Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:51, дипломная работа

Краткое описание

Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................4

I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.

1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі......................6
1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі, мәні......................... ...................13
1.3.Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері........................34

II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі.

2.1. Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары..... 43
Мәжбүрлеу шараларының түрлері... ...............................................50
Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыруда тұлғаға берілетін кепіілдіктер...........................................................................66

Қорытынды..............................................................................................70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_62.doc

— 313.00 Кб (Скачать документ)

     Тұлғаның  құқығына кепілдік туралы сауалдарды  зерттеу қылмыстық іс жүргізудің негізгі қатысушысы – айыпталушымен байланысты.

     Тұлғаның  бостандығы мен құқығы алдын-ала  тергеу сатысында шектеледі. Мәжбүр  көрсетілетін азаматтардың қатарына: айыпталушы, куәгер, жәбірленуші, маман,  үшінші тұлға жатады.

     “Қылмыстық іс жүргізу кепілдігінің” мазмұны туралы мәселелер бойынша процессуалист-ғалымдардың шеберінде кемінде, тұрақты төрт көзқарас бар. Олардың бірі әділ соттық кепілдігін абсалюттендіре, басқалары-тұлғаның кепілдігі.

     Өзге  көзқарасты ұстанушылар осы кепілдіктерді бір-бірімен байланыстырып, тұлға мен әділсоттың кепілдігі біртұтас санатты құрайды деген позицияны ұстанады. Кейбір авторлар бұл екі кепілдіктің арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді.

     Біздің  көзқарасымыз бойынша әділсот  пен тұлғаның кепілдігі арасындағы ұқсастық тек теориялық емес сонымен қатар күрделі мән болып көрінеді.

     Дауға  байланысты қылмыстық сот өндірісінде  барлық кепілдіктер негізгі үш  мазмұнды құрайды. Бірінші топқа:  әділ соттық кепілдігімен толық  сәйкес келетіндер; Екінші топты: әділ соттың кепілдігімен қайшы келетіндер; Үшінші топты: әділсоттық кепілдігіне қарағанда үлкен құндылыққа ие тұлғаның құқығына кепілдіктер құрайды.

     Қылмыстық  процесс теориясында тұлғаның  құқықтарына кепілдік адам және  азаматтық заңды мүдделері және ұсынылған бостандықтар мен құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тәсілі ретінде анықталады. Қылмыстық іс жүргізу әдебиеттерінде мұндай кепілдіктерді: қылмыстық процессуалдық құқықтың нормалары, тұлғаның құқықтары, қылмыстық процесті жүргізуші органдар мен лауазымды органдардың процессуалдық міндеттері сол сияқты т.б.

     Жоғарыда  көрсетілген жіктеулерді екі  үлкен топқа бөлеміз: тұлғаның  құқығының мазмұның анықтайтын  және құқық қамсыздандыру механизімін  құратындар.

     Бірінші  топты өз мүдделерін қорғайтын тұлғалардың құқықтары, қылмыстық процесті жүргізуші органдармен лауазымды тұлғалардың міндеттері, екінші топты: қылмыстық сот өндірісінің жүйесі, қағидалары, қылмыстық-процессуалдық нысан, қылмыстық процессуалдық нормалар құрайды. Құқықтық процесте процессуалдық кепілдіктің элементтері қылмыстық сот өндірісі кезінде байқалады.

     Жүйелі  анализге негізделе отырып, қылмыстық  сот өндірісінде тұлғаның құқықтарына  кепілдікті екі топқа жіктейміз.  Бірінші топты азаматтарды заңсыз  және негізсіз қылмыстық жауапқа тартудай шектейтін процессуалдық тәсілдер; Екінші топты тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды біріктіреді. Қылмыстық процессуалдық заң және заңға бағынышты актілер мұндай кепілдіктердің тұтас жүйесін белгілейді.

     Процессуалдық  кепілдік-бұл қылмыстың процеске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мүдделі қорғалатын және қамтамасыз етілетін заңмен белгіленген әдістер.

     Тұлғамен  әділсот кепілдігі арасында айырмашылық  байқалса артықшылық мемлекеттің  мүддесінен кейін тұрады.

     Процессуалдық мәжбүр ету саласында тұлғаның заңды мүдделері жәнеқұқықтарына кепілдікті келесі элементтердің жиынтығы ретінде көрсетуге болады:

     1/ қылмыстық – процессуалдық мәжбүр  етудегі жалпы талаптарды қолдану  және қағидаларды нормативтік  реттеу;

     2/ өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғау және жоғары деңгейлі мамандандырылған құқықтық көмек алу;

     3/ қылмыстық процессуалдық мәжбүр  ету бойынша анықтау және алдын  ала тергеу органдарының қызметіне  ведомстволық және прокурорлық  қадағалау жүргізу;

     4/ қылмыстық процесті жүргізуші органдармен лауазымды тұлғалардың қылмыстық мәжбүр ету шараларын заңсыз және негзсіз қолданудағы жауапкершілік.

     Алдын-ала  тергеу мен қылмыстық істі  сотта қарауда сезікті ретінде  таратылатын әрбір азаматқа ҚР-ң  Конституциясы мен ҚР ҚІЖК-де қылмыстық іздестірудегі құқықтарын қорғау ұсынылады.

     1959 ж ҚазССР-ң ҚІЖК-сі қабылданған  мезеттен бастап қылмыстық сот  өндірісінде үш кезеңді бөліп  көрсетеді:

Біріншісі (1959-1971ж) алдын-ала тергеу аяқталған уақытқа  дейін барлық жағдайда қорғаушыларды қатыстыруға рұқсат берген.

Екінші кезең 1971 ж 15 сәуірде қорғаушы тек прокурордың  қаулысы бойынша айыпты тағу уақытынан  бастап қатыса алды.

Үшінші этап қорғау институтының дамуы 1991 ж 16 ақпанда  ҚазССР Президентінің жарлығымен сәйкес басталды. Қорғаушы тұлға қылмыс жасады деп сезіктелгеннен бастап, өз функциясына кіріседі.

     Азамат  қылмыстық істі қорғау сатысында  қылмыстық процесті жүргізуші  орган немесе лауазымды тұлғалармен  қатынасқа түседі. Саты екі шешімнің  бірін қабылдаумен аяқталады: қылмыстық істі қоғау немесе оны қорғаудан бас тарту.

     ҚР  Конституциясының 39 бабына сәйкес  тек адам және азаматтық құқығымен  бостандығын заң ғана шектей  алады деп көрсетілген.

     ҚР-ң  құқықтық жүйесі адам және  азаматтың құқығымен бостандық кешені жүзеге асырылуға кепілдік береді. ҚР-сы Конституциясының 13-18, 25,26 баптары  адам және азаматтық құқығымен бостандығы, оның жеке өміріне қол сұқпаушылықты және сол сияқты т.б. көрсетілген.

     Тұлғаның  құқығының мәнің түсіну үшін  құқықтық мәртебенің мазмұнын ашу қажет. Тұлғаның құқығы оны 1 элементі ретінде қарастырылады. Құқықтық мәртебенің мазмұның заңды құқық, міндет және заңды мүдде қарайды.

     Қылмыстық  процесс теориясында тұлғаның  мүддесі проблемалары кешендік  сипатқа ие және ол тек айыпталушы мен қорғаушы бейнесіне ғана емес, сонымен қатар процеске қатысушы өзге тұлғаларға да тән.

     Ислам елдерінде  кінәсіздік призумпциясы батыс  елдерге қарағанда XI ғасыр бұрын  пайда болған.

     Сонымен.  Процессуалдық мәжбүр ету шараларына  тартылған тұлғалардың құқықтық жағдайы қылмыстық-процессуалдық құқықта жеке институт ретінде қалыптасуы қажет. 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұлтартпау  шаралары айыптаушының уақытша бас  бостандығынан шектеу немесе айыруды, ал ерекше жағдайларда сезіктінің бас  бостандығын шектеу немесе айыруды қарастыратын  қылмыстық іс  жүргізу мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады. Бұлтартпау шараларын қолдануды процессуалдық негіздері туралы мәселе үлкен тәжірибелік мәнге ие, себебі басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларымен салыстырғанда бұлтартпау шаралары адамның құқығы мен бостандығына тікелей байланысты. Бұлтартпау шараларын негізсіз қолдану  азаматтардың бостандықтарын тікелей немесе жанама заңсыз шектеумен байланысты заңдылықты дөрекі бұзу болып табылады.

Бұлтартпау  шараларын заңда көрсетілмеген мақсаттарда қолдануға жол берілмейді.

Бұлтартпау  шараларын қолданудың негізі дәлелдемелердің  жиынтығы болып табылады. Олардың  біреуі айыпталушының (сезіктінің) қылмыс жасауын, ал басқалары оның тиісті емес іс-әрекетінің мүмкіндігінің дәрежесін куәландыратын мән-жайларды қалыптастырады.

Нақты адамның  қылмыс жасағаны туралы дәлелдеме және оны айыпталушы ретінде жауапқа  тарту бұлтартпау шараларын қолдануға  жеткіліксіз. Бұл ереже мынадай  жағдайда қолданылмайды: ауыр қылмыстарды  жасаған кезде қамауға алу. Бұл жағдайда қамау қылмыстың ауырлығына байланысты қолданылады. Жасалған қылмыстың ауырлығы оның барлық ерекшеліктерін есепке алады, бұлтартпау шараларын қолдану айыпталушының қылмыстық процессті жүргізуші органның шақырылуы бойынша келуі: мүмкіндігін дұрыс шешуге көмектеседі. Тағайындалатын жазаның көлемі мен мәні маңызды, қатаң жаза тағайындаған кезде айыпталушының жауаптылықтан қашуға және жасырынуға мүмкіндігі мол.

Дипломдық жұмысты  жазу барысында келесідей қорытынды  жасауға болады:

Әрекет етуші заңдылықта, процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деген термин жоқ. Ол жинақтаушы мінезге ие болады. Бұл топтық қылмыстық-процессуалдық тәсілдердің көпшілігі ішінен бөлініп шығуының критерийі болып отырғаны олардың потенциалды түрде қалыптастырылып енгізілуінде. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының анықтамасын келесідей болып белгіленген. Процессуалдық мәжбүрлеу шарттары дегеніміз, қылмыс істеді деп сезіктінің қылмыстық әрекетін әшкерлеу мақсатында және де қылмыстық қудалаудан соттан жасырынып қалмау мақсатында қалыптасқан белгілі бір әрекетке шек қоюшы күштеу шарасы.

Қылмыстық іс жүргізу  кодексінде қызметінен уақытша шектеудің  анықтамасы жоқ. Сезіктіні ұстау  кезінде оның құқығын заңды мүдделерін қамтамасыз етудің кепілдіктеріне келесі процессуалдық жағдайлары жатады.

Қылмыстық істі қозғау

2) Сезіктінің  ұсталғандығы туралы прокурорға  хабарлау

3) Сезіктінің  туысқандарына хабарлау

4) Жауап алудың  міндеттілігі

5) Ұстау жүргізілген  кезде ұсталушыға шағым беру  мүмкіндігі

6) Заңсыз ұстауы  үшін қылмыстық жауапкершіліктің көзделуі ҚІЖК 346-б.

Қорыта айтатын  болсақ, дипломдық жұмыс мазмұнында зерттелген тұжырымдар практикада оң шешімін табады деген ойдамын.

 

Қолданылған қайнар көздердің  тізімі

1. Нормативтік құжаттар

 

Қазақстан Республикасының 01.01.2001. Астана 2001

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі // 01.03.2002. Алматы 2002

Қазақстан Республикасының  қылмыстық кодексі 26.09.2000 // ИКФ “Фолиант”  Астана 2000

Қазақстан Республикасының  “Жедел іздестіру қызметі туралы”  заңы өзгертулер мен толықтырулар: 16.07.2001 // құқық қорғау органдары. Алматы 2002

Қазақстан Республикасының  ішкі істер органдары туралы Қазақстан  Республикасының Президентінің  заң күші бар жарлығы // құқық қорғау органдары. Алматы 2002    

 

2. Арнайы  әдебиеттер мен оқулықтар

 

Ароцкер Л.Е. Тактика и  этика судебного допроса.-М., 1969.

 

Ахпанов А.Н. Возбуждение  уголовного преследования и применение мер процессуального принуждения. –Караганда, 2000

 

Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения  в стадии предварительного расследования. –Алматы, 1997.

 

Бажанов С. О  мерах принуждения в уголовно-процессуальном законодательстве // Законность, 1996. №3.

 

Бекешко С.П., Матвиенко  Е.А. Подозреваемый в советском  уголовном процессе. –Минск, 1969.

 

Березин М.Н., Гуткин И.М., Чувилев А.А.  Задержание в советском уголовном судопроизводстве. –М. 1975.

 

Буряков А.Д.  Залог как мера пресечения в советском  уголовном процессе. –Иркутск, 1969.

 

Бычков С.Ф., Гинзбург А.Я.  Следственные действия / Краткий комментарий к уголовно-процессуальному  кодексу РК. –Алматы, 1998.

 

Галкин И.С., Кочетков В.Г.  Процессуальное положение  подозреваемого. –М., 1968.

 

Гуткин И.М. Актуальные вопросы уголовно-процессуального  задержания. –М., 1980.

 

Гуткин И.М. Меры пресечения в советском уголовном  процессе. –ВШ МООП, 1963.

 

Денежкин Б.А.  Подозреваемый в советском уголовном  процессе. –Саратов, 1982.

 

Еникеев З.Д.  Меры процессуального принуждения  в системе средств обеспечения  обвинения и защиты по уголовным  делам. –Уфа, 1978.

 

Зинатуллин  З.З. Уголовно-процессуальное принуждение и его эффективность. –Казань, 1981.

 

Ивлиев Г.П.  Основания и цели применения мер  процессуального принуждения // Государство  и прво. 1985. № 11.

 

Карев Д.С. , Савирова Н.М.  Возбуждение и расследование  уголовных дел.-М., 1967.

 

Клюков Е.М.  Меры процессуального принуждения. –Казань, 1974.

 

Коврига З.Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. –Воронеж, 1975.

 

Корнуков В.Н.  Меры процессуального принуждения  в уголовном судопроизводстве. –Саратов, 1978.

 

Кудин Ф.М.  Принуждение  в уголовном судопроизводстве. –Красноярск, 1985.

 

Лившиц Ю.Д.  Меры пресечения в советском уголовным  процессе. –М., 1964.

 

Мирский Д.Я.  Првовая природа задержания лица, подозреваемого в совершении преступления. –Иркутск, 1969.

 

Петрухин И.Л.  Неприкосновенность личности и прнуждение в уголовном процессе. –М., 1989.

 

Петрухин И.Л.  Свобода личности и уголовно-процессуальное  принуждение. –М., 1985.

 

Прокурорский  надзор. Учебник // под. Ред. Ю.Е.Винокурова. М., 2001.

 

Рыжаков А.П.  Меры пресечения. –М., 1996.

 

Ратинов А.Р.  Судебная психология для следователя. М.,2001.

 

Сарсенбаев  Т.Е. , Хан А.Л. Уголовный процесс. Досудебное производство. –Астана, 2000

 

Сафин Н.Ш.  Допрос несовершеннолетнего подозреваемого в уголовном судопроизводстве. –Казань, 1990.

 

Толеубеков  Б.Х.  Уголовно-процессуальное право. Республика Казахстан.-Алматы, 1998.

 

Төлеубеков  Б.Х. Қазақстан республикасының қылмыстық  іс жүргізу құқығы. Алматы. 2001.

 

Уголовный процесс // под.ред. Лупинской П.А. М., 2001.

 

Уголовно-процессуальное право Российской Федерации / под.ред. П.А.Лупинской –М., 1998.

 

Уголовный процесс / под.ред. К.Ф.Куценко. –М., 1996.

 

Усманов У.А. Справочник следователя. –М., 1999.

 

Чистякова В.С.  Законность и обоснованность применения мер уголовно-процессуального принуждения. –М., 1978.

 

Чувилев А.А.  Привлечение следователем и органом дознания лица качестве подозреваемого по уголовному делу. –М., 1982.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі