Астрометрия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 10:00, курсовая работа

Краткое описание

Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын «ақпараттық технологиялар» ғылымы физика, астрономия және басқа салалар үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз. Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавая работа.docx

— 2.58 Мб (Скачать документ)

Пәнді оқытудағы негізгі жетістіктер:

  • Оқушылардың сабақты меңгеру барысында өздерін еркін сезінуі;
  • Тапсырмаларды оқушылардың ерекшеліктеріне қарай ескерілуі;
  • Тақырыптық бақылаудың жүйелі түрде жүргізілуі;
  • Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: "Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыкгарды" пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
  • Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
  • Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
  • Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
  • Электронды оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады:
  • 1. Аппараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және Интернет.
  • 2. Электронды оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
  • 3. Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.

1.3 қазақстан республикасының оқуындағы кредиттік технология

 

 

2002 жылдан бастап, халықаралық  ұлттық білім бағдарламасын қолдау  мақсатында оқытушылардың академиялық  мобильдігін күшейту үшін, сонымен  қатар білім сапасын жоғарылату  үшін және ЖОО барлық білім  деңгейлер мен баспалдықтарын  мирасқорлықпен қамтамасыз ету  үшін кредиттік технология енгізілген [17].

Ұлттық білім берудің  оқу бағдарламаларының халықаралық  танылуын, білім беру ұйымдарында  білім алушылар мен оқытушылардың  жұмылғыштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің  сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.

Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.

Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек  сыйымдылығының есебі оқытылатын материалдың  көлемі бойынша, яғни кредит арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әрбір  пән көлемі мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандарттары және үлгі оқу жоспарлары негізінде кредиттермен айқындалады.

Кредиттік оқыту технологиясындағы  білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары

Білім берудің оқу бағдарламаларының  мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандарттарымен  белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады [18].

Оқу жоспарлары үш нысанда  әзірленеді:

  • үлгі оқу жоспарлары;
  • жұмыс оқу жоспарлары;
  • жеке оқу жоспарлары.

Оқу жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік  және сандық белгілеріндегі тиісті кодтың қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.

Үлгі оқу жоспары (бұдан  әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін  құжат.

Жұмыс оқу жоспары (бұдан  әрі - ЖОЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары  негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат.

Жеке оқу жоспары (бұдан  әрі - ЖЖ) - білім алушының ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде  эдвайзердің көмегімен әрбір  оқу жылына дербес жасалатын жоспар.

Кредиттік оқыту технологиясын  пайдалану арқылы оқу 

үдерісін ұйымдастыру

Кредиттік оқыту технологиясын  пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдаcтырудың  басты міндеттері:

  • білім көлемін біріздендіру;
  • оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
  • білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
  • білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:

1) білім алушылар мен  оқытушылардың әрбір пән бойынша  еңбек шығынын бағалау үшін  кредиттер жүйесін енгізу;

2) білім алушылардың жеке  оқу жоспарын қалыптастыруға  тікелей қатысуын қамтамасыз  ететін жұмыс оқу жоспарына  енгізілген таңдауы бойынша пәндерді  олардың таңдау еркіндігі; 

3) білім алушылардың оқытушыларды  таңдаудағы еркіндігі; 

4) білім алушылардың білім  траекториясын таңдауына ықпал  ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне  тарту; 

5) оқытудың интерактивті  әдістерін пайдалану; 

6) білім беру бағдарламаларын  меңгеруде білім алушылардың  өзіндік жұмыстарын жандандыру;

7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (институтқа) академиялық еркіндік беру;

8) оқу үдерісін қағазды  және электронды тасымалдағыштардағы  барлық қажетті оқу және әдістемелік  материалдармен қамтамасыз ету; 

9) білім алушылардың оқудағы  жетістіктерін бақылаудың тиімді  әдістері;

10) әрбір оқу пәні бойынша  білім алушылардың оқудағы жетістіктерін  бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін  пайдалану.

Білім алушылар өздерінің  ЖЖ-ын құру барысында:

1) кредиттік оқыту технологиясы  бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру  ережелерімен танысуға;

2) оқу пәндеріне тіркелудің  және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің  белгіленген мерзімдерін сақтауға;

3) осы Ереженің 30-тармағында  көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиісті деңгейдегі білім беру  бағдарламасын меңгеру үшін оқу  жылында белгіленген кредиттердің  кем түспейтін санына жазылуға  міндетті.

Білім алушылар академиялық  жұмылғыштығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу пәндерді басқа  білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады. Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа  білім беру ұйымдарында оқу үшін кредиттер санының жоғарғы шегін  айқындайды. Жекелеген пәндерді Қазақстан  Республикасының білім беру ұйымдарында  оқыған жағдайда, білім беру ұйымдары арасында белгіленген заңнамалық тәртіппен  екіжақты шарт жасалуы тиіс.

Білім алушы пән бойынша  аралық аттестаттаудан өткеннен кейін  өзінің білім беру ұйымының деканатына (бөлімшесіне) емтихан бойынша бағасы, пән бойынша қорытынды бағасы мен жиналған кредиттер саны көрсетілген  емтихан ведомосын әкеліп тапсырады.

Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу офис Регистраторға жүктеледі. Аралық аттестаттауды бағалау аталған  оқу пәні бойынша білімді қорытынды  бағалаудың 30 %-ынан кем емес құрайды.

Пән бойынша қорытынды  бағалау рұқсат беру рейтингі бағасын  және қорытынды бақылауды қамтиды.

Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді  толықтыруға негіз болады және студенттің транскрипіне жазылады.

Білім алушылар қорытынды  бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән  бойынша қорытынды баға есептелмейді.

Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық  бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға  рұқсат етілмейді.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасын  оң бағаға қайта тапсыру үшін студент  келесі академиялық кезеңдерінің бірінде  немесе жазғы семестрде сол пән  бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне  қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

Қорытынды бақылаудың бағасымен  келіспейтін білім алушылар емтихан  өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей  апелляцияға береді.

ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан  сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндерге мамандығы  сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

Өту балының төменгі деңгейін жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім  алушылар сол пәнді ақылы негізде  қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

Білім алушылардың оқудағы  жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары  мен құзыреті) осы Ереженің 1-қосымшасы  және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен  бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін  азаю арқылы, "қанағаттанарлықсызы" - F).

Бір кредиттің құны оқу  жылына белгіленген оқыту құны мен  аталған кезеңде игерілген 32-ге тең  кредиттер саны арасындағы қатынас  ретінде есептеледі. Оқу жылына арналған оқу құны білім беру ұйымының білім  беру қызметін жүзеге асырумен байланысты барлық шығындарды тікелей есептеу  әдісі арқылы анықталады.

Жеке кесте бойынша  оқытудың бір кредитінің құны (пәнді  қайта оқыту, жеке оқыту, оқу жоспарларындағы  айырмашылықтарды тапсыру және тағы басқалары) пәнді оқытуға жұмсалатын нақты шығындар мен білім алушылардың  санына байланысты есептеледі және білім  беру саласындағы уәкілеттік органның келісімімен білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

Білім беру ұйымдарына даярлық  жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша  оқыту құнынан орташа арифметика ретінде есептелінетін мамандықтарға  қарамастан, бір кредитке бірдей құнды  белгілеу ұсынылады.

Аралық аттестаттаудың қорытындылары  бойынша барлық емтихандарын "А", "А-", "В+", "В-" бағаға тапсырған  жағдайда, мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға стипендия тағайындалады.

Офис регистратор емтихан  сессияларының қорытындысы бойынша  жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, студенттің оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын  өту балын есептейді.

Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО-ның өзі белгілейді.

Ең төменгі өту балын  ала алмаған білім алушылар оқу  курсын қайта оқуға қалдырылады.

Курс бағдарламасынан  толығымен өтіп, бірақ белгіленген  өту балының ең төменгі деңгейіне  жете алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GРА) жоғарылатуы  үшін жазғы семестрде белгілі  бір пәндерді (мемлекеттік емтихан  тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен  басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан  тапсыруына мүмкіндік беріледі.

Оқу курсына қайта қалдырылған  білім алушылар бұрын қабылданған  жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім  ала алады.

Қайта оқу курсына қалдырылған  мемлекеттік білім беру тапсырысы  бойынша оқитын білім алушылар оқытудың кейінгі кезеңінде мемлекеттік  білім беру грантынан айырылады.

Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған  және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің  орта балы 3,5-тен кем болмаса, сондай-ақ мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А- «өте жақсы» бағаға тапсырған білім алушыға үздік  диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын  ескермегенде) беріледі.

Екі дипломды білім беру бағдарламасын  жүзеге асыратын жоғары оқу орындары шетелдік жоғары оқу орындарымен  игерілген кредиттерді қайта  сынақтан өткізуді жоо-серіктесте қазақстандық кредиттерге және ТКЕЖ барабар жүзеге асыруы қажет.

Студенттерді ауыстыру және қайта қалпына келтіру кезінде  оқу курсы пререквезиттерді ескере отырып айқындалады [19].

 

2МУЛЬТИМЕДИА  ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

    1. МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

 

 

Қазіргі заман білім беру жүйесі, білім беру жүйесін және оның әдістемесін жаңартуды сынақтан өткізуді талап етіп тұр. Ғылыми –  техникалық прогрестің дамуы, қазіргі  заман жаңа компьютерлік және телекоммуникациялық  техникалардың пайда болуына, әртүрлі  ақпараттарды көрсету мен өңдеу  әдістеріне, жоғары оқу орындарының  тәжірибесіне қазіргі заман жаңа мультимедия – жүйелерін ендіруге байланысты жоғары оқу орындарында  мамандар дайындау үрдісін интенсификациялайды  және білім беру қызметін тарату жолдарын түбегейлі өзгертеді[20].

Соңғы жылдары барлық оқу  пәндерінің циклы бойынша ақпараттар көлемі көбейіп жатыр, бірақ, оларды меңгеруге жіберілетін уақыт  керісінше азайуда. Сондықтан, нағыз  мамандарды дайындауға жіберілетін  білім беру ақпараттар ағымының тығыздығы  көбейіп, ол, өз кезегінде, білім беру жүйесінің кез – келген деңгейінде бейнеленеді.

Білім берудің ең маңызды  мәселесінің бірі ол оқыту ақпараттарын тиімді көрсету болып табылады. Дәстүрлі білім беру қарапайым статикалық көрнекіліктерді қолдана отырып, вербалды қарым – қатынас түрінде  құрастырады. Бүгінгі күні мұндай жүйе ескірген немесе, кәсіби жаңартуды  керек ететін жүйе болып табылады.

Информация о работе Астрометрия