Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 10:00, курсовая работа
Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын «ақпараттық технологиялар» ғылымы физика, астрономия және басқа салалар үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз. Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].
Оқыту ақпараттарының басқа
түрдегі ақпараттардан
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттарды беру әдістерінің жіктелуі бірінші кезекте сызықты және құрылымдық материалдарды беру әдістерін ерекшелейді.
Оқыту ақпараттарының сызықты
көрсетілімі кезінде оқыту
Оқыту ақпараттарының құрылымдық көрсетілімі оның оқытылуының жүйелік жолдарына негізделген. Оқыту материалының құрылымы оның моделі ретінде қарастырылады және бір – бірімен байланысқан және бір – бірімен шарттасқан элементтер жиынтығы ретінде көрсетіледі. Оқытылатын материалды меңгеруде оның құрылымын анықтайтын элементтері мен оның байланыстары маңызды роль атқарады. Оқыту ақпаратын түсіну үшін пәндер арасындағы байланысты білу міндетті.
Қазіргі уақытта гипертекст
– ақпараттар көрсетілімінің жаңа
түрі пайда болды және әдістеме ретінде
кірістіріліп жатыр, оның кеңінен
тарауы негізгі компьютерлік және телекоммуникациялық
оқыту жүйелерінің (басқаша электрондық
оқулық, интернет және т.б.) дамуына
байланысты. Гипертекстілік ақпараттар
көрсетілімі негізінде
Қазіргі заман жаңа компьютерлік технологиялары гипертекстілік ортаға тәжірибе жүзінде кез – келген ақпараттарды (текст, бейне, екі-үшөлшемді графика, дыбыс, видео, анимация және т.б.) енгізуге мүмкіндіктер береді, сонымен қатар бұл ақпараттар көрсетілімі мен ұйымдастырылуына байланысты жүйені одан да жоғары деңгейге жеткізіп – гипермедиа немесе мультимедиа деп қарастыруға болады.
Бұл берілген сөздерге әртүрлі ақпарат көздерінде көптеген түсініктеме басқа да сөздер кездесіп жатады –біз бұл атаулардың барлығын синоним сөздер деп есептеп өзіміз мультимедиа сөзін қолданамыз.
Мультимедиа түсінігі кең спектрдегі мәндерді қамтиды: бұл құрастыру технологиясы ретінде, өнімнің өзі ретінде, аппараттық қамтама ретінде, және нәтижесінде, жаңа ақпарат түрі ретінде де қолданылады. Мультимедия түсінігінің пайда болуымен қарапайым әдістемелік көрсетілімдердің көрнекілігі және материал иллюстрациясының безендірілуі баюда.
Мультимедиа әртүрлі программалық және техникалық құралдар негізінде құрылады, білім алушыға тиімді әсер етеді, ақпаратты өңдеу, елестету, сақтау және құрудың компьютерлік құралдар ретінде көрсетіледі, білім алушы бір мезетте оқырман, тыңдаушы, көрермен және қатысушы бола алады.
Қазіргі заманғы жаңа аудиовизуальды
(ыңғайлы навигация, иілгіш үлестік
берілу, интерактивтілік) ақпараттарды
өңдеудің әдістерін қолдану, әртүрлі
рецепторлық айқын әрекеттердің
бір мезетте қолданылуы білім
алушының оқыту үрдісін интенсивтілігін
көтеруге және оқыту ақпараттарын меңгеру
тиімділігін арттыруға
Білім беру жүйесінде оқытудың
мультимедиа-құралдары қазіргі
Соңғы кездері оқытудың мультимедиялық құралдарын Windows операциялық жүйелері үшін IBM – үйлесімді компьютерлердің тенденцияларын өңдеу белгіленуде. Windows ортасында мультимедиялық өңдеулерді қолдайтын дамыған жүйелердің бірі ретінде Hyper-PC, Toolbook, HM-Card және басқа да жүйе түрлері көптеп кездеседі. Бұл түрдегі жүйелер аспаптық құралдар болып табылады, олар өңдеушіден қандай–да бір спецификалық білімдерді және программалау тілдерін талап етпесе де, өз кезегінде көп дайындалмаған пайдаланушы үшін қиын аспап болып табылады. Сондықтан интерактивті құралмен қатынау – диалог жүргізу мүмкіндіктерін, тиімді білім алу және өзін – өзі дамыту үшін арналған сапалы мультимедиялық құралды өңдеу арнайы мамандардың міндеті болып табылады.
Соған қарамастан қазіргі кезде мультимедиялық қолдауды пайдаланып дәрістерін, оқулықтарын көрнекі етіп жасағысы келген кез – келген оқытушы, пайдаланушы үшін арналып жасалған қиын емес программалар бар. Кез – келген көрнекілікті жасау аспабы ретінде PowerPoint презентация құру құралын айтып кетуге болады.
PowerPoint программасы – бұл слайдтар жиынын көрсету және құрастырудың күшті құралы болып табылады. Әрбір слайд статикалық бейнелерден, фотосуреттерден, суеттерден, сұлбалардан, диаграммалардан, текстілік фрагменттерден, сондай - ақ видеофрагменттерден (видеофильмдер, мультипликациялар, анимациялар) тұруы мүмкін. Слайд көрсету дыбыстық жазбалармен (дикторлық текстпен, музыкалық туындымен) қолдауда болуы мүмкін. Слайдтар презентациядағы кез – келген басқа слайдтарға сілтемеден, және локалды диск немесе Интернетте орналасқан әртүрлі обьектілер мен құжаттардан тұруы мүмкін. Тәжірибе жүзінде кез келген ақпарат түрін слайд – шоу режимінде көрсетуге болады, бұл кезде құрылымдалған презентацияларды басқару қиын емес гиперсілтеме жүйесімен қамтамасыздандырылады. Программа Office қосымшалар жиынтығының стандартына енгізілген, қолдануда қарапайым – бұл программамен мектептің бесінші сыныбындағы оқушылар ақпараттану сабағыннан бастап танысады. Мұндай иллюстрацияланған оқулықтарды тиімді пайдалану үшін мультимедиапроектордың көмегіне сүйенген дұрыс, бірақ дәрістердің мультимедиялық қолдауын теледидардың көмегімен де, локалды желісі бар компьютерлік сыныптың көмегімен де ұйымдастыру мүмкін[23].
Мультимедиа білім алу
үрдісін әртүрлі көрнекі
Интерактивтілік пайдаланушы талаптарына сәйкес ақпараттардың көрсетілімін басқаруға, материалдардың берілу қарқынын және жағдайларға байланысты қайталау санын жүйелендіруге мүмкіндік береді. Мультимедиялық иллюстрацияны қолданып жасалған әрбір дәріс – білім алушының оқыту материалдарымен танысу деңгейін, факультет және мамандық бойынша спецификасын, және оқытушылардың бірім беруінің жеке стиліне байланысты тиімді стратегияларды таңдауға арналған факторларға сүйене алады.
Мультимедиялық оқулықтардың
интерактивтілігі мен иілгіштігі материалды
өз бетінше оқып үйрену және ұйымдастыруға
өз себебін тигізеді, ол білім алушының
оқу топтарында бірігіп жұмыстар
ұйымдастыруды, мультимедиялық программа
мүмкіндіктеріндегі интерактивтілікті
қолдануды, білім алушы өз бетінше
оқу үрдісін тізбектей
Өзінің артықшылықтарына (көрнекілік, қолжетерлік, қолданудағы иілгіштік, интерактивтілік және т.б.) қарамастан білім алудағы мультимедиа бірқатар спецификалық аспектілерге сүйене отырып қолданылуы керек [24].
Білім беруде мультимедиялық
құралдарды қолдану және өңдеумен байланысты
қиындықтарға қарамастан, олар мектеп
және жоғары оқу орындарында кеңінен
қолданылуда. Қазіргі кезде кішігірім
дайындығы бар пайдаланушы
Оқыту технологиясы – 1) білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесі; 2) оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау процестерін керек етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.
Ақпараттық технология – көбінесе, қағаз жүзінде әр түрлі мәліметтерді дайындау, жинау, өңдеу және тасымалдау процесі.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін қазіргі компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, инструменталдық программалық құралдар жиыны.
Жаңа ақпараттық технология – компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Мультимедиа – графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешені.
Мультимедиалық технология – бейнелік және аудио-эффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедиалық технологиялар
мультимедиа өнімдерінің жасалу
үрдісімен байланысты яғни, электрондық
кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар,
компьютерлік фильмдер . Бұл өнімдердің
өзіндік ерекшеліктері
Гипермедиялық технологиялар
мәтінмен жұмыс істеудің және олрдың
бір-біріне хабар жіберуін ұйымдастырудың
ыңғайлы мүмкіндіктерін жасайтын гипермәтіндік
технологияларды дамыту болып табылады.Барлық
қазіргі заман ақпараттық-
Оқу үрдісінде ақпаратты
экранда бейнелеудің түрлі
Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді оларды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ.
Кәдімгі информатика оқулығы
білімді жалпылауды, ойлау үрдісін
реттеуде, материалды сапалы меңгеруде
компьютерсіз не оған дейін қолданылуы
мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар,
оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс
істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын
едәуір жеңілдетеді. Барлық ұғымдар, түсініктер
оқулықта беріледі. Плакатка жазылған
ақпарат (формула, бұйрық және т.б.) еріксіз
есте сақтауға арналған. Транспаранттар
мұғалімнің сабақ өту кезінде
тікелей тақырыпқа қатысты
Презентация – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсынады (1сурет).
MS Power Point программасының
әрбір презентациясы слайдтар
жиынынан тұрады.Ал слайдта
1сурет – Слайдтың түрі
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Мультимедиялық
Оқыту әдісі деп оқытушы мен оқушының немесе мұғалім мен оқушының оқыту процессінде алға қойылған мақсатқа жету үшін бірігіп атқаратын іс-әрекетін айтамыз.
Осы кездегі негізгі талап: