Астрометрия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 10:00, курсовая работа

Краткое описание

Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын «ақпараттық технологиялар» ғылымы физика, астрономия және басқа салалар үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз. Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавая работа.docx

— 2.58 Мб (Скачать документ)

Қазіргі кезде мектепте жас  ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге  көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен  мұғалімге байланысты. Қазіргі заман  мұғалімінен өз пәнінің терең  білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық т алап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен  жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер  меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға  ретінде ұлағатты саналады.

Оқушы білімінің сапалы болуы  бір жағынан мұғалімнің сабақ  беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің  техникалық материалдық базасының  жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік  меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері мектебіміз сабаққа  қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды [8].

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында  ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен  жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану арқылы:

  • оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;
  • абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;
  • оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;
  • мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Қазіргі таңда дайындалған  электрондық оқулықтарда мынадай  жағдайларды ескеру керек:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
  • электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар;
  • зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдар;
  • материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші материалдар;
  • аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест;
  • материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы.

Информатикадан оқушы  үшін электрондық оқулықты қолдану  тиімді [9].

Электрондық оқулықты қолдана  отырып оқушылар төмендегідей жұмыс  жасауға мүмкіншілігі болады:

  • Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
  • Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін – өзі тексеруге;
  • Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
  • Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
  • Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
  • Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады [3]. Әсіресе аталған электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Электрондық оқулықты қолдану  саласы өте кең: электрондық –  оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы  білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың  дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау  жұмыстарын бағалауға мүмкіндік  береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның  дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің  жұмысын жеңілдете түседі.

Мен өз сабағымда электрондық  оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның  тиімді жағы көп: сабаққа қажетті  материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін  бекітетін дидактикалық материалдар  бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары(есептер, диктант) оқушы білімін бақылауда  және оқушының өз бетінше ізденісін  туғызуда көмегі зор[7].

Электронды оқулық мынадай  жағадайларда тиімді:

1) тез арадағы кері байланысты  қамтамасыз етеді, яғни интерактивті  болып табылады;

2) қажетті ақпаратты тез  табуға көмектеседі, іздеу жай  оқулықта қиынға түседі;

3) гипермәтіндік түсіндірмелерге  бірнеше рет енген кезде уақытты  үнемдейді;

4) экранға мәтінді шығарып  ғана қоймай, сонымен бірге көрсетеді  және үлгілейді және т.б. –  осында мультимедиалық технологиялардың  мүмкіндіктері мен артықшылықтары  белгілі болады;

5) нақты тарау бойынша  нақты тұлға үшін ең сәйкес  келетін білімді тексеру;

6) Интернет көмегімен қажетті  ақпаратты жаңартуы мүмкін.

Қазіргі кезде компьютерлік дидактикалық программалардың келесі типтері белгілі[14]:

бақылаушы программалар –  кейбір істерді жоспарлау және орындау  жолында оқушы белгілі бір  мақсатқа жету үшін оқу ортасында  тапсырмаларды көрсету;

2) оқыту програмамлары  – оқушыға оқу материалы мен ол жауап бере алатын сұрақтарды беру;

3) үлгіленуші программалар  – оқушыдан талап етілетін  тапсырмаларды беру;

4) жаттығу программалары  – есепті шешудің техникалық  дағдылануларын бекіту үшін қызмет  етеді. Олар теория бойынша  ақпаратты алуды қаматамасыз  етуі тиіс;

5) дидактикалық ойындар  – ойын үрдістерін пайдаланып, оқушыға сұраұқтарға жауап беру;

6) гипермәтіндік жүйелер  – негізінен мультимедиалық анықтамалардан  тұрады, ақпаратты іздеу және жаңарту жүйесі жақсы дамыған.

Мұндай жағдайларда студенттің компьютерлік оқыту программаларымен байланысы оқытушының тәжірибесіне бағытталған. Оқытушы студенттің пән материалын оқып-үйрену үрдісіне қатысады.

Электрондық оқулықты пайдалану  арқылы:

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
  • мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
  • оқушының пәнге қызығушылығы;
  • алынған білім, дағды деңгейі;
  • білімнің тереңдігі;
  • тексеру түрлері, бағалау;
  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Қорыта келгенде электрондық  оқулықты қолдану барысында оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығының  күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Тақырыпты өзіндік меңгеру: әр оқушының, студенттің белгілі бір қабілеті болады. Сондықтан оқушының қабілетін анықтау мақсатында  қолданатын арнайы құралдар: тест, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, сауалнамалар арқылы анықтап, болашақта сол қабілеттерді сабақ барысында дамыту. Топтық қызметті ұйымдастыру барысында оқушылардың немесе студенттердің ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен топтық жұмыс жүргізу барысында әр оқушы оларда не күтілетінін түсінуі үшін, оқушыларға арнайы нұсқаулар, кеңестер беру арқылы олардың топтық жұмыс жүргізу біліктілігін дамыту[15] .

Оқушының, студенттердің  ойлау және өзіндік білім алу  қабілетін дамыту:

  • Оқушыларға, студенттерге білім берудің барлық сатысында берілетін әр деңгейлі тапсырмалар оқушының өзіндік білім алуын қамтамасыз етеді. Олардың танымдылық сұраныстарын қамтамасыз ете отырып, бұл тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін оятады. 
  • Оқушының өзіндік білім алуы, алған мағлұматты жетік меңгеруіне септігін тигізіп, өзіндік ойлау қабілеті, зейінін алған мағлұматты талдау барысында дамиды.

1.2 Электрондық оқулық құрау әдістеріне шолу

 

 

Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе, автоматандырылған  оқыту жүйесінің қолданушылары  мен құрастырушылары үшін пайдалы  және маңызды жабдықтардың барлық қарастырлған жүйелердегі дамуының кемшіліктерін  ерекше атап өтуге болады. Автоматандырылған  оқыту жүйесінде болатын мүмкіндіктер тізімін беруге болады.

Қолданушылар үшін: әр түрлі  деңгейдегі оқытуды ұйымдастыру  – алғашқы таныстырудан материалды толығымен меңгергенге дейін. Оқыту  мақсатынан шығатыны материалды беру мүмкіндігі. Тесттік тексеру нәтижесі бойынша материалдарды жинақтау. Құрастырушылар үшін:

  • енгізілген анықтамалардың дұрыстығын тексеру;
  • анықталмаған ұғымдардың тізімін қалыптастыру;
  • ерекшеленген ұғымдар үшін байланыс графын тұрғызу.

Бұл жобада оқыту жүйелерінің  құрастырушыларына қатысты барлық мүмкіндіктердің екінші бөлігі берілген. Бірақ берілген жобаның негізінде  қолданушыларға қатысты мүмкіндіктердің  бөлігін таратуға болады. 
Электронды оқулықтардың құрылымын өңдеу және ерекшелеу жүйесі HTML тілінде таратылған гипермәтіндік оқулықтарды өңдеу үшін құрылған. Жүйе келесі негізгі функцияларды орындайды:

  • электронды гипермәтіндік оқулық ұғымының құрылымын тұрғызу;
  • қолданушы үшін көрнекі және ыңғайлы түрде алынған құрылымды бейнелеу;
  • құрылымдағы элементті іздеу;
  • құрылымды қараудан оқулықты қарауға көшу мүмкіндігі;
  • алынған құрылымды өңдеу:

- құрылымдағы анықтамалардың  дұрыстығын тексеру;

- алғашқы ұғымдардың тізімін  ерекшелеу;

- ұғымдардың берілген  жиыны бойынша ішкі құрылымды ерекшелеу.

Жүйенің құрылымын құру. Жүйе HTML тілінде жазылған гипермәтіндік  электронды оқулықты өңдеу үшін арналған. HTML тілі — Web-парақтарды сипаттау тілі, сондықтан оқулықты қарау үшін Web-браузер  қолданылады [16].

Интерактивті тақтаның көмегімен:

  • Жазуға;
  • Түстерді өзгертуге;
  • Қолданған мағлұматты сақтауға.

ИТ қолдану барысында  оқушы:

  • Нақты ақпаратты ұғынады;
  • Оқушының зейіні ақпараттық көрнекілік, дыбыстық, бейне көріністер қарау арқылы қалыптасады;
  • Жаңа өтетін тақырыптың практикалық маңыздылығына ынталандырады;
  • Ақпаратты технологияны сабақ барысында қолдану оқушы мен мұғалімнің ақпараттық мәдениетін дамытып, информатика пәні мұғалімінің тығыз қарым-қатынастың болуын  қамтамасыз етеді;

ИТ қолдану оқу үрдісіне енгізу сабақтың дидактикалық мүмкіндіктерін, көрнекілігін, аудио, видео көмегі арқылы білім беру деңгейін көтереді. Оқушылардың өзіндік білім алуға мүмкіндік жасай отырып, сабақтың түрлі дәстүрлі емес формаларын ұйымдастыруға болады [10].

Интерактивті тақтамен жұмыс  жүргізу артықшылығы:

  • Барлық жастағы оқушыларға қолдану;
  • Қосымша реурстарды қолдану арқылы жұмыс жүргізу: интернет, веб-сайттар, электронды оқулықтар;

Сабақты қызықты жүргізу;

  • Көрнекіліктердің түрлі түсті болуы;
  • Түстерді өзгерту;

Мұғалімнің интерактивті тақтаны қолданудағы артықшылығы:

  • Орталықтандырылып оқыта отырып, сабақ барысында барлық сыныпты қамту;
  • Кез-келген даярламалардың үстінен сызу, жазу, сурет салуға болады;
  • Тақтадағы мәтін, сурет, кестелерді сақтау арқылы оқушыларға басып беру;
  • Сабақ даярламасына қайта қолдану;
  • Даярламаларды жылма-жыл пайдалану;
  • Кәсіби өсуіне ықпалын тигізеді;

Ақпаратты технологияларды  қолдану сонымен қатар оқушылардың  ақпараттық, коммуникативті құзыреттілігін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын  арттырады [13].

Білім беру негізінде ақпаратты  технологиялардың беретін мүмкіндіктері:

  • мультимедиалық кешен арқылы тез арада ақпаратты меңгеру, оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланыстың жылдамдығы;
  • оқушылардың заман талабына сай жобалардың құруы;
  • интернет арқылы алынатын ақпарат түрлерінің алуан түрлілігі;
  • оқушының танымдылық қабілеттерін дамытады;
  • сабақ барысында оқушының өздігінен білім алуда белсенділігі артады;

Информация о работе Астрометрия