Астрометрия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 10:00, курсовая работа

Краткое описание

Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын «ақпараттық технологиялар» ғылымы физика, астрономия және басқа салалар үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз. Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавая работа.docx

— 2.58 Мб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

 

Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын «ақпараттық технологиялар» ғылымы физика, астрономия және басқа салалар үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз. Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық жұмыстың  басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].

Осы уақытқа дейінгі астрометрияда  қолданылып келе жатқан жасанды интеллект  құралдары, бізді көп түсініспеушілікке  әкеледі. Мұнда астрономияның дұрыс  жазылуы, оның тиімділігі және қате орындарын  анықтау тәсілдері қарастырылған.

Тасымалдауға арналған ойластырылған  зерттеудің жолдары. Яғни оқушылар мен  студенттердің компьютерлік, ақпараттық технологияларын басқа өрісте қолдана  алуды және де математика, физика және астрономия жағынан, логикалық ой-өрісін қарқынды дамыту, басты мақсат болып  табылады.

Астрометрияны оқыту, пәннің өз ерекшеліктеріне байланысты, жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын оқу-тәрбиелік процеске енгізу үшін жағымды орта болып табылады. Бұл  курсты оқытудағы әдістеменің басты  талабы студенттердің ойлау қабілетін  дамытуға көмектесетін дамытушы білім  беруді іске асыру болып табылады. Осының бәрі зерттеу тақырыбының  өзектілігін білдіреді.

«Астрометрия» оқулығында физиканың  тарауларының материалдары да, астрономия элементтері де бір-біріне кіріге біріктірілген  әрі толық, аяқталған курс түрінде  берілген. Курс мазмұнына қоршаған орта туралы жалпы сипаттама, сонымен  қатар Әлем құрылысы және әр түрлі  табиғат құбылыстары туралы деректер, негізгі физикалық, астрономиялық  ұғымдар енгізілген. Студенттердің  зерттеу әдістерін, физикалық шамаларды  өлшеу тәсілдерін меңгеруі, құралдар, құрылғылармен танысуы, алған білімдерін оқу барысында пайдалана білуі  де қарастырылған.

Жұмыстың мақсаты:жоғары оқу орындағы «физика және астрономия» курсының тақырыптарын оқытушының студенттердің жас ерекшіліктерін ескере отырып, оқытуды ғылыми әдістемелік тұрғыда негіздеу. Астрометрияның негізгі ұғымдары және оларды практикада қолдануды қарастыру. Астрометриядан электрондық оқулық жасау.

Зерттеу объектісі:сайт құру технологиялары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:жоғары оқу орындағы «астрометрия» пәнінің мазмұны ғылыми- теориялық тұрғыдан қаралып, әр тақырыбының оқытылуы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білімді талдап қорыту және жүйелеудің тиімді әдістерімен қамтамасыз етілсе, студенттердің физикалық білімінің  сапасы артады.

Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі  заманғы жағдайын бағалау: жасалып отырған электрондық оқулық жоғарғы оқу орындарындағы астрономия мамандықтардың оқу жоспарындағы астрометрия пәндерін оқытуда көмекші құрал ретінде қолданылатын болады.

Автордың қорғауға шығаратын негізгі  ережелері:

  1. Пәннің Оқу Әдістемелік Кешенін өзгерту, толықтыру, жаңғырту;
  2. «Астрометрия» пәнінің дәрістері  бойынша презентацияларды әзірлеу, дайындау;
  3. Мультимедияны қолдана отырып, оқудың негізгі аспектілерін суреттеу;
  4. «Астрометрия» пәні  бойынша электрондық оқулық жасау.

Жобаның  тәжірибелік мәні:электрондық оқулықты жоғарғы оқу орындарындағы астрономия пәнін оқытуда көмекші құрал ретінде қолдану болып табылады.

Қолдану нәтижесі:студенттердің астрометрия пәнін игеруде білім деңгейлерін жетілдіру үшін көмекші ретінде кеңінен қолдану.

Жұмыстың құрылымы: курстық жоба кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және қосымшадан  тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі – 56  бет.

 

1ҚҰРАСТЫРЫЛҒАНӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ШОЛУ

1.1 оқу үрдісіндегі  электрондық материалдардың рөлі 

1.1.1Дистанциондық оқыту технологиясы

 

 

Информатизацияланған мекемелерде  оқу мектептеріне түсетін екпінді  үдеріс болып табылатын қазіргі  компьютерлер негізінде электронды оқулыққа білім жолын ашады.

Бұл термин осы уақытта  өте төзімді және осы түрлерге біртұтас компьютерлік курстар кіреді. Классикалық түсінушілікте оқулық оқушылар немесе студенттерге арналған білімнің негізгі облысында заман  талабына сай ғылымның және мәдениеттің  жетістіктері жайлы баяндайтын кітап.

Демек, оқулық электронды да, қолжазба да ретінде болады. Олардың  ортақ белгілері:

    • Оқу материалы білімнің нақтылы аясында баяндалады;
  • Бұл материал ғылым мен мәдениеттің жетістіктерімен негізделген;
  • Оқулықтағы материалдар жүйелі түрде баяндалады, яғни, көп элементтерден тұратын, оқулықтың біртұтастығын құрайтын, бір бірімен мағыналық байланыста болатын жалпы қорытындаған шығарма негізінде болады.

Электрондық оқулық - оқу курсының немесе үлкен бөлімнің дербес игеруіне мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық әдістемелік кешен. Оқулық теорияны, анықтамаларды, есептер жинағын, лабораторлық практикумды диагностика жүйесін және басқа да компонеттерді қосатын интеграцияланған құрал болып табылады. Оқулықта оқушыларға, студенттерге арнайы видеофрагменттер және статикалық суреттер мен схемаларымен қоса дәстүрлік тексттік шығармалар бар. 

Электрондық оқу құралытеориялық материалдарды, текст, график немесе мультимедиялық түрінде болатын жабдықталған анықтаманы қосатын оқу процессінің компоненті ретінде интеграцияланған құрал болып табылады.

Лабораторлық практикумның болу мүмкіндігі шектелген. Оқу құралы электрондық оқулыққа қосымша құрал болып табылады.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік  стандарттар деңгейінде сапалы білім  беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз  керек» делінген, ХХІ ғасыр –  бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық  мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір [2]. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,оқутәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі менсапасын жоғарлатуды көздейді.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін  үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық – деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде[3].

Электрондық оқу материалдары көбінесе ашық дистанциялық білімнің (АДБ)  негізгі компонеттері болып  табылады. Мұнда ғана дәстүрлі білім  мен АДБның айырмашылықтары айқын  білінеді. Электрондық оқу материалын өндеу барысында «қашықтық» факторы  есепке алынуы тиіс.  Материалдар  оқу үрдісіне түрткі және меңгеру  үшін жеңіл болуы керек.  Өкінішке орай, көпшілік жағдайда электрондық  оқу материалын құру барысында дәстүрлі оқулықтарда оңай сандауы орын алады.  Әрине, осындай өнімдер АДБ құралының  функциясын орындай алмайды, сонымен  қатар, АДБ секілді эффективті бола алмайды. Электрондық оқулықтың  ерекше амалы және негізгі айырмашылықтары: интерактивты және мазмұнды жеңіл меңгеруі болып табылады. Электрондық оқу  материалындағы оқылатын пәндер мазмұнының құрылымы оқулықтағы қағаз сақтаушыларына қарағанда өте жақсы.  Ол иілгіштік  принципте, дистанционды оқудың психологиялық  негізінде және оқушының білім ордасын  назар аудара отыратынын өндейді. Электрондық  оқу материалдараның типтері  қойылған шарттарға байланысты өзгере алады. Олар дәстүрлі информационды  коммуникациондық технология (ИКТ) негізінде  теледидар, радио немесе жаңа ИКТ, яғни компакт диски, интернет және т.б. ретінде  бола алады.

Электрондық материалдардың режимдерінің бірі болып табылатын  дистанционды оқуды қарастырамыз:

Дистанциондық оқыту технологиясы— бұл сыртай оқу және интернет жүйесі арқылы оқутушымен тікелей байланыста болу. Оқу барысында өзіңіздің компьютеріңізге тапсырмалар мен оқу материалдарын алып, тест, бақылау жұмыстарын орындап, оны оқытушыларына жібере аласыздар. Сіз өзіңіздің оқытушыңызды және әдіскеріңізді танисыз, оған сұрақ қойып дереу жауабын ала аласыз [4].

Оқудың дистанциондық  түрі бұл сыртқы бөлімде білім  алуда  жаңа , озық технология  және оқу материалдарын   оқу  бағдарламалар  негізінде   тыңдаушыға өзі таңдаған мамандық саласы бойынша  интернет жүйесі арқылы кез келген оқулықтарды  пайдалана отырып, өзінше іздене білім  алуға  үлкен мүмкіндік жасайды.

Дистанциондық оқу қызметінің негізгі  бағыты жаңа ақпараттық және инновациялық технологиялар әзірлеу және оларды жоғары оқу орнының оқу үдерісіне енгізу болып табылады:

    • электронды оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және телекоммуникация құралдарын пайдаланып, оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару жүйесі болып табылатын «ШҚМТУ білім беру порталы» жобасын бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • дистанциондық оқыту әдістерін қолданып, білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.

Дистанциондық оқудың негізгі мақсаттары:

  • білім мен дағдыларды оңтайлы үйретуді қамтамасыз ететін ашық және дистанциондық білім беру қағидалары мен технологияларын қалыптастыру, дамыту және іске асыру;
  • тиімді оқу-кәсіби бағдарламалары мен технологияларын, ең бастысы, дистанциондық білім беру жүйесін құру, дамыту және енгізу бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік және практикалық қызмет жүргізу;
  • компьютерлік, аудио/видеотехника құралдарын, телекоммуникациялар және мультимедиа құралдарын білім беру үдерісінің техникалық негізі ретінде белсенді түрде пайдалану;
  • қызмет бағыты Дистанциондық оқудың мақсаттарына сәйкес келетін және дистанциондық білім беру саласын кеңейтуге жәрдемдесетін құрылымдар құру және дамыту бойынша ұйымдастырушылық және үйлестірушілік жұмыс жүргізу;
  • дистанциондық оқу технологиялары негізінде жоғары оқу орнына дейінгі, орта арнаулы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәні және оны ұйымдастыру бойынша ережелер әзірлеу;
  • қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасының және басқа елдердің жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрларын ынтымақтастық құруға тарту және бар күшті біріктіру [5].

Оқушыларға мақсатты дұрыс құрастыруға  мүмкіндік береді:

  • Оқылатын тақырып бойынша ойлау қабілетті дұрыс келтіру;
  • Маңызды мәселелерге ықылас бөлу;
  • Текстерге, тапсырмалар мен басқа бағалатын құралдарға мұқият дайындалып келу.

Дистанционды  оқу курсын құру және жоспарлау кезінде  педагог қызметінің үш компонентін  есепке алу керек. Олар: оқу материалының мазмұнын, тәжірибені, кері байланысты.

Дистанционды оқудың жолы:

  • Дистанционды оқудың алдында психологиялық тесттен өту қажет;
  • Оқу материалы жіктелген түрде келтірілген. Бұл оқушыларға әр тақырып бойынша білім жүйесін алуға көмектеседі.
  • Бақылау білімі әр құрылым бойынша тесттік бақылауының толық және валидты жүйе көмегімен іске асады.

Дистанциондық оқудың негізгі  оқу құралы электрондық оқулық болып  табылады [6].

 

1.1.2 Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі

 

 

«Білім туралы» заңда  білім беру жүйесінің басты міндеті  «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған  білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген [2]. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптардың ішінде былай делінген:

  • өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;
  • өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобаларымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.

Қазіргі кезеңдерде негізгі  мәселелердің бірі – оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып  табылады [7]. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы  әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі  арналары: есіту, көру және сезу болып  табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын  мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің  көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Тәжірибе тұрғысынан информатика пәнін алатын болсақ, компьютермен жұмыс істеу кезінде жаңа ұғымдармен таныс болмауынан және техника құралын бірінші рет пайдаланып отырғандықтан, оның мүмкіншілігі мен қажеттілігін білмеуі салдарынан оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігі туады.

Информация о работе Астрометрия