Саяси партия ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 08:40, реферат

Краткое описание

Саяси партия ұғымы. Саяси партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде,бір идеология негізінде кұралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсенді қатысады. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар ежелгі Грецияда пайда болды.Олардың мүшелері аз,тұрақтылығы шамалы,жөнді ұйыьдаспаған шағын топтар болатын.Олар ,негізінен, құл ийленушілердің әртүрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. С.п-ң қалыптасу кезеңдері: 1) XVI-XVII ғ- Еуропада саяси элита өкілдерінен құралған аристократиялық топтар; 2) XVII-XIXғ- саяси ғана емес өмірдің басқа сфераларында әсері бар, іске белсенді кірісетін адамң тобынан құралған клубтар; 3) XIX-XXғ- көпшілік партиялар. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдастырылуына байл саяси партияларды төрт түрге топтастырады: Авангардық партия.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШпорПолитология.docx

— 117.33 Кб (Скачать документ)

88)ҚР саяси көшбасшылық институты мен саяси элита.  Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы  интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы. Элита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы.. Қазіргі элита теориясының ізашарлары  Платон,  Н.Макиавелли,  Ф.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретін¬де элита теориясын Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеу¬меттік, саяси басқаруды, мәдени даму¬ды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пүрсатты, артықшылықты қабат. Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін  қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде. Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру;халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, Саяси көшбасшылықтың жіктелуі:1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі;2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.

89)Саяси талдаудың  мәні ж/е ерекшеліктері. Саяси талдау амалдарын екі топқа бөлуге болады: олар-жалпы дәне жеке. Жалпы амалдар талдаудың әр қадамының бағытын, қарастырылуы жағын және тәсілдермен қамтамасыз етілуін білдіреді. Бұл топқа оқиғаны ,ситуациялық талдау және т.б жатқызуға болады.  Жеке амалдарына статистика, социология,  экономика және т,б пәндерден алынған стандартты амалдар жатады: олар әр түрлі комбинацияларда жеке қадамдап қолдану белгілі бір мақсаттан, мысалы, мәселенің сипатымен, зерттеу бағытымен, қайнар көздерінің бар болуымен, организациялық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуімен т.б белгіленеді. 

90) Саяси технологиялар - нақты субъектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірінен соң бірі қолданылатын  процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саяси технологиялар мақсатты бағытталған қызметтің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде мақсатқа қол жеткізу құралдарын реттеп қана қоймайды, ол іс- әрекеттің кезектілігін бекітіп, соған сай субъектінің мінез-құлық  алгоритмін дайындайды.Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары:  саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Саяси партия ұғымы