ЖШС «СМАК» сүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 09:46, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар қойдық:
- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- «Смак» ЖШС-нің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу жолдарын қарастыру;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе
І Бөлім. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері
1.1 Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен маңызы
1.2 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар
1.3 Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау әдiстерi

ІІ Бөлім. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау
ІІІ Бөлім Кәсiпорында өнiм сапасын басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорында өнім сапасын арттыру жолдарының мүмкіншілігі
3.2 «Смак» ЖШС кәсіпорында өнім сапасын жақсартудағы негізгі бағыттар мен алғышарттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 4 файла

сут онеркасиб.doc

— 203.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

СМК курс жалгасы.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)

 

Фирма қызметінің профилі мен бәсекелестердің позициясын зерттеу “Смак” компаниясының қызметін тек бір атрибут бойынша жетілдіруге болатынын көрсетеді. Ол бағаның жоғары деңгейі. Сонымен қатар, оның мынадай көрсеткіштер бойынша артықшылығы бар: тауар сапасы, тұтынушылар талғамы мен мотивіне       ассортименттің сәйкес келуі, өнім ассортиментінің кеңдігі мен әртүрлілігі. Негізгі бәсекелестердің қызметін талдайық. “Қайсар”  фирмасы белгілі орташа көрсеткіштерді алады. Барлық көрсеткіштер үш баллмен бағаланған, тек қорабы және өткізуді ынталандыру құралдары ғана төмен баллды қамтиды. “Агропродукт” фирмасы өзінің бәсекелестерінен айырмашылығы бар. Ол төменгі бағалар-бұл олардың бәсекелестік артықшылығы, сонымен бірге компания жеткілікті мөлшерде әртүрлі ассортиментті қамтиды. Бұл фирма өнімінің сапасы бойынша көбінесе ат қою, сондықтан бұл өнімді пайдаланбайтын тұтынушылар бар. Алайда, халықтың төменгі төлем қабілеттілігінен, “Агропродукт” компаниясы Қазақстанда белгілі.

 

  

ІІІ Бөлім.  Кәсiпорында өнiм сапасын басқаруды жетілдіру жолдары

 

3.1  Кәсіпорында өнім  сапасын арттыру жолдарының мүмкіншілігі

 

Қазақстанның БСҰ-ға өту  мерзімі экономиканың тиімділігі мен  сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейтуде маңызды роль атқаратыны анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды олардың өнімдерінің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару мен оның сапасы бойынша әлемдік тәжәрибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады.Қазақстанда өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отырады. Бұл министрлік  2005-2008 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс. Өндірісті стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялдық дамуының негізі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының  Индустриялдық-иновациялық даму стратегиясын»  жұзеге асыру барысындағы экономиканың өзгерістер, еліміздің БСҰ-ға кіру мәселелері осы кезге дейін қалыптасқан  ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету  жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжәрибеде қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық актілерді, нормативті құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің техникалық негізі- республикалық эталондық базасын дамыту жолымен жүзеге асырылады.[3]

Қазіргі уақытта, осы  айтылған іс-шараларды Қазақстан  Республикасының Индустрия және Сауда министрлігі құрамындағы  стандарттау, метрология және сертификаттау  жөніндегі комитеті, республика аймағында  қолданбалы жұмыстарды іске асыратын «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын және құрамында маман метрологтар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен мекемелер  300-ден астам метрологиялық қызметтер бар. Олардың ішінде заттар мен материялдардың құрамы, стандарттық үлгілердің уақыты мен жиілігін, экологиялық, гидрохимиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулерді жүзеге асыратын мамандандырылған қызметтер бар.

Аталған қызметтер мәліметі бойынша, қазіргі кезде жұмыс  істеп тұрған 12832 кәсіпорынның тек  қана 116-сы  ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сапа басқару сертификатталған. Ендігі бар болғаны 94 кәсіпорын сапа жүйесін енгізуге дайындықтарын жалғастыруда. Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі комитет   13000 -нан астам халықаралық стандарттарға иелік етеді. Оның тек 288 -і, яғни  2,2 %-ы ғана отандық кәсіпорындар талабына сай келеді. Машина жасаумен айналысатын 1400 кәсіпорынның тек қана 14-і ИСО-9000 сериясының талаптарына сәйкес сапа жүйесімен сертификатталған. Бұл жағдай машина жасау саласының халықаралық бәсекеге жауап бере алмайтындығын көрсетеді. Қазақстанда құрылыс индустрияның құрылыс саласында қазіргі кезде  40 кәсіпорын сапа жүйесімен сертификатталған болып, бұл салада жағдай біршама дұрыс.

Елімізде 2007 жылы Қазақстан  Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған бағдарламасы қабыоданған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әлемдік рынокқа шығуына жағдай жасау үшін өзіне стандарттау, сәйкестікті бағалау, акктедиттеу, сапаны басқару, мемлекеттік қадағалау мен бақылау  жөніндегі жұмыстарды жетілдіруді қамтитын техникалық реттеу саласындағы жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне Қазақстан Республикасының өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына  жағдай жасау болып табылады.

Осы бағдарламаға сәйкес отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  өндірісте сапа менеджменті жүйесінің  болуына тікелей байланысты болады. Республикада қазіргі уақытта ИСО  стандартына сәйкес сапа менеджменті  жүйесін шамамен 116 кәсіпорын ғана сертификаттады, олардың ішінде нақты секторда тек әрбір салада 3-4 тен ғана болады.

Сапа менеджменті жүйелерін  енгізуге кәсіпорындардың қызығушылықтарының төмендігінің негізгі себептерінің бірі сапа саласындағы саясатын әлсіз насихаттау мен ғылыми-әдістемелік базаның болмауы еді. Таяу жылдарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғауды енгізу мен сертификаттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік қолдау қажет.

Қазіргі уақытта жалғастырылуы  қажет өнеркәсіптің басым салаларындағы  кәсіпорындарда 9000 және 14000 сериялы  ИСО халықаралық стандарттарын  енгізу кезінде туындайтын проблемаларды  талдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Отандық кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті өнім өндіруге ынталандыру  мақсатында Республикада «Сапа саласындағы  жетістіктері үшін» және «Қазақстанның  ең үздік тауарлары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысына ізденуге конкурстар құрылды.

Сынақ қорын жабдықтау  үшін өнімнің, шикізаттың және материалдардың әлеуетті қауіпті түрлеріне сертификаттық  сынақтар жүргізу жөніндегі аккредиттелген сынақ орталықтары желісін құру және жетілдіру қажет.

Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тізімдерінде тіркелген мамандар жоқ. Халықаралық және өңірлік ұйымдарда мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу қажет. Осылайша, қазіргі уақытта қолданыстағы ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелері халықаралық талаптарға, соның ішінде саудада техникалық кедергілер мен санитарлық және фито-санитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімдерінің талаптарына және ТМД елдерінің еркін сауда аймағындағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдерге сәйкес келтірілмеген.

Төменде проблеманың  күшті және әлсіз жақтары берілген.

Күшті жақтары:

  • техникалық реттеу жүйесіне өту жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңін жүргізу;
  • республика кәсіпорвндарында сапа менеджменті мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстарды насихаттамен қолдау жөнінде жұмыстар жүргізі;
  • салаларда стандарттау жөніндегі қызметті жандандыру.

Мүмкіндіктер:

  • жаңа нарықтық экономика мен халықаралық тәжәрибеге жауап беретін, өнімге, оның өндірілу процестеріне, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қойылатын міндетті және ұсынылатын талаптарды белгілеу мен қолдану мәселелеріне көзқарасты енгізу:
  • мемлекеттік стандарттар қорын  ұлғайту, сондай-ақ үйлестірілген ұлттық стандарттар процестерін арттыру.

Әлсіз жақтары:

  • Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестірудің төмен проценті;
  • Техникалық реттеу саласында біріңғай саясатты құруға кері әсер ететін мемлекеттік органдардың жекешелендірілгендігі;
  • Халықаралық тізілімде тіркелген сарапшылардың болмауы;
  • Өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын бақылау үшін сынақ қоры мен қазіргі заманғы жабдықтардың болмауы.
  • Күтілетін қауіптер:
  • Әлемдік жаhандандыру процесінің шегінен тыс қалу қатері;
  • Ғылым мен техниканың қазіргі уақыттағы талаптарына жауап беретін ақпараттар мен нормативтік тқұжаттардың болмауы;
  • Республикалық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейлерде ақпаратпен және нормативтік құжаттармен шұғыл алмасу үшін жағдайдың болмауы.
  • Бағдарламаның негізгі іс-шаралары халықаралық стандарттар салаларына енгізуге бағытталған, ол үшін:
  • Республиканың кәсіпорындарында, салаларда стандарттау қызметтерін құру;
  • Қазақстан Республикасы экономикасының басым салалары үшін дамыған шет елдердің халықаралық өңірлік және ұлттық стандарттарын сатып алу,
  • Экспортқа шығарылатын отандық өнім мен обьектілерге арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарды үйлестіруді жүргізу болжанып отыр.

Кез-келген өнімдерді  шығарудан бұрын оны жасаушылар нормативтік және технологиялық  құжаттармен, әдістемелермен және өлшеу, бақылау құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.

 

3.2 «Смак» ЖШС кәсіпорында  өнім сапасын жақсартудағы негізгі  бағыттар мен алғышарттар

 

Өнімнің бәсеке қабілеті өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы  сипатымен, сонымен қатар тұтынушы талғамын салыстырып талдауға және индекстік  әдіспен бағаланады. Егер өнімнің физикалық қасиеті болмаса баллдық есептеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс (дифференциалды) бәсекені қамтамасыз ету мақсатында тұтынушының тауарды таңдап алған кезде әр бір параметірдің ықпал етуін көрсетпейді, тек қана өнім параметірлерінің өсуін немесе төмендеуін бақылауға болады. Өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткішін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелік, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әр бір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Бұл келесі формуламен есептелінеді:    К= Р/С* max. Мұндағы: Р – тиімділігі (өнімнің сапасы); К - өнімнің бәсекелік қабілеті; С - өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар;  Экономикалық параметрлер бойынша көрсеткіштердің топтық есебі келесі формуламен есептеледі: Тэп =3/3э Мұндағы: 3/3 э – салыстырылып отырған өнімге және эталонға сәйкес тұтынушының барлық шығындары.

Кәсіпорынды көтеру жолдары:

  • өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
  • өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
  • өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
  • өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
  • Өңдеуші және тамақ өнеркәсіптері өнімдерінің бәсекелік қабілетін анықтау үшін келесі формула ұсынылады:

 

                       БҚқ         ТҚДқ     Бб               СҰДқ

                                   =                   *                  *

                                ТҚДб          Бқ             СҰДб

Мұндағы: БҚқ-қарастырылып отырған тауардың бәсекелік қабілет  көрсеткіші;

ТҚДқ және ТҚДқ –қарастырылып  отырған және бәсекелес тауарлардың  тұтыну құнының деңгейін бағалау;

Бб және Бқ – қарастырылып отырған және бәсекелес тауардың бағасы;СҰДқ және СҰДб – салыстырылып отырған тауарлардың сатылуының ұйымдастырлу деңгейін балмен бағалау.

         Әрбір бағаланып отырған бұйымға  эксперттермен 0-ден 10-ға дейін  баға қойылады. Егер ТҚД 10-ға тең болса, онда тауардың бүкіл тұтыну қасиетінің деңгейі бұл қасиеттерге тұтынушымен қойылған талаптардың деңгейіне толығымен сәйкес келеді.

          БҚД квалиметрия ережелеріне  сәйкес, орташаланған геометриялық  шамалар ретінде анықталады.

                     БҚД= q1 m1* q2 m2 *...* qn mn

  q1, q2, …, qn – бұйымның жекелеген тұтыну қасиеттерінің баллдық бағасы;

    m1 m2,…, mn – тұтыну қасиеттерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффиценті.

            Нарықта тауарды таңдай отырып, сатып алушы тек оның бағасы мен тұтыну қасиеттеріне ғана қызықпайды. Ол үшін маңызды рөлді тауардаң сатылуының ұйымдастырылу деңгейі де атқарады. Ол негізінен сатуды ұйымдастыру орны мен уақыты көрсеткіштері.

 

                     СҰД = b1 n1* b2 n2 *... *bp np

 

b1 b2…..bp – тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштердің баллдық бағасы;

n1    n2….np  - тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффиценті.

Сатып алушы А тауарын  және басқа бәсекелестердің тауарларының бәсекелік қабілет деңгейін, бағасын және сатудың ұйымдастырылу деңгейін салыстырады, және осы салыстыру негізінде бір тауарды қалайды.

1.1-ші формуладан бәсекелік  қабілетті арттырудың негізгі  бағыттары шығады. Бұл бағыттарды  үш топқа бөлуге болады:

техникалық, экономикалық және ұйымдастыру.

Техникалық бағыт ең алдымен өнімді дайындау технологиясын, дәмін, иісін, сіңімділігін және т.б.-ны жетілдірумен байланысты.

Экономикалық бағыт  бағалық саясатпен тікелей байланысты.

Мұнда мәселе бағаның төмендеуіне әкелетін бағалық бәсеке жайлы болады. Фирмалар кейде нарықта қалу үшін ғана бағаны тауардың өзіндік құнынан төмендетеді де шығынға ұшырайды. Бұл одан да көп шығын болдырмай және уақыт жеңуге жол беретін соңғы шара. Уақытты ұту өндірісті қайта құруға, жаңа технология енгізуге және шығындарды қысқартуға жорл береді.

Нақты өнімнің бәсекелік  қабілет деңгейін арттыру үшін өндіруші:

  • сату бағасын төмендетеді;
  • өнімнің сапасын және тұтыну қасиеттерін арттырады;
  • тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін жақсартады.

Информация о работе ЖШС «СМАК» сүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату