ЖШС «СМАК» сүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 09:46, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар қойдық:
- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- «Смак» ЖШС-нің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу жолдарын қарастыру;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе
І Бөлім. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері
1.1 Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен маңызы
1.2 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар
1.3 Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау әдiстерi

ІІ Бөлім. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау
ІІІ Бөлім Кәсiпорында өнiм сапасын басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорында өнім сапасын арттыру жолдарының мүмкіншілігі
3.2 «Смак» ЖШС кәсіпорында өнім сапасын жақсартудағы негізгі бағыттар мен алғышарттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 4 файла

сут онеркасиб.doc

— 203.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

СМК курс жалгасы.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)

   Мұндағы:  n- өнiм көрсеткiштерiнiң  саны

   Жоғарыдағы 1 формула өнiм  сапасын жоғарылатудағы көрсеткiштер  үшiн қолданылады.

   Халықаралық стандарт сапаны  экономикалық категория ретiнде  ғана қалыптастырып қойған жоқ,  сондай-ақ оның кестеден көрiп  отырғандай, яғни сапа көтсеткiштерiн  әр түрлi жағынан бiр қалыпты әдiстемелiк негiздерiн белгiледi, және оларды стандарттаушы және реттеушi деп екiге бөлдi. (1 кесте )

 

 

1-кесте – Тауар сапасының бiрқалыпты көрсеткiштерi

                                                                                                                                         

Сапа көрсеткiштерi

Стандарттаушы

Реттеушi

   Белгiлеу

   Патенттiк-құқықтық

   Экономикалық

   Қауiпсiздiк

   Техникалық

   Экологиялық

   Органолептикалық

   Физика-химиялық

   Басқалар

   Басқалар


 

      Өнiм  сапасы көрсеткiшi тура және  жанама көрсеткiш болып бөлiнедi.  Тура көрсеткiштер өнiм сапасының  және қасиеттерiнiң  сипатын  бiлдiредi (мысалы, бөлек заттарбың  массалық үлесi). Жанама көрсеткiштер- бұл негiзгi қасиеттермен байланысты  өнiм сапасын жанама түрде сипаттайды, ал ұн өнiмдерi- оның тауарлық сұрыпын жанама сипаттайды.

    Өнiм сапасы  оған әсер ететiн факторларға  немесе жағдайларға және оның  қасиеттерiнiң  деңгейiне байланысты.

    Факторларға  шикiзат, материалдар, станок, машина, құрал-жабдықтар, аспаптар, белгiлеу құралдары жатады. Сонымен қатар адам факторлары және жұмысшылардың бiлiмдiлiгi жатады.

    Өнiм сапасына  әсер ететiн барлық факторлар  обьективтi және субьективтi болып  бөлiнедi.

    Обьективтi  факторлар тобы көп түрлi және өнiмнiң шығуы және қолдану өндiрiсiнде, еңбек ұйымының әдiсiмен және формасымен, техникалық құралдардың  қасиеттерiмен, сипатымен байланысты.  Бұлардың қатарына:

  • бұйым құрылымы;
  • өндiрiстiк базаның техникалық деңгейi;
  • жаңа өнiмдердi  ұйымдастырудағы дайындық;
  • өндiрiстiң механикалануы және автоматтандырылуы,
  • бақылаудың техникалық және технологиялық құралдары;
  • қолдану базасының техникалық деңгейi.

    Сонымен қатар  iшкi факторларға мынадай факторлар  қосылады: техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтiк, психологиялық.

    Техникалық  факторлар- өнiм сапасына ерекше  әсер етедi. Сондықтан жаңа техника  мен технологияларды енгiзу, жаңа  материалдарды, өте сапалы шикiзаттарды  бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi материалдық  негiзбе шығаруды қолдану.

    Ұйымдық факторлар- өндiрiстi және еңбектi  ұйымдастыруды  жетiлдiрумен, өнiм сапасына жауапкершiлiктi  және өндiрiстiк  тәртiптi жоғарылатумен, өндiрiстiк мәдениеттi  қамтамасыз етумен, бiлiктi мамандар                        

деңгейiнiң  сәйкестiгiмен, сапаны басқару  жүйесiн қолданумен байланысты.

     Әлеуметтiк-психологиялық факторлар едеуiр көлемдегi ұжымдағы  әлеуметтiк-психологиялық климаттың құрылуына, жұмыс жағдайының жақсы болуына,  персоналдардың кәсiпорында  жұмысқа деген ынталылығын бағалау, жұмысшылардың жұмысқа деген қарым-қатынасының адал болуын моральдық ынталандыруға әсер етедi. Бұлардың бәрi бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң шығуы үшiн маңызды. Кейде техникалық немесе әлеуметтiк, психологиялық факторлардың  мәселесiн шешуге қандай факторлар маңызды екенiн түсiну қиынға соғады.

     Экономикалық факторлар - өнiмдi пайдаланудағы қолайлылықты бiлдiредi, сонымен бiрге өнiмдi шығарудағы және өткiзудегi шығындармен, жоғарғы сапалы өндiрiсте персоналдарды экономикалық ынталандыру жүйесiмен бағалау саясатымен байланысты.

      Субьективтi факторлар тобына  адамның өндiрiстiк  қызметiмен байланысты факторлар  жатады. Олар адамдардың өндiрiстiк  функцияларды орындау қабiлеттiлiгiне  байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • профессионалдық шеберлiк;
  • жалпы бiлiм беру деңгейi;
  • адамның психологиялық ойы;
  • еңбек қызығушылығы.

    Тәжiрибе көрсеткендей, жұмысшының  профессионалдық   шеберлiгi неғұрлым  жоғары болған  сайын, солғұрлым ол жоғары  өнiм шығарады. Ал жұмысшылардың  жеке өндiрiстiк қызығушылықпен  сәйкес келедi және де жұмысшылардың жоғары сапалы  өнiмдi шығаруда ынталылығымен қызығушылығы болса, онда еңбек сапасы артады тұрақты болады.

     Өнiм сапасы  оның өмiрлiк кезеңiнiң барлық  кезеңдерiнде қажеттiлiктi анықтаудан  бастап, оны қанағаттандыруды бағалауға  дейiн (зерттеу және жобалау; дайындау және өндiру; сақтау және транспорттау; пайдалану немесе тұтыну; утилизациялау) қалыптасуы керек. Содан кейiн осы келтiрiлген барлық стадиялар бойынша сапаны басқаруды қамтамасыз ету қажет.

    Зерттеу стадиясында  техникалық және экономикалық қағидалар қаралады, өнiмнiң жобалық және тәжiрибелiк үлгiлерi құрылады. Құрылымдық-технологиялық жұмыстар стадиясында өндiрiсте өнiмдердi шығару дайындалады.

    Зерттеу стадиясының  маңызды рөлi маркетингке қатысты,  онда нарықты таңдау және iздеу  функциясы, өнiм сапасы талаптарын бекiту, тауардың қажеттiлiгiн анықтау, нарық сиымдылығы, берiлген нарық сигментiнде  тұтынушыларға толықтай сипаттама беру жұмыстары қарастырылады. Бұл ақпарат қажеттi тауар санының шығуы, және сапа жөнiнде  сатып алушылардың сұранысының ерекшелiгiнiң толық сәйкестiгi үшiн қажет.

    Бүгiнде нарықтық  экономика жағдайында сапа тұтынушылардың  позициясынан көрiнедi.Өнiм нарықта  келесi талаптарға жауап беруi тиiс:

    • тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру;
    • қолдану және белгiлеу аясында анықталған қажеттiлiктерге толық   жауап беру;
    • стандартпен немесе техникалық жағдаймен сәйкестену;
    • бәсекеге қабiлеттi баға бойынша тұтынушыға ұсыну;
    • өндiрушiге пайда әкелу.     

   Бұл мәселелердi шешуде кәсiпорында өндiрiстiң  теөникалық деңгейiнеәкiмшiлiк және адамгершiлiк қарым-қатынасты бақылау, сапасыз өнiмдердiң шығуын қысқарту және т.б. жағдайларды қарастыру керек.

  Сапа жұмысы фирманы  функционалдауды қамтамасыз етумен  тығыз байланысты. Сапа жұмысы  шығарылған өнiммен байланысты  болып келедi (технологиялық үрдiстiң сапасын бақылау және т.б.) Өнiм сапасы сапа жұмысының құраушысын және iзденушiсiн бiлдiредi. Осы кезеңде жылдық өнiм және тұтынушының көзқарасы бағаланады.

  ИСО 9004 стандартында  сапа философиясы сапаны қамтамасыз  ету жүйесiнде жұмыс жасауы керек, ондағы мәселелердi ескеру қажет. Содан кейiн кәсiпорында сапа туралы  жұмыстарды орындауда өнiм сапасын басқарудың жүйелiк әдiстемесiнiң қажеттiлiгi туындайды.

 Сол сияқты сапа  өндiрiстiң  барлық деңгейiнде  жинақталады. Сапа пирамида түрiнде көрiнуi мүмкiн.

Пирамиданың негiзi болып  өнiм сапасы табылады. Онда кәсiпорынның барлық қызметi қарастырылады. Жұмыстың сапасы фирманы функционалдаумен тығыз  байланысты. Бұл басқару және жетiлдiру сапасы (жоспарлау, талдау, бақылау). Жоспарлау  сапасынан (стратегияны өңдеу, саясатты қалыптастыру, мақсатты жоспарлау жүййесi және т.б.) сапа аумағына қойылған мақсаттарға қол жеткiзiледi.

 

    1.   Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi, оның маңызы және

анықтау әдiстерi

     

       Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық экономикаға көшуiмiзге байланысты ел экономикасы түбегейлi өзгерiстерге душар болды. Әсiресе елiмiздiң экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi терең әрi ауқымды өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсекеқабiлеттiлiк деген ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегiнде ұйымдық-құқықтық формалардың, яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi субьектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет көрсетуi, өнiм өндiруi бәсекеқабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi.

 Қазiргi кезде көптеген  кәсiпорындар үшiн кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру ең негiзгi мәселе болғандықтан, көпшiлiк тарапынан осы бiр мәселеге көбiрек назар аударады. Ол сату нарықтары, өткiзу көлемдерi, қосымша табыс табуты көздейтiн өндiрушiлердiң экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсiпорындар әрi шығарылатын өнiмдердiң бағаларын төмендету арқылы әрi нарықта бар өнiмдерден сапалық көрсеткiштерi жағынан ерекшеленетiн өнiмдерiн өндiру арқылы бәсекелестердi ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы қажет.

Бәсекеқабiлеттiлiк ұғымы  көпжақты болып, кәсiпорын iс-әрекетiнiң  тауар секiлдi құрамдас бөлiктерiн  сондай-ақ оның негiзгi сипаттамалары  болып табылады  және өндiрiс технологиясын  қамтиды.

Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi- қатысты өлшем, өйткенi ол сату уақыты  мен нарықта бәсекеге түсетiн ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерiнде көрiнуi мүмкiн.

 Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл экономикалық, ұйымдастырушылық техникалық  мүмкiндiктердiң жиынтығы. Ол бәсекелестiк күрес жағдайында өзiнiң алып отырған нарықтық үлесiн сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткiлiктi әлеуетi.

  Бәсекеқабiлеттiлiгiнiң  2 жағы бар. Бұлардың бiреуi, оның  элементi және құраушы бөлiктерi (тауардың жоғарғы сапасы, тауардың  қосымша қызметi т.б.) және нақты  жағдайдағы тауар сату мiндеттерiнiң нақты шешiмi (жеке қабiлеттiлiктерi бар нақты сатып алушы мүмкiндiгi және өзiндiк талғамы бойынша нарықта бәсекелесушi кәсiпорындардың iшiнен ұнайтынын шешуi, сатушының жеке қасиеттерi)

 Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгiнiң  деңгейiне негiзiнен мынандай басты факторлар әсер етедi:

    • өндiрiстiк технологияны жетiлдiру дәрежесi мен ғылыми-техникалық деңгейi;
    • жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
    • қазiргi заманға сай автоматтандырылған өндiрiс құралдарын енгiзу.     

    Нарықтық қатынастар жағдайында өнiм сапасы оның бәсекеқабiлеттiлiгiнiң ең маңызды көрсеткiшi болып табылады. Сапасыз тауардың шығуы кәсiпорынға тура жоғалтуларды, өндiрiске қатыссыз шығындарды, қайта жөндеудi, материалдар мен шикiзаттарға деген шығындарды алып келедi.

  Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi- тұтынушының нақты қажеттiлiктерiн қанағат тандыру  дәрежесi және оны сатып алу  мен атқару деңгейi бойынша өнiмнiң баламалы өнiмдерден айырмашылығы сипаттамаларының жиынтығы. Ал сапа- бәсекенiң ең маңызды көрсеткiшi, оның нақты реттеушiсi болып табылады. Сондықтан экономикалық әдебиеттерде тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi  және оның экономикалық, техникалық жағынан басқа тауарлармен салыстырмалылығы жөнiнде өте көп қарастырылады. Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi нарықтың ерекше шарттарын қанағаттандыруға жол берумен, тұтынушылық (сапалы және санды) сипатпен анықталады. Бәсекеге қабiлеттi  өнiмдер нарықта өте тез және жеңiл сатылады. Шын мәнiнде тауар қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейiнде тексеруге өтедi.Олар тұтынушылардың анықталған тобы арасында дәмi және артықшылылығы жөнiнен нарыққа шығарылады, сондықтан  бәсекеқабiлеттiлiк деген түсiнiк әрқашанда нақты. Нарық жағдайында тұтынушының  қанағаттануы тауарға деген өзiнiң ерекшелiгiнiң  жиынтығы сатып алу мен сату актiсiнде көрiнедi. Мұндай ерекшелiктiң үйлесуi, өндiрушi мен тұтынушының  мүдделерiнiң сақталуы  негiзiнде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын,сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестiгiн  бәсекенiң жарамдылығы деп атайды.

  Өнiмнiң бәсекеге  жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкiндiк беретiн тұтыну кешенiнiнiң  сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамды өнiм нарықта жеңiл әрi тез сатылады. Әрбiр сатып алушы өзiнiң жеке мұқтажын ең жоғары  қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда  қоғамдық мұқтажына  толық сәйкес келетiн тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейiнде  жеке-дара көрсеткiштер пiкiр жиынтығын құрайды, ол тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.

    Сонымен, тауарға  бәсекенiң жарамдылығын, оның сапалық  және құндық сипаттамасының жиынтығы  деп түсiнуге болады. Ол сатып  алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды  қамтамасыз етедi және сатып   алушы үшiн тиiмдiлiгi ұқсас тауар  бәсекелестер ерекшеленедi.

Бәсекелестiкте  жалпы 2 түсiнiктi бөлiп қарастыруға болады:

1. «Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi»

2. «Тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi»

 Кәсiпорынның  бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл кәсiпорынның қаржылық, өндiрiстiк  және еңбек мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану шеберлiгi арқасында бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару мүмкiншiлiгi.

Тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi-  бұл тұтынушылар үшiн тиiмдi және тұтынушылардың нақты қажеттiлiктерiн  қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн  тауардың сапалы және құндық ерекшелiктерiнiң жиынтығы.

Информация о работе ЖШС «СМАК» сүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату