Барлық
әрекет етіп отырған критерийлер
әртүрлі аспектілерді қылмыстық
процестегі мәжбүрлеу тәсілдерін
мінездейтіндігі шартсыз. Бірақта
олардың маңызын кішірейтпей,
мәжбүрлеуді тұлғаға ұсынылған мінез
еркіндігі және ерікті білдіру бостандығы
шарасы арқылы қарастырған, басқаларға
қарағанда, толып деп есептейміз. Мәжбүрлеу,
мемлекетпен бүкіл азаматтар үшін анықталған
шектерде, тұлға ие болып отырған немесе
ие болуы мүмкін болған әлеуметтік құндылықтар
мен байлықтар комплексіне қарама-қарсы
қойылады.
Бұл
құндылықтарға ие болуы шарасы
ең алдымен тұлғаның бекітілген
құқықтық дәрежесіне тәуелді
болады.
Мәжбүрлеу
шараларын жіктеудің маңызды
критерийіне құқық шектеу мінездемесін жатқызбаған жөн. Бұндай
негіз ретінде күштелген субъектінің
ерекше құқықтық дәрежесі қарастырылады.
Құқықтық дәреже
біріншіден мемлекетпен, оның органдары
түрінде анықталатын бостандық
шарасынан тәуелді болады.
И.Ребаненың
көзқарасы бойынша, бұл критерийді қабылдау, мәжбүрлеп
жатқан тұлға детерминация тізбегінен
шығарылмайды деген мағынаны білдіреді.
Мәжбүрлеп
жатқан тұлға құқықсыз объектіге
айналмайды. Тұлға қызығушылықтары,
мемлекет органдарымен лауазымды
тұлғалармен есепке алынады және
қалайда көп мүмкінділік дәрежесінде
қамтамасыз етіліп қанағатталу керек.
Аталған
негізге сәйкес, қылмыстық-процессуалдық
мәжбүрлеу тәсілдерінің жіктелуін
нақты тәсілдердің тұлға құқықтары
мен бостандықтарымен арақатынасын
есепке ала отырып құруға болады.
1/
Әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени
және жеке құқық саласындағы
тұлғаның шектелген құқықтық
дәрежесін орнатушы, қылмыстық-процессуалдық
мәжбүрлеу шаралары. Оларға: мәжбүрлеу
шарасы ретіндегі қамауға ұстау,
стационарлық тексеруді өткізу
үшін медициналық мекемеге орналастыру
жатқызылады.
2/
Әлеуметтік-заңдылық және жеке
құқық саласында тұлғаның шектелген
құқықтық дәрежесін бекітуші, қылмыстық-процессуалдық
шаралар. Бұл айыпкерді лауазымды
орнынан алып тастау.
3/
Жеке құқық саласында шектелген құқықтық дәреженің тәртібін
белгілеуші, процессуалдық мәжбүрлеу
шаралары: а/ тұрғын жай мен мүліктің қол
сұқпаушылығына құқықтар /тінту, алу, мүлікке
арест, қамау салу, пошталетеграфтық хат
жазысуға қамау салу; ә/ дене қол сұқпаушылығына
құқықтар /куәландыру, салыстырмалы зерттеу
үшін үлгі салу. Азаматтардың жеке тінтуі;
б/ жүріп тұру мен тұрғын жайды тандау
еркіндігінің құқығы/ басқа бұлтартпау
шаралары, сот тергеу органдарының шақыруы
бойынша келу міндеттемесін алу, әкелу/.
Құқықтың
қорғаушы қызметі өзін үш негізгі формаларда
бейнелейді. Бұл заңдылық жауапкершілік,
құқықтық тәртіпті қорғау шаралары және
превентивтік шаралар. Мәжбүрлеу де осы
формалардың әрқайсысында жүзеге асуы
мүмкін.
В.Н.Корнуков
қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу
шараларын келесі түрлерге бөледі:1/
процессуалдық жауапкершілік; 2/ құқықтық
тәртіпті қорғау шаралары /заңсыз шешімдерді
жоққа шығару/; 3/ белгілі әрекеттердің
алдын алу тәсілдері және дәлелдемелерді
табу үшін жағдай жасау /тінту, алу, тұлғаны
медициналық мекемеге орналастыру және
т.б./ . Бұл жіктеулер, дәлелдемелерді жинауды
қамтамасыз етуші, тәсілдер мен бұлтартпау
шаралары тобына негізсіз біріктірілген24.
А.А.Филющенко
қылмыстық-процессуалдық нормаларды
мәжбүрлеп қамтамасыз етудің
үш түрін айырады: 1/ заңдылық жауапкершілік;
2/ қорғаныс шаралары; 3/ превентивті шаралар/.
З.Ф.Коврига
процессуалдық мәжбүрлеуді. Жауапкершілікті,
санкцияны бөліп шығарады да
олардың ара-қатынасын қарастырады.
Г.Н.Ветрова
қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу
шараларын келесідей бөледі: 1/ процессуалдық
міндеттерді орындамағаны үшін қолданылатын
шаралар; 2/ қалпына келтіруші және жазалаушы-қамтамасыз
етуші мінездегі шаралар; 3/ процессуалдық
құқық бұзушылыққа байланыссыз қолданылатын
шаралар.
З.З.Зинатуллин
келесідей процессуалдық мәжбүрлеу
шараларын бөліп шығарады: 1/ процессуалдық
құқық бұзушылықты жасауға дейінгі қолданылатын
шаралар; 2/ процессуалдық құқық бұзушылықты
жасағаннан кейін қолданылатын шаралар;
а/ орындалмаған процессуалдық міндетті
мәжбүрлеп орындату шаралары / привоз,
алу және т.б./ ә/ процессуалдық заңды бұзушыларға
ықпал ету шаралары/ сот залынан шығарып
жіберу және т.б./.
З.З.Зинатуллин
мәжбүрлеу шаралары мен жауапкершіліктің
ара қатынастарын қарастыра отырып,
шараларды топтарға бөледі: а/ басымды процессуалдық мәжбүрлеудің
шаралары; ә/ мәжбүрлеу мен жауапкершілікті
біріктіретін шаралар; б/ басым жауапкершілік
шаралары25.
Ф.Стацевич
процессуалдық мәжбүрлеу шараларын
келесідей бөледі: 1/ әділеттік мүдделерін
қамтамасысыз ететін; 2/ дәлелдемелерді анықтау мен бекіту
үшін қызмет ететін; 3/ сот залындағы
тәртіпті орнату үшін қолданылатын шаралар.
Превентивтік
шаралар мәжбүрлеуші болса да,
процессуалдық құқық бұзушылықты
жасағаны үшін емес, тек олардың
алдын алу үшін және сезіктінің,
айыптының тиісті тәртібін қамтамасыз
ету үшін ғана қолданылады, сондықтанда
олардың жүзеге асуы санкцияларды қолдану
деп есептелмейді. Қылмыстық процесте
қорғау шаралары мен превентивтік шаралар
басым болады.
1/
Ұстау.
А.В.Франктің
көзқарасы бойынша :”Ұстау жазалау шарасы немесе
өндіртіп алу шарасы ретінде қолданылмайды,
яғни санкция мінездемесіне ие болмайды”.
Ұстау
тек тәсіл ретінде қарастырылады,
соның көмегімен биліктің тиісті
органдары мен оның лауазымды
тұлғалары қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік және жеке қауіпсіздік
қорғау жөнінде оларға жүктелген міндеттемелерді
орындаулары мүмкін.
Ұстау-қылмыстылық
пен күресудің “алдыңғы шегі”.
Ұстаудың негізінде қылмыстық
қудалауды жүзеге асыратын орган
қылмыстық әрекетті тоқтатады,
құқық бұзушының қашып кетуінің алдын алады,
егерде белгісіз болса, онда құқық бұзушы
тұлғаны анықтайды, тергеу әрекеттерінде
оның қатысуын қамтамасыз етеді, куәлар
мен жәбірленушілерді айынуға, айыпкердің
дәлелдемелерді бұрмалау мен жасандылауына
бөгет жасайды және шындықты, ақиқатты
орнатуға, анықтауға бөгет жасайтын оның
басқа да әрекеттеріне кедергі жасайды.
2/
Бұлтартпау шаралары.
Айыпталушы
анықтаудан. Алдын ала тергеуден
немесе соттан жасырынады, не
істі сотта объективті зерттеуге
және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен
шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға
жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ
үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін
қылмыстық процесті жүргізуші орган өз
өкілетті шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК 140
б. көзделген бұлтартпау шараларының келесі
түрлері көрсетілген:
1/
ешқайда кетпеу және өзін дұрыс
ұстау туралы қол қойдыру;
2/
жеке кепілдік беру;
3/
әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру;
4/
кәмелетке толмағанды қарауға
беру;
5/
кепіл беру;
6/
үйде қамауда ұстау;
7/
қамау.
Бұлтартпау
шараларын тек бірқатар құқықтық
шарттарды орындағанда ғана қолдану
мүмкін:
- біріншіден, бұлтартпау шарасы тек құқықтық шарттарды орындағанда ғана қолдану мүмкін
- екіншіден, бұлтартпау шарасы айыпталушыға тағайындалатын қылмыстық жазадан айырылмау керек
- үшіншіден, бұлтартпау шарасының кез келген түрін қолданудың шарты болып тұлғаны айыпталушы ретінде тарту табылады
- төртіншіден, бұлтартпау шарасы тек тиісті субъектіге, яғни қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен тұлғаға ғана қолданылуы мүмкін.
Нақтырақ айтқанда,
бұлтартпау шараларының тек өзіне
тән мақсаттары бар:
- айыпталушының/сезіктінің/ анықтаудан. Алдын ала тергеуден және соттан жасыруының алдын алу
- айыпталушының /сезіктінің/ айқындылықты орнатуға кедергі жасауын болдырмау
- айыпталушының /сезіктінің/ қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жалғастыруының алдын алу
- үкімнің орындалу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Бұлтартпау
шараларын қолдану азаматтардың
жеке бостандығын, ерекше алғанда тұлға
қолсұғушылығы, кедергісіз орын ауыстыру және
тұрғын жай тандау құқықтарын аса белсенді
шектеумен байланысты.
Жоғарыда
атаулының кеткен бұлтартпау
шараларының қайсы бірін қолдану
қажеттілігін шешкенде анықтамада
аталған мән-жайлармен қатар,
тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы.
Оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы отбасы
жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік
жай-күйі, тұрақты тұратын жерінің бар
жоғы және басқа да мән-жайлар ескерілуге
тиіс.
А/ Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру. Ешқайда кетпеу туралы қолхат беру, ең көп таралған мәжбүрлеу шарасы. Бұлтартпау шараларының жүйесінде оның үлесі: В.М.Корнуковтың мәліметері бойынша-46%¹, З.З.Зинатуллиннің мәліметері бойынша-48-53%². Соған қарамастан бұл жеткілікті тиімді шара т.б.Б.А.Денжкиннің мәліметтері бойынша26, ешқайда кетпеу туралы қолхат бергендердің тек 1,5 іс барысында жасырынып
кетті.
Бұл бұлтартпау шарасының
негізгі жақсы жағы, оны қолдану
адамды бостандығынан айырмайды, оны
жанұясынан, жұмысынан үзіп алмайды.
Сонымен қатар ешқайда кетпеу туралы қолхат беру-процессуалдық
мәжбүрлеу шарасы, өйткені тұлға мәжбүрлеу
тәртібінде белгілі уақытқа жүріп тұрып
бостандығынан айырылады да нәтижесінде
оның заңды мүдделері толық қанағаттанбай
қалуы мүмкін /мысалға, ол басқа қалада
тұратын таныстарына, туыстарына бара
алмайды, өз қалауы бойынша демалатын
жерін таңдай алмайды, іскерлік сапарға
жүріп кете алмайды жәнес.с.т.б./ Бірақта
сол қала бойынша ол адамның жүріп-тұру
екендігі шектелмейді. Сонымен бірге нақты
бұлтартпау шарасын тандаған, лауазымды
тұлға немесе органның рұқсаты бойынша,
айыпты адамның кез келген жерге баруы
мүмкін, егерде ол қызмет бабымен болса
немесе айыпкердің өзінің мүдделері болса
/жақын туысының қатты ауырып қалуы немесе
қайтыс болуы, оның жан ұясы тұратын үйінен
айырған, өрт немесе апат жағдайларында
және с.с.т.б./.
Ешқайда
кетпеу туралы қолхат берген
тұлғалармен заңмен басқа ешбір
құқықтық шектеулер қойылмайды.
Бұл тұлғалар конституциялық
және салалық құқықтар мен
бостандықтардың бүкіл комплексімен
пайдалана алады /еңбекке деген құқық, демалуға
деген құқық, саяси құқықтар мен бостандықтар
және с.с.т.б./. Бірақта ведомстволық нормативтік
актілер аталған тұлғалар үшін бірқатар
қосымша шектеулерді енгізеді, олардың
көмегімен ешқайда кетпеу туралы қолхат
беру бірқатар шаралар мен “күшейтіледі”
ерекше айтқанда, ешқайда кетпеу туралы
қолхатпен қанағаттанбай тергеушілер
мен анықтаушылар осы бұлтартпау шарасын
тағайындағаны туралы айыптының жұмыс
орны бойынша кадрлар бөліміне, ол жұмыстан
босап кетіп қалмау үшін хабарлайжы, айыптының
тұратын орны бойынша төлқұжат столына
райвоенкоматқа хабарлайды. Ешқайда қашпау,
айқындылықты орнатуға бөгет жасамау,
қылмыстық әрекетпен айналыспау, үкімнің
орындалуына қарсы келмеу тергеу, анықтау,
прокуратура және сот органдарының шақыруы
бойынша келу, оларға мекен-жайды ауыстыру
туралы қолхат берген тұлғаның орындалуға
тиісті міндеттемелері. Бұл міндеттемелердің
барлығын орындау “өзін дұрыс ұстау”
деген түсініктемемен қамтылады.
Б/ Жеке
кепілдік – сенім көрсететін
тұлғлардың /екіден кем болмау керек/ жазбаша міндеттемелері,
ол бойынша сенім көрсететін, арттыратын
тұлғалар айыпталушының тиісті мінезіне
және тергеуді жүзеге асырып отырған тергеуші,
прокурор немесе сот шақыруы бойынша айыпталушының
келуін қамтамасыз етеді.
Бұл бұлтартпау шарасы кепіл берушілердің
шағымдануы немесе олардың келісімі бойынша
қолданылады.
Кепілдік
беруші оған қатысты өзі кепілдік
беретін адамның айыбының мәні,
кепілдік берушінің оған сезікті,
айыпталушы бұлтартпау үшін осы
шара қолданылған әрекетті жасаған жағдайда ақшалай айып салынатындығынан
тұратын жауаптылығы түсіндіргендігін
растайтын жеке кепілдігі туралы қолхат
береді. Бұл бұлтартпау шарасын тандай
отырып тергеуші немесе сот кепіл берушілерге
сенім білдіру керек, ал олар, өз қатарында
кепіл беріп отырған адамдарына сенім
білдіру керек.
Кепілдік
беруші қылмыстық іс бойынша
іс жүргізудің кез келген сәтінде
кепілдік беруден бас тартуға
құқылы. Сезікті, айыпталушы оны
болдырмау үшін жеке кепілдік
қолданылған әрекеттерді жасаған
жағдайда, әрбір кепілдік берушіге сот ҚІЖК 160 бабына
сәйкес тәртіппен жүз айлық есептік көрсеткішке
дейінгі мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкін.
Бұл бұлтартпау
шарасында айыпталушының тергеу
органдарының шақыруы бойынша
келуін және тиісті тәртіпті
ұстанып жүруінің кепілі ретінде сенімге ие тұлғалардың
жақсы аты, ұяты және адами қасиеттері
қарастырылады. Ал айыпталушы тарапынан
кепіл ретінде ол үшін кепіл беріп отырған
тұлғаларды ұятқа қалдырмау т.б. Екінші
орындағы кепіл ретінде пайдақорлық ойлар
қарастырылады. Кепіл беруші тұлғалар
өз ақшаларынан айырылып қалмау үшін өзіне
жүктелген міндеттемелерді дұрыс орындайды.
В/ Әскери бөлімдер
командованиесінің әскери қызметшілерді
байқауы. Бұл бұлтартпау шарасы
ең алғашқы рет, бізге қатысты,
1919ж. 30 қыркүйекте қабылданған әскери тергеушілер туралы Ережемен
енгізілді, оған сәйкес әскери қызметші
басқармасының байқауына берілді.
Әскери
командованиесінің байқауы бұлтартпау
шарасы ретінде айыпталушының
тиісті емес тәртібінің кез
келген көрінісінің алдын алу
үшін қолданылады. Бұл бұлтартпау шарасын тағайындау
үшін командованиесінің және айыпталушының
келісімі талап етілмейді. Ал тергеушінің
қаулысы немесе сот шешімі екеуіне де
міндетті т.б. командованиесінің байқауына
түскен қызметшілер бірқатар құқылық
шектеулерге ұшырайды: қару ұстау құқығынан
уақытша айырылады, қараулға және басқа
да жауапты нарядтарға тағайындалмайды,
өз бастықтарының және сөткелік наряд
тұлғаларының біріңғай байқауының астында
жүреді, жекелеген тәртіпте бөлімшенің
сыртындағы жұмыстарға жіберілмейді,
бөлімшеден увольнениеге /демалысқа/ жіберілмейді,
бөлімшеден өзінің бастықтарының рұқсатынсыз
уақытша кетуге де құқығы жоқ.