ЖШС «СМАК» сүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 09:46, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар қойдық:
- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- «Смак» ЖШС-нің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу жолдарын қарастыру;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе
І Бөлім. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері
1.1 Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен маңызы
1.2 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар
1.3 Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау әдiстерi

ІІ Бөлім. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау
ІІІ Бөлім Кәсiпорында өнiм сапасын басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорында өнім сапасын арттыру жолдарының мүмкіншілігі
3.2 «Смак» ЖШС кәсіпорында өнім сапасын жақсартудағы негізгі бағыттар мен алғышарттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 4 файла

сут онеркасиб.doc

— 203.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

СМК курс жалгасы.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)

 Қазақстан экономикасына  инвестиция тарту және оның  көлемiн ұлғайту мақсатында  ҚР  Үкiметi 2003 жылы 590-шы Қаулысымен  2003-2008 жылдарға арналған республикалық  сапа бағдарламасы қабылданған  болатын. Бағдарламаның негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының  кәсiпорындарында  сапа жүйесiн енгiзу және тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң сапасын арттыру болып табылады.

     Республикалық «Сапа» бағдарламасының негiзгi  мiндеттерi:

  • көзделген өткiзу рыноктары стандарттарының талаптарына сай және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын, iшкi және  сыртқы             рыноктарда сапалы және бәсекеге қабiлеттi тауарлар өндiру үшiн жағдай жасау;
  • шет елдермен саудада техникалық кедергiлердi жою жолымен отандықдық тауар өндiрушiлердiң экспорттық әлеуетiн арттыруға көмек көрсету
  • және осы негiзде әлемдiк экономикаға Қазақстан Республикасының  ықпалдасуы проблемасын шешу;
  • өнiмнiң сапасын арттыруға жәрдемдесетiн құқықтық, экономикалықұйымдастырушылық және әлеуметтiк жағдайлар жасау;
  • сапа саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
  • отандық өнiмдердiң  бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға бағытталған  ғылыми- техникалық прогресс жетiстiктерiн енгiзу;
  • сапаны арттыру саласында iс-шаралар ұйымдастыру және насихаттау  болып табылады.

 Қазiргi  жағдайда  сапа жүйесiнiң  сертификациясы  және енгiзiлуi- бұл кәсiпорынның  экономикалық тұрақтылығы және  сенiмдiлiгi, өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгiнiң  артуы және тұтынушылар сенiмдiлiгiн  жаулап алды.

 Шетелдiк мамандардың  айтуынша, сапа жүйесiне сәйкес келетiн сертификат кәсiпорынға көп пайда мен артықшылық алып келедi дейдi. Кәсiпорынға сапа  жүйесiн енгiзудiң қорытындысында еңбек сапасы, орындаушылық қабiлет,басқару процесi жоғарылайды және әртүрлi жоғалтулар қысқарады, сапаны қамтамасыз ету  шығындары төмендейдi, сондай-ақ кәсiпорынның нарықтағы жағдайы нығаяды, өндiрiстiк мәдениет жоғары деңгеймен қамтамасыз етiледi.

  Сапа жүйесi елiмiздiң  Бүкiл әлемдiк сауда ұйымына  кiру мүмкiндiгiн анықтайтын  және  нарықтағы  бәсекеқабiлеттiлiгiн  арттыратын маңызды факторға жатады. Қазiргi таңда ҚР-да кәсiпорындардың сапа жүйесi және  оны шығаратын  өнiмнiң сапасын бақылау 1999 жылы қабылданған стандарттау және сертификаттау туралы заңның аясында жүргiзiледi.

Стандарттау туралы халықаралық  ұйым 1979 жылы сапаны басқару және Сапаны қамтамасыз ету жөнiнде техникалық комитет құрған  болатын. 1985 жылы  бұл ұйым сапаны қалыптастыру мақсатында 5 халықаралық стандарттаудың жобасын дайындады. Ал 1986 жылы Британдық стандарттарға сүйене отырып ИСО -9000 сериялы стандартын дайындап шықты. Бұлардың қатарына:

  • ISO-9001-  жобалау, дайындау, өндiрiс, жөндеу және қызмет көрсету;
  • ISO-9002-  нақты өндiрiс;
  • ISO-9003- өнiмдi бақылау және тексеру,
  • ISO-9004- сапаны және сапа жүйесiн жалпы басқару.

       Қазiр  бұл стандарттар әлемнiң 151 мемлекетiнде енгiзiлген.

       Бiздiң  мемлекетте осы ИСО -9000 стандарттардың  талаптары негiзiнде ҚР СТ ИСО  -9000-2003  сериялы стандарттарын  дайындап шықты.

 

1.2 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар

         Қазiргi нарықтық   экономика шығарылған өнiмнiң сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазiргi заманда кез-келген кәсiпорынның өмiршеңдiгi, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегi орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейiн көрсетедi.

 Өз кезегiнде бәсекеге жарамдылық екi көрсеткiшке байланысты – баға деңгейiне және өнiм сапасы деңгейiне. Ал екiншi фактор бiрте-бiрте бiрiншi орынға шығады. Еңбек өнiмдiлiгi, ресурстардың барлық турлерiн үнемдеу өнiмнiң сапасына тiкелей орын бередi.

Өнiм сапасы кәсiпорын  қызметiнiң ең маңызды көрсеткiштер қатарына жатады. Сапа – бұл өнiм сапасының өзiн-өзi ақтауы, қажеттi жағдайда тұтынушының қажетiне сәйкес нақты қанағаттандыруы болып табылады.

Сапа - өнiм қасиеттерiнiң  жиынтығын көрсетедi. Қасиеттер жиынтығы жақсы да жаман да болуы мүмкiн емес, сапа тек қатысты болуы мүмкiн.Егер өнiм сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бiр эталонмен салыстыру қажет. Эталон техникалық жағдаймен немесе бекiтiлген стандартты ең күштi отандық немесе халықаралық үлгiде болуы мүмкiн. Осы жерде « сапа деңгейi » (шетел әдебиеттерiнде « қатысты сапа », «сапа көлемi ») деп аталатын термин қолданылады.

  Әйгiлi Американдық  ғалым А. Фейгенбаум өзiнiң «өнiм  сапасын бақылау» деп аталатын  кiтабында өнiм сапасы мен қызметi жөнiнде былай дейдi   Өнiмнiң және қызметтiң сапасы өнiм мен қызметтiң техникалық, технологиялық және эксплуатациялық сипатының жалпы жиынтығын анықтайды және бұйым мен қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың талаптарына жауап бередi. Содан кейiн автор мынаны айтады  сапа жалпы басқару әдiстерiнiң көмегiмен емес, тұтынушылар бойынша анықталады.»

  Кейбiр мамандар  өнiм сапасын ғылыми-техникалық  және тауартанушылық  қана емес, ол ең маңыызды  экономикалық  категория. Экономикалық категория  ретiнде ол тұтынушылар нарығымен тығыз байланысты. Егер тұтынушылар нарығы – жалпы тауар пайдалылығы болса, онда өнiм сапасы– нақты жағдайда өнiмдi пайдаланудың тұтынушылық тұрақтылығының пайда болуын көрсетедi. Сапа тұтынушы тұрақтылығымен тығыз байланысты ғана емес,одан бөлiнбейдi, дегенменде оған тең емес.Сапа қоғамдық қажеттiлiктердi қанағат тандырумен байланысты бiр уақыттағы бiрнеше тұтынушылар нарығының қо- ғамдық пайдалылық деңгейiн сипаттайды.

    Өнiм сапасы  – бұл белгiлi мұқтаждылықты  қанағаттандыруға үлкен себепшi болатын өнiмнiң пайдалылығының жиынтық ерекшелiгi. Өнiмнiң сапалылығы тек техникалық тауартану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылаты.Экономикалық санаты ретiнде ол тұтыну құнына тығыз байланысты.Егер де тұтыну құны бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ол өнiмнiң сапалылығы – бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейiндегi көрiнуi.Сапа  бұл көпғасырлық даму жолдарынан өткен, яғни 1-кестеде көрсетiлгендей.                                                                                                                                                                                                                           

       кестеде көрiп отырғандай халықаралық стандарт сапаны тек экономикалық категория ретiнде ғана қалыптастырып қойған жоқ, ол сапа көрсеткiштерiнiң жан-жақты әдiстемелiк мағынасын белгiледi.

        ИСО 9000-2002 халықырылық стандарттерменi бойынша сапа талаптары орындаушы жеке қасиеттердiң жиынтық деңгейiн көрсетедi.

Сонымен қатар сапаның мынындай анықтамаларын кездестiруге  болады:

        сапа- бұл тұтынушының өнiмiмен және қызымет көрсету мен қанағаттандыру;

  ИСО 9000-2002 халықырылық  стандарттерменi бойынша сапа талаптары  орындаушы жеке қасиеттердiң жиынтық  деңгейiн көрсетедi.

Сонымен қатар сапаның мынындай анықтамаларын кездестiруге  болады:

        сапа- бұл тұтынушының өнiмiмен  және қызымет көрсету мен қанағаттандыру;

        сапа- бұл дүкенге тауардың емес  тұтынушылардың оралуы;

        сапа- бұл бұйымды өндiруде және  пайдалануда энергияның және материалдардың аз мөлшерде жұмсалуы.

        Қоғам дамуының әр деңгейiнде  сапаға деген талаптар күшейе  бастайды. Қазiргi кезде сапа туралы  өте кең мағынада айтылады  және оны кiрiс, құндылық көрсеткiштерi және өнiм сапасын көтеру сияқты  категориялармен байланыстыруға болады.

  Мысалы Жопондық  сапа тұжырымы сапаның 4 деңгейiн  қарастырады:

  Бiрiншi деңгей- «Стандартпен  сәйкестiгi». Бұл деңгейде сапаның  мемлекеттiк стандарт, техникалық  жағдай, коммерциялық келiсiм және  тағы басқа бойынша бағалануы.Өнiм сапасын тексеру процедуралары және стандартты бекiту талаптарын бiлу қажет және де сапаға мiндеттi түрде бақылау жасау қажеттiгi айтылады.

   Екiншi деңгей- «Пайдалану сәйкестiгi».Өнiм стандартқа сәйкестенiп қана емес, ол қолдану талаптарын қанағат- тандыру керек. Сонда ғана ол нарықта сұраныс ретiнде қолданылады. Өнiмдi пайдаланудың барлық варианттарымен сәйкес келу үшiн, оның сапасы тек қана фирманың өндiрiстiк бөлiмшелерiмен ғана емес, маркетинг қызметiмен, зерттеу жәәне өңдеу, жоспарлау, сапаны бақылау, өтiм және сервис жұмыстарын да қарастыру қажет. Нарықты талдау және халықаралық функционалды басқару әдiстерi Жопонияда 60 жылдардың соңында, 70 жылдардың басында пайда болған көрiнедi.

         Үшiншi деңгей- «Нарық талаптарымен сәйкестiгi».Бұл жерде жоғары сапалы тауар төмен бағада болғандығы көрiнедi.

 Төртiншi деңгей- «Жасырын  тұтынушылықпен сәйкестiгi» Iрi  бай елдерде, мысалы Жопония,  Ұлыбритания, АҚШ және тағы  басқа елдерде нарық тұтынушылардың  айқын талаптарын қанағаттандыратын  барлық тауарларға толы болады. Сондықтан өтiм кезiнде жасырын қажеттiлiк ескерiлiп, тауар артықшылық алады.Тұтынушы өзiне не қажет екенiне еш күдiктенбейдi. Тек оған нақты бiр күтпеген тауарды сатып алуға ұсынғанда ғана ол осы тауарды өзiне ұнағанын және керек екенiн түсiнедi. Барлық елде қазiр өркендеушi фирмалар осы деңгейге жету үстiнде.

   Қасиет- бұл өнiмнiң   тұтынылуындағы немесе пайдалануындағы,  бағалануда және оның құрылуындағы  обьективті ерекшелiгi.

  Өнiмнiң қасиетi жай  және күрделi болып бөлiнедi. Жай  қасиет- өнiмнiң бiр ғана обьективтi ерекшелiгiн сипаттайды ( мысалы түсi, қаттылығы және тағы басқа) Күрделi қасиет- бұл өнiмнiң бiрнеше обьективтi ерекшелiгiн, яғни жай қасиеттердiң  жиынтығын бiлдiредi  (мысалы сыртқы түрi жай қасиеттердi қосады: формасы, түсi, жоғарылау жағдайы және тағы басқа).

  Қасиет шартты  түрде  негiзгi  жәнее жалғаспалы  болып бөлiнедi.

  Негiзгi қасиет- өнiмнiң  және оның белгiлерiмен сәйкестiгiн  сипаттайды, (мысалы, жиhаз үшiн- оны  қолданудағы қолайлылық, ұзаққа  төзiмдiлiгi, сыртқы түрiнiң әдемiлiгi).          

Жалғаспалы қасиет- негiзгi қасиеттердi нығайтады және түсiредi. (мысалы, жиhаз үшiн- оның салмағы).

 Өнiмдi тұтынуда  және  пайдалану  процесi кезiнде   пайда болатын өнiм қасиетiн   тұтынушылық қасиет деп атаймыз.  Тұтынушылық  қасиеттердiң жиынтығы өнiмнiң пайдалылығын анықтайдй. Өнiмнiң  тұтынушылық қасиеттерiне технологиялық және экономикалық қасиет, әлеуметтiк және функционалды белгi, техникалық сипаттамамен  параметрлер, пайдаланудағы қасиеттер сенiмдiлiк, қауiпсiздiк, экологиялық, эргономикалық және эстетикалық қасиеттер және т.б. жатады.

     Өнiм сапасының  көрсеткiштерi-  бұл өнiмдi тұтыну, пайдалану және құрылу жағдайындағы  бiр немесе  бiрнеше өнiм қасиеттерiнiң  сандық сипаты.

    Көрсеткiштердi  таңдау өнiмнiң белгiлерiнде, пайдалану жағдайындағы және т.б. анықталады. Өнiмнiң әр түрi оның белгiлерiне байланысты  сапа көрсеткiштерiнiң анықталған  номенклатурасы негiзiнде сипатталады.  Өнiм сапасының көрсеткiштерi  әр түрлi  өлшем бiрлiктерi  бойынша да анықталады, мысалы, жылдамдық км/сағ; бояудың төзiмдiлiгi- балл және т.б. сондай-ақ өлшеусiз болуы да мүмкiн.

    Өнiм сапасы  көрсеткiштерiнiң көптеген  түрлерi бар:

    Жалпылама көрсеткiштер  өнiм сапасы деңгейiн  сала бойынша неме-  се кәсiпорын бойынша  толық  сипаттайды. Бұл көрсеткiштерге мыналар жатады: тауардың  сұрыпы, маркасы, класы, пайдалы заттардың  мазмұны, өнiм  мөлшерi, әлемдiк  стандартқа  сәйкестiгi және т.б.

     Бiрлiк   көрсеткiштер-  өте әртүрлi және  басқаа өнiмдерден ерекшелiктерiне  байланысты, оларды 2 үлкен топқа бөлуге болады: бiрiншi еңбек заттарының бiрлiк көрсеткiштерi; екiншi еңбек құралдарының бiрлiк көрсеткiштерi.

     Еңбек затының бiрлiк  көрсеткiштерi еңбек затының ерекшелiгiне  байланысты  ерекше болып келедi. Мысалы, темiркендi шикiзат  темiрдiң маңыздылығын, iрiлiгiн, оның пайдалы және пайдасыз  қоспалары сияқты және т.б.  көрсеткiштердi сипаттайды.

    Тағайындау көрсеткiштерi- бұл өнiмдi пайдалану аймағында  белгiлi атағы шыққан және тағайындалған  өнiмдi пайдаланудан пайдалы, тиiмдi эффектiлермен сипатталады.

    Үмiткерлiк көрсеткiштер- бұл қарсы болмау, сақтау, жөндеуге  жарамдылық, сондай-ақ өнiмдi ұзақ  уақытқа пайдаланушылық, бағаланған  өнiмнiң ерекшелiктерiне қарай   үмiткерлiк сипаты үшiн барлық  төртеуi сияқты пайдалануға болады. Кейбiр өнiмдер де адамдар қауiпсiздiгi үшiн қарсы болмау негiзгi болуы мүмкiн.

      Қауiпсiздiк көрсеткiштер-  өнiмбi сатып алуда және пайдалану  барысында, сақтауда, жөндеуде, құрастыруда  және қызмет көрсетудегi қауiпсiздiгi  т.с.с. сатып алушы мен қызмет  көрсетушi қауiпсiздiгi ерекшелiктерiмен сипатталады.

     Экономикалық көрсеткiштер-  өнiмдi экономикалық жағынан (өзiндiк  құн, сату бағасы, түсiм, тиiмдiлiк,  тұтыну бағасы) сипаттайды.

     Жоғарыда көрсетiлген  көрсеткiштер жиынтығы өнiм сапасын  қалыптастырады. Өндiрiлген өнiм сенiмдi, эстетикалық жағынан талапқа сай, өз қызметiн  дұрыс атқаратын, иеленушiнiң қажетiн өтейтiн болуы тиiс.

     Сапа көрсеткiштерi сондай-ақ  қасиеттердiң ұсынылуына байланысты  абсолюттi және қатысты көрсеткiштер  болып бөлiнедi.

     Абсолюттi көрсеткiштер  әртүрлi өлшем бiрлiктегi немесе өлшеусiз көлемдегi сапа көрсеткiштерiнiң мәнiн көрсетедi.

     Қатысты көрсеткiштер- бұл абсолюттiк көрсеткiштердiң  базалық көрсеткiштерге қатысын  сипаттайды.

    Қатысты сапа көрсеткiштерi мына формуламен сипатталады:

    q=Pi/Piб;                                                                                     

    q = Pi / Piб       i = 123......n                                                      

Информация о работе ЖШС «СМАК» сүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату