Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:51, дипломная работа

Краткое описание

Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................4

I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.

1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі......................6
1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі, мәні......................... ...................13
1.3.Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері........................34

II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі.

2.1. Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары..... 43
Мәжбүрлеу шараларының түрлері... ...............................................50
Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыруда тұлғаға берілетін кепіілдіктер...........................................................................66

Қорытынды..............................................................................................70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_62.doc

— 313.00 Кб (Скачать документ)

     Заңды әдебиетте  қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу  шараларының мәні туралы сұрақ жөнінде біркелкілік көзқарастардың бірігуі жоқ. Қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын осы қасиеттері жоқ басқалардан ажыратып шектеу үшін объективті және субъективті критерийлер мәселесін дұрыс қарастырған жөн. Олармен әр түрлі процессуалдық мәжбүрлеуші шаралардың ортасы анықталады, өз қатарында оларды қолдану азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу мүмкін.

     Осының  нәтижесінде, соңғылар күшейтілген  қорғау мен сақтауды қажет  тұтады. Ал қандай бір критерийді  қабылдау қылмыстық – процессуалдық мәжбүрлеу мәнің түсінуден шығады. Мәжбүрлеу тәсілдерінің басты қасиеті олармен құқық шектеуші бағыттылығы болып табылады деген клнцепция процессуалист-ғалымдардың ішінде көп таратылды.

   В.М.Корнуков, З.Ф.Коврига,  Ф.М.Кудин, З.Д.Еникеев., З.З.Зинатуллин және т.б. И.Ребане мен О.Ә. Лейстің мәжбүрлеудің объективті мінезі туралы жалпы теориялық көзқарастарына сүйене отырып, ықпал ету шараларының ішінде мәжбүрлеу шаралары тек объективті қасиетінің арқасында ғана ерекшеленеді деген қортынды жасайды4.

Мәжбүрлеудің объективті мінезі, егерде мәжбүрлеу шараларын  қолдану үрдісінде жүзеге аспаса да, онда солардың ішінде міндетті түрде  көрініс табады. Заңды “процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деген темин  жоқ. Ол жиынтықтаушы мінездегі ие болады. Бұл топтың қылмыстық-процессуалдық тәсілдердің көпшілігі ішінен бөлініп шығыуынан критерий болып отырған олардың потенциалды түрде қалыптастырылып енгізілген, объективті мәжбүрлеуші мінезі. Басқаша айтқанда, бұл шаралар физикалық немесе психологиялық мәжбүрлеудің элементтеріне ие болады, бұл элементтер, сот өндірісінің қандай да бір қатысушысымен өзінің міндеттерін ерікті орындаудан бас тартқан жағдайда мәжбүрлеу механизмінің жүйесінде аса маңызды ”рычагтар ретінде әрекет етеді”. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деп біз сот өндірісі аумағындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің қандай да бір тәсілін түсінеміз5.

Мәжбүрлеу шараларын  қолданудың шұғылдылығын ең біріншіден қоғамдық қаупті әрекетті жасаумен, қылмыстық-құқықтық норманың тыйымдарын бұзумен сипатталады.

Мәжбүрлеу элементі тек  процессуалдық әрекет позитиві нормалардың  әрекет етудің негізінде қалыптасқан  жағдайда ғана жоққа шығады. Яғни позитивті  нормалар бұл-рұқсат етілгеннің шегінен  шықпайтын тұлғалардың мінезін  анықтайтын нормалар. Ал қылмыстық процесс саласында әңгіме қандайда да бір тұлғаның құқыққа қайшы әрекетінен туатын, құқықтық реттеудің пәні туралы қозғалады. Қылмыстық-процессуалдық қатынастарда реттеуші емес қорғаушы қызметі басымболады. Бұның бәрі процесс қатысушылармен өз міндеттерін тиісті орындау үшін, мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкінділігін қарастырады.

Қорытып айтсақ, объективтік  концепция тұлға үшін ыңғайсыз, тиімсіз  құқықтық салдарды қамтиды. Бірақта  мәжбүрлеу шараларының мәні бұл  тұрғыда толық мөлшерде ашылмайды.

    Қандай да бір шараларды күштеушілерге жатқызу барысындағы субъективті критерий концепциясы аса тыңғылықты оның “тұлға бостандығы және қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің монографиясында ұсынылды. Бұл монография 1985 жылы жарық көрді. И.Л.Петрухин процнссуалды мәжбүрлеуші тәсілдердің ортасын анықтауда объективті критерийдің жақтастарының көзқарастарына көнбей, келесідей ереже шығарады: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты процессуалдық ықпал етудің объективті-мәжбүрлеуші мінездемесі тергеу әрекетін процессуалдық мәжбүрлеу шараларына жатқызудың критерийі болып есептелмейді, өйткені ол тек процессуалдық міндет субъектісімен ғана мақұлдануы мүмкін¹. Және әрі қарай: еркін көңіл білдіру саласынан процессуалдық мәжбүрлеудің бөлінуінің критерийі болып азаматтың, өзіне жүктелген міндетке деген психикалық қатынасы табылады. Егерде азамат өзіне осы міндетті жүктеуді мақұлдаса, онда ол мәжбүрлеу жоқ деген мағынаны білдіреді. И.Л.Петрухиннің ойы бойынша, нақты жағдайда әңгіме тұлғаның өзін-өзі шетеу туралы жүріп отыр.     Процессуалдық мәжбүрлеу мәнінің ұсынылған түсініктемесінің ерекшелігін есептей отырып бірнеше қайшы көзқарастар туады. Біріншіден, критерий жеткілікті дәрежеде тыңғылықты және нақты емес, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларының түсінігі қылмыстық сот өндірісінің қандай да қатысушының субъективті көзқарасына тәуелді тым көмескі болып табылады. Екіншіден, ұсынылған критерий, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарына айыпкердің /сезіктігін келуін қамтамасыз ететін, превентивті-процессуалдық шараларға тартылмайды. Әңгіме, мәжбүрлеу шарасы ретіндегі қамауға алу және қылмысты жасағанында сезікті ретінде ұстау туралы. Қолданылған шараларға ұсталған мен қамауға алынғанның тәуелсіз заң, қосымша құқықтарға иелендіріп оларға белгілі құқықтық мәртебені кепіл етеді. Яғни, нақты тұлғалар категориясының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайту қажеттілігін мойындайды. Ал егер біз келтірген мысалдарға айыпты /сезікті/ адам өз бетімен оның жеке бостандығы мен қолсұқпаушылығын шектеуден туындайтын қандай да айырулар мен шектеулерді иелену міндеттілігін өзіне жүктесе, онда бұндай қатаң және қиын шараларды қолданудың көмегіне жүгінудің ешбір қажеттілігі тумайды.

Егерде басқа құбылыстардың  қандай да бір тобының класының мазмұнына  енгізілетін құбылыс, оларды біріктіруші  ерекшеліктерге ие болмаса, онда формалды логика ережелеріне сәйкес бұндай критерий мен жіктелу шарттыдан асып кетеді. Үшіншіден, шектеулерді “өзін-өзі шектеу” деп тұжырымдаумен келісу қиын. Егерде өзін-өзі шектеу туралы айтсақ, онда басқа азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерімен байланыссыз тек қана тұлға мүдделерін ескеруіміз керек. Ал қылмыстық сот өндірісінің саласында бұндай өзін өзі шектеу, процессуалдық міндет субъектісімен, сырттан жүктелген өзін белгілі құндылықтардан айыру қажеттілігі ретінде қабылданады.

Өзін өзі шектеу, құқықтық нормалардың  құқық шектеуші мінезіне байланысты туындаған нәтиже болып табылады, И.Л.Петрухин субъективті критерийді негіздеу үшін, тергеуді немесе басқа да тергеу әрекетін жүргізу үшін, тергеушінің шақыру бойынша куәнің келуін қамтамасыз етуінің мысалын келтіреді6. Куәнің мінезінің варианттарын таңдау мүмкінділігі бар: ерікті келу, ерікті себептердің басым болуының нәтижесіндегі келу, күштеп ықпал етудің басымдылық көрсеткен жағдайындағы келу және мәжүрлеп келу.

Бұл міндетті ерікті орындағанда мәжбүрлеу  туралы ешбір әңгіме болмайды деген  тұжырымдамада дұрыс /бұнда құқықтық шектеу реттеуші мінездеме болады/. Бірақ та әрі қарай, біздің ойымызша, ол құқыққа сиымды талқылаудың пәнің кеңейтеді. Өйткені куәнің шақыруы бойынша келмеуі жағдайында мәжбүрлеу шарасы ретінде, істің тергеудің жүргізіп отырған тұлғаға жай шақыру емес, /привод/ еріксіз келтіру қарастырылады. Мәжбүрлеу шараларына шақыру бойынша келуді қамтамасыз етудің барлық формалары жатқызылмайды, ал тек еріксіз келтіруге байланысты, психикалық немесе физикалық ықпал етумен ілесетіндері ғана жатқызылады И.Л.Петрухиннің көзқарасын жақтырмай, В.Н.Корнуков объктивті концепция пайдасына негізделген аргумент келтіреді. Оның көзқарасы бойынша процессуалдық мәжбүрлеу көп жағдайларда, құқық субъектілерінің қарсыласуын тікелей жеңу формасында емес, ол тек потенциалдық мүмкінділік түрінде жүзеге асады7. Мәжбүрлеу шараларын қолдану қылмыстық-процесуалдық нормалармен алдын ала қарастырылып бекітілген және жеке азаматтардың рұқсат етуін есепке алмайды.  Тұлғалардың өзін өзі шектеуге ұшыруға келісім берген жағдайында тұлғаның құқықтарын шектеу мәжбүрлеуші болуы мүмін емес. Мәжбүрлу шараларын қолдану үрдісі барысында физикалық ықпал етудің де қолдануының әрқашанда шынайы қауыбы пайда болады. Тұлғалардың “өзін өзі шектеуге” ұшырауға келісім беруі процессуалдық мәжбүрлеу шарасын оның объективті мәжбүрлеу мінезін айырмайды, ал тек қана мәжбүрлеудің субъективті сезімін жояды.

Ал біз қылмыстық-процессуалдық  мәжбүрлеу шараларының сұрағына басқаша көзқарасты қалыптастырамыз. Бұл сұрақты тұлға құқықтарын аксиологиялық мінездеумен байланыстыру қажет. Өйткені процессуалдық мәжбүрлеу ең біріншіден заңмен бекітілген шектердегі тұлға бостандығын шектейді. Мәжбүрлеуді құқық шектеуші критерий арқылы емес, субъектіге ұсынылған бостандық арасы тек қана құқықпен емес, сонымен қатар оданда кең әлеуметтік ауқымда анықталған, бұл сұрақты қарастырудағы, кезекті адам болып табылар еді. Егерде заңмен заңды ұстанушы азаматтардың еркін тәртібінің аумағынан ерекшеленетін қылмыстық процестің қандай да бір субъектілерінің бостандығына шектер орнатылса, онда нақты жағдайда мәжбүрлеу элементінен құтыла алмаймыз. Мәжбүрлеу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол оның мәнің өзгертпейді. Мәжбүрлеп ықпал етуге кез болатын тұлға, бұл жерде физикалық немесе психикалық ықпал етілетін объекті болып табылмайды. Ол-арнайы мәртебесі бар қылмыстық процессуалдық қатынастардың толық құқылы қатысушысы. Сонымен қатар бұл құқықтық ережесінің пайда болуының лауазымды тұлғалар мен органдары түріндегі мемлекет еркінен тәуелді екендігі көрінеді. Қылмыстық-процессуалдық шаралардың мәнің бұлай түсінуде, мәжбүрлеп ықпал етудің субъективті және объективті тараптары арасында қайшылықтар тумайды.

Процессуалдық мәжбүрлеу аталған  талаптардың диалектикалық бірлігімен мінезделеді. Яғни, объективті критерийде бірінші қатарға тергеуді жүргізіп отырған лауазымды тұлғалар түріндегі  мемлекеттік еркі шығарылады. Ол процестің мәжбүрлеп қатыстырылып отырған тұлғасының еркінінен потенциалды, объективті тәуелсіз және мәжбүрлеу шарасымен қамтамасыз етіледі.

Ал субъективті критерий, процессуалдық  ықпал етуге ұшырылатын сот өндірісінің  қатысушысының санасымен еркін абсолюттендіреді де, процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың айқын көрсетілмеген шектерін бекітіп, еркін тәртіптің шекараларын анықтайды.Процессуалдық мәжбүрлеудің мәнің біздің түсінуімізде тұлғаның әлеуметтік-құқықтық дәрежесі, ол үшін қажетті құндылықтар мен байлықтардың қол жеткізетіндігінің дәрежесі ескеріледі.Қылмыстық сот өндірісі саласында тұлға заңды қызығушылықтары мен құқықтары қаншалықты шынайы қамтамасыз етілетіндігі, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасының мәні туралы сұрақтың дұрыс шешілетіндігімен байланысты екенін айта кеткен жөн. Соңғы уақытта процессуалист-ғалымдар процессуалдық мәжбүрлеу шарасымен қатар, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің тәсілдері ретінде, қылмыстық-процессуалдық жауапкершілік, қылмыстық-процессуалдық санкциялар, құқықтық тәртіпті қорғау мен заңдылықты орнына келтіру шаралары аталынады.Мәжбүрлеуді оның көрініс табуының әр түрлі формаларында қарастырған жөн. Ол өзіне, қылмыстық-процессуалдық санкциялармен қатар қылмыстық-процессуалдық жауапкершілікті енгізеді.

Санкциялардың мінезіне байланысты мәжбүрлеу  тәсілдерін құқықты орнына келтіруші  және жазалаушы орнына келтіруші  деп бөлуге болады8.     Құқықты қамтамасыз етуші тәсілдердің ерекшелігі қылмыстық процесте мәжбүрлеудің үш негізгі формаларын бөліп шығаруға мүмкіндік береді:

1/ процессуалдық заң нормаларымен  қарастырылған тұлға үшін тиімсіз,  жағымсыз, алдын ала анықталған  тәртіп ережелерін орындамаудың  құқықтық салдары ретіндегі қылмыстық-процессуалдық  санкциялар;

2/ тұлғаның аталған  салдары шыдау міндеттілігі мен көрсетілген санкциялардың әрекет етуі ретіндегі қылмыстық-процессуалдық санкция;     3/ қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары. Қылмыстық –процессуалдық мәжбүрлеуді институционализациялау белгілі критерийлерді өндіріліп шығарылуын қарастырады, оларға сәйкес қандай да бір мәжбүрлеп ықпал етудің шаралары бөлініп шығарылады. Осындай критерий ретінде, құқықтық норманың нұсқамаларын ерікті орындамаудың құқықтық салдарының мінезін атауға болады. Сонымен қатар заңгер ғалымдар басқа да критерийлерді келтіреді: орындалмаған міндетті басқасымен ауыстыру, орындалмаған міндет туындайтын құқықтан айыру, құқықтық қатынас субъектісіне жаңа қосымша және бар міндеттемені жүктеуі. Аталған салдарға И.С.Самощенко мен М.Х.Фарукшин, сонымен қатар тағы да “мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдау фактісін, міндеттемені тұлға еркінен тыс, мәжбүрлеу арқылы орындауды жатқызады”. Қылмыстық-процессуалдық санкцияларды, алдында орындалмай кеткен міндеттемені жаңасына ауыстыру және қосымша міндеттемені жүктеу деп түсінуге болады. Қылмыстық-процессуалдық норманың санкциясын жүзеге асыру процессуалдық жауапкершілікті қалыптастырады. П.С. Элькиндтің ойы бойынша, қылмыстық-процессуалдық құқық нормаларын ұстану, сақтау тек қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа да түрлерінің мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі /қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік мәжбүрлеу/.

Мұндай көзқарасты Б.А.Галкин, А.И.Столмаков  та ұсынады. Қылмыстық-процессуалдық  құқықтың нормаларын қамтамасыз етудің мінездемесі туралы сұраққа басқа да көзқарас бар. В.М.Горшеневтің ойы бойынша, қылмыстық және әкімшілік құқық санкциялары материалдық құқықтың көрсетілген нормаларын бұзғанда ғана қолданылады¹.      Қылмыстық сот өндірісіндегі қорғаушы тәсілдердің кең түсінуінің жақтастары, В.М.Горшеневке қайшы келіп, таза процессуалдық шегінен шығатын, КІЖК нормаларының бұзылуына көрсетеді. Олар, құқықтың әр түрлі салаларымен реттелетін-процессуалдық және материалдық процесс саласындағы құқық бұзушылықтардың комплексті, күрделі мінездемесін жақтайды9.Сонымен қатар П.С.Элькинд тағы да былай дейді, әртүрлі құқықтық нормалардың санкциялары, қылмыстық сот өндірісінде жалпы ереже бойынша, қылмыстық-процессуалдық санкциялардың орнына емес, олармен қатар қолданылады.

Қылмыстық процестегі құқықты қорғаудың  тәсілдерін бұндай кең тұжырымдаумен біз келісе алмаймыз. Материалдық құқық нормаларын бұзудың негіздері мен құқықтық салдары осы нормалардың диспозицияларында қарастырылған10. Сот өндірісі саласында, қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қоғамдық ықпал етудің тәсілдерінің көмегімен жүгіну қажеттілігі кейде туады. Бірақ бұл жағдайдан, біздің көзқарасымыз бойынша, екі қорытынды шығады. бріншіден, қылмыстық-процессуалдық қатынастар шегінде жүзеге асатын, тәртіптік, әкімшілік, азаматтық, құқықтық және қоғамдық мінездегі санкциялар қылмыстық-процессуалдыққа айналады және өзімен тек процессуалды қасиеттегі қолайсыз нәтижелерді туғызады. Бұл тұжырымдаманы жоққа шығару, құқықтық мәжбүрлеудің жеке дара түрі ретіндегі, қылмыстық-процессуалдық жауапкершілікті жоққа шығару болып та есептелер еді.

Екіншіден, егерде бұндай орын ауыстыру жүзеге аспаса, онда санкциялар, оларды жүзеге асыру саласы қылмыстық-процессуалдық  сот өндірісінің шектерінен тыс  шығады /әңгіме қылмыстық-құқықтық, азаматтық  құқықтық санкциялар жөнінде жүріп жатыр/.Бұндай шараларды қолдану үшін негіздер қылмыстық процесс шегінде қалыптасады. Бірақ оларды жүзеге асыру үдірісті оның бүкіл сатыларымен бірге талап етеді. Яғни, қылмыстық процестегі мәжбүрлеу, толық түрде, өзіне тек қылмыстық-процессуалдық ықпал ету тәсілдерін енгізеді. Ал мәжбүрлеудің басқа түрлері /материалды/ олармен сот өндірісі саласында қолданудың, негіздерінің маңызын ғана бейнелейді. Процессуалды емес санкцияларды жүзеге асыружаңа, қосымша өндірісті көздейді. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары. Санкцияларға қарағанда, бір ғана мақсатты көздейді-сот өндірісінің өзінің келесі сатыларына, кедергісіз ауысуы үшін тиімді жағдайларды туғызу. Соңғы уақытқа дейін процессуалдық әдебиетте, ерекше алғанда оқулықтарда бүкіл қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу процессуалдық мәжбүрлеу шараларына жатқызылды11. Оларға көп авторлар мәжбүрлеу шараларын ұстауды, тінтуді, алуды және т.б. бірқатар әрекеттерді жатқызады, ал кейбір процессуалистер тек қана мәжбүрлеу шараларын ғана жатқызды. Бірақта қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу көлемі бойынша, бұған қарағанда, аса кең және бір қалыпты емес. Бір жағдайларда ол қылмыстық-процессуалдық нормаларды орындамау немесе тікелей бұзудың нәтижесі болып табылады да жауапкершілік ретінде көрініс табады. Ал басқа жағдайларда-құқықтық нормалардың нұсқамаларын тиісті орындаумаға байланысты болса да, заңдылықты орнына келтіру мен құқықтық тәртіпті қорғаудың шаралары түрінде бейнеленеді, ал үшіншіден, белгілі әрекеттердің алдын алудың тәсілі ретінде және дәлелдемелерді алу мен іздеу үшін қажетті жағдайларды тудыру үшін қолданылады. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деп аталатын бұлтартпау шаралары-ұстау, тінту және т.б. әрекеттер жатқызылатын мәжбүрлеу тәсілдері, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің тек бір бөлігі болып есептеледі. Оларды қылмыстық жазалу шараларынан ажыратқан қажетті және сонымен қатар олармен процессуалдық жауапкершілікпен, қылмыстық - процессуалдық нормалардың санкцияларымен араластыруға болмайды.     Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының қылмыстық жазалау шараларынан айырмашылығы келесіде. Жазалау сотпен тек, қылмысты жасағаны жөнінде кінәлі болып табылған тұлғаға ғана қолданылады. Ал процессуалдық мәжбүрлеу шаралары тек қана сотпен ғана емес, сонымен қатар тергеуді жүргізіп отырған тұлғамен, тергеушімен, прокурормен де қолданылуы мүмкін. Олардың қолданылуы қылмыстық жазаға қарағанда, істің шешілуінің нәтижесімен тұлғаны кінәлі деп танумен алдын ала анықтамайды, ол қылмыстық-процессуалдық әрекеттің дамуын қамтамасыз етудің қажеттілігімен сипатталады12. З.Ф.Ковриганың көзқаратары жүйелі емес. Процессуалдық шаралардың процессуалдық жауапкершілікпен процессуалдық санкциядан айырмашылығын мойындай отырып, ол сонымен қатар былай деп жазады: “Құқықтық қамтамасыз етудің бұл тәсілдерінің бірлігі, олардың құқық бұзушылық факторымен пайда болатындығында”. Оның тұжырымдамасы бойынша, нақты жағдайда, құқық бұзушылық деп қылмыстық-процессуалдық бұзушылықтар ескеріледі ал кері жағдайда айтылған анықтама өзінің қандай да мағынасынан айрылады. өйткені бүкіл қылмыстық процесс қылмысты жасауға, яғни қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты пайда болады. Бұлай болса, онда бүкіл процессуалдық мәжбүрлеу не процессуалдық жауапкершілік, не процессуалдық санкциялар болып саналады. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары мен прцессуалдық санкцияларды теңдестіру жағдайынан қалыптасқан біздің көзқарасымызды И.Л.Петрухин мен З.Ф.Коврига қате деп есептейді. Процессуалдық мәжбүрлеуді процессуалдық жауапкершілікке, процессуалдық санкцияларға және процессуалдық мәжбүрлеу шараларына бөле отырып, мәжбүрлеудің бұл түрлерінің олардың қолдану негіздері мен мақсаттарына байланысты айрықшаланатындығын көрмеуге болмайды.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі