне арналған. Негізгі бет жүктеуші бет болып табылады. Әдістемелік бет негізгі беттен, дәрістер тақырыптарынан, дәрістерге арналған презентациялардан, тесттік тапсырмалардан, лабораторлық жұмыстар мен қосымша беттерден тұрады. Мәзір оқулықты пайдаланушыларға логикалық блоктарды толық көруге мүмкіндік береді. Олар көп экрандық орынды алмауы үшін қысқа болуы тиіс. Бұның бәрі берілген оқулықтың әр бір бетінде бар. Айырмашылық тек беттің ортасында орналасқан мәтінде ғана болады. Негізгі бет төменде 9суретте сәйкес көрсетілген .