ЖШС «СМАК» сүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 09:46, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар қойдық:
- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- «Смак» ЖШС-нің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу жолдарын қарастыру;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе
І Бөлім. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері
1.1 Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен маңызы
1.2 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар
1.3 Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау әдiстерi

ІІ Бөлім. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау
ІІІ Бөлім Кәсiпорында өнiм сапасын басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорында өнім сапасын арттыру жолдарының мүмкіншілігі
3.2 «Смак» ЖШС кәсіпорында өнім сапасын жақсартудағы негізгі бағыттар мен алғышарттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 4 файла

сут онеркасиб.doc

— 203.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

СМК курс жалгасы.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)

Тауардың бәсекеқабiлеттiлiгiн  анықтау тәжiрибесi тауар ерекшелiктерiнiң  жиынтығы, тұтыну бағасы бойынша және нақты қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейi бойынша тауар бәсекемен салыстырмалы талдауда негiзделедi.

Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi бәсекеқабiлеттiлiк көрсеткiшi арқылы мөлшерлi болуы мүмкiн.

Осы маңызды көрсеткiштi  анықтаудың бiрнеше әдiстерi белгiлi. Олардың ең көп  таралуына байланысты тоқталып өтейiк:

Бiрiншi әдiс. Техникаға  бәсекенiң жарамдылығын анықтайтын белгiсi- бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:                  

                                               Бт=Бс+Шт

                                 Мұндағы:     Б –тұтыну бағасы

                               Б – сатылу бағасы

                           Ш – бұл өнiмдi тұтынушылардың шығындары (оның барлық нормативтiк мерзiм iшiндегi қызметi).

Тұтынушылар үшiн барлық шығындар 2 негiзгi категорияға бөлiнедi. Бiрiншiден, бұл тұрақты шығындар ұзақ уақыт бойы өзiнiң мөлшерiн  өзгертпейтiн, яғни, өнiмнiң сату бағасы. Орнатуға, монтаждауға кеткен шығындар және т.б. бiруакытта орындалады. Екiншiден, бұл ауыспалы шығындар өнiмдi пайдалану процесi кезiнде қалыптасады, сонымен бiрге пайдалану шығындары (энергия, шикiзат, жұмыс күшi )   ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету  кезiнде iске асырылады.

Заңды тұлғалар үшiн ауыспалы шығындар көлемiн (Ип ) мына формуламен анықтаймыз:

                  Ип = ( ЗП+И рем +И мр + А +Ипр)Тн                                                                         

  Мұндағы:  ЗП- қызмет етушi персоналдардың әлеуметтiк қажеттiлiкке    аударымдар мен жылдық еңбекақысы

                    Ирем – ағымдағы жөндеу және қызмет көрсетуге кеткен жылдық   шығындар.

                      Имр – отынға, энергияға, жанармай, майланатын және басқа да материалдарға кеткен жылдық шығын.

                    А – амортизацияның жылдық  мөлшерi.

                    И пр – басқа да жылдық шығындар.

                   Тн – қызметтiң нормативтiк мерзiмi.

  Өнiмдердiң ескiру  мөлшерi бойынша ауыспалы шығындардың сомасы артады және тұтыну бағасында олардың үлесi кеңейедi. Осы қарама-қарсы тенденциялардың негiзiнде тұтынудың тиiмдi бағасы қалыптасады. Тұтыну бағасының бiрқалыпты қарқынмен тиiмдi деңгейге жету кезеңi өнiмнiң экономикалық ресурсы деп аталады. Осы әдiсте  техникалық параметрлер бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтауда тiкелей қатыспайды, бiрақ барлығы жанама түрде ескерiледi (тұтыну және сату бағасында).   

 Екiншi  әдiс. Тауардың  бәсекеге қабiлеттiлiгiн анықтағанда  бұл әдiс екi өлшемдi ескеруi мүмкiн: өнiмнiң өзiндiк құны, тауарды сату және оның сапалық деңгейi. Сөзсiз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндiруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейi бәсекелес тауарға қарағанда жоғары болады. Тауар бәсеке сапасының бiрдей деңгейiнде қайсы тауардың өзiндiк құны төмен болса, сол тауар бәсекеге қабiлеттi болады. Кәсiпорында тауардың бағасы жоғарылаған болса, бұл жағдайда кәсiпорын шығарған өнiм сапасының деңгейiне  ғана емес, оны өндiруге және сатуға кеткен шығындарды да ескеру қажет.

Үшiншi әдiс. Бұл әдiс техникалық деңгейiн және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестiк тауарларды салыстыруға негiзделген. Бұл әдiске сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткiштерiнiң деңгейi және базалық үлгiлер (тауар) мына формуламен анықталады:                  

                       КК = ККэ  ККт   ККс                                                                                             

Мұндағы: КК- тауар деңгейiнiң  кешендi көрсеткiшi;

ККэ- эстетико-эргономикалық деңгейiнiң кешендi       көрсеткiшi;

ККт- техникалық деңгейдiң  кешендi көрсеткiшi;

ККс- көрсеткiш кешенiнiң  сенiмдiлiгi.

 Екiншi кезеңде бәсекеқабiлеттiлiк  көрсеткiште тауардың және үлгiнiң  салыстырмалылығы анықталады:              

 Пкi = КПi / Цi           Пкб = КПб / Цб                                                            

Мұндағы: Пкi, Пкб – тауар-эталон және үлгiнiң салыстырмалылығының

бәсекеқабiлеттiлiк көрсеткiшi;

КПi, КПб- тауар-эталон  және сапа деңгейiнiң кешендi   көрсеткiшiнiң салыстырмалы үлгiсi;

       Цi, Цб- тауар-эталон және үлгiнiң сату бағасы.

 Егер  Пкi > Пкб болса, онда салыстырылатын тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары болады, егер Пкi < Пкб  болса, онда төмен бәсекеқабiлеттiлiк болады, ал егер де Пкi = Пкб яғни тең болса, онда бәсекелестiк бiрдей болады. Бұл әдiстiң бiр кемшiлiгi  салыстырылатын тауардың тұтыну бағасын емес, сату бағасын ескередi, яғни тауардың пайдалану кезiнде қаншалықты сапалы екенiн ескермейдi.

   Төртiншi әдiс. Бұл әдiсте бәсекеқабiлеттiлiк деңгейi қалай техникалық, солай экономикалық параметрге  салыстыру  негiзде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай  ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды  таңдайды. Содан кейiн олардың әрқайсысының техникалық параметрi, индексi есептеледi, соның негiзiнде әр салыстырылған өнiм бойынша жинақталған параметрлер индексi (Imn) анықталады.       

  Imn n i=1Ii ai                                                                       

Мұндағы: Ii = i  техникалық параметрлердiң жеке-дара индексi.

а-i параметрлердiң салмағы.

Өнiмнiң бәсекелестiк  қабiлетiн арттыру механизмi iс-әрекеттiң  жиынтық көрiнiс ретiнде оларды жүзеге асыратын бiрнеше тетiктерге тәуелдi. Бұл тетiктер өзiндiк сипаттамалары  бойынша 4 топқа бөлiп қарастырады.

1) өнiм сапасын арттыру шаралары немесе кәсiпорынның сапа жүйесiн жетiлдiру.

2) өнiмнiң бағасын қалыптастыру немесе кәсiпорынның сапа жүйесiн жетiлдiру.

      3) өнiмнiң тартымдылығын арттыру немесе кәсiпорынның маркетингтiк жүйесiн жетiлдiру.

        4) өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету немесе өндiрiстi мемлекеттiк қолдау. Осы топтағы тетiктердi iске асырудың көптеген бағыт-бағдары мен жолдарын ашып көрсетуге болады (3 сурет )

Әлемдiк тәжiрибеде бәсекелестiк  негiзде ел экономикасын көтеруге зор  мән берiледi. Қазiргi экономикалық дамуда қалыптасқан заңдылықтар басқа елдермен қарым-қатынасты, сауда-саттықты ұлғайтуды көздейдi. Бұл елдiң iшкi ресурстарын ұтымды пайдалануға, экономикасын көтеруге мүмкiндiк бередi және өндiрiсте ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындар  ашуға мүмкiндiк туады, ауылда пайдаланылатын техникаға, жанармайға сұраныс қалыптасады. Сондықтан ауылдағы кәсiпкершiлiктiң бәсекелiк деңгейiн көтеру үлкен мақсатты, үлкен талапты қалыптастырады.

 

 

 ІІ Бөлім.  «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау

 

2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау

 

«Смак» ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының бірігуінен бастаған болатын.

Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады. Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи өнімдерді пайдаланатынынымен түсіндіруге болады. 1998-2001 жылдар аралығында кәсіпорын жемісті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар жекелеген шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан; негізінен олар сүтті сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 1999 жылы осы кәсіпорын өз бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең төменгі бағамен өкізілетін еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал-жабдықтар 1999 жылы сатып алынды. «Смак» ЖШС-гіне кейбір құрал-жабдықтарды шикізаттың жетіспеуінен зауытқа қайтаруға тура келді. Осы себептермен кәсіпорын нарыққа жоспарлаған ассортимент бойынша сүт өнімдерін шығара алмады. Бірақ кәсіпорын бірден өз өнімдерін тиімді өткізе бастады. Ал 2000 жылы өнімді сату көлемі нарыққа арзан тауарларды шығару есебінен ұлғайды. «Смак» ЖШС-гінде басқару батыс еуропалық мемлекеттер тәжірибесі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорындағы басқару тәжірибесі шет елдікке көп ұқсас болғандықтан  Ұлыбритания компанияларынан бірлесіп қызмет істеу туралы ұсыныстар түсті.

  Өзінің құрылтайшыларының қызығушылығын пайдалану үшін табыс табу, жиналыста белгіленген жалпы тапсырмаларды, жарѓыдан шыққан функцияларды орындау үшін және Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерімен және заң шығарушылардың қызметіне қайшы келмейтін қызметтерді жүзеге асыру. Ұйым қызметінің мақсаты болып табылады.

    Өзінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін, ұйым келесідей қызметтерді орындайды:

  • сүт және сүт өнімдерін құю мен өндіру;
  • импорттық және отандық алкогольді өнімдер мен сусындарды құю;
  • шикізаттар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және дайындауларды, қайта өңдеулерді, өндірісті, жанама шаруашылықты дамыту мен ұйымдастыру;
  • заңды және жеке тұлғаларға тауар-аралық, маркетингтік және т.б. қызмет түрлерін көрсету;
  • Өндірістік тауарларды өткізу үшін аукциондарды ұйымдастыру, сату секциялары мен фирмалық таңбаларды ашу;
  • жарнамалық және ақпараттық қызметті ұйымдастыру;
  • Үзіндік сыртқы экономикалық қызмет;
  • Өндірістік- коммерциялық, сатып-сатып алу мен табыс операцияларын
  • жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарымен рұқсат

етілген және басқа да қызмет түрлері.

Ұйымның жарғылық капиталы 167670,1 мың тг мөлшеріндегі қызметін жүзеге асыру үшін қалыптасқан. Ұйым өзінің шығынын жабу үшін резервтік капитал құруы тиіс, ал оның сомасы жарғылық капиталдың қосылған сомасының кем дегенде 15 пайызына тең болуы тиіс. Резервтік капитал ұйымның әр жыл сайын таза табыстан аударылғаны арқылы пайда болады. Кәсіпорынның резервтік капиталы 25150,5 мың тг құрайды, ал егер алда- жалда белгілі бір төлем атқарса, онда біріктірілген жарѓылық капиталдан 15 пайызға кемиді. Жарғылық капиталды толтырып, белгіленген мөлшерге жету үшін, ұйым аударымдарды жаңартады.

  • Ұйым мүшелері болып келесілер табылады:
  • Жоғарғы мүше – Серіктестіктің Жалпы Жиналысы;
  • Басқару мүшесі – Директорлар Кеңесі;
  • Атқарушы мүшесі – Басқарма;
  • Бақылау мүшесі – Ревизиялық комиссия;
  • Басқарма көмекшісі – Қоғамның Директорлар Кеңесі арқылы Президент сайланады. 

      «Смак» ЖШС сүт, қаймақ, сүзбе, айран, ряженка, йогурт, балмұздақ, құймақ және сүт өнімдерін өндіреді.ҚазақстанРеспубликасының нарығының қалыптасуы мен нығайуына байланысты, нарық экономикасының бірте-бірте дамуына алып келді, жеке кәсіпкерлік дамыды, азық өнімдерінің өндірістік даму мүмкіншілігі анықталды. Жас кәсіпкерлер ұжымы – азық-түлік өнімдерін өндірумен айналыса бастады.

    Алғашқы болып  тізімге майонез бен сүзбеден  жасалған ақ ірімшіктер енген  болатын. Бүгінгі күн компания сүт өнім ең ірі өндірушілерінің төрттігіне кіреді. Компания нарық үлесінің  23 % құрайды. 

«Смак» ЖШС-нің қызметі сұт өнімдерін өндіру және сату болып табылады. Тиімді баға мен суретті де, әсем қорабы бар, сапалы өнім шығаруға негізделіп, кәсіпорынның стратегиясынан шыққан, кәсіпорынға маркетинг қызметі енгізілген.

Кез-келген жүйе сияқты маркетингте өзінің бағыттары, әдістері және өткізу жолдары бар. Кәсіпорындағы маркетинг қызметі коммуникацияға, табысты ұйымдастыруға, бағаны қалыптастыруға, өнім ассортименті мен сапа жағынан саясат жүргізуге бағытталған маркетинг қызметі, сапа бөлімі мен бақылау мүшесі бір- бірімен тығыз байланысты. Өндіріс үрдісінің әр операциясында қолданылып, бұйымның пішінін тексеру үшін осы бөлімде 10 жұмысшы жұмыс істейді.

 «Смак» ЖШС-нің сауда агенттері келесідей қызметтерді атқарады: жаңа тұтынушыларды тартады және іздейді, тауар бағасы мен ерекше қасиеттері жайлы ақпарат таратады, сусындарды көрсетеді (сыра,алкогольсыз сусындар), сатып алушылар мен өзінің қызмет ауданы жайлы кәсіпорынға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Сауда агенттерін таңдап болғаннан кейін оларды оқыту керек. “Смак” ЖШС-нің  үміткерлерін оқыту келесідей түрлерде болуы мүмкін:

    • кәсіпорынмен бастапкы таныстыру;
    • сауда техникасына үйрету, яғни алдын-ала дайындау, келіссіз жүргізу, мәміле жасау техникасын кіргізеді.

«Смак» ЖШС-нің жеке сатуды енгізіп, ол туралы қорытынды  жасағанда, ынталандыру жүйесінде  коммуникация жолы ең тиімдісі болып  табылады, бірақ оны жүзеге асыру  үшін күрделі еңбек дайындығы және белгілі бір қаржылық шығын керек.

Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар оның ең негізгі бөлігі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы  нарықтарға және дүкендерге тиімді өткізу. Фирма өзінің дистребьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес  сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.

Өнімді өткізу үшін, өнімнің  бағасы оның өзіндік құнына, биржа  нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. баға орнатудың ең негізгі қағидасы ол – беріктілік, өнім сапасының  деңгейі, бәсекеге қабілеттілігі.        

«Смак» ЖШС өнімі  көбінесе әр түрлі жақтар бойынша  өткізіледі олар:

1) еркін сауда нарығында және Алматы қаласындағы;

2) облыстардағы сауда нүктелерінде сатылады;

        3) сонымен қатар олар жалақы есебінде және бартер түрінде беріледі.

    «Смак» ЖШС  өткізу бөліміне келесілер бағынады:

Информация о работе ЖШС «СМАК» сүт өндіретін кәсіпорынға сапа менеджмент жүйесін орнату