Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:51, дипломная работа

Краткое описание

Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................4

I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.

1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі......................6
1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі, мәні......................... ...................13
1.3.Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері........................34

II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі.

2.1. Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары..... 43
Мәжбүрлеу шараларының түрлері... ...............................................50
Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыруда тұлғаға берілетін кепіілдіктер...........................................................................66

Қорытынды..............................................................................................70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_62.doc

— 313.00 Кб (Скачать документ)

     Әскери  бөлімдер командованиесінің әскери  қызметшілер немесе оқу жиынына  шақырылған әскери міндеттілер  болып табылатын сезіктілерді, айыпталушыларды байқау Қазақстан Республика Қарулы Күштері мен ішкі әскерлерінің жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиісті мінез-құлқы мен олардың қылмыстық процесті жүргізуші органың шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуге тиісті шаралардың қолданылуынан тұрады. Әскери бөлімнің командованиесіне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы тандалған істің мәні туралы хабарланады. Әскери бөлімнің командованиесі байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын тандаған органға жазбаша хабарлайды. Сезікті айыпталушы оны болдырмау үшін аталған бұлтартпау шарасы тандалған әрекетті жасаған жағдайда әскери бөлімнің командованиесі ол туралы осы бұлтартпау шарасын тандаған органға жедел хабарлауға тиісті.

     Бұл бұлтартпау  шарасын қолданғанда әскери қызметші ешбір физикалық мәжбүрлеуге ұшыратылмайды. Оған басқа әскери қызметшілерге де қолданылатын тәрбиелеуші шаралар қолданылады. Ал арнайы тәрбиелеуші шараларды қолдану уақытынан бұрын болып саналады, өйткені әскери қызметші әлі заңмен бекітілген тәртіпті кінәлі деп танылған жоқ.

     1/ Кәмелетке  толмағанды қарауына беру. Кәмелетке  толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының,  қорғаушыларының немесе басқа  да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ  тұрып жатқан арнаулы балалар  мекемесінің әкімшілігінің қарауына  беру аталған адамдардың біреуінің кәмелетке толмағаның тиісті мінез-құлқы мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтын жазбаша мінднттеме қабылдануынан тұрады.

     Кәмелетке  толмағанды ата-анасының және  басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болады.

     Қарауына  қабылдау туралы қолхат алынып  қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыларға,  қорғаушыларға, арнаулы балалар  мекемелері әкімшілігі өкілдері  кәмелетке толмаған сезік келтірілген немесе ол айыпталған қылмыстың сипаты туралы және қарауына алу жөніндегі өздеріне қабылданған міндеттерін бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етіледі

     Қарауына  кәмелетке толмаған берілген  адамдарға олар қабылданған міндеттемелерін оындамаған жағдайда ҚР КІЖК 145 б.5 бөлігінде және КІЖҚ 60 б. көзделген жазалау қолданылуы мүмкін.

     Д/ Кепіл.  Кепіл бұлтартпау шарасы ретінде  Кеңестер Одағы кезінен бастап  қолданыла бастады, бірақта тек  екі одақтас республикалардың  кодекстерінде /ҚІЖК-де/ көрініс тауып қолданды: Ресей /89б./ және Тәжік республикасында /82б./. Кепіл қамауда ұстаудың орнын басатын шара ретінде қлданылады.

Кепілді төлеуге мүмкіндігі жоқ адамдар сотты күтіп түрмеде  отырады немесе кәсіби адамдардың көмегіне жүгінеді сот арқылы ақша істейтін, кепіл берушілер. Кепіл-айыптымен немесе басқа тұлғалармен сот депозитіне ақшаны немесе құндылықтарды енгізу т.б. Бұның көмегімен айыптының анықтауышы, тергеуші, прокурор, сот шақырғанда келуін қамтамасыз етіледі. Егер айыпты келмесе кепіл мемлекет кірісіне түседі. Егер кепіл айыптымен немесе оның жанұясының мүшелерімен енгізілсе, онда айыптының келуін, ақшадан немесе құндылықтардан айырылып қалу мүмкіндігінің қорқынышына байланысты, пайдакүнемдік ойлар қамтамасыз етеді. Ал кепілді басқа тұлғалар енгізгенде моральдық стимулдар әрекет етеді, айыпкер бұл тұлғаларға зиян келтіргісі келмейді, сондықтанда оның келуі қамтамасыз етіледі. Кепіл бұлтартпау шарасын тандағанда енгізеді. Кепіл-сезіктінің, айыпталушының өзі, не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне сезікті, айыпталушы анықтау. тергеу органдарына немесе сотқа оларды шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады. Кепіл ретінде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін. Кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын, сезіктінің, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын тандаған адам белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл қабылданбайды. Кепіл прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана қабылданады. Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда, кепіл мемлекет кірісіне айналдырылып, бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етіп өзгеріледі.

     Кепілдің  кемшіліктері де бар. Мысалға,  егер айыпталушы айқындылықты  орнатуға кедергі жасаса /дәлелдемелерді  жасандылайды, куәгердерді айнытады және с.с.т.б./ немесе жаңа қылмыстарды жасаса, онда кепіл мемлекет кірісіне айналдырылмайды. Біздің ойымызша, бұл дұрыс емес. Кепіл айыпталушының қандай да тиісті емес тәртібінің алдын алып отыру керек, бұл барлық бұлтартпау шараларының мақсаты болып табылады.

     Қорытынды  кепіл – уақыт рухына, қоғам  өмірінің, қазіргі заманның әлеуметтік-экономикалық  жағдайларына сай келетін бұлтартпау  шарасын, оны қалайда кеңірек  қолдануға тырысу керек.

     Е/ Үйде  қамап ұстау. Үйде қамап ұстау  сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тандауға мүмкіндік беретін шарттар болған, бірақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жақсы, денсаулық жағдайы, отбасының жағдайы және басқа да мән жайлар ескеріле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде ҚР ҚІЖК 150б. көзделген тәртіппен прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша қолданылады.

     Бұлтартпаудың  аталған шарасын тандау туралы  қаулыда қамауға алынған адамға  қолданылатын бостандығын нақты  шектеу және белгіленген шектеулердің сақталуына қадағалауды жүзеге асыру жүктелген орган немесе лауазымды адам көрсетеді. Қамап ұсталатын адамға белгілі бір адамдармен қарым-қатынас жасауға, хат-хабар алуға және жөнелтуге, кез келген байланыс құралдарын пайдалануы, сондай-ақ тұрғын үйден шығуға шектеу  белгіленуі мүмкін. Қажет болған кезде оның мінез құлқын қадағалау белгіленді.

     Үйде қамауға  ұстаудың мерзімі оны ұзартудың  және оған шағымданудың тәртібі  ҚР ҚІЖҚ 110; 153 б-да белгіленген  ережелермен айқындалады.

     Ж/ Қамауға  алу. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасағандығына айыпталушыға /сезіктіге/ қатысты қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға /сезіктіге/ қатысты, егер:

     1/ оның Қазақстан  Республикасының аумағында тұрақты  тұратын жері болмаса

     2/ оның жеке  басы анықталмаса

     3/ ол бұрын  тандалған бұлтартпау шарасын  бұзса

     4/ ол қылмыстық  қудалау органдарынан немесе  соттан жасырынуға тырысса немесе  жасырынса қолданылуы мүмкін.

     Тергеуші, анықтаушы бұлтартпау шарасы  ретінде қамауға алуды тандау қажет болған кезде осы бұлтартпау шарасын ттуралы қаулы шығарылады.

     Бұлтартпау  шарасы ретінде қамауға алу  қолданылған сезіктілер мен айыпталушылар  тергеу изоляторында ұсталады. Оларды  ұстаудың тәртібі мен ережелері  заңдармен белгіленеді.

     Прокурор  мен сот айыпталушыға /сезіктіге/  қолданылған  қамауға алу түріндегі  бұлтартпау шарасын немесе үйде  қамап ұстауды кепілге алмастыруға  құқылы. Бұл жағдайда айыпталушы /сезікті/ келісілген сома іс  жүзінде соттың дипозиттік шотына  енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамауда ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттың қаулысы атқарылуға беріледі.

     Іс бойынша  сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде  қамауға алудың мерзімі, ҚР  ҚІЖК көзделген ерекше жағдайларды  қоспағанды, екі айдан аспайды.  Қамауға алудың ерзімі айыпталушы /сезікті/ қамауға ұсталған кезден бастап істі сотқа жолдағанға дейін саналады.

     Процессуалдық  мәжбүрлеу шараларының сипаттаушы  белгілер:

     1/ олар тек  қылмыстық сот өндірісі саласында  ғана қолданылады.

     2/ соларға қатысты қолданылатын тұлғалардың еркімен тілегіне байланыссыз қолданылады.

     3/ бұл шараларды  қолдану жеке адамның құқықтарын  шектеумен байланысты болады, оның  ішінде жеке бостандық құқығын,  жеке тиіспеушілік құқығын, еркін  жүріп-тұру құқығын, тұғын үйге қол сұқпаушылық және хат жазысу, өзге де құпия құқығын қалыптастырылған.

     4/ соларға  қатысты қолданылатын тұлғалар  және оны қылмыстық іс жүргізу  заңында қатаң қалыптастырылған.

    5/ оларды қолданудың  заңдылығы мен негізділігі саяси,  экономикалық, құқықтық, оның ішінде қылмыстық-процессуалдық кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі.

     Қорытындылай  келе, процессуалдық мәжбүрлеу шаралары  жеке логикалық құрлымға ие  болатын қылмыстық-процессуалдық  құқықтың жеке нормаларын қарастырады.  Бұл шараларды санкцияларға қосу оларды шығаратын нормалар тек санкциялармен ғана көрінеді. Ал бұл құқықтық норманың құрлымы туралы жалпы теориялық ережеге қайшы келеді. Осы сұраққа байланысты А.С.Пигалкин:” Бұл көрсетулер санкция болып табылмайды. Алдарында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді, белгілі бір мелекеттік органдардың қолдануына мүмкіндік беретін құқықтық норманың диспозициясында бекітілген құқықтық әрекеттін өзі болып табылады” деген.

     Бұл ережеге  байланысты процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қылмыстық-процессуалдық заңдылықпен қарастырылған мәжбүрлеу сипатындағы процессуалдық құралдар. Олар заңмен қатар тағайындалған тіртіпке анықтау органымен тергеушімен, прокурормен және сотпен айыпталушыға, сезіктіге, жәбірленушігі, куәға және қылмыстық істі тексеру мен шешу процесінде нақты және мүмкін болатын кедергілерді жою үшін басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

     Қылмыстық  процесте көптеген әрекеттер оның жеке қатысушыларының еркінен тыс жасалады және осы жерде ол мәжбүрлеудің кейбір дәрежесінен алыстамаған. Бұл әрекеттерге куә мен жәбірленушіні жатқызуға болады. Бұл негізінде жеке авторлар мұндай әрекеттерді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде қарастырылады. Бұл көрсетілген әрекеттерді процессуалдық мәжбүрлеу шараларының қатарына жатқызуды теорияда да, практикада да қолдану туыпты деуге болмайды.

     Қылмыстық  жауапкершілікке тарту мәжбүрлеумен  байланысты, өйткені ол тартылатын  адамның еркінен тыс жүзеге асырылады. Бірақ мәжбүрлеуді тағайындау және оның әдісі, сол сияқты қылмыстық жауапкершілікке тарту кезінде жеке құқықтар мен мүдделерін бұзылуы және процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану әртүрлі.

     Қылмыстық  жауапкершілікке тартылған тұлға оның еркінен белгілі бір процессуалдық жағдайда болады.

Процессуалдық мәжбүрлеу  шараларын қолдану тұлғаның белгілі  нақты нәтижелерге жету бағытын  және оның құқығын тікелей шектейтін  әрекеттермен жасалады.

     Оның ішінде  қылмыстық жауапкершілікке тарту-қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін жүзеге асыру әдістерінің бірі және ол қамтамасыз етуді қажет етеді.

     Қылмыстық  жауапкершілікке тарту және белгілі  бір процеске қатысушыларды шақырту  ойдағыдай дамып келе жатқан  процестің ойдағыдай дамуын және  оның алдындағы міндеттерді атқаруды қамтамасыз етуге ғана бағытталған және сонымен қатар ондағы көрінетін мәжбүрлеудің сипаты бойынша көрінеді.

     Оларға, бұлтартпау  шаралары, келу туралы міндеттеме, ұстау, алып келу, қызыметінен  шетету, тінту, алу, куәландыру, салыстырмалы зерттеуге үлгілерді алу, медицина ұйымына тексеруге орналастыру, мүлікке тыйым салу.

     Қылмытық  процес теориясында процессуалдық мәжбүрлеу шараларына соттық талқылаудын тәртібін қамтамасыз ететін шаралар жатқызылады: айыппұл, сот мәжіліс залынан шығару. Біздің ойымызша бұл мәжбүрлеу шаралары процессуалдық санкция ретінде болады және оларды қолдану кезінде қылмыстық-процессуалдық жауапкершілік ретінде болады. Сондықтан да біз оларды процессуалдық мәжбүрлеу шараларына жатқызамыз.

     1975 жылы шыққан З.Ф.Ковриганың “Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу” деген еңбегінде процессуалдық мәжбүрлеудің жеке шарасы ретінде орналасқан жері белгісіз айыпталушының іздеу танылған. Оның ішінде іздестіру бір ғана әрекеті емес, ол кешенді шараларды білдіреді27. Оны тергеуші, анықтау органы айыпталушының, сотталушының және сотталған  тұлғалардың орналасқан жерін қалыптастыру бойынша жүзеге асырады. Іздестірудің мәжбүрлеу негізін процессуалдық мәжбүрлеудің белгілі шаралары құрайды: тінті, алу, ұстау, қамауға алу.   Іздестіру кезінде басқа ешқандайда мәжбүрлеу шаралары жүргізілмейді. Этаптауға байланысты болсақ оны тұлғаны бір орыннан басқа орынға ауыстыру жағдайындағы бұлтартпау шарасын орындау ретінде қарастырамыз. Осыған байланысты іздестіруді біздің ойымызша процессуалдық бұлтартпау шаралары, яғни ұстау, тінту, алу т.б. қатар процессуалдық мәжбүрлеу шарасы деп атауға болмайды.

2.3. Қылмыстық  іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге  асыру да тұлғаға берілетін  кепілдіктер.

 

     Қылмыстық  іс жүргізу үрдісі теориясында тұлғаның бостандығымен құқықтарына кепілдік беру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты көптеген еңбектер жарық көруде. Олар: кепілдік түсінігі, оның мәні мен мазмұны, оларды жіктеуге қатысты. Процессуалист-ғалымдардың мұндай назары кездейсоқ емес. Шын мәнінде құқықтарды жариялау үшін кепілдік жүйесі қажет. Заң әдебиеттерінде кепілдіктің келесі белілерін бөліп, көрсетеді: экономикалық, саяси, идеялогиялық, ұйымдық, құқықтық.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі