Саяси партия ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 08:40, реферат

Краткое описание

Саяси партия ұғымы. Саяси партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде,бір идеология негізінде кұралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсенді қатысады. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар ежелгі Грецияда пайда болды.Олардың мүшелері аз,тұрақтылығы шамалы,жөнді ұйыьдаспаған шағын топтар болатын.Олар ,негізінен, құл ийленушілердің әртүрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. С.п-ң қалыптасу кезеңдері: 1) XVI-XVII ғ- Еуропада саяси элита өкілдерінен құралған аристократиялық топтар; 2) XVII-XIXғ- саяси ғана емес өмірдің басқа сфераларында әсері бар, іске белсенді кірісетін адамң тобынан құралған клубтар; 3) XIX-XXғ- көпшілік партиялар. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдастырылуына байл саяси партияларды төрт түрге топтастырады: Авангардық партия.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШпорПолитология.docx

— 117.33 Кб (Скачать документ)

Саяси партия ұғымы. Саяси партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде,бір идеология негізінде кұралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсенді қатысады. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар ежелгі Грецияда пайда болды.Олардың мүшелері аз,тұрақтылығы шамалы,жөнді ұйыьдаспаған шағын топтар болатын.Олар ,негізінен, құл ийленушілердің әртүрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. С.п-ң қалыптасу кезеңдері: 1) XVI-XVII ғ- Еуропада саяси элита өкілдерінен құралған аристократиялық топтар; 2) XVII-XIXғ- саяси ғана емес өмірдің басқа сфераларында әсері бар, іске белсенді кірісетін адамң тобынан құралған клубтар; 3) XIX-XXғ- көпшілік партиялар. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдастырылуына байл саяси партияларды төрт түрге топтастырады: Авангардық партия. Олардың ұғымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына қатысуына талап етеді. Сайлаушылар партиясы.  Олардың негізгі мақсаты үкіметкерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына емес, орталық көзқарас, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Саяси партияның ең басты мәселесі жеке азаматтың, әлеметтік жіктердің, мүдделі топтардың көптеген жеке мүдделерін, біртұтас саяси мүдделер жинағына келтіру. Ал мұраттылық тұрғыдан қарағанда саяси партияның мақсаты, саяси жүйеде тұрғындардың белгілі бір жіктерінің мүддесін қорғайтын өкілдігін жүзеге асыру.

2.Қазіргі Қазақстан  саяси мәдениетінің ерекшеліктері.

Бүгінгі еліміздің саяси  мәдениетін тап басып айту қиын.Себебі, республикамыз өтпел кезеңді басынан кешіріп отыр.Халықтың санасында, іс-әрекетінде өткен дәуірдің де, бүгінгінің де, болашақтың да мәдениетінің көріністерін байқаймыз.Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғадай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі.Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде.Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой.Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал.

3. Саясаттану ғылым  ретінде. «Саясаттану» гректің «polis» және « logos» деген сөздерінен шыққан,мемлекет және саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде алыптасты, ал бірінші ғылыми орталықтары ретінде АҚШ-тың Колумбиялық және Йель университеттері болды.1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналған)профессор Френсис Либер «Тарих және саяси білім» деген кафедра ашты.Соның негізінде онда 1880жылы саяси ғылымының жоғары мектебі құрылды.Сонымен бірге тұңғыш саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы да сол  АҚШ-та 1889 жылы ашылды, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.Біздің елімізде алғашқы саясаттану шаралары 1889 ашылды,ал 1990 жылы политолог деген мамандық енгізілді.Сонымен,Саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастарды жинақтаған ғылым. Саясаттанудың мақсаты саяси институттың, құбылыстардың қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсіну. Саясаттану пәнінің зерттеу нысаны адамзат қоғамы. Саясаттану ғылымының пәні саясат.

4. Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениет (ағылш. political culture) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.Қазіргі заманда саяси мәдениеттің әр түрлі ұлттық түрлері бар. Г.Алмон пен С.Верба негізгі үш саяси мәдениет модельін бөліп көрсетті. 1. Парохиалдық саяси мәдениет( дәстүрлі мәдение) Саяси мәдениеттің бұл типі тұрған халықтың саяси жүйе туралы мүлдем хабарсыздығымен ол туралы ештеңе білмейтіндігімен сипатталады. 2. Азаматтық саяси мәдениет. Саяси мәдениеттің бұл типі не сылбырт саяси жүріс тұрыс ресми басым құндылықтар және құндылықтардың мәнін дербес ұғына алмау тән. Жалпы адамдардың саяси жүйеге өзінше тұтынушылық көзқарасы басым. Парсипаторлық саяси мәдениет немесе қатынасу мәдениет. Бұл мәдениет типінде индивидттер саяси өмірге белсенді қатысуымен,саяси процесстерде ықпал ете алуымен сипатталады.1990 жылдардын ортасында Алмонд пен С.Вербанның саяси мәдениет типологиясына тағы жаңа типтер қосты: 1) азаматтық партисипаторлық мәдениет 2) клиентелистер мәдениеті 3) наразылық мәдениеті 4) авономды мәдениет 5) бақылаушылар мәдениеті

5. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты. ҚР егеменді ел болып , өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады.қазақстан сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүние жүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға оның тиімді және және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Қ сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуда кіреді. Сыртқы саясат экологиямен айналадағы ортаны қорғау мәселелеріменде астасып жатр. Сыртқа саясатпен тікелеу байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат  қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жарақталған, шағында икемді армияны ұстай алу.  Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттарымен принциптеріне мыналар жатады: мемлекттік мүддені қорғау, елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету, әлемдегі барлық елдермен теңқұқықты және серіктестік қатынастарды дамыту, ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету

6) Қазақстанның  азаматтық қоғам мен құқұқтық  мемлекетті қалыптастыру проблемалары. Құқықтық мемлекеттің айырықша сипаттарына назар аудару керек және олардың ерекше мазмұнның жақсы игерген жөн. Бізде неліктен әлі құқықтық мемлекет қалыптасып болмағанын және ол үшін не қажет екенін түсіндіре білу қажет.   Құқықтық  мемлекеттің қалыптасуына байланысты маңызды мәселелердің бірі ретінде  заңнаманың дамуы мен жетілуін жаңа құқықтық жүйенің қалыптасуын қарастырған  жөн. Соңғы кездері біздің мемлекетіміздің  демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде  дамуы үшін негіз қалайтын көптеген заң актілері қабылданды. Ондаған жылдар бойы біздің елімізде бір партиялы жүйе болды. Ол заңды оппозициялық партиялардың пайда болу және қызмет атқару мүмкіндігіне жол бермеді. Ресми, мемлекеттік идеология марксизм –ленинизм болды. Қазіргі кездегі демократиялық құқықтық мемлекет түрлі қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар өзара әрекет ететін, ресми мемлекеттік идеология ретінде ешбір идеология танылмайтын кемелденген азаматтық қоғамның болуын көздейді. Құқықтық мемлекеттегі саяси өмір идеологиялық, саяси көптүрлік (плюрализм), көп партиялық негізінде қалыптасады. Сондықтан құқықтық мемлекеттің құрылу жолдарының бірі, осы жұмыстың бағыттарының бірі – жеке адам мен мемлекет арасында маңызды звено болатын, адам құқықтары мен бостандығын басым бөлігі жүзеге асатын азаматтың қоғамның дамуы, саяси көптүрлік қағидаларының бекітілуі.

7. Саяси режим ұғымы. Саяси режим – саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Саяси режимнің белгілері: - саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары; - мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы; - жеке адамның бостандығының кепілділігі; - қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты; - халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі; - Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.Саяси режим типтері: демократиялық, антидемократиялық. Антидемократиялық екіге бөлінеді тотаритарлық, авторитарлық. Демократиялық режим. Мұндай режимде ел халқының кең  әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі  demos – халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократиялық қоғам – ашық қоғам. Ол басқа қоғамдармен, мемлекеттермен жан-жақты байланыстарды жүзеге асырады. Авторитаризм саси билік халықтың төменгі деңгейде қатысуымен болады, нақты тұлға ( тап, партия,элита) арқ жүзеге асатын саяси билік. Белгілері: биліктің саяси лидер қолында жинақталуы, мемлекетте тек қоғамдық өмірдің шешуші тектігінің болуы, азаматтардың саяси құқықтарын шектеуі. Ерекшелігі: ортақ идеологияның болуы міндетті емес, саяси биліктің басты ұстанымы күш емес,билеу. Саяси жүйенің экономикадан дербестігі. Тоталитаризм әрбір адам өміріне және қоғамның барлық салаларына катаң бақылау орнатуға тырысатын саяси режим. Белгілері: мемлекет қоғам өмірінің барлық салаларын билеуге тырысады, мемлекеттік билік көсемнің қалауымен жүзеге асады, мемлекеттік билік бюракратиялық жолмен қалыптасады.

8. Саяси мәдениеттің  авторитарлық және демократиялық  типтері. Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады. Авторитаризм саси билік халықтың төменгі деңгейде қатысуымен болады, нақты тұлға ( тап, партия,элита) арқ жүзеге асатын саяси билік. Белгілері: биліктің саяси лидер қолында жинақталуы, мемлекетте тек қоғамдық өмірдің шешуші тектігінің болуы, азаматтардың саяси құқықтарын шектеуі. Ерекшелігі: ортақ идеологияның болуы міндетті емес, саяси биліктің басты ұстанымы күш емес,билеу. Саяси жүйенің экономикадан дербестігі. Демократиялық режим. Мұндай режимде ел халқының кең  әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі  demos – халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократиялық қоғам – ашық қоғам. Ол басқа қоғамдармен, мемлекеттермен жан-жақты байланыстарды жүзеге асырады. Белгілері: адал, шынайы түрде жүргізілетін сайлау жүйесі, үкіметтің сайлау арқ дүниеге келуі,жеке тұлғаладың құқығын қорғайды.

9. «Әлеуметтік»  мемлекет және оның эволюциясы.

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз-барлық байлығын,ішкі мүліктерін ұстанып отырған  саяси және экономикалық қағидаларын  ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға  керек мүмкіндік жасауға, денсаулық  сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.Адам баласының  сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы  және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады.Кейін  бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы  тұрақты бағыты болды.Соның арқасында  тұрмыс дәрежелері қатты өсті.Адам капиталы, адам дамуының индексі деген  ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла  бастады.

10. Саяси режимдердің  типтері.

Саяси режим типтері: демократиялық, антидемократиялық. Антидемократиялық  екіге бөлінеді тотаритарлық, авторитарлық. Демократиялық режим. Мұндай режимде ел халқының кең  әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі  demos – халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократиялық қоғам – ашық қоғам. Ол басқа қоғамдармен, мемлекеттермен жан-жақты байланыстарды жүзеге асырады. Авторитаризм саси билік халықтың төменгі деңгейде қатысуымен болады, нақты тұлға ( тап, партия,элита) арқ жүзеге асатын саяси билік. Белгілері: биліктің саяси лидер қолында жинақталуы, мемлекетте тек қоғамдық өмірдің шешуші тектігінің болуы, азаматтардың саяси құқықтарын шектеуі. Ерекшелігі: ортақ идеологияның болуы міндетті емес, саяси биліктің басты ұстанымы күш емес,билеу. Саяси жүйенің экономикадан дербестігі. Тоталитаризм әрбір адам өміріне және қоғамның барлық салаларына катаң бақылау орнатуға тырысатын саяси режим. Белгілері: мемлекет қоғам өмірінің барлық салаларын билеуге тырысады, мемлекеттік билік көсемнің қалауымен жүзеге асады, мемлекеттік билік бюракратиялық жолмен қалыптасады.

11) Қазіргі заманның  жаһандық проблемалары.Қазіргі жаһандық проблемаларға экологиялық проблеманы, коррупцияны,  экстремизмді және т.б жатқызуға болады. Біз экологиялық проблеманы талдайық. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар: Ресурстар проблемасы; Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы; Энергетикалық проблема; Демографиялық проблема; Климаттың өзгеруі; Экологиялық проблемалар; «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою; Қауіпті ауруларды жою; Әлемдік мұхит пен космосты игеру; Қылмыспен және терроризммен күрес; Наркобизнеспен күрес. Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі. Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады.

12. Азаматтық қоғам  ұғымы. Азаматтық қоғам деп саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық жағынан жоғары деңгейде жетілген азаматтардың мемлекеттен тыс, бірақ мемлекетпен бірлесе отырып дамыған құқықтық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның түрі. Ол жеке адмның емін еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдамтықтар ( отбасы, коорепациялар,ассоциациялар) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олрдың әдет ғұрпы, салттары кіріді. Азаматтық қоғамда адмдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауында және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік береді. Олар мемлекет тапапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қоғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

13)Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері. Лоббизм деп жеке азаматтар мен топтардың биліктің, мемлекеттік органдардың шешіміне тікелей ықпал жасауын айтады. Лоббилеуге атсалысатындарды лоббистер дейді. «Мүдделік қолдау туралы» заң әсіресе әртүрлі қоғамдық бірлестіктер, мүмкіндіктері шектеулі әлеуметтік топ өкілдері, мүгедектер ұйымдарына, коммерциялық ұйымдарға, кәсіпкерлік құрылымдарға аса қажет. Осындай кішігірім ұйымдар алпауыт корпоративті топтармен иық тіресіп, өз игілігіне сай заң қабылдауға ықпал ете алады. Оның үстіне лоббизмге қатысты заңды қабылдау Конституциямыздың 33, 20, 24, 32-баптарын қоғамдық-саяси өмірде кең жүзеге асыруға септігін тигізері сөзсіз. Яғни лоббизм арқылы бұл баптарда айқын көрсетілген адамдардың ақпарат алу құқығы, саяси шешімдерге араласу құқығы, митинг өткізу секілді азаматтық белсенділіктерін арттыра алар едік. Бұл тұрғыдан келгенде, лоббизм әлдебір мүдделер қитұрқылығы емес, демократияға дем беретін коммуникация болып шығады. Яғни лоббизм құбылысын мүдделерді жүзеге асыру коммуникациясы деп те түсінуге болады. Дәл осы лоббизм арқылы қоғам өзіне қажетті ұсыныстарды іске асыру үшін билікке барынша әсер ете алады.

14. Саяси мәдениеттің  үш типі: патриархалдық, азаматтық, белсенділік. 1. Парохиалдық саяси мәдениет( дәстүрлі мәдение) Саяси мәдениеттің бұл типі тұрған халықтың саяси жүйе туралы мүлдем хабарсыздығымен ол туралы ештеңе білмейтіндігімен сипатталады.Мұндай қоғамда мамандандырылған саяси роль жоқ, оның негізгі субъектілірі(көсемде) саяси, экономикалық және діни мәселелерді олар өздері атқарады. Терорлық және әлеметтік мәдени ұқсастыру басым. 2. Азаматтық саяси мәдениет. Саяси мәдениеттің бұл типі не сылбырт саяси жүріс тұрыс ресми басым құндылықтар және құндылықтардың мәнін дербес ұғына алмау тән. Жалпы адамдардың саяси жүйеге өзінше тұтынушылық көзқарасы басым.Олар әп кезде игілік күтумен жазаланудан қорқумен болады. 3.Белсенділік саяси мәдениет немесе қатынасу мәдениет. Бұл мәдениет типінде индивидттер саяси өмірге белсенді қатысуымен,саяси процесстерде ықпал ете алуымен сипатталады.Қоғамдық өмірдің түрлі өрістері біршама автономды, ал жүйе айтарлықтан дамыған және тармақталған.

Информация о работе Саяси партия ұғымы