Үшіншіден,
заңсыз және негізсіз іс-шаралық
актілердің күшін жою-бұлда қылмыстық-іс
жүргізу арқылы мәжбүрлеудің
бір түрі болып табылады.
- Дәлелдеу саласы: қылмыстық соттың іс жүргізу субъектілерінің ашық қарсылығына да тілегіне де қайшы дәлелдерді табу мен тексеру жөніндегі тергеу және соттық іс-әрекеттер. Бұл жерде көрсетілген іс шаралық әрекеттер тізімі дәлелдер жинаудағы “іс шаралық мәжбүрлеу шараларына” қарағанда кең. Бірақ әрбір әрекет мәжбүрлі немесе ерікті болады. Іс шаралы әрекеттер өздігінен мәжбүрлеу шаралары емес, шегінде мәжбүрлеу міндетті емес құқық қолдану кешендері. Мысалға, мүрдені қайта ашуға, қарауға, тергеу сынағын жүргізуге біреу-міреу бөгет жасаса мәжбүрлеу боады. Іс шаралар әрекетінің қатысушылары өз міндеттемелерін мәжбүр түрде емес еркін атқарады. Мәжбүрлеу арқылы іс шаралық әрекетті жүргізу түріндегі шара жоғарыда көрсетілген тергеу және соттық әрекеттерге жалпы болып табылады.
- Іс шаралық құқ қолданушы актілердің заңдылығын қамтамасыз ету саласы: а/ құқықтық қалпына келтіру шарасы – тергеушінің, прокурордың, соттың заңсыз актілерінің толықтай немесе жартылай күшін жою; б/ егер заң бұзылса, жеке /ерекше/ ұйғарым /қаулы/ шығару; в/ егерде заңды бұзса тергеуден анықтаушыны, тергеушіні шеттету;
- Құққа қарсы мінез-құлыққа әсер ету саласы-қылмыстың іс шара заңын бұзған тұлғаларға басқа да процеске қатысушыларға қатысты айыптық шаралар /сот мәжілісі залында тәртіп бұзған куәгерге, маманға, аудармашыға ақшалай айып салу.
- Тұлғаның құқына кепілдік беру саласы-процеске қатысушыны өзінің ісшаралық құқықтарын жүзеге асыруға мәжбүрлеу /кәмелетке толмағандар мен психикалық және тәни кемдіктері бар адамдарды мәжбүрлеп қорғау, аудармашыны жауап алушының тілегіне қарамау жауапқа тарту және т.б.с.с./. Құқықтық қорғау қызметі өзін үш негізгі қалыпта көрсетеді. Бұл заңдық жауапкершілік, құқықтық тәртіпті қорғау шаралары және шекті шаралар. Мәжбүрлеу осы қалыптардың біреуінде болсын көрініс таба алады. Бірақта мәселенің былай шешілуі даусыз емес, өйткені заңгерлердің ішінде құқықтық тәртіптің осы қалыптарын түсінуде және олардың шекарасын анықтау үшін өлшемдер табуда салмақты келіспеушіліктер бар. Мәселені шешудің кілті-заңдық жауапкершілік пен құқықтық тәртіпті қорғау шараларын нақты айқындап алуда.
Бір автордың
айтуынша, заңдық жауапкершілік – бұл заңды бұзған, оған
жүктелген құқықтық міндеттемені орындамаған
адамға мемлекеттің тиісті органдарымен
салынатын белгілі бір айып, жаза. Құқықтық
қатынаста негізгі міндеттемені орындауға
мәжбүрлік-бұл заңдық жауапкершілік емес,
құқықтық тәртіпті қорғау шаралары.
Басқа авторлардың
пікірінше қосымша міндетті салмай-ақ
мемлекеттік мәжбүрлеудің әсермен
құқықтық қатынаста міндеттемені
орындаудың өзі заңдық жауапкершілікті
білдіреді.
Жалпы құқықтық
деңгейде мәжбүрлеу мен жауапкершілікті зерттейтін жоғарыда көрсетілген
екі бағыт арасындағы теориялық қарама-қайшылық
қылмыстық-іс жүргізу ғылымына қатысты
салалық құқықтық зерттеулерге белгі
қалдырады. Іс жүргізу жауапкершілігі
мүлдем жоқ деген де пікір бар.
Біздің
қылмыстық-іс-жүргізу жауапкершілігінің қолданылу аясы
тым тар. Ең кең тараған іс-жүргізу міндеттемесі
болып, субъектінің кінәлі мінез-құлқынан
шықпайтыны табылады.
Мәжбүрлеу
шараларының үшінші тобы-ұстау,
із кесу шаралары, мүлікке тиым
салу, айыпталушыны лауазымынан
шеттету сияқты қылмыстық процеске қатысушылардың
мемлекет тарапынан қолдау таппайтын
әрекеттерін алдын алу және ескерту сияқты
шекті шаралар.
Азаматтық
құқықта жұмыс істейтін жауапкершілік
шараларын қолданусыз міндеттемелерді
мәжбүрлі орындаудың механизімінің қылмыстық-іс жүргізу құқының да
баламасы бар. Белгілі бір іс жүргізу міндеттемесін
орындаудан бас тартатын қылмыстық процестің
қатысушылары оны орындауға мәжбүрленеді.
Жауапкершіліктің
кінә үшін болатыны бесенеден
белгілі.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылайық. Заңдық жауапкершілік
процеске қатысушылар өздеріне жүктелген
міндеттемелерді құққа қарсы орындамаса
күшіне енеді, ізінше оларға айыптық сипаттағы
материалдық-құқықтық немесе іс жүргізу
шараларын қолданылады. Қылмыстық процесте
екі түрлі /тұлғаның іс-жүргізу міндеттемелерін
орындауы және заңсыз, негізсіз іс-жүргізу
актілерінің күйін жою/ құқты қалпына
келтіру шарасын қолдану құқықтық қорғану
шараларын пайдаланумен байланысты. Қылмыстық
процесте қорғау шаралары мен шекті шаралардың
үлесі көп.
1.2. Қылмыстық
мәжбүрлеудің түсінігі мәні.
Қылмыстық сот өндірісінің
мақсаттарына мәжбүрлеу арқылы
қол жеткізу мәселелері ең
алдымен мемлекеттік мүддені
жүзеге асыруды кепіл ететін
көзқарастар тұрғысынан анықталады
деген бірқатар көзқарастар бар.
Бұл көзқарас құқық шеберінде, өйткені
процессуалдық мәжбүрлеу шарасының қызметтік
ролі жазасының болмай қойылмайтындығын
тығыз байланысты. Мәжбүрлеу қоғамдық
қатынастарды реттеудің тиімді құралы
болып табылады және оның әрекет ету осы
қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен
ерекшеленеді. Мемлекеттіе аппарат күшімен
қамтамасыз етілген мәжбүрлеуге анықтама
бере отырып көпшілік авторлар Б.Т.Базылевтың
көзқарасына негіз ретінде қолданады1. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік
талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке,
материалдық және моральдық шектерді
қою арқылы фигуралық немесе психикалық
ықпал ету болып табылады.
Бұл анықтамада мәжбүрлеудің
басты мақсаты ретінде тек
мемлекеттік мүдде ғана табылатыны
айқын анықталады. Бірақта бұл
анықтамада мәжбүрлеудің мәні толық
көрініс таппайды, өйткені оның құқық
реттеуші сипаты көлеңкеде қалып қояды.
Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды
реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған
жөн. Мәжбүрлеудің мәнінің бұндай түсініктемесі
мәжбүрлеу шарасының мақсаты және құралды
тағайындауды біріктіретін ғана мәні,
негізгі қасиетін анықтауға мүмкіндік
береді. Мақсатты тағайындалуы деп біз
мемлекеттік мәжбүрлеу көмегімен шешілетін
мақсаттардың жиынтығын түсінеміз. Ал
мәжбүрлеудің құралды тағайындалуы, нақты
міндеттерге жету мақсаттарындағы арнайы
құралдары мен тәсілдері тандау мен пайдалануды
сипаттайды.
Процессуалдық әдебиеттерде
кейбір авторлар мәжбүрлеудің
ұғымын анықтауға басқаша көзқарасты
жүзеге асырады.
В.М.Корнуковтың пікірі
бойынша, қылмыстық іс жүргізудегі
мәжбүрлеу, қылмыстық сот өндірісінің
мақсаттарын тиісті орындау мен іс жүргізу
қатысушыларымен өз міндеттерін орындауды
қамтамасыз етуге шақырылған, қылмыстық
іс жүргізу заңымен қарастырылған мәжбүрлеу
шараларының жиынтығы2. Қылмыстық сот өндірісіндегі мәжбүрлеудің
түсінігінің ұқсас тұжырымдамасы басқа
да авторлардың еңбектерінде қолдану
тапқан. З.Д.Енекеев қылмыстық іс жүргізудегі
мәжбүрлеу шарасын “мемлекеттік мәжбүрлеудің
құралдарының дефинициясы арқылы анықтайды3 және сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеуді
тұлғаның мемлекеттік ұйғарымдарға бағынуы
деп сипаттайды. Біздің көзқарасымыз бойынша,
процессуалдық мәжбүрлеудің мәнді ерекшеліктерін
”шаралардың жиынтығын, “құралдардың
жиынтығын деген, онымен ұқсас дефинацияларда
іздеу нәтижесіз болып табылады. Ол процессуалды
мәжбүрлеудің мәнін терең түсінуді қамтамасыз
ете алмайды. З.Ф.Коврига ұсынған қылмыстық
іс жүргізудегі мәжбүрлеудің қылмыстық
сот өндірісінің мақсаттарын жүзеге асыруға
бағытталған, қылмыстық іс жүргізушілік
құралдарда көрініс табатын, мемлекеттік
ықпал етудің әдісі ретіндегі анықтамасы
қолдауға тұрады. Біздің ойымызға, бұл
анықтаманы ең сәттілердің қатарына қосуға
мүмкіндік беретін, барлық шарттардың
өзінде де, егерде оны кейбір толықтырулар
мен түзетулерді жасап қабылдаса, онда
ол алдыңғы қатарға шығар еді. Егерде мәжбүрлеуді,
оның қызметтік ролі тек қана қылмыстық
іс жүргізудің қатысушыларының қайсы
біреуіне тек бір ғана ықпал етуге әкеліп
тіресе, онда біз оның қолдануының аумағын
шындыққа сай келмейтін жасанда түрде
маңызды шектейміз. Сондықтан да, әлеуметтік-экономикалық
қатынастармен объективті сипаттайтын,
мәжбүрлеу психикалық немесе физикалық
ықпал етудің мақсаттарынан басқа, қалыптасып
отырған қатынастарды жалпы реттеу мақсаттарына
олардың қоғамының бүкіл азаматтарының
және бөлек әрқайсысының қызығушылықтары
үшін реттеу мақсаттарына қызмет етеді.
Жоғарыда айтып кеткеннің
бәрін ескере отырып, біз процессуалдық
мәжбүрлеу деп қылмыстық сот
өндірісінің мақсаттарына кедергісіз
жетуге бағытталған, қылмыстық
іс жүргізу қатынастарының қатысушыларына
ықпал етудің, заң нормаларымен бекітілген,
ерекше өзіне тән тәсілдерінде көрініс
табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу
әдісін түсінеміз.
Қылмыстық іс жүргізу
әдебиетінде күштеудің мәні, оны
қарама-қарсы мағынасы бар, қос
категориямен, сәйкестендіру жолымен
анықталады. Әңгіме сендіру әдісі туралы
жүргізіліп отыр. Мәжбүрлеу қылмыстық
процесте тұлға еркіндігін қандай да бір
формада әрқашанда шектейді.
Оның философиялық
тұрғылардағы құқық шектеуші
бағыттылығын мәжбүрлеуді, мүмкінділік
пен шындылық, еркінділік пен қажеттілік
деген анықтамалардың ара байланысы мен
ара келісуі арқылы қарастыруға, жеткілікті
дәрежеге сәйкес келеді.
Философтар еркінділік пен
танылған қажеттілігі негізіндегі,
субъектілердің әрекеттерін түсінеді.
Егерде қажеттілік әлі танылмаса, онда
ол субъектінің ұмтылыстарымен қайшылыққа
түседі.
Осы категориялардың
ара қатынасы, қылмыстық іс жүргізу
мәжбүрлеуінің механизінің ішкі,
субъективті жағын бейнелейді. Мүмкіндік
пен шындылық категорияларында объективті
бастама салынған, оған сәйкес субъектіге мінездің
көп деген мүмкінді варианттарының ішінен,
бірқатар жағдайларға байланысты, қоғамның,
бүкіл объективті табиғи-тарихи үдірістің
қызығушылықтарына жауап беретін, бір
ғана анықталған түрі ұсынылады. Жағдайлар
нақты әлеуметтік жүйені мінездейтін
экономикалық, саяси-идеологиялық факторларға
тәуелді болады. Мәжбүрлеу шарасының қылмыстық
сот өндірісінің саласында кеңтаратылуы.
Біріншіден, қылмыстылық сияқты, әлеуметтік
құбылыспен белсенді күресінің қажеттілігіне
байланысты.
Бұл қоғамның
әділеттілік мақсаттарына жету
мүдделеріне тең келетін тұлға
заңды мүдделері мен құқықтарын
шектейтін, мәжбүрлеу шараларын
қолдануды реттейтін басты жағдайларының
бірі болып табылады.
Мәжбүрлеудің,
соның ішінде қылмыстық іс
жүргізушілік мәжбүрлеудің қоғамдық дамудың
қазіргі кезеңде әрекет етуі мен шарасыздығы
заңға сыйымды.
Қылмыстық
іс жүргізудегі қолданудың гуманитарлық
мәселелері, заң шығарушы күштеп
ықпал етудің мөлшерін нақты
анықтауға ұмтылған кездегі, мәжбүрлеудің
аумағының тарлауына байланысты объективті
тенденцияда көрініс табады¹. Қылмыстық
іс жүргізудегі мәжбүрлеу шараларын қолдану,
сол заңдарды қолданатын лауазымды тұлғалардың
субъективизімі мен бассыздығынан тұлға
құқықтары мен заңды мүдделерін шектейтін
заңмен нақты және қатаң белгіленген.
Іс жүргізушілік
мәжбүрлеуді белгілейтін нормаларды
жүзеге асыру үрдісінен басқа
ешбір құқық қолданушы әрекеттердің
саласында, азаматтардың қызығушылықтары
айқын шектеліп қысылмайды. Қазіргі
кезде тергеу мен тергеу органдарының тәжрибесінде, өкінішке орай, заңсыз
және негізсіз ұстаулардың, қамаулардың,
тінтілердің және басқа мәжбүрлеу шараларының
фактілері кездеседі. Әділетсіз мәжбүрлеудің
нәтижесінде қоғамның ішінде қарсы әрекеттер
туа бастайды, және “қоғамның психологиясында
мемлекеттік реттеуге қарсы қайшы қатынастары
қалыптасады”.
Ал енді
сондай мәжбүрлеуді бассыз қолданудың
әлеуметтік тиімсіз нәтижелерінің
қатарына, сондай-ақ пайда болған
мәжбүрлеуді жоққа шығаруды қандай
да бір дәрежеде жоюда көрініс
табатын мемлекеттің реакцясында да жатқызған жөн, бұл
жерде мемлекеттік реакция мәжбүрлеуді
одан әрі күшейту мен түршіктіру жолымен
бейнелейді.
Тергеуді
жүргізіп отырған тұлғаныңшешімінің
күштеу міңезі, екі фактормен
сипатталады. Біріншіден, жеке тергеу
әрекеттерін жүргізу тәртібін анықтайтын қылмыстық
іс жүргізу заңының нормалары, мысалға,
шығарылған қаулының орындалуының міндеттілігін
тікелей қарастыратын куәландырулар.
Екіншіден, тергеу үрдісінде қабылданатын
шешімдерді күштеп орындау мүмкінділігін
қамтамасыз ететін ҚР КІЖК-нің тиісті
бабында, бұл шешімдердің қатысты шығарылған
тұлғалар, мекемелер, ұйымдар үшін міндетті
мінезі көрсетіледі. Бірақ та тергеушінің,
алдын ала тергеуді жүгізуші тұлғаның
қаулыларының бәрі мәжбүрлеу кепілімен
қамтамасыз етіледі. Қылмыстық процестегі
мәжбүрлеудің мәнің былай түсіну мәжбүрлеу
тәсілдерін негізсіз кеңейтуге қайтадан
әкеліп соқтырады.
Сонымен
қатар мәжбүрлеу қылмыстық сот
өндірісінде тек қандай да
бір процессуалды құралды азаматтардың
заңмен бекітілген құқықтары
мен бостандықтарын шектеуге бағытталғанда ғана
орындалады. Осы көзқарасқа сәйкес, мәжбүрлеу
кепілі бар тәсілдерге мыналарды жатқызуға
болады: ұстау, бүлтартпау шаралары, стационарлық
бақылау үшін психиатриялық /немесе басқа
медициналық/ мекемеге орналастыру, тінту,
алу, мүлікке қамау салу, куәландыру, салыстырмалы
сарапшылық зерттеу үшін үлгі алу, лауазым
орнынан алып тастау, пошта-телеграфтық
хат жазысуға арест салу мен алу, келтіру,
прокуратура, сот тергеу орындарының шақыруы
бойынша келіп тұру міндеттемесін алу,
тұратын мекен-жайын ауыстыру туралы хабарлап
отыру.
Мәжбүрлеу
тәсілдерінің бұл тобын, қылмыстық
процесс теориясында қылмыстық
іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары
деп атаған жөн.