Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 08:40, реферат
Саяси партия ұғымы. Саяси партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде,бір идеология негізінде кұралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсенді қатысады. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар ежелгі Грецияда пайда болды.Олардың мүшелері аз,тұрақтылығы шамалы,жөнді ұйыьдаспаған шағын топтар болатын.Олар ,негізінен, құл ийленушілердің әртүрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. С.п-ң қалыптасу кезеңдері: 1) XVI-XVII ғ- Еуропада саяси элита өкілдерінен құралған аристократиялық топтар; 2) XVII-XIXғ- саяси ғана емес өмірдің басқа сфераларында әсері бар, іске белсенді кірісетін адамң тобынан құралған клубтар; 3) XIX-XXғ- көпшілік партиялар. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдастырылуына байл саяси партияларды төрт түрге топтастырады: Авангардық партия.
15. Саяси жүйенің құрылымы. Зерттеушілір саяси жүйенің мұнадай төрт бөлігін атайды:1) саяси институттар 2)саяси қатынастар 3) саяси ережелер 4) саяси мәдениет. Саяси институттарға ( ұйымдар мекемеле) мемлекет , саяси патиялар, кәсіп одақтар корпотативтік, жастар, әйелдер т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Солардың ішіндегі ең негізгісі мемлекет, ол қоғамда белгілі бір тәртіп орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлуметтік құрылымын қорғайды. Қоғамдақ жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Саяси жүйенің 3ші бөлігі болып саяси ережелер есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлеіп әрекет етуңн өамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды.Ең маңыздысына конституция және соған сүйететін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Саяси мәдениет ол саяси сана мен іс әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғарнамаларда т,б қатынаста көрініс табады.
16. Саяси сана
және саяси идеология. Саяси
сана деп өмірдегі саяси қатынастарды
бейнелейтін,оларды түсініп сезінетін,адамдардың
бұл саладағы іс әрекеттеріне
бағыт бағдар беретін әлеуметтік сезімдер,түсініктер,
17.Саяси партиялардың
мақсаттары,міндеттері және
«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу,бөлщек деген мағынаны білдіреді.Партияның мақсаты-билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады). Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті-азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету.Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді.Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды. Поляктың белгілі саясаттанушысы А.Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады: 1)Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу. 2)Олардың белсенділігін арттырып,жинақтау. 3)Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау. 4)Саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т.б. 5)Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау. 6)Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу. 7)Қоғамдық пікірді қалыптастыру. 8)Жалпы қоғамды, Яки оның белгілі бір бөлігін саяси тәрбиелеу. 9)Мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлау даярлау мен ұсыну және т.б.
18. Саясаттың функциялары:
басқару және реттеу, қоғамның
тұтастығы мен тұрақтылығын
19. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында демократиялық қоғамның қажетті құрылымы көппартиялық саяси жүйені қалыптастыру процесі белсенді жүргізілуде. Біздің еліміздегі барлық саяси партиялар қызметтерін ҚР Конституциясының шеңберінде жүргізуге, парламенттік партиялар есебінде «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарды орындауға міндетті. Олардың негізгі міндеттері өкілетті органдарда сайлауға қатысу, осы негізде билік құрылымдары арқылы өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру. 2002жылға шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды.Оған дейін елімізде 19партия болған.Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның елу мың мүшесі болуы керек.Соған орай қазір он екі партия тіркеуден өтті.Оларға Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, Республиканың саяси «Отан»партиясы, Қзазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы және т.б. жатады.Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде.Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде.Күрделілігі сол-көптеген партиялар саяси процесске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ.Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған.
20. Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениет (ағылш. political culture) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.Қазіргі заманда саяси мәдениеттің әр түрлі ұлттық түрлері бар. Г.Алмон пен С.Верба негізгі үш саяси мәдениет модельін бөліп көрсетті. 1. Парохиалдық саяси мәдениет( дәстүрлі мәдение) Саяси мәдениеттің бұл типі тұрған халықтың саяси жүйе туралы мүлдем хабарсыздығымен ол туралы ештеңе білмейтіндігімен сипатталады. 2. Азаматтық саяси мәдениет. Саяси мәдениеттің бұл типі не сылбырт саяси жүріс тұрыс ресми басым құндылықтар және құндылықтардың мәнін дербес ұғына алмау тән. Жалпы адамдардың саяси жүйеге өзінше тұтынушылық көзқарасы басым. Парсипаторлық саяси мәдениет немесе қатынасу мәдениет. Бұл мәдениет типінде индивидттер саяси өмірге белсенді қатысуымен,саяси процесстерде ықпал ете алуымен сипатталады.1990 жылдардын ортасында Алмонд пен С.Вербанның саяси мәдениет типологиясына тағы жаңа типтер қосты: 1) азаматтық партисипаторлық мәдениет 2) клиентелистер мәдениеті 3) наразылық мәдениеті 4) авономды мәдениет 5) бақылаушылар мәдениеті
21)Саяси ғылымдардың
негізгі кезеңдері мен
22.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:1)қоғамдық саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар.Бұған алдына саяаи мақсаттар қойған ұйымдар жатады;2)экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар;3)таптық белгісіне сай ұйымдар;4)қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады.Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:1)жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелкей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады2)экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар,наразылықтар себеп болады3)ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін.Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруды айқын прициптері болмайды.Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпы халықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады.
23.Саяси мәдениет ұғымы.XIXғасырдың 50жылдарының екінші жартысы-60жылдардың басында Г.Алмонд,С.Верба,Л.Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да,мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып, шығарды.Олар кейін «саяси мәдениет» деген атпен кең тарап кетті Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды.Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси
нұсқаулар, қазыналар жатады.
24. Ежелгі шығыстағы
саяси ойлар(буддизм,
25.Қазақстан қоғамының
саяси өмірінде қоғамдық
26.Халықаралық
қақтығыстардың себептері,