Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 10:00, курсовая работа
Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын «ақпараттық технологиялар» ғылымы физика, астрономия және басқа салалар үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз. Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].
Педагогикада белгілі бір пән бойынша оқыту жүйесін құру заңдылығын оқыту теориясы қарастырады. Оқыту теориясы мен әдістеріне негізделген түсінік-оқыту технологиясы, яғни, педагогикалық технология болып табылады.
Оқытушы - шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, бір уақытта педагог-психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды оқу-процесінде қолдану тиімділігі мол.
Компьютерді оқытушы косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады [10].
2.2.1 POWER POINT ТЕРЕЗЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы.
Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.
PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді[26].
(2 сурет. Microsoft PowerPoint бағдарламасын іске қосу)
PowerPoint бағдарламасы мына әмірлерді
орындау арқылы іске қосылады:
Бастау – Бас мәзір –
PowerPoint терезесінің құрылымы
Windows қосымшалары терезелерінің
дәстүрлі құрылымындай, үстелер
мен әмірлердің негізгі
(3сурет. PowerPoint терезесінің құрылымы)
• Тақырып жолағы – құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды.
• Стандартты құралдар үстелі – PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады.
•Пішімдеу құралдар үстелі – пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды.
• Слайдтардың кішірейтілген үлгілері – көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған.
(4 сурет. Жаңа жұмыс аймағы)
• Жұмыс аймағы – слайдтарды жасауға, онда нысандарды – мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ (4 сурет).
• Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
• Күй жолағы – құжат ақпаратын қамтиды.
• Сурет салу үстелі – сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
PowerPoint-та қол жетерлік
үстелдер жиынтығын WordArt, Сурет
және басқа да үстелдермен
толықтыруға болады. Бұл үшін
мәзір жолағында Көрініс –
Құралдар үстелі әмірін
Көрмені сақтау үшін Файл мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін таңдаңыз, ашылған Құжатты сақтау терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауын енгізіп, Сақтау батырмасын шертіңіз.
PowerPoint-та тартымды, кәсіби
түрде безендірілген
Microsoft PowerPoint-та көрме жасау
барысы жалпы безендіруді
(5 сурет. Слайдтарды безендіру)
PowerPoint-та Жұмысқа кірісу тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:
– Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.
– Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.
– Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft Power Point қалыбы негізінде жасалады.
Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.
Оны шерткен кезде тапсырмалар
аймағында безендірудің кішірейтілген
эскиздері болып табылатын
Суретті слайдқа қою үшін, алдымен суретті сақтаған құжатты ашасыз,содан керек суретті таңдайсыз (6 суретте көрсетілген).
6 сурет - Суретке кірістіру
Сізге қажетті безендіру қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз.
Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:
• өң түсін;
• байрақшалар мен нөмірлер мәнерін;
• тақырыптың түсі мен өлшемін;
• негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін;
• өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру элементтерін.
Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады (7сурет).
(7сурет. Түстер сұлбасы).
Слайдтың түстік сұлбасын
қарап алу үшін оны бөлектеп алыңыз
да, содан кейін бейне бетте
Слайд жасақтамасы – Түстер сұлбалары
тапсырмалар аймағын
Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары бар.
Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын басу, немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың орналасуын белгілеу керек. Егер сіз барлық слайдтарда емес, тек кейбіреулерінің өңін ауыстырғыңыз келсе, мәзір жолағының Пішім тармағында Өң әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгілеп, Қолдану батырмасын басу керек [28].
Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.
Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады (8 сурет).
(8 сурет. Слайдқа дыбысты қою)
Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.
Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.
Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:
Қызыл ирек сызықпен асты сызылған сөзді қатесі бар-жоғына мәтінмәндік мәзір арқылы, сондай-ақ Құралдар – Емле ережесі әмірлерінің көмегімен тексеруге болады.
Слайдтың барлық дерлік нысандарына (сызықтардан басқа) мәтінді үстеуге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, Мәтінді үстеу әмірін таңдау керек. PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды, өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады.
Бұл элементтерді слайдқа
кірістіру үшін Сурет салу құралдар
үстеліндегі Өзкескіндер
Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.
Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса – Штрих мәнері батырмасы қолданылады.
Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің – Сурет – Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.
2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз.
Кірістіру әмірін орындаңыз.
Осы құралдар үстелінің көмегімен жаңа суретті кірістіруге, суретті ақ-қара түсті етуге, суреттің жарықтылығы мен контрастын өзгертуге, суреттер шеттерін қиып, алып тастауға, оларды 90 градусқа бұруға, жақтау сызуға және т.б. әрекеттерді орындауға болады.
Дайын суретті кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз немесе Кірістіру мәзірінің – Сурет – Суреттер (жинағы) әмірлерін орындаңыз. Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып, таңдағаныңызды слайдқа бір шертіп кірістіруіңізге болады.
WordArt мәнеріндегі жазбаны
да дәл осындай алгоритммен:
Сурет салу құралдар
PowerPoint көрмесі слайдына
диаграмманы Кірістіру –
Егер Сіздің слайдыңызда
бірнеше нысан бар болса, олардың
бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге
болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп
алып, Сурет салу құралдар үстелінде
Әрекеттер батырмасын басып, Рет
әмірін, содан кейін қажетті
PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар
құжаттарынан мультимедиалық
PowerPoint қарапайым нысандарға
жан бітіруге мүмкіндік береді.
Өзгертпелі жан бітірім
Бұл үшін Слайдтарды көрсету
мәзірінің Жан бітірімді баптау
әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында
түрлі жан бітірім
Есіңізде болсын – жан бітірім пәрмені әрбір нысан үшін жеке-жеке бапталады, сондықтан алдымен нысанды бөлектеп алып, содан кейін Пәрменді үстеу батырмасын шерту керек. Қажет болса, пәрмен параметрлерін (басы, жол, жылдамдық) баптап алыңыз. Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Файл дыбысы әмірін таңдап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз.
• Суреттер жинағының дыбысы әмірін таңдап, айналдыру сызығының көмегімен қажетті клипті тауып, оны слайдқа үстеу үшін шертіңіз.
Сұхбат терезесі пайда болған кезде мына әрекеттердің бірін орындаңыз: