Саяси партия ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 08:40, реферат

Краткое описание

Саяси партия ұғымы. Саяси партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде,бір идеология негізінде кұралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсенді қатысады. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар ежелгі Грецияда пайда болды.Олардың мүшелері аз,тұрақтылығы шамалы,жөнді ұйыьдаспаған шағын топтар болатын.Олар ,негізінен, құл ийленушілердің әртүрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. С.п-ң қалыптасу кезеңдері: 1) XVI-XVII ғ- Еуропада саяси элита өкілдерінен құралған аристократиялық топтар; 2) XVII-XIXғ- саяси ғана емес өмірдің басқа сфераларында әсері бар, іске белсенді кірісетін адамң тобынан құралған клубтар; 3) XIX-XXғ- көпшілік партиялар. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдастырылуына байл саяси партияларды төрт түрге топтастырады: Авангардық партия.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШпорПолитология.docx

— 117.33 Кб (Скачать документ)

27Қазақстан коп  конфессионалды қоғам  ретінде.Казакстаннын діни конфессиялардын бир-бирине деген озара сыйластыгы олардын манызды ерекшелиги болып табылады.Казак жеринен барлык алемдик диндер журип отти,дегенмен бул жерде ешкашан фанатизммен тозимсиздик болган емес.Коп ултты жане коп  конфессиялы казакстан халкына кашанда айрыкша томранттылык озара сыйластыкпен озара жардемдесудин айрыкша рухы тан еди.Бул рухани дастур бугин куни де сакталган казакстан жеринде урпактарымыздын урпактары заманынынныда да биринши президенттин салмакты создери озекти болады деп сенгимиз келеди.

28.Тоталитаризм  саяси феномен ретинде. Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б.Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Румынияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгілердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.Тоталитарлы саяси жүйеінің пайда болуы түрлі себептерге  байланысты. Олардың ішінде мыналар: меншіктің жаппай мемлекеттендірілуі; бір ғана саяси партияның орын тебуі және оның мемлекетпен тұтасып кетуі, қоғамның оның ішінде, рухани өмірдің бір ізге ғана түсіріліп, бірыңғайлануы, партияны, көсемді дәріптеу, қоғамдық санада тек бір ғана “дұрыс жол бар” деген түсініктің қалыптасуы және т.б.

29) Геосаясат.  Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

30. Ежелгі Грекиямен  Ежелгі Римдегі саяси ойлар.Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама- қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына  аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Саясаттануға  қатысты еңбектері “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид” және т.б. Платонның ойынша адамдар жеке дара өмір сүре алмайды.   Адамдар бірігіп қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол қоғамдағы адамдарды үш   үлкен әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер;  2) қорғаушылар; 3) өндірушілер. Платон қоғамдық меншікті қолдап жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы дау- жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, олигархия, демократия, тимократия, тирания. Аристотель б.з.б. 384-322 ж.ж Саясаттануға қатысты “Саясат”,“Афиналық полития”, “Этика”, “Риторика” деген еңбектері бар.Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа , молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотелдің ойынша , мемлекет –қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті бұрыс және бұрыс деп екі түрге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, мен демократияны бұрыс мемлекеттер қатарына жатқызды. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43 ж.ж) атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл. Оның “Мемлекет туралы”, “Заңдар туралы”. “Міндеттер туралы” деген еңбектері көпке әйгілі. Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі –адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды.

31. Тоталитарлық   режимнің  саяси  практикасы. Тоталитарлы саяси режим – ол  мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б.Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Румынияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Келесі белгілер тоталитарлық режимді сипаттайды:-      азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;-      билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;-      террористік полицейлік бақылау жүйесі;-      барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;-      қарулы-әскери күшпен бақылау;-  экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;-      қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы;    -      тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;-      «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді.

32)Лаңкестік   және  экстремизм проблемалары, есірткіні   өндіру  және  тарату  (есірткі   бизнесі  және  есірткі  трафигі)  дамушы  елдердің  артта  қалу  мәселелері.Лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Лаңкестіктің іс-әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады.Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады. Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Лаңкестіктің мынадай алуан түрлері кездеседі: өзге егеменді мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысына, тұрақтылығына нұқсан келтіруге бағытталған мемлекеттік лаңкестік; мемлекеттік құрылысқа қатысты шешімді болдырмауға (немесе қабылдауға) бағытталған күресті білдіретін саяси лаңкестік; аса күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар негізінде қалыптасатын әлеуметтік лаңкестік; этникалық белгілер бойынша жүзеге асырылатын ұлттық лаңкестік; бірыңғай мемлекет шекарасында үстем ұлт өкілдері елдің қайсыбір бөлігіне егемендік беру талабымен жүзеге асыратын аумақтық-сепаратистік лаңкестік; саяси қарама-қарсылықта діни сана негізгі орын алған жағдайда туындайтын діни лаңкестік.

33.Ортағасрлық  Шығыстағы саяси ойлар(Әл-Фараби,Низами,Алішер

Науаи) Орта ғасырлық араб философиясында  саясат. Мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып  саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді. Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл- Фараби ең құрметті адамдарға

ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы  шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады.  Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер. Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі олады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады». Әзірбайжандық прогрессивті қоғамдық-саяси және философиялық ойдың кӛрнекті ӛкілі ойшыл Ганджеви Низами (1141-1203) болды, ол феодалдық ақсүйектердің зорлық-зомбылығына қарсы шығып, езілген халық бұқарасына жанашырлығын танытты. Оның негізгі шығармасы – «Хәмсә» («Бес қазына») бес поэмадан тұрады. Олар: «Құпиялар қазынасы», «Хорстар және Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті сұлу» және «Ескендір-наме». Низамидың шығармалары ӛз дәуірінің энциклопедиясы іспетті болды. Онда әлеуметтік-саяси материалмен қатар философия мен жаратылыстанудан, психология мен педагогикадан, тарих пен филологиядан, этика мен эстетикадан, экономика мен діннен ауқымды материалдар берілді. Оның шығармашылығы одан кейін де Шығыс пен Батыстың алдыңғы қатарлы әлеуметтік-саяси ойының дамуына үлкен ықпал жасады. Орта Азия мен Шығыстағы қоғамдық-саяси ойдың дамуында ӛзбектің кӛрнекті ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың (1441-1501) шығармашылығы зор прогрессивтік рӛл атқарады. Науаи тарихпен, философиямен, кескіндемемен, сәулетпен, музыкамен айналысты, мәдениет қайраткерлеріне қамқорлық жасады. Науаидың шығармашылығы Мауереннахр мен Алдыңғы Шығыстың кӛп ғасырлық мәдениеті мен қоғамдық-саяси идеяларын сіңірді. Ол «Шардиван» (Тӛрт лирикалық жинақ), «Хәмсә» (Бес поэма), «Махбуб әл кулуб» (Ғашық жүректер), «Мухакамат әл лугатайн» (Екі тілдің салмағы) және басқа да қызықты шығармалар жазды, олар орта азиялық және дүниежүзілік мәдениет, сонымен қатар қоғамдық-саяси ой қазынасына қосылған құнды үлес болды.

34)Тоталитарлық   режимнің  саяси  практикасы 

Тоталитарлы саяси режим  – ол  мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау  жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші  саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б.Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы  терминді пайдаланған болатын. Осындай  режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Румынияда т.б. елдерде  болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Келесі белгілер тоталитарлық режимді сипаттайды:-      азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын  ресми идеология;-      билікке  жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;-      террористік полицейлік бақылау  жүйесі;-      барлық бұқаралық  ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;-      қарулы-әскери күшпен бақылау;-  экономикаға  орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару  жүйесі;-      қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы;    -      тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;-      «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген  принцип әрекет етеді.

35)Саяси элитаның  түсінігі мен қызметі. Элита термині француздың elite деген сөзінен шыққан,сұрыпталған,таңдалған,іріктелген деген мағынаны білдіреді. ХVІІІ ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.Конфуций адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді.Платон билеуші–философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда  элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ. Басында италия ғалымдары Г.Моска,В.Парето,немісР.Михельс және т.б. қалыптастырды. «Элита » терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). «Жалпыға бірдей социология  трактатында» (1916) ол «элиталардың айналу» теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идея мен жаңа элита билік басына келеді. Қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н.А. Бердяев қоғам даму деңгейі мен саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, «элита коэффицентін» шығарды. Элитаның коэффиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғылым.

36)Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар(Н.Макиявелли,Томас Мор,Жан Боден). Қайта өрлеу дәуірінін көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Липийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы".Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жұргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-катынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады.  Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, саран, опасыз, каһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді Томас Мор ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 – 1632 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді.Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы – отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Боден Жан(1530-1596) - атақты француз саяси ойшылы, қүқықтанушысы, егемендік теориясының негізін қалаушы. "Мемлекет жайлы алты кітап" еңбегінде ол монархияның шексіз егемендігін қолдады, бірақ монарх билігі қүдайдан еместігін алға тартты. Сондай-ақ ол Макиавелли сияқты саясатты дін мен моральдан аражігін ажыратып қарастырды. "Мемлекет - әулеттер мен оның иелігіндегілерге егеменді биліктің әділетті билік жүргізуі" деді. Бүл анықтамада егеменді билік және мемлекеттік мүлік үғымдарына назар аударады. Боденнің пікірінше, мемлекеттік биліктің еге- мендігі пападан да, империядан да, ішкі сословиелік күрестен де тәуелсіз бөлінбес, шексіз, жоғарғы билік. Ол шексіз монархия мен үлттық мемлекетті жақтады. Егеменді биліктің қүрамдас бөліктері: заңшығарушы қүқық, бейбітшілік пен соғыс қүқы, жоғары лауазымды шенеуніктерді сайлау қүқы, рақымшылық ету қүқы, ақша басу қүқы, - дейді ол. Ж.Боден Монтескьеден әлдеқашан бүрын қоршаған ортаның түрмысқа, адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың бірге түру түрлеріне ықпалын анықтаған. "Тарихты оңай зерттеу әдісі" еңбегінде ол осы мәселені жан-жақты ашып қарастырған. Ж.Боден Макиавеллидің ізінше шіркеуден тәуелсіз саяси ғылымға жол ашып, мемлекеттік егемендіктің қажеттігін дәлелдеп, қүқық қүндылығын арттыруда еңбек сіңірді.

Информация о работе Саяси партия ұғымы