Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 19:19, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста жылжымайтын мүлікке, жылжымайтын мүлік нарығына түсінікті беруге, онымен барлық операцияларын және жылжымайтын мүлікті экономикалық актив ретінде қарастыруға тырыстым.
Бірінші бөлімде жылжымайтын мүлік нарығының негізгі элементтерін қарастырдым: жылжымайтын мүлік нарығының негізгі субъектілері, функциялары, түрлері, т.с.с.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жылжымайтын мүлік нарығы бір бірінен баға деңгейімен, тәуекелділік деңгейімен, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың тиімділігімен және басқа да факторлармен айырылатын аймақтық, жергілікті нарықтардың жиынтығы болып табылады.
Жылжымайтын мүлік нарығы кезкелген ұлттық экономиканың маңызды құрамды бөлігі болып келеді.
Жылжымайтын мүлік нарығынсыз жалпы нарық бола алмайды, өйткені еңбек нарығы, капитал нарығы, тауарлар мен қызметтер нарығы және тағы басқа нарықтар өзінің қызметін жүзеге асыруы үшін оларға сай ғимараттары болуы керек.
Жылжымайтын мүлік нарығында оның екі құрамдасы ерекшеленеді: алғашқы және екінші нарықтары.
Жылжымайтын мүліктің маңызды ерекшелігі әртүрлі тұлғалар үшін әртүрлі экономикалық сапада шығуға мүмкіндігінде. Бір жылжымайтын мүліктің объекті оны пайдалану, немесе жалға беру, немесе берілген уақыт өткеннен кейін қайта сату үшін алынуы мүмкін.
Қазір біздің республикамыздың экономикасы жылжымайтын мүлік нарығына, оның тиімді қызмет етуіне тәуелді болып келеді. Бұл үшін жылжымайтын мүлік нарығын реттейтін нормативтік базасының өңделуі маңызды мәселе болып отыр. Сондықтан қазіргі заңнамада жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелерді, операцияларды, оның қызмет етуін, жылжымайтын мүлік нарығының қатысушылары арасындағы қатынастарды реттейтін күшті құқықтық негізін, еределерін қарастыруы тиіс.